Дүкенбай Досжан "Төрт патшаны көрген кейуана"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дүкенбай Досжан "Төрт патшаны көрген кейуана"

Материал туралы қысқаша түсінік
Дүкенбай Досжанның "Төрт патшаны көрген кейуана" сабағына қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымының атауы:

Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжі КМҚК

Сабақтың тақырыбы:

Дүкенбай Досжан. «Төрт патшаны көрген кейуана» (хикаят)

Модуль/пән атауы:

Қазақ тілі мен әдебиеті

Педагогтің аты-жөні:

Кожагали Асель Нурдаулеткызы

Күні:


Курс/топ:

1-курс/АТУ-23-1

Бөлім:

Тәуелсіз еліміздің өткені мен келешегі

Үлгілік оқу бағдарламасының бағыты:

Техникалық-технологиялық

Мақсаты, міндеттері (оқыту нәтижелері):

Көркем шығарманы тыңдау, басқа өнер туындыларымен (кино, театр, музыка, би, сурет-мүсін өнері, сәулет) салыстырып, тақырып ортақтығына сипаттама жасау, негізгі ойды анықтау.

Күтілетін нәтижелер (бағалау критерийлері):

1)Көркем шығарманы тыңдайды, басқа өнер туындыларымен (кино, театр, музыка, би, сурет-мүсін өнері, сәулет) салыстырып, тақырып ортақтығына сипаттама жасайды;

Қажетті ресурстар:

Слайдтар, интерактивтік тақта.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

уақыты

Педагогтің әрекеті

Білім алушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

(ұйымдастыру кезеңі)

  1. Білімгерлермен сәлемдесу

  2. Сабаққа қатысуын түгендеу

  3. Сабаққа назарларын аудару

  4. Берілген суреттердегі тұлғалардың сабаққа қандай қатысы бар екендігіне болжам жаса?

  5. Сабақта біз қай тақырыпты қарастырыруымыз мүмкін?

  6. Тұлғаларға қатысты қандай ақпаратты білесіз ?



И.В.Сталин (1878-1953) Н.С.Хрущев (1894-1971),



Д.Қонаев(1912-1993), Н.Ә.Назарбаев (1940д.к.)




Сәлемдеседі.

Сабаққа назарын аударады.

Болжау стратегиясы кез келген оқылымның қиындығын білім алушының сезінбей игеруіне көмектеседі және жаппай ұжым болып білім алуды ұйымдастырады


https://inlnk.ru/84aKlG

https://inlnk.ru/ZZy1KY

https://inlnk.ru/n0GORn

https://inlnk.ru/JjRNYA


Сабақтың ортасы

(жаңа материалды игеру кезеңі)










Ұж. 1-тапсырма. Хикаят үзінділерін мұқият оқыңыз, хикаят үзінділерін графикалық мәтінге айналдырыңыз,


1. «... Жасасын Сталин Жолдас!... Жасасын жасампаз Ленин!...» деп, жиналған жұрт дүр ете түсті. Тұла бойымнан төмен қарай жылжып шоқ өткендей сезілді. Не кереметтің барын білмеймін, ортадан кішілеу, жанарында жасыны бар көсем кісі осылай бір қарағанда жұрт үстінен толқын жүріп өткендей сезіледі. Қарадай есеңгіреп есі шыққан, тосын әсерден оғаш мінез танытқан момындар сеңдей сығылысып, көсем кісіге кимеледі.

2. ... Табалдырықтан аттай бере: «Апа, жүре қалыңыз, -дейді, - стадионға көп халық жиналып жатыр, бас редакторға кіріп, жалынып жүріп сізге де кіруге рұқсат алдым!..» Қапелімде ештеме түсінбеймін. «Кең етек қазақы көйлектің етегіне сүрінбей-ақ үйде отырайын», -деп шегіншектеп, «еш жерге барғым жоқ», - деп сылтау айтып көремін, баяғы балам көнетін емес. «Хрущев келеді, тамам жұрттың алдына шығып сөйлейді»,- дейді.

