400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дүниежүзілік мұхиттың құрамы

Материал туралы қысқаша түсінік
7.3.3.3 –Дүниежүзілік мұхиттың құрамын, географиялық жағдайын сипаттайды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Т үркістаноблысы Жетісай ауданы С.Қожанов атындағы жалпы орта мектебінің жоғары санатты география пәні мұғалім Ибраева Гүлшат Абдуллаевна І (ілгері) деңгей








Сабақжоспары



Бөлім 3 Физикалық география

Бөлімше : 3.1 Гидросфера

Мектеп: С.Қожанов атындағы ЖОМ

Күні:

Мұғалімдер: Ибраева Г.А.

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны


Сабақ тақырыбы

Дүниежүзілік мұхиттың құрамы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақ -саттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.3.3 –Дүниежүзілік мұхиттың құрамын, географиялық жағдайын сипаттайды

Сабақ мақсаттары

Дүниежүзілік мұхит туралы ақпарат алу

Дүниежүзілік мұхиттың құрамдас бөліктерін анықтау

Дүниежүзілік мұхиттағы обьектілердің географиялық жағдайын сипаттау

Бағалау критерийлері

Егер төмендегі бағалау критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Дүниежүзілік мұхит туралы сандық және сапалық ақпараттармен жұмыс істей алады;

Дүниежүзілік мұхиттың құрамдас бөліктерін анықтай алады;

Дүниежүзілік мұхиттағы обьектілердің географиялық жағдайын сипаттай алады;

Тілдік мақсаттар


Пәнге тән лексика мен терминология:

Сабақ барысында кездесетін тапсырмаларда сөздің мағынасын ажырату, түсіну немесе мәтінді оқу арқылы эссе жазу.

Мұхит...................................................................................Теңіз......................................................................................Шығанақ...............................................................................Арал.......................................................................................Бұғаз.......................................................................................Түбек ......................................................................................

Құндылықтарды дарыту

Құндылықтарды дарыту топтық, жұптық жұмыстарды жүргізу барысында оқушылар бір - біріне құрмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Физика пәнімен судың үш түрлі жағдайында байланысады

математика пәнімен есеп шығару барысында байланыс жасайды.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ дағдыларын дамыту өздеріне қажетті ақпараттарды іздеп табуда ғаламторды қолдануда және карталар мен презентация қолдану барысында жүзеге асады.

Бастапқы білім

Су ресурстары, гидросфера

Сабақ барысы

кезеңдер


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы

0-5 мин

Ұйымдастыру. Сәлемдесу. «Шаттық шеңбері» сабаққа жұмылдыру, топқа бөлу: теңіз, бұғаз бен шығанақ, өзендер, көлдер бойынша.

  • Бейне материал көру арқылы

сабақтың мақсатын анықтау;


  • Сабақ мақсатымен, тапсырмалармен және бағалау критерийлерімен танысу

  • 1.Су ресурстары дегеніміз не?

2.Ол гидросфераның қанша пайызын алады?

3.Су ресурстары Жер аумағында қалай таралған?

4.Су ресурстарымен ең жақсы қамтамасыз етілген елдер?

5.Гидросфераның 97%-ын не алып жатыр?

«Мұхиттар қалай пайда болды» бейнебаян




5-10 минут























10-15 минут













15-25 минут































25-35 минут

Мәтін беріледі немесе оқулықты оқыту

Дүниежүзілік мұхит - гидросфераның негізгі бөлігі. Судың шамамен 97% мұхиттарда жиналған. Аумағы 361 млн. км2, орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 11022 м (Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы).

 Дүниежүзілік мұхитқұрлықтар арқылы 4 бөлікке бөлінеді: Тынық (50%), Атлант (25%), Үнді (21%) және Солтүстік Мұзды Мұхит (4%). Мұхит Солтүстік жарты шардың 61%-ын, Оңтүстік жарты шардың 81%-ына жуығын алып жатыр.

Тапсырма 1 . Дұниежүзілік мұхит туралы ақпараттардағы сандық мәліметтерді өңдеу,яғни дөңгелек диаграмма бойынша дайындау. Мәліметтер туралы өз ойларын жазғызу.

Бағалау критерийі

р/с

Дескрипторлар

+/ –

Дүниежүзілік мұхит туралы сандық және сапалық ақпараттармен жұмыс істей алады;


1

Дүниежүзілік мұхит туралы сандық ақпараттарды географикалық түрде бейнелей алады.



2

Дүниежүзілік мұхит туралы сапалық сипаттама жаза алады.




Бағалау: Жұмысын қорғаған жолдасын оқушылар өзара дескриптор арқылы бағалайды.

Тапсырма 2 –

Тақырыпқа қатысты терминдермен жұмыс.

  • Мұхит –

  • Теңіз –

  • Шығанақ –

  • Бұғаз –

  • Арал –

  • Архипелаг немесе топарал–

  • Түбек -

Оқушылар жоғарыда берілген терминдердің анықтамасын табады. Әрқайсысына 5-10 нысан номенклатура жазады.

Дескрипторлар:

- Оқушылар тақырыпқа қатысты терминдердің анықтамасын жаттап, бір-бірінен ажырата алады.

№3 тапсырма. Суретпен жұмыс: «Жүгіртпе шынжыр әдісі»

Оқушылар стикерде жазылған гидросфераның құрамдас бөліктерінің атауларын тиісті мұхиттың жанына орналастырып шығады.Ортаға Тынық,Атлант,Үнді, солтүстік Мұзды мұхиттардың суреттері ілінген:
Кариб теңізі, Араб теңізі, Жерорта теңізі, Лаптевтер теңізі, Жапон теңізі,Бенгал шығанағы,Гвинея шығанағы,Аляска шығанағы, Ботник шығанағы, Мадагаскар аралы, Гавай аралы, Жаңа Жер аралы,Куба аралы. Скандинавия түбегі, Аппенин түбегі, Араб түбегі, Таймыр түбегі, Сомали түбегі,Үндістан түбегі.



Қосымша 3- кестені толтыруды үйге беремін.


№

Мұхит атаулары

Мұхиттың құрамдас бөліктері

1

Тынық


2

Атлант


3

Үнді


4

Солтүстік Мұзды


Дескрипторлар:

- Оқушылар суретпен жұмыс жасауда мұхиттардың құрамдас бөліктерін дұрыс орналастыра біледі


№4тапсырма топтық жұмыс- «Бірге ойланайық»

Оқушылар 4 топқа біріктіріледі. Төрт топқа арал, теңіз, шығанақ, бұғаз атаулары беріледі. Олар осы нысандарды географиялық жағдайын жоспар бойынша сипаттайды.


Теңізді сипаттау жоспары

  • Теңіздің аты- Саргасс теңізі;

  • Орналасқан мұхит;

  • Материктерге катысты орналасуы;

  • Меридианға қатысты орналасуы; (шығысы немесе батысы)

  • Экваторға қатысты орналасуы;(солтүстік н/е оңтүстігі)

  • Көршілес теңіздер мен басқа нысандар;

  • Теңіздің тереңдігі;

  • Теңіздің алып жатқан климаттық белдеулері;

  • Қандай бұғазбен, теіңзбен/мұхитпен біріккен?

Аралды сипаттау жоспары

  • Аралдың аты- Гренландия аралы;

  • Орналасқан мұхит немесе теңіз

  • Материктерге катысты орналасуы;

  • Меридианға қатысты орналасуы; (шығысы немесе батысы)

  • Экваторға қатысты орналасуы; ;(солтүстік н/е оңтүстігі)

  • Көршілес теңіздер мен басқа нысандар;

  • Аралдың ауданы; (палетка әдісімен картадан анықтап алуға болады)

  • Аралдың алып жатқан климаттық белдеулері;

  • Арал қандай мемелекеттің иелегінде?

Бұғазды сипаттау жоспары

  • Бұғаздың аты- Мозамбик бұғазы;

  • Қосатын екі мұхиты немесе екі теңізі ;

  • Материктерге катысты орналасуы; Ажыратып тұрған екі құрлығы;

  • Меридианға қатысты орналасуы; (шығысы немесе батысы)

  • Экваторға қатысты орналасуы; ;(солтүстік н/е оңтүстігі)

  • Көршілес теңіздер мен басқа нысандар;

Шығанақты сипаттау жоспары

  • Шығанақтың аты-Мексика шығанағы;

  • Орналасқан мұхит;

  • Материктерге катысты орналасуы;

  • Меридианға қатысты орналасуы; (шығысы немесе батысы)

  • Экваторға қатысты орналасуы; ;(солтүстік н/е оңтүстігі)

  • Көршілес теңіздер мен басқа нысандар;

  • Шығанақтың ауданы;

Дескрипторлар:

- Дүниежүзілік мұхиттағы обьектілердің географиялық жағдайын жоспар бойынша сипаттай алады.


Мәтін






























Терминдер


































Жоспар, флипчарт, маркер























Сабақтың соңы

35-40 минут

Сабақты бекіту: Кері байланыс

Өте аздап аздап сенімдімін өтесенімдімін

сенімсізбін сенімсізбін сенімдімін


Бағалау. Әр тапсырманың жауаптары бойынша өзін-өзі бағалау.





Үй жұмысы:

§ 26 оқып келу. Дүние жүзілік мұхиттарды кескін картаға түсіріп келу (әр мұхитты әр түрлі түспен), мұхиттардағы нысандарды кескін картаға түсіріп, жаттап келу.







Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қабілеті жоғары оқушылар:

  • Топта ұйымдастыру жұмыстарын алады;

  • Сабақ бойындағы «Түрткі сұрақтар» оқушылардың ойын қозғауға, дамытуға арналады.

  • Географиялық обьектілерді сипаттауда байқалды

Қабілеті орта оқушылар:

  • Мәтін оқудағы «Түртіп алу» әдісі осы деңгейдегі оқушыларға қолдау береді;

  • «Жүгіртпе шынжыр» әдісінде белсенділік танытады

  • Сабақ барысындағы деңгейлік сұрақтар тізбегі;

Қабілеті төмен оқушылар:

  • Деңгейлік сұрақтар-терминдермен жұмыс;

  • Мұғалімнің қолдауы;

Бағалау критерийлері арқылы бағалау;

Өзін-өзі бағалау;

Өзара топтық бағалау

Техникалық қауіпсіздік ережелерін ғаламтормен жұмыс жасағанда тоқ көзін дұрыс қолдануда сақ болу.



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Оқу мақсаттары дұрыс қойылған,өйткені оқушылардығ барлығы оқу мақсаттарына қол жеткізді деп ойлаймын.Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды,тек «Жүгіртпе шынжыр»әдісінде 4 оқушы ғана шығып үлгерді.Қабілеті жоғары оқушылар көбін көшбасшылық міндет атқарады,топтық жұмысты ұйымдастырады.














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
1459
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі