400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Дүние жүзі тарихын оқытуда тиімді әдіс- тәсілдерді пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған коуч сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:

Дүние жүзі тарихын оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану.



Мақсаты:

Сабақ үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдерді оқытудағы маңызын ажырату.

Оқушыны дамытатын дағды мен қабілеттерді анықтауға, белсенді оқыту стратегияларын қолдану бойынша тәжірбие алмасу


Оқыту нәтижелері:

Коучинг соңында мұғалімдер:

  1. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін сабақ үрдісінде қолдануды үйренеді.

  2. Өздерінің де іс-тәжірбиелерін ортаға салып,талқылайды.

  3. Оқытудың белсенді тәсілдерінің тиімдісін,қажеттісін таңдап, саралап, өз сабақтарында қолданады.


Сілтеме:

Белсенді оқытудың әдіс-тәсілдері.


Негізгі идея:

Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері оқушылардың оқытуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Балалардың білім мен идеясын анықтауға бағытталған шынайы әрекет оларды оқыту үдерісіне тартуға көмектеседі.


Сабақта қоданылатын материалдар:

Маркер, АКТ,қима қағаздар,стикер,плакат


Оқыту әдістері:

Коучинг қағидасы, «Атаулар туралы үш сұрақ», «Гауһарлар иерархиясы», «Жауабы осылай болса сұрағы қалай болады», «Кластер», «Тау рефлексиясы»


Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті.


Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

5 минут

«Үш көмекші» әдісі бойынша топқа бөліну

«Жүрек», «Бас», «Қол»

Сонымен қатар суреттерге байланысты мағлұмат беріледі.

Шульман «үш көмекші» деп «бас,жүрек,қолды» атаған. Ол осы атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады деп есептеген. Мұндай пікірді біз ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың қара сөздерінен де кездестіреміз. «Үш- ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»- деп ұлы Абай атамыз айтқандай, жаңа форматты мұғалім осы үш көмекшіні дұрыс пайдалана білуі керек.


«Жүрек», «Бас», «Қол» суреттерді таңдау арқылы мұғалімдер үш топқа бөлініп отырады.


7 минут

Құрметті ұстаздар біздің тақырыбымызға байланысты бүгінгі коучинг семинардың мақсатын анықтау үшін «Атаулар туралы үш сұрақ» әдісін пайдаланамыз.

Қайда? Біз бүгін қайдамыз? Не үшін жиналдық?

Қалай? Оқытудың әдіс - тәсілдерін сабағыңызда қалай қолданасыз?

Қандай? Белсенді оқытудың қандай түрлерін білесіз?

Бұл жұмысты мұғалімдер жеке,жұппен (шағын топ ішінде) ауызша немесе жазбаша орындайды.Пікірлері тыңдалады.


Кіріспе:

Мысалға, бүгінгі семинарда 9 сыныппен «1927-1939 жылдары кеңестік қоғам қаншалықты өзгерді?» тақырыбында белсенді оқытудың бірнеше әдіс-тәсілдерін қолданылады.

Мақсаты: 9.3.1.2 тотолитаризм, әміршіл-әкімшіл жүйе сияқты саяси режимдердің қалыптасу алғышарттары мен тарихын түсіндіру.



5 минут

І топ: «Нұсқау беру және сипаттау» «Гауһарлар иерархиясы» .

Мұғалімдерге карточкада немесе стикерде белгілі бір сұраққа қатысты тоғыз идея беріледі.

  1. Әскери коммунизм

  2. ЖЭС

  3. КСРО ның құрылуы

  4. Индустрияландыру

  5. Түркісіб темір жолы

  6. Ұжымдастыру

  7. ГУЛАГ жүйесі

  8. КСРО конситиуциясы

  9. Репрессия

Олар өзінің бірінші басымдық берген карточкасын жоғарыға қояды, бұдан кейін екі карточканы екінші орынға қояды, үш карточканы үшінші орынға қояды, содан соң қайтадан екі және неғұрлым төмен артықшылығы бар карточка төменге орналастырылады. Осылай

гауһар тас пішіні пайда болады. бір-бірімен бітімге,

келісімге қол жеткізуге ұмтылуы тиіс.

карточкалардың ретін

өзара талқылап, өз пікірлерін білдіреді.


ІІ топ: «Сұрақ қою және талқылау» «Жауабы осылай болса, сұрағы қалай болады?» жауаптары жазылған сөздердің сұрағын тауып жазу.

1) Азамат соғысы кезіндегі саясат? Әскери коммунизм

2) Индустрияландыру қай жылы,қай сьезде қабылданды? 1925жыл ХІVсьезд

3)1921 жылы Х сьезде қабылданған саясат? ЖЭС

4) Әскери коммунизм саясатынан кейін халық ашаршылыққа ұшыраған жыл?1921-1922ж

5) Бірінші бесжылдық? 1928-1932ж

6) 1930 жылдың сәуірінде пайда болған легерьлердің бас басқармасы қалай аталады? ГУЛАГ

7) 1924-1953 жылдары мемлекетті басқарған кім? Сталин

8) Репрессия белең алған жылдар? 1937-1938 жыл

9) 1934 жылы КСРО да НКВД-ның еңбекпен түзету лагерьлері жүйесін басқаратын неше бөлімшені біріктіре жұмыс жасады? 56

10) КСРО ның конституциясы құрылған жыл?

1936 жыл

А3 форматқа жауаптары жазылған сөйлемдер беріледі. Жауаптарын оқи отырып, сұрағын құрастырып шығарады.


ІІІ топ: Бекіту және қолданысқа енгізу. «Кластер» әдісі

«Жүзімнің шоқтары» деген мағынада қолданылған – идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер.


Негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне сызықтармен қосады да, өзара байланыстары туралы әңгімелейді

15 минут

Үш топтың жауаптары тыңдалынып, талдау жүргізіледі.

Мұғалімдерге сұрақ қойылады?

  1. Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай еді?

  2. Мақсатқа қол жеткізе алдық па?

Әр топ берілген тапсырманы орындайды.

5 минут

«Қар көшкіні» атты сергіту сәтін жүргізу.Әр мұғалімге «Бүгінгі семинарға не мақсатпен келдіңіз?» және «Не үйрендіңіз?» деген сұрақ қойылады, ал мұғалім өзінің атының бірінші әріпінен басталатын жауап айтады.


сұраққа жауап қайтарады.

3 минут

«Тау рефлексиясы»

Бүгінгі коучинг бойынша суреттегі тауды «Дүние жүзі тарихын оқытуда тиімді әдіс-тәсілдердін қолдану жолдары» деп алып, осы тақырып бойынша әр мұғалім өзінің осы таудың қай жерінде екенін анықтайды. Осыған сәйкес, стикерлерге коучинг бойынша не түсінгендерін, екі сәтті кезеңді, бір ұсынысын жазып,таудың суретіне жабыстырады.

Алдарында жатқан стикерлерге коучинг бойынша не түсінгендерін, екі сәтті кезеңді, бір ұсынысын жазып, таудың суретіне жабыстырады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
1158
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі