400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дүкен сөресінде.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

26-ұОқ. дҮКЕн сөРЕсіндЕ

(сюжеттік аппликация)


мектеп/мұ:

Күні:

Педагогтің аты-жөні:

сынып/топ:

қатысқандардың саны:

қатыспағандардың саны:

ұОқ-нің оқыту мақсаттары

0.1.2.1. Жапсыруда дербес немесе ұжымдық сюжеттік композиция жасау, заттардың кеңістіктік қатынастарын, түсін, пропорциясын, заттар мен олардың бөлшектерінің текстурасын есепке ала отырып оларды аспанға, суға, жерге қатыстылығы бойынша орналастыру.

0.2.1.1. Геометриялық пішіндер негізінде қарапайым заттардың бейнесін қию(жолақтарды тіктөртбұрыш, шаршыларды үшбұрыш етіп қию, шаршының немесе тіктөртбұрыштың бұрыштарын қию арқылы шеңбер және сопақ пішіндерді қиып алу).

0.2.2.1. Жапсыруға арналған материалдарды тиімді жұмсау (тығыздығы, түсі, текстурасы жағынан әртүрлі қағаздар).

0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.

Күтілетін нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

-жапсырмада композиция жасай алады;

-әртүрлі қағазды қолдана алады;

-геометриялық пішіндер негізінде қарапайым заттарды қия алады; жапсырма материалын тиімді пайдалана алады.


Көптеген тәрбиеленушілер:

-сюжеттік жапсырма жасау кезінде коллаж техникасын қолдана алады;

-қағазды жырту тәсілін белсенді пайдалана алады;

-қағаздың бетіне суретті үлкендерінен бастап жапсырып, оларды кішкентай, ерекше бөліктермен толықтыра алады.

Кейбір тәрбиеленушілер:

-өз бетімен таныс техникаларды үйлесімдей алады;

-фигуралардың көлемінің әртүрлі екендігін айқындай алады;

-ой-қиялын көрсете алады.

тілдік

мақсаттар

дағдыларды дамыту:

-жұмыстың әдістері мен кезектілігі туралы айту;

-түпкі ойды түсіндіру;

-жапсырма жасау жөнінде ұсыныстар жасау;

-өзінің және өзгенің жұмыстарын талқылау және түсіндіру;

-қорытынды сұрақтарға жауап беру, өз жетістіктерін бағалау.

Көптілділік: дүкен – магазин – shop.


негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

-дүкен сөресі, пайдалы азық-түлік, қарындаш, сызғыш, газет-журналдардың қиындылары, принтерден басып шығарылған қағаз, жырту тәсілі, сюжеттік жапсыру.


талқылауға арналған сұрақтар:

Не себепті дүкендерге сөрелер қажет? Сызғышты қалай пайдалану керек?

Сен қандай қағаз түрлерін білесің?

Коллаж дегеніміз не?

Алдыңғы білім

Әртүрлі қағазбен, желіммен жұмыс жасаудың дағдылары. Қайшымен жұмыс жасаудың техникалық дағдылары. Қалыптасқан әлеуметтік құзыреттілік.

Жоспар

Жоспарланған уақыт


Жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

I. Оң көңіл күй орнату.

0–1 минут

(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй туғызу.

«Досыңа жақсы көңіл күй сыйла» тренинг-ойын.

Музыкалық сүйемелдеу.


II. өмірлік тәжірибені өзектендіру. мақсат қою 2–5 минут

(ұ) Педагог тәрбиеленушілерге сұрақ қояды:

Нан алу керек болса, Сыйлық алу керек болса, Өзімізбен сөмке алып, Біз далаға шығамыз, Сөрелер жанынан өтіп,

Қайда біз барамыз? (Дүкенге)

Педагог балалардан сөренің не екенін сұрайды. Ол қайда орналасады және не себепті қажет? Балаларға ҰОҚ-нің тақырыбын түсіндіреді.

Иллюстрациялар, дүкен сөресінің фотосуреттері.


III. ұОқ-нің тақырыбы бойынша жұмыс 6–25 минут

(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялық материалмен жұмыс. Педагог балаларға суретті көруді ұсынады. Балалар жұптасып суреттегі азық-түліктердің пайдалы-пайдасыз екендігін және оның себебін талқылайды.

Сөреде сатып алушыларға дүкеннен не сатып алуға болатыны көрсетіледі. Сөреде өнеркәсіп тауарлары, азық-түлік және киім-кешек көрсетілуі мүмкін.

Педагог сабаққа дайындықты тексереді. Балаларға жапсырмада қандай сөрені бейнелейтіні туралы ойлануды ұсынады. Дүкен сөресін жасау үшін қарындаш пен сызғышты қолдану жөнінде кеңес береді.

(ұ) саусақтарға арналған жаттығу

Әліппе-альбом.



Дүкен сөресінің фотосуреті.


Бостан-босқа тұрмайын, Алмұрттарды жинайын!

(Сол қолды кеуде тұсында иіп ұстайды – «себет», оң қолмен ағаштан алмұртты жұлып алып, себетке салған қимыл көрсетеді.)


Музыкалық сүйемелдеу.


Алманы да терейін, Досым келсе, берейін. (Қолдарын ауыстырады.)



Бананды аршып, оны да, Ұстатам достың қолына!

(«Банан» ұстаған қолын алға созады.)

(ұ) Аппликация жасау технологиясы.

Әзірлеме-негізде қалам мен сызғыштың көмегімен дүкен сөресін сызып алу керек. Тәрбиеленушілерге сызғышты қолдану

ережесін еске салыңыз: сызғышты қағаз бетіне жатқызып, сол қолмен (егер бала солақай болса, оң қолмен)

үстінен басып тұрады.

Қарындашты сызғышқа қарай тігінен орнатып, қарындашты да тігінен ұстап, сызғыштан ажыратпай, сызық сызамыз.

Сөре дайын болғанда, балалар оны толтыруға кірісе алады.

Педагог, балаларға жоспар бойынша жапсырманы жасауға мүмкіндік бере отырып, қию техникасын қадағалап отырады.

Қағазды түзу сызық бойымен қию кезінде оны төмен қарай түсіріп, біруақытта қайшыны жоғары қарай жылжыту керек. Домалақ және сопақ пішіндерді қию кезінде қайшы оң қолда бір орында қозғалыссыз ұсталады, ал сол қолмен қағаз сурет сызығының бойымен жылжытылады.

Педагог балалардың дәл қиюын және бөлшектерді бүлдірмеуін қадағалайды. Өзіндік жұмыс кезінде педагог тапсырма берудің орнына, балаға кеңестер, жанама сұрақтар қойып, оның өз бетімен жұмыс жасауына қолдау көрсетеді.

Қию сызығының анық, бұдырсыз болуын қадағалау қажет. Қиған кезде қағазды ойып алмауға тырысу қажет.

(ұ) қауіпсіз жұмыс жүргізу ережесі

Педагог ҰОҚ барысында қауіпсіз жұмыс ережелерін еске салады: Өз жұмыс орныңда тәртіп сақта.

Түзу құралдармен жұмыс жаса.

Жұмыс барысында құрал жүзінің қозғалысына назар аудар. Қайшының сақинасын өзіңе қаратып қой.

Қайшымен ойнама, бетке жақындатпа. Қайшыны мақсатына сай пайдалан.

Түрлі-түсті қағаз, журнал қиындылары, принтерден басып шығарылған қағаз, жай қарындаш, сызғыш, қайшы, ПВА желімі (немесе желім-қарындаш), желімге арналған жаққыш, сулық клеенка.




Жадынама.


(ұ, ө) Рефлексиялық бағалау:

Түрлі-түсті танымдық

IV. ұОқ

Педагог балаларды өзара бағалауға шақырады.

белгілер: парақша, қарша,

қорытындылау.

Түрлі-түсті танымдық белгілер: парақша, қарша, гүлдер, бағдаршамдар

гүлдер, бағдаршамдар.

Рефлексия.

пайдаланылады.


26–30 минут





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
845
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі