Материалдар / Дүниежүзі тарихы 7 сынып, ҚМЖ

Дүниежүзі тарихы 7 сынып, ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Моңғолдар мен жаулап алынған халықтар бірін-бірі қаншалықты өзгертті
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2020
5043
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады






Дүниежүзі тарихы, 7сынып.

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2В-Моңғолдар

Мектеп: Кенесары Қасымұлы атындағы жалпы орта мектеп

Күні: 12.12.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Жұмаділлә Досым

Сынып: 7 "ә"

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

24

Сабақ тақырыбы

Моңғолдар мен жаулап алынған халықтар бірін-бірі қаншалықты өзгертті?


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.2.5 - ортағасырлық шапқыншылықтар кезіндегі халықаралық қатынастардың ерекшеліктерін анықтау

Сабақ мақсаттары

Моңғол жаулауының нәтижесінде жаулап алған халықтардағы өзгерістерді анықтау

Бағалау критерийлері






  • Моңғол шапқыншылығының әсерінен Еуразия халықтарының өзгерістерін анықтайды;

  • Моңғол жеңістеріне баға береді;

  • Еуразияның саяси картасындағы өзгерістер туралы қорытынды шығарады.

Тарихи концепт (фокус)

өзгеріс пен сабақтастық

Тілдік мақсаттар


Моңғолдардың әскери жетістіктерінің түрлі себептерін талқылауға қатысты сөздермен диологқа түсіру (айтылым) Моңғолдардың әскери құрылымы.................... Ұлыстардың бөлінуі........... Көршілес тайпалармен қарым-қатынас.............

Лексика мен сөз тіркестерімен жұмыс(жазылым)

Пәнге тән лексика мен терминология: Моңғолдар, Шыңғыс хан, түмендер, «Жасақ», жарлық, басқақтар.

Тарихи контекспен жұмыс (оқылым)

Оқушылар бір-бірінің айтқанын тыңдайды.(тыңдалым)

Құндылықтарды дарыту




Өзге елдің мәдениетіне,көзқарасына құрметпен қарау,жұптық/топтық жұмыстарды және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, сыйластық орнату.

Пәнаралық байланыстар

География (кескін карта)

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.

Бастапқы білім


Крест жорықтары христиандық Еуропа мен мұсылман әлемін қалай өзгертті? тақырыбы бойынша жалпылама білімдері бар.


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

0-2

1. Сәлемдесу

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру."Жүректен жүрекке" әдісі арқылы оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтады.


Оқу құралдары



Сабақ тақырыбын, мақсаттар және бағалау критерийлерін анықтау

2-5

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын сұрау

"Сұраққа жауап" әдісі арқылы үй тапсырмасын сұраймын.

1.Еуропада сауданың дамуы қай бағытта жүргізілді?

2.Жәрмеңке дегеніміз не?

3.Крест жорықтары мен моңғол шапқыншылығы мұсылман елдеріне қалай ықпал етті?

4.Картадан крест жорықтарын көрсетіңдер.

5.Сұлтан Бейбарыс туралы не білесіңдер.

6.Діни рыцарьлық ордендер дегенді қалай түсінесіңдер?

Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу.


Презентация



Сабақтың ортасы

Жұптық жұмыс түрі


Зерттеу жұмысы


5-15













15-25












25-35




















35-38

Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу.

Топқа бөлу.Мозайка әдісі арқылы топқа бірігеді.Төмендгі суреттер арқылы.

Дескрипторлар:

Моңғол шапқыншылығының салдарынан мемлекет өмірінің түрлі салаларында өзгерістерді зерттейді;

Өзгерістерді 5 баллдық шәкіл бойынша бағалайды: 5 - ең үлкен әсер, 1 - ең кіші.

жауабын дәлелдейді.

М Оқушылар дәптерге графикті сызады. Көлденең оске моңғол шапқыншылығының негізгі даталар орналасса, тігінен 1-5 дейін сандар орналасады (5-өзгерістер басым, 1- өзгерістер жоқ).

Ж/Б Топтар өз зерттеулерін қорғап, бірлесіп талқылап, графикті толтырады.

Дескрипторлар:

  • Әр саладағы өзгерістерді түсіндіреді

  • Балдарды қояды

  • Моңғолдардың Қытайға әсері туралы қорытынды шығарады

М/Б моңғол шапқыншылығы Қытайды қалайша өзгертті? сұрақ төңірегінде талқылау жүргізіледі.

Ж/Ж Оқушылар «Моңғолдардың Руське шапқыншылығының салдары» атты мәтінмен танысады. Оқушылар моңғол шапқыншылығы салдарынан орын алған өзгерістерді әртүрлі түспен белгілеу тиіс.

Дескрипторлар:

  • Саяси саладағы өзгерістерді анықтайды;

  • Әлеуметтік саладағы өзгерістерді анықтайды;

  • Экономика саласындағы өзгерістерді анықтайды;

  • Мәдени саладағы өзгерістерді анықтайды.

Б/Ж Оқушылар жұмыс нәтижесін қорғайды.

М Моңғолдардың жорықтары Еуразияның саяси картасын қалай өзгертті? сұрақ бойынша талқылау жүргізіледі.

Ж Мұғалім оқушыларға «Моңғолдардың жорықтары Еуразияның саяси картасын қалай өзгертті?» сұрағына қорытынды хабарлама жазуға тапсырма береді.

Дескрипторлар:

-Хабарламада жеңілген халықтардағы кемінде 3 негізгі өзгерістер көрсетілген;

Қорытынды жасайды.


Дидактикалық материал (Қытайға әсері)


















Презентация












Дидактикалық материал «Моңғолдардың Руське шапқыншылығының салдары»









Презентация

Сабақтың соңы


Рефлексия және үй тапсырмасы

38-40

Рефлексия:

Төменде берілген терминдерді қатыстырып, сөйлемдерді құрастыруға тапсырма беріледі:

Моңғолдар, құрылтай, түмен, Алтын Орда, экономика, әсері, әлеуметтік-экономикалық саяси салалар, Еуразия картасы, алым-салық, өзгерістер.

https://rutube.ru/video/63c8f306f8f8763dba99366c4680f2cb/

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Сабақ ақпаратты қабылдаудың әртүрлі түрлерін ескере отырып, білім туралы ақпаратты пайдаланады. Жұптасып жұмыс істеу кезінде қабілетті оқушылар әлсіз оқушыларға қолдау көрсетіп, әлсіз оқушыны мұғалім де қолдайды. Бейне баяндыі көріп, кескін картасында жұмыс жасағанда, дифференциялау жүргізіледі, қабілеті жоғары оқушылар бірінші, екінші, үшінші және төртінші крест жорықтарының бағыттарын жылдам анықтайды.

Келесі оқу мақсаттары үшін қалыптастырушы бағалау:

6.3.2.5 - ортағасырлық шапқыншылықтар кезіндегі халықаралық қатынастардың ерекшеліктерін анықтау

Жақын арадағы даму аймағын (ЖАДА) анықтайтын ой қозғау кезеңінде диагностикалық бағалау ұйымдастыру.

Мағынаны тану кезеңінде оқушылар критерийлерге сәйкес бағаланады, олар себептерін аталған сипаттамаларға сәйкес жіктеуге мүмкіндік алады.

Оқушылар топтық жұмыс кезінде сыныпта жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау. Интербелсенді тақта 10 минут шамасында жұмыс жасайды.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