400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымын бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжі     

(білім беру ұйымының атауы)


БЕКІТЕМІН: __________Суюбаева Р.Д.




Оқу сабағының жоспары

Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымын бағалау. Дамыған елдердің шаруашылық құрылымы

(сабақтың тақырыбы)

Модуль /пән атауы: ЖБП 11 «География»

Педагог: Амантұрлы Жазира Орахбайқызы дайындады

2024 жылғы "24" қаңтар

1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ: 24.01.1МДТ-23 б/б

25.01.1БББ-23 Б б/б

25.01.1БШ-23 б/б

25.01.1БББ-23 А б/б

26.01.1ИББ-23 б/б

Сабақтың түрі: Теориялық сабақ

2. Мақсаты, міндеттері:

  • Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымын анықтау;

  • Шаруашылық құрылымына қарай дүниежүзі елдерін жіктеу.

3. Күтілетін нәтижелер:

  • Дүниежүзілік шаруашылық моделін анықтайды;

  • Дүниежүзілік шаруашылық құрылымының түрлерін анықтайды;

  • Географиялық картаны пайдаланып, шаруашылық құрылымы бойынша дүниежүзі елдерін топтастырады.

4. Қажетті ресурстар: Атлас карталары, электронды ресурстар,презентация.

5. Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Ресурстар

І. Сабақтың басы (20 мин.)


1. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин.)

Топпен амандасу, топты түгендеу. Өткен тақырыпты еске түсіру және жаңа тақырыппен байланыстыру мақсатында үйге берілген тапсырмаларды сұрау.

2. Үй тапсырмасы (10–15 мин.)

https://quizizz.com/ платформасы арқылы сұрақтарға жауап беру.

3. Жаңа сабаққа кіріспе (2 мин.)

Үй тапсырмасы бойынша қорытынды шығарып, қатемен жұмыс жасап, жаңа сабақтың тақырыбы айтылады. Жаңа сабақ бойынша тірек сөздермен танысады:

  • индустриялық ел

  • жаңа экономика








https://quizizz.com/


Слайд №1


ІІ. Сабақтың ортасы (50 мин.)

1. Жаңа сабақты түсіндіру (10 мин.)

Шаруашылық – адамдардың еңбек қызметінің барлық түрлерінің жиынтығы.

Дүниежүзілік шаруашылық – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесімен біріктірілген және бір-бірімен тығыз байланыстағы дүниежүзі елдерінің ұлттық шаруашылықтарының жиынтығы.

Дүниежүзілік шаруашылықтың принциптері мен элементтері

Принциптері:

- Оны құраушы элементтерінің көптүрлілігі

- Иерархиялық

- Көпдеңгейлік

- Құрылымдық

Элементтері:

- Жер (мемлекет аумағы, табиғи және ресурстық әлеуеті)

- Еңбек (жұмыс күші)

- Капитал

- Инфрақұрылым и технологиялар

Дүниежүзілік экономиканың тарихи және логикалық процесі нарықтың дамуы мен нарықтық экономиканың пайда болуымен байланысты. Дүниежүзілік экономика өзінің жеке экономикалық заңымен дамып келе жатқан жүйе ретінде өсті. Яғни, ұлттық шаруашылықтың салалық құрылымы өзара тығыз байланыста болады. Мұндай қатынас дүниежүзілік шаруашылықты кең ауқымда қарастыруға негізделген.

Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрылымы

Дүниежүзілік шаруашылық құрылымының динамикасы

Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрылымы – бұл әлеуметтік еңбек бөлінісі нәтижесінде тарихи қалыптасқан оның бөліктерінің (салалар, кіші салалар, экономикалық қызмет түрлері) жиынтығы.

2. Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары (20–25 мин.)

1-тапсырма:

Берілген елдерді шаруашылық құрылымы бойынша топтастырыңдар:

Жапония, Сомали, Бразилия, Украина, Ұлыбритания, Непал, Франция, Чили, Сауд Арабия, Болгария, Камерун, Эфиопия, Кувейт, Мексика, Швейцария, Ауғанстан

Аграрлы елдер

Индустриялық елдер

Постиндустриялық елдер




Дескрипторлар:

- берілген елдерді шаруашылық құрылымы бойынша топтастырады;

- аграрлы, индустриялық, постиндустриялық елдерді ажыратып, құрылымы бойынша жіктейді.

3. Өз бетінше жұмыс (10-15 мин.)

2-тапсырма:

Берілген елдерді дүниежүзілік шаруашылық моделінің қай тобына жататынды-ғын анықтаңдар және кестені толтырыңдар:

Жапония, Сомали, Бразилия, Украина, Ұлыбритания, Непал, Франция, Чили, Сауд Арабия, Болгария, Камерун, Эфиопия, Кувейт, Мексика, Швейцария, Ауғанстан

Орталық

Жартылай периферия

Периферия




Дескриптор:

- берілген елдерді дүниежүзілік шаруашылық моделі бойынша анықтайды;

- кестені толтырады.

ІІІ. Сабақтың аяғы (20 мин.)

1. Жаңа сабақты қорыту (3 мин.)

«Фишбоун әдісі»

2. Кері байланыс (10–15 мин.)

«Телеграмма» стратегиясы:

- Сабақ саған нені үйретті?

- Сабақ саған қандай әсер қалдырды?

- Тақырыптағы негізгі ұғымдар туралы бұрын мен не білетін едім?

- Бүгін сабақта мен нені үйрендім?

- Тағы да немен жұмыс жасау керек?

3. Үйге тапсырма (2 мин.)

Тақырыпты оқу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
23.02.2025
199
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12