400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дүниежүзі елдерінің машина жасау кешеніндегі мамандануы

Материал туралы қысқаша түсінік
Дүниежүзі елдерінің машина жасау кешеніндегі мамандануы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дүниежүзінің машина жасау өнеркәсібі



Өнеркәсіптің жетекші саласы ретінде машина жасау дамыған елдерде айрықша орынға ие. Оның үлесіне өнеркәсіп өнімінің 36—40%-ы, индустрияда жұмыс істейтіндердің 34%-ы тиесілі. Қазіргі заманғы машина жасау — 300-ден астам өндіріс түрін біріктіретін, ғылымды ең көп қажет ететін, шығаратын өнім түрі бірнеше миллионмен есептелетін аса күрделі сала. Сондықтан халықаралық деңгейде ұйымдасу тиімді болып есептеледі.

Машина жасау саласында дүниежүзіндегі аса ірі "Дженерал Моторс", "Форд Мотор", "Дженерал Электрик" (АҚШ), "Даймлер-Крайслер", "Сименс" (ГФР), "Мицуи", "Мицубиси", "Тойота Мотор" (Жапония) ұлтаралық бірлестіктері жұмыс істейді.

Машина жасау өнеркәсібінің ұдайы дамып, өркендеуі қоғам қажеттілігімен және FTP жетістіктерімен, көптеген өнімдерді (тұрмыстық техника, автомобиль, электрондық техника) тұтынудың жаппай сипат алуымен анықталады. Машина жасау өнеркәсібінің орналасуы бастапқыда металға бағдарланса, соңғы онжылдықтарда маман жұмыс күшіне, кейбір салаларының ғылыми-зерттеу орталықтарына, инфрақұрылымы дамыған ірі қалаларға шоғырлануы байқалады. Бірте-бірте бұл сала кәсіпорындары барлық жерде орналасатын болады.

Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі жоғарылаған сайын өндірістің құрылымы да күрделеніп, жеке салалардың арасалмағы өзгерді. Қазіргі кезде өнімнің құны бойынша электр техникасын жасау дәстүрлі салаларды артқа тастады. Ғылымды көп қажет ететін бұл салада өнім көлемі бойынша Жапония, АҚШ, Азиядағы жаңа индустриялық елдер, Қытай, Батыс Еуропа елдері жетекші орынға ие. АҚШ қарапайым құрал-жабдықтар шығаруға қарағанда күрделі, кымбат техника өндірісіне маманданған. Азия елдері жаппай сипаттағы компьютерлік техника мен тұрмыстық, электроника, ал Батыс Еуропа елдері байланыс құралдары мен медициналық, өндірістік және ғылжабдықтар шығаруға бағдарланған.

Көлік маишналарын жасау автомобиль, аэроғарыштық өндіріс пен кеме, теміржол көлігін жасауды қамтиды. Көлік қолданылуы жөнінен азаматтық және әскери мақсаттағы машиналар болып жіктеледі. Шығаратын өнімінің саны (жылына 45—50 млн дана), өнім құны және сериялылығы жөнінен автомобиль жасау алдыңғы орында; бұл өнімге сұраныс дүниежүзі бойынша тұрақты есу үстінде. Жалпы, автомобиль өндірісінің 3/4-і жеңіл автомобиль үлесіне тиесілі (43-сызбанұсқаны қараңдар).

Барлық өнімнің 25%-ын жүк машиналары, арнайы (медициналық, өрт сөндіру, полициялық) автомобильдер мен автобустар құрайды (бұл көрсеткіш елдер бойынша айырмашылық жасайды). Автомобиль өндірісінің негізгі орталықтары — Батыс Еуропа, Солтүстік Америка және Жапония. Аймақтар арасында басты орын (өнімнің 1/3-ін береді) алатын Батыс Еуропаның өндірісі экспортқа бағдарланған, шығарылған өнімнің 75%-ы өндірілген елден сыртқа сатылады.

Жеке елдер арасында АҚШ пен Жапония өндіріс көлемі жөнінен жетекші орын алады, олардың әрқайсысы жылына, шамамен, 9—10 млн автомобиль шығарады. Автомобиль жасау күшті монополияланып, дүниежүзі бойынша бұл сала өнімінің 80%-ы аса ірі он автомобиль компаниясының үлесіне тиесілі.

Әдетте, әр елдің өзіндік "автомобиль астанасы" бар; олардың қатарына өндіріс шоғырлануымен көзге түсетін Детройт (АҚШ), Вольфсбург (ГФР), Турин (Италия), Төменгі Новгород (Ресей), Нагоя-Токио (Жапония) жатады.

Көлік машиналарының автомобильден басқа түрлерін (кеме, теміржол көлігі, ұшақтар) жасау да көрнекті орын алады. Кеме жасаудан Жапония, Корея Республикасы, Германия, Қытай жетекші орында.

Қазіргі кезде сұйық өнімдер таситын танкерлерге, контейнер тасымалдаушы және мұзжарғыш кемелерге, туристік және ғылыми-зерттеу бағытындағы арнайы кемелерге сұраныс артып отыр. Ұшақ өндірісінде Сиэтл мен Лос-Анджелес қалаларындағы (АҚШ) "Боинг" зауыттарының тобы және Тулузадағы (Франция) "Конкорд" зауыты көзге түседі.



Ресей Федерациясының машина жасау өнеркәсібі

Машина жасау — Ресейдің экономикалық даму деңгейін анықтайтын маңызды саланың бірі. Оның үлесіне елдің өнеркәсіп өнімінің 20%-ы тиесілі. Ресейде машина жасау саласы бойынша 50 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. 1990 жылдары жеңіл автокөлік жасаудан басқалары өнім көлемін екі еседей қысқартты. Бұл шетелдік машиналар мен жабдықтарға қарағанда ресейлік өнімдердің сапасының төмен болуымен түсіндіріледі. Ресейдің машина жасау кәсіпорындарында таукен, энергетика, химия, орман, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне, ауыл шаруашылығына қажетті машиналар мен құрал-жабдықтар, көлік құралдары мен электр техникасы, электрондық құралдар жасалады. Кейбір өнімдер тек бір ғана көсіпорында шығарылады. Мысалы, троллейбус шығаратын жалғыз зауыт Энгельс қаласында орналасса, картоп жинайтын комбайндар тек Рязаньда жасалады. Жалпы алғанда, өнімнің 90%-ы еуропалық бөлікте жасалады.

Машина жасау кәсіпорындарының орналасуына бірнеше фактор әсер етеді.

  1. Қазіргі заманғы машина жасау ғылымға негізделеді. Сондықтан ең жаңа және күрделі өндірістер (электроника, радиотехника, әуе-ғарыштық) ғылыми мекемелер мен тәжірибелік зауыттар шоғырланған ірі қалаларда (Мәскеу және оның айналасы, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Новосибирск) орналасады.

  2. Көптеген машина түрлерін (әсіресе тау-кен, энергетикалық) жасау үшін металл көп қажет. Сондықтан оларды жасайтын кәсіпорындар металлургия базаларына жақын орналасады.

  3. Машина жасау көп еңбекті қажет етеді. Сол себепті көпшілік кәсіпорындар халық тығыз қоныстанған аудандарда орналасады.

  4. Дайын машина өнімдері көбінесе алысқа тасымалданатындықтан машина жасау кәсіпорындары ірі көлік тораптарына жақын орналастырылады.

  5. Ірі машиналар мен жабдықтарды алысқа тасымалдау қиындық тудырады. Сол себепті кейбір кәсіпорындар тұтынушыларға жақын орналасады. Мысалы, Петрозаводскіде ағаш тасымалдайтын тракторлар, Дондағы Ростовта астық жинайтын комбайндар шығарылады.

  6. Қорғаныс мақсатындағы өнім шығаратын әскери кәсіпорындар шекарадан шалғай, жетуі қиын кішігірім қалаларда орналасады.







АҚШ – тың машина жасау өнеркәсібі

АҚШ-тың әлемдік нарықтағы өзіндік орыны мен сипатын айқындайтын дәстүрлі өнеркәсіптерінің бірі - көлік құрастыру. Айта кетсек, АҚШ-тың 125 қаласында автокөлік шығарылады. Әсіресе, Детройт қаласы ерекше көзге түседі, оны «автокөліктер астанасы» деп те атайды. Әрине мұның өзіндік тарихы бар.

Нақтылап өтсек, 1896 жылы Генри Форд өзі құрастырған алғашқы көлігін осы Детройт қаласының маңындағы Дирборн қалашығында көпке ұсынады. Ол Америка тарихында алғаш рет көлікті конвейерлік әдіспен шығаруды игерген болатын. Оның құрған компаниясы "Фордмоторс" деп аталды. Бүгінде аталған кәсіпорын дүние жүзіндегі ірі ұлтаралық автокөлік концерніне айналып үлгерген. Одан бөлек, АҚШ-тың автокөлік жасау саласында әйгілі «Дженерал моторс» және «Крайслер» корпорацияларының да өзіндік үлесі бар.

Өткен ғасырдың орта шенінен бастап, АҚШ-та жаңа ғылымды көп кажет ететін өнеркәсіп салалары дами бастады. Қазіргі кезде АҚШ телекоммуникациялық жабдықтар мен микросұлбалар жасаудан екінші, санды бағдарламалар негізінде басқарылатын станоктар жасаудан үшінші, авиациялық техника жасаудан дүние жүзінде бірінші орын алады. Сондай-ақ, электроника мен ғарыштық техника жасау өте жедел қарқынмен өсе бастады. Негізгі жетістіктерге тоқтала кетсек, 1971 жылы АҚШ-тағы «Іntеl» компаниясы дүние жүзінде түңғыш рет микропроцессорларды қолдануды жүзеге асырды. Бұл дербес компьютерлік техниканың алғашқы үлгілері болатын. Қазіргі кезде дүние жүзінің дерлік барлық елдеріндегі компьютерлік жүйелерде «Іntеl» өндірген микропроцессорлар қолданылады.

Ғарыштық техника жасауда «Юнайтед технолоджис» компаниясы көзге түседі. Елдің оңтүстігіндегі Даллас және Хьюстон қалаларында ірі әуе-ғарыш өндірісі шоғырланған.

Ал солтүстік-батыстағы Сиэтл қаласында 1916 жылы «Боинг» фирмасының алғашқы авиациялық зауыты ашылған болатын. Қазіргі кезде мұнда алып «Боинг» ұшағы ғана емес, вагондар мен кемелер, тоңазытқыштар да жасалады.

Электрондық техника жасау мегалополистердің барлығында бар. Бұл саладағы жетекші кәсіпорындар — «ІВМ», «Дженерал электрик», «Хьюлетт-Паккард» компаниялары.












Жапонияның машина жасау өнеркәсібі

Әлемдегі кеме жасау өндіріснді Жапония бірінші орын алады. Жапонияның кеме құрастыру өндірісі 30 жыл бойы ең дамыған және көшбасшы ел болып  келеді. Бұған өндірістің әрдайым  жаңартылуы септігін тигізеді. Жапонияның кеме құрастыру өндірісінің 44% бес  ірі компанияға тиесілі. Олар көп  салалы структураның құрамына енеді  және теңіз индустриясының басқа  да өкілдерімен тығыз байланыста болады.

Жапония аса ірі танкерлер  мен алып жүк кемелерін жасауға  маманданған, кеме жасаудың ірі орталықтары  Иокогама, Кобэ, Нагасаки қалаларында  орналасқан. Жүк сыйымдылығының жалпы  көлемі жөнінен Жапонияда дүние жүзінде жасалатын кемелердің 42%-ы шығарылады. Соңғы жылдары өндіріс қарқыны баяулағанымен, Жапонияның автомобиль өнеркәсібі өнім көлемі жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алады.

Жапонияның кеме өндірісінің  өнімділігі Еуропалық деңгейден 20-30% артық болып келеді. Жапонияда  қазіргі таңда өндірісті жаңартудың тағы бірнеше шаралары қарастырылуда.

Жапонияда құрал – жабдықтар  мен өндіріске қажетті машина түрлерін шығаруға маманданған жалпы  машина жасау да күшті дамыған. Бұл  саланың кәсіпорындары, негізінен, Тынық мұхит жағалауындағы өнеркәсіптік белдеуде шоғырланған, бірақ жеке аудандардың  мамандану бағыттары айқын байқалады. Мысалы, Токио маңында сандық бағдарламамен  басқарылатын станоктар тәрізді  күрделі құрал – жабдықтар, Нагояда  неғұрлым қарапайым өнеркәсіп станоктары жасалады, ал Осака ауданы металды  көп қажет ететін ауыр машина жасауға  маманданған.

Жапония өнеркәсіп  роботтарын шығарудан және оларды өндірісте  пайдаланудан әлемде бірінші орын алады. Жапония өндіріс барысын толығымен  роботтар қадағалайтын бірнеше тәжірибелік  кәсіпорын бар. 2000 жылы Honda компаниясы өзінің жаңа инновациясын – Asimo роботын ұсынды. Осы өндірісінң мақсаты көпфункциялы үй көмекшісін жасап шығару.

Жапония тұрмыстық радиоэлектроника бұйымдарын шығарудан да дүние жүзінде  жетекші орын алады. Мысалы, ел өнеркәсібі дүние жүзінде жасалатын бейнемагнитофондардың  ¾-ін шығарады, ал түрлі түсті теледидар  мен радио техникасын жасаудан әзірше Жапонияға ешбір ел теңесе алмайды.

Ал электрондық есептеуіш техника  өндірісінің көлемі жөнінен АҚШ-қа ғана жол береді. Ғылымды көп қажетететін  бұл салалардың орталықтары маман  жұмыс күші бар және ғылыми-техникалық әлеуеті жоғары қалаларда (Токио, Оскак, Иокогама, Фукуока) шоғырланған. 









Машина жасау өнеркәсібі  өнімдерін экспорттау

Сыртқы сауда көлемі жөнінен  Жапония дүние жүзінде АҚШ  пен Германиядан кейін үшінші орынды алады, оның үлесіне әлемдік  экспорттың 6,8% тиеслі. Өнеркәсіптің кейбір салларының экспортқа бағдарлануы  нәтижесінде елде өндірілетін компьютер  жабдықтарының, тұрмыстық электрониканың жартысынан астамы, автомобильдерінің 2/5-сі сатылады.

Жапонияның негізгі сауда әріптесі – АҚШ, соған қарамастан жапон тауарларының сауда айналымында басым болуы себепті екі ел арасында сауда «жанжалы» жиі болып тұрады. Жапония көршілес Қытай, Корея Республикасымен, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен тығыз сауда байланыстарын жасайды.  

Жапондық өндірушілердің негізгі көздеген нарықтары АҚШ және Канада. Американдықтар 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 36% артық жапондық машина сатып алған. Бұл жанармайға бағаның өсуімен түсіндіріледі, себебі үлкен көліктерге үйренген американдықтар үнемді жапондық машиналарға ауысқан.

Еуропада жапондықтар сатылымдарды 10,8% көбейтсе, Таяу Шығыста – 13,8%. Азия елдерінде бұл көрсеткіш 9,2% төмендеген. 2007 жылғы статистика бойынша Жапонияның автокөліктерді экспорттау көрсеткіші 2007 жыл ақпанында 11,7% артып, (54 мың 245 данаға) 519 мың 695 автокөлікке. Осында ақпаратты Жапондық автокөлік өндірушілер ассоциациясы таратты.

Жеңіл автокөліктер экспортты 12% - 462 мың 188 данаға, жүк көлігі экспортты 7,5% - 49 мың 113 данаға, ал автобустар экспорты 18,2% артып – 8 мың 394 данаға жеткен. Ақшаға есептейтін болсақ автокөліктер экспорты 2007 жылы 13,1% өсіп – 11 млрд 791 млн долларға жеткен.

Жапония iстеп шығарған электр генераторлары Азиядағы өнеркәсiптiк кәсiпорындарын, Африкаға, Австралия, Солтүстік және Оңтүстiк Америка елдерін үйлерін және өндіріс орындарын жарықпен, энергиямен қамтамасыз етедi. Жапон иiретiн және тоқымашы жабдығы Азия елдерi және басқа континенттердiң тоқыма өнеркәсiбін дамуына әсер етіп отыр. Электр аппараттарының өндiрiсi машина жасауды өте өскелең саласы болып табылады. Бұл саланың қиял-ғажайып тез өсуi елдiң энергетика және ауыр өнеркәсiбi үшiн қуатты электр агрегаттар керек болуы, сонымен бiрге тұрмыстық электроприборларына сұраныстың өсуі әсер етті. Электр аппараттары, электрондық өнеркәсiптiң өнiмдері негiзiнде Солтүстiк Америка, Азия және Еуропаға экспортталады.









Кореяның машина жасау өнеркәсібі

Машина жасау саласына кеме жасау және автомобиль жасау саласынан басқа, қозғалтқыштар мен турбиналардың, металлөңдеу құралы, тау-кен өндірісі мен ауыл шаруашылығы құрал-жабдықтарын, тоңазытқыш және химиялық құрал-жабдықтарын өндірісін және т. б. қосуға болады.

2002 жылы импорт көлемі 21 миллиард АҚШ долларын құрады (жыл сайынғы өсімі 18,2 %). Импорттың басым бөлігі Жапония — 40 % үлесіне тиесілі. Экспорт көлемі 2002 жылмен салыстырғанда 13 млрд. доллар (жыл сайынғы өсім 8,3 %).


Кеме жасау

Кеме жасау корабльдер мен кемелердің барлық түрлерін құрастыру, жөндеу және конверсиялау кіреді. Оңтүстіккореялық кеме жасау ісі қазіргі уақытта өнеркәсіптің негізгі салаларының бірі болып табылады және оның дамуында базалық фактор ретінде аралас салалары — металлургия, химия өнеркәсібі, электроника және т. б. алға итермелейді.

Верфей кеме құрылысы 1970-ші жылдары басындағы өзінің өсуін бастады. 1980-ші жылдары кеме жасау ісі қарқынды өсуін жалғастырды. Оңтүстік Корея дүние жүзінде екінші кемелер өндірушіне айналды; тек 80-ші жылдардың екінші жартысында, әлемдік нарықтағы Оңтүстік Кореяныің үлесі 10%-дан 25%-ға дейін өсті. 1990-шы жылдары сала сапалы өсімді басынан өткізді.



Еңбек өнімділігі көтерілді және жаңа технологиялар аккумуляциясы қызу жүрді. Күрделі және қымбат кемелер — ірі тоннажды контейнер тасымалдаушы және мұнайтанкерлер, сондай-ақ, одан басқа газ тасушы кемелерден үлесі қатты өсті. Мақсатты түрде мамандандырылу Кореяны қымбат кемелер монополиялық өндіруші мәртебесін жеңіп алуға жақындады — 2005 жылы бұл сегментте әлемдік кеме жасау нарығында оның үлесі 59,3 %-ға өсті.


Автомобиль өнеркәсібі

Оңтүстік Кореяда автомобиль өнеркәсібі қосылған құнның 9,4 % құрайды, экспорттың және жұмыспен қамтудың 8,3 % барлық жұмыс күшінің 7,4 % қамтамасыз етеді. Бүгінде Оңтүстік Корея — әлемдегі бесінші орынды көлік өндіруші (оның әлемдік өндірістің үлесі 5,4%-ын құрайды). Елімізде бес негізгі автомобиль өнімдерін өндіретін кәсіпорындар — Hyundai Motor, Kia Motors, GM Daewoo Auto & Technology, SsangYong Motor Company және Renault Samsung Motors.




Электрондық өнеркәсіп

Қазіргі уақытта Оңтүстік Корея әлемде тұтынушылық электроника өндіру бойынша бірінші орындардың бірін алады. Қазір елде бүкіл әлемдегі сияқты сандық технологияларға көшу үрдісі байқалады, мұндай тенденция сандық теледидарлар, DVD портативті сандық аудиойнатқаш және т. д. сұранысты жақсартады.

Саладағы ірі компаниялар LG, Samsung және Daewoo Electronics. Олар тұтынушылық электроника барлық спектрін жүргізеді, оның басым бөлігі экспортқа шығарылады. Тұтыну электроника өндіріс көлемі 2002 жылы 17,6 млрд доллар, экспорт көлемі 11 млрд долларды құрады.

Оңтүстіккореялық компаниялар өндіретін телекоммуникациялық жабдықтар — бұл, ең алдымен, ұялы телефондар, дегенмен қалған сегменттер де сондай-ақ жақсы дамыған. Бұл ішкі нарықтың көлемінің үлкендігімен, сондай-ақ Оңтүстіккореялық өнімге шетелдегі жоғары сұраныспен байланысты.

2004 жылдың шілде—қыркүйек айларында Samsung Electronis, 22,9 миллион ұялы телефон сатты, сатылған бірліктер саны бойынша алғаш рет американдық Motorola компаниясын басып озды және екінші орынды иеленді (кейін фин Nokia), немесе барлығы әлемдік нарық терминалдардың 13,8 %-ы.





Еуропа елдерінің машина жасау өнеркәсібі

Еуропа өнеркәсібінің жетекші саласы – машина жасау. Жоғары маманданған еңбек реурстары, ғылыми базаға негізделген машина жасау саласы бүкіл өнеркәсіп салалары өнімінің ⅓-ін және экспортының ⅔-ін береді. Әсіресе автомобиль, авиағарыштық техника, станок, прибор, электротехника мен электроника шығарумен ерекшеленеді. Бұл өнеркәсіп салаларының барлық түрі «Үлкен жетілік» елдерінде, соның ішінде Германияда жоғары деңгейде дамыған. Еуропаның шағын жоғары дамыған елдері машина жасау өнеркәсібінің белгілі бір түрін ғана шығаруға маманданған. Мысалы, Нидерланд – электротехника, электроника, Швейцария – сағат, робот, электротехника, Финляндия – электроника, құрал-жабдықтар шығарады.



Солтүстік Еуропа елдері

Еуропаның бұл бөлігін атына сәйкес, солтүстіктегі Сқандинавия түбегінде орналасқан Норвегия, Швеция, Финляндия және аралдық Исландия мен Дания елдері құрайды. Швецияның «Вольво», «Сқания» машина жасау, «Эрикссон» байланыс құралдарын жасайтын концерндері, Финляндияның «Нокия» кәсіпорны әлемге әйгілі.









Шығыс Еуропа елдері

 Машина жасау өнеркәсібі – аймақтағы ең маңызды өнеркәсіп саласы. Әсіресе Чехияда машина жасау өнеркәсіптің маманданған жетекші саласы, сыртқа машина жасау өнімдерінің прокат стандары, ұста- пресс, кәсіпорындарға қажетті құрал жабдықтар, есептеу техникалары, тұрмысқа қажетті техника түрлерін көптеп шығарады.

Ірі орталықтары – Прага, Пльзень және Брно қалалары. Пльзеньде аса ірі Шкода комбинаты орналасқан. Польша ауыр машина жасау, станоктар, жолаушы және жүк вагондары, кеме жасау, электронды жабдықтар (ірі орталықтар – Варшава, Познань, Вроцлав, Гданьск); ал Румыния тракторлар мен комбайндар, электровоз, автомобиль, мұнай өнеркәсібіне қажеттібұрғылау қондырғылары (ірі орталықтары Бухарест пен Брашов); Венгрия.

Чехия ең алдымен машина жасау өнеркәсібімен ерекше көзге түседі. Оның ірі орталықтары: Прага, Пльзень және Брно қалалары. Әсіресе металды көп қажет ететін прокат стандары, ұста –пресс, кен өндіру мен энергетикаға қажетті жабдықтар жасау жолға қойылған.  Соңғы жылдары өндірісті мамандандырудың жетілдірілуіне байланысты жеңіл автокөлік шығаруға бет бұрды. Оған « Шкода» автокөлігінің Фольксваген тобына теңестірілген «Фелиция», «Октавия» және «Фабия» сияқты соңғы үлгілерінің әлем жұртшылығына танымал болуы дәлел.





Батыс Еуропа елдері

Батыс Еуропа – дүние жүзіндегі ең жоғары дамыған елдердің шоғырланған аймағы. Қазіргі кезде бұл елдерде шығарылатын реактивті ұшақтар, автомобильдер («Мерседес», «Рено», «Ауди», «Пежо»), күрделі электрондық техника (компьютерлер, есептегіш құралдар) дүние жүзіне әйгілі.

Швейцарияда жасалатын сағаттар өте дәлдігімен, сапалылығымен аса жоғары бағаланады. Батыс Еуропа банктерінде әлемнің көптеген елдерінің ақша қаржысы мен алтындары сақтаулы.



Оңтүстік Еуропа елдері

Оңтүстік Еуропа – үш дүние бөлігін жалғастырып жатқан айрықша аймақ. Бұл топқа жататын елдер, негізінен, Жерорта теңізіне сұғына еніп жатқан Пиреней және Балқан түбектерін алып жатыр.Ал ергежейлі мемлекеттер Апеннин түбегінде, Жерорта теңізі жағалауы мен алабында орналасқан. Машина жасау өнеркәсібінің автомобиль, кеме және локомотив жасау салалары күшті дамыған. Мадрид, Барселона, Вальядолид қалаларында шетелдік «Фиат», «Рено», « Фольксваген», «Крайслер» компанияларының автомобиль зауыттары орналасқан.





Испания автомобиль шығарылады, оның ¾ -ке жуығы экспортқа жіберіледі. Экспортқа шығарылатынтағы бір өнім түрі – аса жүрдек испан пойыздары. Мұнда АВЕ және «Тальго» пойыздары жасалып, оларды тек Еуропа мен Азия елдері ғана емес, АҚШ та сатып алуда. Қазақстанда да аса жайлы испан вагондары жоғары бағалануда.

  Елде 30-ға жуық кеме жасау компаниясы мен 40 верфь жұмыс істейді, олар негізінен, солтүстіктегі Бильбао, Хихон порттарында, шығыстағы Барселона, Картахена, Валенсия қалаларында және Балеар аралдарында орналасқан.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
6837
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі