жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Дүниежүзі халықтары: саны мен ұдайы өсуі
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Курс |
I |
Топ |
С-12 |
Сабақтың № |
3 |
Мамандығы-біліктілігі: |
Мамандық: 1114000 «Дәнекерлеу ісі» (түрлері бойынша) Біліктілігі: жоғары деңгей 1114042- «Электргазымен дәнекерлеуші Орта буын маманы: 1114063- Техник-механик
|
||||
Модульдің атауы |
География |
||||
Сабақтың тақырыбы |
Дүниежүзі халықтары: саны мен ұдайы өсуі |
||||
Күні |
|
Ұзақтығы |
2 сағ. /90мин/ |
||
Сабақтың мақсаты: |
Оқушыларға дүниежүзінің халықтарының саны және ұдайы өсуі туралы білім беру; жер шарында адамзаттың пайда болған орны мен мерзімі жөніндегі мәселе, әр түрлі елдердегі халықтың табиғи өсімінің, әлемдегі қазіргі күнгі демографиялық дамудың барысы және соған байланысты туындайтын проблемалар. |
||||
Білімділік: |
«Халықтың ұдайы өсуі», «демографиялық жарылыс», «демографиялық дағдарыс», «демографиялық саясат» ұғымдарын ашып көрсету. |
||||
Дамытушылық: |
статистикалық мәліметтерді өңдеу, оны практикада пайдалану және сандық мәліметтермен жұмыс. |
||||
Тәрбиелік: |
Өзіміздің және басқа мемлекеттің халқын, ұлтын және оның тарихын, тілін, дәстүрін құрметтеуді тәрбиелеу; |
||||
Күтілетін нәтижелер: |
• Дүниежүзінің
халықының тарихын біледі; |
||||
Сабақтың түрі: |
аралас |
||||
Қажетті жабдықтар мен құрылғылар: |
Проектор
, саяси карта, суреттер, сызба, кесте,
үлестірме қағаздар және т.б. |
||||
Қосымша әдебиетттер: |
Бейсенова Ә., Каймулдинова К., Әбілмажінова С., Баймырзаев Қ., Достай Ж., География. Дүниежүзіне жалпы шоу. ТМД елдері, Алматы,2014 жыл.
|
||||
Сабақтың конспект-жоспары |
|||
Сабақтың барысы |
Уақыты (мин.) |
Іс-әрекет түрлері |
Оқу ресурстары мен материалдары |
1. Ұйымдастыру кезеңі:
|
2 мин. |
Амандасу. Тізім бойынша студенттерді түгендеу. |
|
2.Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақ-жауап: 1. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасының қатарына қанша ел мен аумақ жатады ? 2. Дүние жүзінің тәуелсіз мемелекеттерін мемелекеттік құрылымы бойынша монархиядан басқа неге бөледі ? 3.2000- жылғы санақ бойынша қанша тәуелсіз мем-р бар ? 4.Монархиялық мемлекеттерде жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында ? 5.Қай монархиялық мемлекетте мемлекет басшысы дін қызметін атқарады ? 6.Мына елдердің қайсысы тәуелді аумақтарға жатады ? 7.1919 жылы құрылған Ұлттар Лигиясы қай жылы өз жұмысын тоқтатты ? 8.БҰҰ- ға 2000 ж. қанша мемлекет мүше болды ? 9.Аргентина қандай мемлекет ? 10.БҰҰ- ның бас хатшысы Бас Ассамблея қанша мерзімге тағайындалады ? |
20 мин. |
1) сұрақ-жауап арқылы, 2) баяндама қорғау арқылы, 3) карточка арқылы, 4) тақырыпты ауызша мазмұндауы арқылы. |
|
Жаңа сабақ: Жоспар: 1. Адамның шығу тегі мен жер шарында таралуы.Халық санағы туралы. 2.Дүние жүзінің халқының саны. Демографиялық көрсеткіштер. 3.Халық санының ұдайы өсуі. Демографиялық саясат. «Адам – планетамыздың басты баға жетпес байлығы». Адамзат факторының қоғам өмірінің барлық саласындағы алатын орны аса маңызды. Сол себепті оны зерттеп білудің мәні де зор. Адамзаттың зерттейтін экономикалық және әлеуметтік географиясының басты саласы – халықтар географиясы. Халықтар географиясы зерттейді: Халықтың санын, тығыздығын, жастық, жыныстық құрамын, халық санының ұдайы өсуі, еңбек ресурстарын, көші-қон, қоныстану түрлері, ұлттық құрамы, діни құрамы, нәсілдік құрамын, демографиялық саясат. Халықтар географиясындағы нысандарды зерттейтін ғылымдар: Демография – халықтың санын, табиғи өсуін, жасы мен жыныстық құрамын зерттейді. 1855 жылдан бастап енді. Этнография – белгілі бір халықтар тобының шығу тегін, мәдениеті мен тұрмысын зерттейді. Антропология – адамның шығу тегі мен даму ерекшеліктерін зерттейді. Сонымен бірге социология, политология, экология ғылымдарымен байланысты. Оқушылар оқулықтағы қосымшалармен танысып, 16-суретті түсіндіреді. Ғалымдардың көпшілігі алғашқы адамдар палеолиттің соңында Африкадан алдымен Еуропа мен Азияға, кейіннен Азиядан Америка мен Аустралияға, одан соң мұхит аралдарына тараған. Жер бетінде қазіргі кезде өмір сүріп жатқан адамдардың бәрі де бір түрге жатады. Оны биологиялық жүйелеуде саналы адам деп айрықша құрметті атаумен атайды. Қазіргі адамдардың әртүрлі құрлықта тіршілік етуіне қарамастан, олардың бәрінің де анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері бірдей. Адамдардың тек сыртқы келбетінде ғана бір-бірінен айырмашылықтар бар. Халық санағы. Алғашқы халықты санауға деген қажеттілік құлиеленушілік құрылыста туды. Ең тұңғыш халық санағы – Мысыр жерінде б.з.д. III ғасырда Ежелгі Қытай – б.з.д. III ғасыр. Орталық Азияда – Согдиана мемлекеті – б.з.д. VIII ғасыр Киев Русі – XI ғасыр; Мәскеуде – XV ғасырда. Аустралия, Венгрия, АҚШ, Скандинавия елдері – XVIII ғасыр. XIX ғасыр Еуропалық елдер, Ресей империясы, Үндістан мен Латын Америкасында. 1850 жылы – дүние жүзі халқының 15%. XX ғасыр – барлық елдерде. 1945 жыл – Дүние жүзі халқының 50%. 1950 жыл – Африка елдері. 1950 жыл жүзі халқының 80% халық санағына қамтылды. Ең соңғы: Ауғанстан 1979 жылы, Оман 1993 жыл. XX ғасырдың соңына қарай Жер шары халқы түгеліменхалық санағына қамтылған. Қазіргі халық санағы ұғымына сай келетін ең алғашқы ресми санақ 1790 жылы АҚШ-та өтті. Тұрақты, әрі жүйелі түрде халық санағын өткізе бастаған тұңғыш ел АҚШ. 1960 жылы БҰҰ ұсынысы бойынша халық санағы барлық мемлекетте кемі 10 жыл сайын өткізіліп отырады. Санақ өткізу уақыты халық қозғалысының ең аз кезі – қыс маусымына сәйкестендірілген. Халықтың жалпы санағы келісімді белгілі бір уақыт аралығында өткізіліп отырады. Мемлекеттік органдар үшін жыл сайынғы халықтың саны, оның құрамы мен орналасуы туралы аса қажет. Әр мұндай бір жолғы есеп – халықтың тууы, өлімі, некелесуі, ұлттық құрамы, жастық-жыныстық құрамы туралы мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Қазақстан тарихында 1897-2009 жыл аралығында 11 рет халық санағы өткізілген болатын. Халық санағының бастапқы екеуі (1897, 1911) Патшалы Ресей заманында өткізілген. Отарланған елдер арасында қазақтар арасында жүргізілген халық санағы әр отбасында орташа есеппен 5 адамнан болмағы керек деген мөлшерді ұстанды. 1897 жылы – Қазақстандағы халық саны – 4 млн 147 мың. 1926 жылы – 6 млн 196 мың. 1937 жылы – 5 млн 126 мың (зұлматты, нәубетті жылдардағы аштық, ұжымдастыру, саяси қуғын – сүргін елдегі халық санын күрт кемітті). 1959 жылы – 9 млн 310 мың. 1970 жылы – 13 млн 8 мың. 1979 жылы – 14 млн 684 мың. 1989 жылы – 16 млн 464 мың. 1999 жылы – 14 млн 954 мың. 2009 жылы – 16 млн 406 мың. 2015 жылы - 17 млн. Сынақ нәтижесіне сүйене отырып статистикада кең қолданылатын әдіспен халықтың бірнеше өлшемдер бойынша портретін алуға болады. Қазақстанда әрбір 100 тұрғынның: 56-қалада, 44-ауылда; 51,8әйел, 48,2 ер; 1 шет ел азаматы; 26 жасар ер, 23 жасар әйел отау құрады; 0-15 жас – 29, 15-29 жас – 25, 30-59 жас – 35, 60-тан жоғары – 11. 2. Дүние жүзі халқының саны. Демографиялық көрсеткіштер. Адамзаттың демографиялық тарихында шартты түрде үлкен екі кезеңді саралауға болады. Аграрлық өркениет деп аталады – шамамен XVII ғасырдың II жартысына дейін. Бұл кезеңде халықтың өсімі біршама төмен болды. XVII ғасырда 500 млг адам болды. XVII ғасырдың II жартысында – қазіргі күнге дейін. Әсіресе XX ғасырдың халық санының айрықша жылдам артуы байқалды. 1900 жыл – Жер шары халқының саны – 1,6 млрд адам 1930 жыл – 2 млрд 1960 жыл – 3 млрд 2000 жыл – 6 млрд 2010 жыл – 6,9 млрд 2016 жыл - 7,3 млрд Дүние жүзі халқының бірінші екі еселенуіне XX ғасырда 60 жылдан астам уақыт қажет болды, бірақ, келесі екі еселенуге не бары 40 жыл кетті. Халықтың өсіп-көбеюінің дүниежүзілік тарихтағы ең жоғарғы қарқыны 20% жуық XX ғасырдың 60-жылдары болды. Халық санының мұндай күрт өсуі демографиялық жарылыс деп аталады. Халық өнімінің крт азаюы мен олардағы туудың дәстүрлі деңгейінің сақталуы нәтижесінде халықтың өсімі жоғары болады. Дегенмен, 1980 жылдың ортасына қарай халық санының өсуі баяулай бастайды. Бұл туу көрсеткішінің күрт кемуімен байланысты болды. Дамыған елдердің көпшілігінде халық санының өсуі тұрақталып, кейбір елдерде табиғи өсу мүлде тоқтатылды. Егер туу көрсеткіші төмен болса, бұл елдер демографиялық дағдарысқа ұшырайды. Демографиялық дағдарыс - әлеуметтік, экономикалық табиғи ықпалдардың әсерінен белгілі бір аймақтағы халықтың ұдайы өсуінің тежелуі. Кері табиғи өсімді көрсететін Еуропа елдері. Жер шары тұрғындары 7,3млрд адам, оның 0,22% біздің Отанның тұрғындары. Әр секунд сайын – Жер бетінде орта есеппен 4,2 нәресте дүниеге келіп, 1,7 адамды ажал құшады.тӘр минутта – 250 адам Әр сағат сайын – 15000 жан дүние есігін ташады Әр тәулікте – 255 мың жаңа тұрғындар Әр апта сайын – 1,9 млн адам Әр ай сайын – 8 млн Әр жыл сайын – 80 млн-ға артып отырады. Дүние жүзі аймақтарындағы жеке елдердегі демографиялық жағдайды сипаттау үшін абсолюттік және салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер пайдаланылады. Абсолюттік демографиялық көрсеткіш Табиғи өсу Механикалық өсу Туу мен өлудің арақатынасы иммигранттар мен эммигранттар саны арасындағы айырма әлеуметтік-экономикалық экономикалық, саяси алғыштарға, жағдайларға, демографиялық экологиялық ахуал әсер етеді саясатқа байланысты Дегенмен елдер мен аймақтарды абсолютті көрсеткіштер бойынша салыстыру мүмкін емес. Сондықтан салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер пайдаланылады. Салыстырмалы демографиялық көрсеткіш – 1000 адамға шаққандағы промилле есебімен өлшенетін жалпы демографиялық коэффициенттер. Туу коэффициенті – 1 жыл ішінде туғандар санын халықтың жалпы санына қатынасы. Өлу коэффициенті – 1 жыл ішіндегі қайтыс болғандар санының халықтың жалпы санына қатынасы. Табиғи өсу коэффициенті – 1 жыл ішіндегі туғандар мен қайтыс болғандар айырмасының халықтың жалпы санына қатынасы. Сәбилер өлімінің коэффициенті – 1 жыл ішінде 1 жасқа толмағандардың өлімі. Адамдардың өмір жасының ұзақтығы – экономикалық көрсеткіш, әлеуметтік, тұрақтылық, экологиялық жағдай, денсаулық сақтау жүйесі әсер етеді. Туу көрсеткіші ең жоғары: 30-50% Африка елдері. 20-30% Оңт. Азия, Латын Америкас ы елдері. Өлім көрсеткіші ең жоғары: 15-30% Африка елдері. Дүние жүзі бойынша адамның өмір жасының ұзақтығы 71 жас. Қазақстандағы адамның өмір жасының орташа ұзақтығы 69 жасқа тең. Әйелдер – 73,8; ер адамдар – 64,2 жас. 3. Халық санының ұдайы өсуі. Демографиялық саясат. Адамзаттың үздіксіз жаңарып, ауысып отыруын қамтамасыз ететін туу мен өлу және табиғи өсу көрсеткішінің жиынтығын халықтың ұдайы өсуі деп атайды. Халықтың ұдайы өсуіне бірнеше факторлар әсер етеді: Табиғи-биологиялық факторлар - әр түрлі климат және табиғат жағдайлары. Әлеуметтік-экономикалық факторлар – халықтың тұрмысын, хал-ахуа деңгей, денсаулық сақтау шараларының дамуы, әйлердің қоғамдық жағдайы, халықтың мәдени және білім деңгейі (жыл сайын жер шарында 14 млн адам, оның ішінде 6 млн сәби аштықтан көз жұмады). Демографиялық факторлар – халықтың жастық және жыныстық құрамы, некелесу және ажырасу факторлары (жастық және жыныстық құрамында жас балалар мен қарттар көп болса, онда мөлшері де аз болады). Мәдени-әлеуметтік және психологиялық факторлар, көп балалы болу, әдет-ғұрыптың сақталуы т.б. Соғыс және стихиялық апаттар – 1 д/ж соғыста 10 млн-нан аса адам көз жұмса, 2 д/ж соғыста 50 млн-ға жуық. Табиғат апаттары жыл сайын мыңдаған адамдардың өмірін қиюда. Халықтың ұдайы өсуінің типтері: дәстүрлі, өтпелі, қазіргі. Кестеге байланысты сұрақтар: Неге дәстүрлі типі тән болатын мешеу елдерде өлім көрсеткіші жоғары? Өтпелі тән болатын елдерде өлімнің азаюы не себепті? Халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына байланысты. Демографиялық саясат – елдің демографиялық проблемаларын шешу мақсатында мемлекет тарапынан табиғи өсуді реттеуге бағытталып, жүргізілетін шараларының жиынтығы. Ол екі түрлі бағытта ықпал ету аясында, халықтың өсіп өнуіне, әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік, үгіт-насихат және басқа да шаралар жүйесінде жүргізілуде. Халықтың ұдайы өсуінің бірінші типінде тууды қолдауға бағытталған демографиялық саясат жүргізіледі. Еуропа елдерінде: Франция –«1938 ж. Отбасылар ақшалай төлемдер мен салық жеңілдіктер жүйесі» кеңінен тәжірибеге енгізілді. Германия –«ең қартайған ел»; Скандинавия елдері, Словения, ТМД елдері, Ресей Федерациясы, Жапония.Оқушылардың алдындағы мәліметтен шараларды оқу. Халықтың ұдайы өсуінің екінщі типінде тууды шектеуге бағытталған саясат жүргізіледі.Оңтүстік Азия, О-Ш Азия. Қытай: 1950 ж. Халық саны туу мен табиғи өсуді азайтуға байланысты қатаң әкімшілік және экономикалық шаралар жүргізеді. Басты ұстанымы: «Бір отбасында – бір бала». 2004 жылдан бастап «Балаң аз болса, тез бай боласың» деген ұранды ұстанды. Үндістан: 1951 жылдан бастап «Әр жанұяға – екі бала». Осы саясатқа бағытталған Бангладеш, Пәкістан, Шри - Ланка, Индонезия, бірқатар Африка елдері, Латын Америкасы елдері. |
50 мин. Жаңа сабақты түсіндіру Дәптермен жұмыс Саяси картамен жұмыс
Тақырып бойынша талдау жасау Сызба, кестелермен, үлестірме тапсырмалармен жұмыс жүргізу |
||
4. Алған білімдерін бекіту: Сұрақ-жауап: Адамның шығу тегі мен даму ерекшеліктерін зерттейтін ғылым (антропология) Алғашқы халық санақтары қай кезеңде жүргізіледі ( б.з.д. 3 мың Ежелгі Қытай мен Египет) Табиғи өсу дегеніміз (туу мен өлудің арақатынасы) Халықтың ұдайы өсуінің типтерін ата ( дәстүрлі, өтпелі, қазіргі) Қазіргі халықтың саны (7,3 млрд адам) |
10 мин. |
1) сұрақ-жауап арқылы,; 2) студенттер жауап беру барысында өзінің және өзге де білім алушылардың берген жауаптарындағы қателіктерді анықтайды; 3) тақырып бойынша кесте толтырады;
|
|
7. Үйге берілген тапсырма: |
3 мин. |
Жаңа тақырып бойынша реферат, баяндама немесе шағын конспект әзірлеу. |
|
8.Сабақты қорытындылау. |
5 мин. |
Студенттердің білімідерін бағалау |
|
Пән оқытушысы қолы_________

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген