Ертегіші: Сіздер ертегілерді жақсы көресіздер ме? Мен Ертегішімін. Менің есімде көптеген қызықты оқиғалар бар. Мысалы, «Ақшақар және жеті гном».
Ертеде бір патшалықта ханшайым дүниеге келді. Өзі қардай аппақ болғандықтан, оған Ақшақар есімі берілді. Ханшайым тәп-тәтті, мейірімді қыз болып өсті, оны бәрі өте жақсы көретін. Бірақ қиын бір кезеңдер келді. Ақшақардың анасы патшайым қатты науқастанып қайтыс болды. Оның әкесі патша екінші рет үйленді. Жаңа патшайым Ақшақарды қатты ұнатпайтын. Өгей шешесі өте әдемі және өте зұлым еді. Ол ханшайым сұлулығын қызғанатын еді. Ал сосын…
Дегенмен, бәрін өз көзімізбен көрейік.
Сіз келісесіз бе? (ИӘ) олай болса, ЕРТЕГІні бастаймыз..
1-КӨРІНІС
Патшайым: Шуақ сыйлар айнамсың
Барлығын көруші тек бір өзіңсің
Саған қояр сұрағым бар менің
Кел де көрсет маған жүзіңді
Айна: Не білгіңіз келеді патшайымым?
Патшайым: Айнам шындықты айтар ма дүниеде менен асқан сұлу бар ма?
Айна: сіздің сұлулығыңыз бәрінен артық, бірақ сізден де сұлу бір қыз бар. Ол қыздың әдемілігі сізден мың есе артық.
Патшайым: сонша сұлу болса есімін айт кім?
Айна: еріндері шиедей қызыл, шаштары қарақаттай қара, денесі қардай аппақ
Пайтшайым: Бұл Ақшақар ғой, менің аңшымды шақырыңдар!
Ертең ақшақарды орманға апар, бір әсем ыңғайлы жерге жеткіз, қалағанынша гүл теріп алсын. Ал содан соң адал аңшым менің маған оның жүрегін алып келесің. Өлтіргеніңнің дәлелі ретінде маған оның жүрегін алып кел!
Аңшы: Айтқаныңыз болсын. Патшайым!
2-КӨРІНІС
Ханзада: Сәлем сұлу қыз, есімің кім?
Ақшақар: Менің есімім Ақшақар
Ханзада: Сен қандай сұлусың! Мен сен сияқты қызды көптен бері іздеп жүрмін. Сен менің ханшайымым болуға келісесің бе?
Ақшақар: О иә! Мен сені армандағанмын
Ханзада: Олай болса ақшақар сен мені күт! Мен өз патшалығыма тойға дайындалуға барамын! Сау бол!
3-КӨРІНІС
Ертегіші: Келесі күні аңшы ақшақарды орманға апарады. Ақшақар күтпеген серуенге өте риза болады. Ол ән салып билеп қуанып жүрді. Оны бақылаған аңшы, Патшайымның бұйрығын орындай алмайтынын түсініп, ақшақарға бар шындықты айтуды жөн көреді.
Аңшы: Ақшақар мен сені білемін және жақсы көремін. Бірақ зұлым патшайым сені жек көреді, және ол маған сені өлтіруді бұйырды.
Ақшақар: О жоқ! Мені жібере салшы, өтінем!
Аңшы: Мен сені өлтіре алмаймын. Менің оған күшім жетпейді. Сен оданда қаш ешқашан қайтып келме абай бол!!!
Ал мен патшайымға еліктің жүрегін мына қорапшаға салып апарып беремін
Ертегіші: Ақшақар қорыққаннан орманның арасында қаша жөнеледі. жүгіріп шаршап, шағын жасыл шалғынға жатып, ұйықтап қалады.
Ал Аңшы патшайымға еліктің жүрегін апарып береді.
Патшайым уақытша тынышталып қалады.
4-КӨРІНІС
(Гүлдер шығады.) билейді
Ақшақар: Гүлдер маған көмектесіңдерші
Мен орманда адасып кеттім
Қайда барарымды білмеймін
Гүлдер: Жолға қарай шықсаң бір үйшікті көресің
Ертегіші: Ақшақар есікті ашып ақырын үйге кірді. Әрі қарап, бері қарап, ешкімді таба алмайды
Ақшақар: Мына үй жылы іші әдемі екен. Таңғаларлықтай. Қазір мен үйді жинап сосын демалып аламын.
5-КӨРІНІС
Гном1: Үйден бір дәмді тамақтың иісі шығып тұр. Үйге қонақ келген сияқты.
Гном2: Дәмді тамақ дайындап, еденді де жуып қойыпты.
Ақшақар түшкіреді
Гном3: Сәлем мейрімді ақшақар біз келген қонақтарға қуанышты боламыз.
Гном4: Сен мұнда қалай тап болдың? Бізге айтып берші
Ақшақар: Менің өгей анам аңшыға мені орманға апар деп бұйрық берді
Гном5: Бізбен бірге қал, бірге дос боламыз. Біз сені қорғаймыз және ренжітпейміз.
6-КӨРІНІС.
Патшайым: Айнам маған айтар ма екен, бұл дүниеде менен асқан сұлуды байқар ма екен?
Айна: Ханшайымым менің бұл дүниеде көп сұлудан артықсың. Бірақ 7 таудың ар жағында, 7 гномның қастарында жүрген Ақшақардың сұлулығы сізден артық тым.
Ертегіші: Айнаның өтірік айтпайтынын білетін ханшайым қорқып кетеді. Аңшының қзін алдағанына, Ақшақардың амандығына көзі жетеді.
Патшайым: Аңшы мені алдаған екен. Ергежейлілердің үйіне өзім бармасам болмас. Оған нестесем екен? Ендеше мен оны мына алманы беріп уландырамын.
Бұл алманы тістегенде мәңгі ұйқыға кететін болады. Және оны тек ханзада оята алатын болады. Мен оған бұл алманы өзім апарып беремін. Олар мені мүлде танымас үшін әжей болып киініп аламын.
7-КӨРІНІС.
Ертегіші: Ергежейлілер жұмысқа кетеді.
Гном 4: Ақшақар бізге кету қажет, сен үйде жалғыз қаласың.
Гном 5: Есікті ешкімге ашушы болма.
Ертегіші: Ақшақар үйде жалғыз қалады. Осы сәтте кемпір кейпіндегі патшайым келеді.
Патшайым (кемпір болып): Сәлем, сұлу қызым! Мен осы орманды аралап жүріп, саған дәмді алма әкелдім.
Ақшақар: Рахмет, әже! Бірақ ергежейлілер маған бөтен адамдардан ештеңе алма деп ескерткен еді.
Патшайым: Уайымдама, қызым, бұл алма өте дәмді! Біреуін көр, өзіңе ұнайды!
(Ақшақар алманы алып, шағып жейді. Ол бірден есінен танып, құлап қалады.)
Патшайым: Ха-ха-ха! Енді сен мәңгіге ұйқыда қаласың! (Орманнан шығып кетеді.)
8-КӨРІНІС. Ергежейлілердің қайғысы
(Ергежейлілер үйлеріне оралған кезде, Ақшақарды ес-түссіз жатқан күйде көреді.)
Гном 1:Не болды? Ақшақар, бізге жауап берші!
Гном 2: Әлде біреу оған зиян келтірді ме?
Гном 3: Бұл патшайымның ісі екені анық! Уланған алма қалдығы осында жатыр.
(Ергежейлілер жылап, Ақшақардың айналасына жиналады.)
9-КӨРІНІС. Ханзада келеді
Ертегіші: Орман арқылы өтіп бара жатқан Ханзада келеді. Ол Ақшақарды көріп, оның сұлулығына таңғалады.
Ханзада: Бұл қандай әдемі қыз? Не болды оған?
Гном : Оны зұлым патшайым улады.
Гном : Біз оны қалай оятатынымызды білмейміз.
Ертегіші: Ханзада Ақшақардың қолын алып, оған шын жүректен сүйіспеншілікпен қарайды. Сол сәтте Ақшақар оянады.
Ақшақар: Мен қайдамын? Не болды?
Ханзада: Сізді махаббат күші оятты. Енді бәрі жақсы болады.
Ертегіші: Ергежейлілер қуанышпен ән айтып, би билейді.Патшайым қорқып, орманнан қашып кетеді. Оның зұлым күші жойылады.
Ханзада Ақшақарды патшалыққа алып кетеді, ал ергежейлілер орманда өз өмірлерін жалғастырады.
Барлығы (хормен): Достық пен махаббат бар жерде, зұлымдық әрдайым жеңіледі!
(Барлығы бірге ән айтып, сахна шымылдығы жабылады.)
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Драма сабағына сценарий

шағым қалдыра аласыз