Дүниежүзі халқының діни құрамы 7 сынып ҚМЖ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дүниежүзі халқының діни құрамы 7 сынып ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Дүниежүзі халқының діни құрамы 7 сынып қысқа мерзімді жосар 472 бұйрықпен құрастырылған Оқу мақсаты 7.4.1.2 -дүние жүзі халқының діни құрамы мен діндердің таралу аймақтарын анықтайды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзі халқының діни құрамы

Бөлім

4. Әлеуметтік география 4.1. Халық географиясы

Педагогтың аты-жөні


Күні


Сынып 7


Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Дүниежүзі халқының діни құрамы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

7.4.1.2 -дүние жүзі халқының діни құрамы мен діндердің таралу аймақтарын анықтайды


Сабақтың мақсаты


Дүние жүзі халқының діни құрамын анықтайды.

Діндердің таралу аймақтарын анықтайды, картадан көрсетеді.

Қазіргі замандағы діннің рөліне баға береді.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармаен сәлемдесу, түгендеу. Сыныпта психологиялыө ахуал туғызу. Сынып оқушыларын 3-топқа бөлу.

1-топ «Ислам»; 2-топ «Христиан»; 3-топ «Будда»; 4-топ «Ұлттық діндер»

Жаңа тақырыпқа байланысты «Ой қозғау» сұрақтары қойылады.

  1. Дін дегеніміз не? Діни сенімнің негізгі белгілерін атаңыздар.

  2. Қандай әлемдік діндерді білесіздер?

  3. Әлемдік діндерден басқа тағы қандай ұлттық діндер бар?


Әр топ мүшелері өз пікрелерін айтады қорғайды

Дескриптор:

Дін және оның белгілерін сипаттайды;

Әлемдік діндерді атайды;

Ұлттық діндерді атайды;


Өзара топтық бағалау жүргізіледі.

Жалпы 3 балл




Оқулық

Дүниежүзі картасы

Атлас


Ортасы

Жаңа тақырыпты меңгеру. Оқушыларға «Әлемдік діндер» атты видеоролик ұсынылады.

Видео көрмес бұрын оқушыларға зерттеу сұрақтары қойылады:

  1. Қай дін ең бірінші болып пайда болды?

  2. Ең кең тараған дін қайсысы?

  3. Барлық діннің ортақ ұстанымы қандай?Осы сұрақтарға жауап алғаннан кейін оқушыларға топтық жұмыс орындауды ұсынамын.

Тапсырма №1: Топтық жұмыс. Оқулық мәтінді пайдалана отырып, жоспарға сәйкес дүниежүзі діндерін сипаттаңыздар.

1-топ. Христиан

2-топ. Ислам

3-топ. Буддизм

4 топ. Ұлттық діндер

Жоспар.

  • Дін атауы

  • Шығу тарихы

  • Тармақтары немесе бағыттары

  • Таралған аумағы

  • Діни мерекелері

  • Ерекшеліктері/ өзіне ғана тән ерекшеліктерін, белгілерін сипаттаңыздар/.

Тапсырма №2. Топтық жұмыс «Қазіргі діннің роліне баға беру»

Оқушылар топпен ойласа келе төмендегілерді істейді:

  • Неліктен адамдар өз елінің, аймағының және бүкіл адамзаттың діни құрамын зерттейтінінің 3 себебін анықтаңдар.

  • Неліктен ХХІ ғасырда адамның ұлты қай дінді ұстанатынының шынайы белгісі бола алмайды? Бұған қандай факторлар әсер етеді? 3 фактор жазыңыз

  • Адамдар арасында таулық пен өзара түсіністікті қамтамасыз ететін басқа дін өкілдерімен қарым –қатынас жасаудың 3 ережесін құрастырыңдар

Берілген ресурстар арқылы жаңа тақырыппен танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады..

Дескриптор

Діннің шығу тарихы

Тармақтары немесе бағыттары

Таралған аумағы

Діни мерекелері

Сипаттама /өзіне ғана тән ерекшеліктерін, белгілерін сипаттай алады/.




Дескриптор

Адамдар өз елінің, аймағының және бүкіл адамзаттың діни құрамын зерттейтінінің 3 себебін анықтай алды

ХХІ ғасырда адамның ұлты қай дінді ұстанатынының шынайы белгісі бола алмайтынына әсер ететін 3 фактор жаза алды.

Адамдар арасында татулық пен өзара түсіністікті қамтамасыз ететін басқа дін өкілдерімен қарым –қатынас жасаудың 3 ережесін құрастыра алды.








Жалпы 4 балл









Жалпы 3 балл


Карта

Оқулық

Дәптер

АКТ




Атлас

Оқулық

Дәптер









Оқулық

Дәптер

Карта

Сабақтың соңы


Кері байланыс. «3.2.1.»

3 факт; 2 көзқарас; 1 тұжырым

Үйге тапсырма: §40 оқу және кескін картаға дүние жүзінде таралған діндерді шартты белгімен түсіру.

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.

Бағалау парақшасын толтырады.


Бағалау парақшасы





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.02.2024
677
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі