|
Жаңа
сабақ:

Мұғалім сөзі:
Дүние жүзінде мемлекеттің басқару
түрлері
Дүние жүзі елдерінің
мемлекеттік құрылысы. Басқарудың негізгі екі түрі: монархиялық,
республикалық туралы түсінік
қалыптастыру. Монархия дегеніміз - мемлекет басшысы им-иератор, король, герцог,
князь, сұлтан және т.с.с. болып келетін басқару
түрі.
Монархия абсолюттік және конституциялық болып
бөлінеді.
Абсолюттік монархия
- монархтың билігі шексіз болады (Бруней,
Бахрейн, Катар, БАӘ, Оман және
т.б.).
Конституциялық монархия - жоғары мемлекеттік билік конституциямен
шектеледі (Бельгия, Ұлыбритания, Испания, Дания, Норвегия,
Марокко, Жапония).
Монархияның тағы бір түрі - монарх шіркеу басшысы
болатын теократиялықмонархия
(Ватикан).
Республика дегеніміз - заң
шығаратын ең жоғары үкімет билігі сайланатын өкілетті орган
парламенттің, ал атқарушы үкімет билігі - үкіметтің қолында болатын
басқару түрі.
Унитарлық мемлекет (латынның - бірлік деген сөзінен шыққан) -
елде бірыңғай заң шығарушы және атқарушы өкімет билігі болатын
әкімшілік-территориялық құрылыс
түрі.
Федерациялы
мемлекет (латынның «одақ», бірлестік деген
сөздерінен шыққан) - бірыңғай (федералдық) заңдармен және үкімет
органдарымен қатар, өздерінің заң шығарушы, атқарушы және сот
органдары болатын жекелеген территориялық құрылымдары
(республикалар, провинциялар, жерлер, штаттар және т.с.с.) бар
әкімшілік – территориялық құрылыс
түрі.
Мұндай мемлекеттерге Ресей, АҚШ, Үндістан,
Бразилия, Нигерия т.б. жатады.
Мемлекеттердің бірігуінің енді бір
түрі конфедерация. Біршама шектеулі мақсаттарға жету үшін
(әскери, сыртқы, саяси және т.б.) құрылады (Швейцария) мемлекеттері
туралы түсінік беру.
Т.Ж.
1-топ: Тәуелсіз мемлекеттер: мемлекеттік басқару
формасы: монархиялар мен республикалар
2-топ: мемлекеттік құрылым түрлері: Федерациялы
және унитарлы
3-топ: Тәуелді аймақтар
Картамен
жұмыс.
1- топ
1.Дүниежүзі елдерін географиялық
орнының ерекшеліктеріне қарай
топтастыру.
2.Картаны және оқулықты пайдалана
отырып, алып жатқан аумағы бойынша ең үлкен елдерді картадан тауып
көрсету.
2-
топ
1. АҚШ, ГФР, Франция,
Ұлыбритания, Жапония елдерінің ұқсастығы
неде
?
2.Төмендегі аталған
елдердің қайсысы республикалық басқар утүріне жатады Болгария, Полша, Франция,
Ұлыбритания, Жапония, СаудАрабиясы.
3 –топ
1. Төмендегі
аталған елдердің қайсысы Федерациялық әкімшілік,
Территориялық құрлысы бар елдер
? Ұлыбритания, Куба,
АҚШ, Франция, Үндістан,
Бразилия.
|