3. «... Жасасын... Тұрыңдар, озаттар, Қонаев көкелерін келеді»,- деді әлдебір өктем дауыс. Әлгі әдемі мәшинеден түскен ұзын кісі кең адымдап келіп, тұрған бізге қарап қоңыр үнмен: «Сәлеметсіздер ме, бауырлар!»-деді. Иә, дәл солай. «Здрасти» деген жоқ, «армысыздар» дегенін естімедім, ұмытпасам, шынымды айтсам, құлағымда қалғаны сол, «сәлеметсіздер ме, бауырлар» болыпты. Жағалай төніп бір-бірлеп бәрімізге қол беріп амандасып шықты. Алақаны үлпідей жұмсақ, үгітіліп тұрған жүгері шашағы ма деп қаларсын.

4. ... Президент жылдам еніп, жақындап келіп сәлемдесті.

- Ой, апа, жасаңыз нешеде?-деді.

-Тоқсанның үстіндемін,балам, жүзге жуықтадым. Көзім нашарлап бет жүзінді анықтап көре алмай тұрмын, балам.

Президент қасында көлеңкеше ілесіп жүрген көмекшісіне бұрылды.

  • Мына кісінің көзін емдетіндер, жақсы көзілдірік әперіндер!

  • Дидарына қанып, батамды берейін деп келдім, шырағым!


Білім алушылар тілдік және ауызша қарым-қатынаста күрделі және мазмұны жағынан маңызды мәтіннің жекелеген бөліктерін қабылдауға дайын болады. . Алынған ақпаратты жүйелейді мәтіндегі ақпаратты графикалық мәтінге аударады.

Дескрипторлар:

1.Үзінділерді оқиды.

2.Хикаят үзінділерін графикалық мәтінге айналдырады.


https://bilim-all.kz/article/14619-Tort-patshany-korgen-keiuana

Дүкенбай Досжан шығармаларының жинағы. Алматы 2004жыл.



ЕББҚ ( Аутизм спектрінің бұзылысы бар) оқушыға арналған тапсырма.

2-тапсырма. «Төрт патшаны көрген кейуана» хикаяты желісіне сәйкес сурет салу. ( И.В.Сталин; Н.С.Хрущев, Д.Қонаев, Н.Ә.Назарбаев)


Білім алушы сурет салады.

Дескрипторлар

-Хикаят желісіне сәйкес сурет салады.



Тж. 2- тапсырма. «Төрт патшаны көрген кейуана» шығармасымен Ақан Сатаевтың 2018 жылы шыққан «Елбасы жолы» көркем филімі арасындағы тақырып ортақтығын салыстыр.



ВОвал 3 Овал 4 енн диаграммасын толтыр.

Білім алушылар топтасады.

Бірін-бірі оқытады. Диалог құрайды. Білім алушылар салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.

Ақан Сатаевтың 2018 жылы шыққан «Елбасы жолы» көркем филімі мен Дүкенбай Досжанның «Төрт патшаны көрген кейуана» хикаятының тақырып ортақтығына венндиаграммасын толтырады.


https://www.youtube.com/watch?v=Z-v8XH0PqbU


Жж. 3-тапсырма. Менің анам «Төрт патшаны көрдім» деп айтып отырушы еді. Егер сіздер, кейуана уақытында өмір сүрсеңіз, бар ғұмырынды қалай елестетер едіңіз?

«ПОПС» формуласы әдісімен өз ойыңызды жүйелеңіз.

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,....»

Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»

Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын....»

Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»


Білім алушы алынған ақпаратты жобалайды және зерттеу қызметінде пайдаланады

1. Пікір, дәлел,

мысал, қорытынды. 4-сөйлем арқылы жағдаяттық сұраққа жауап береді.




Сабақтың соңы

(рефлексия)

Кері байланыс

Ж.“Дөңгелек үстел” стратегиясы

Ел билеушілерінің тұлғасы сендердің ойларыңызша қандай болуы керек?

Білім алушылар алдарына берілген бір бет ақ параққа 1 минут ішінде өз ойларын жазып, дөңгелете отырып жылжытады, әр оқушы өзі жазған ойды бүктеп отырады, алғашқы оқушыға қайтып келген соң, жазғандарын дауыстап оқиды.

Сұрақтарға жауап беру арқылы кері байланыс жасайды.

Берілген сұраққа 1 минут ішінде 1 сұраққа жауап береді










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2024
1802
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі