жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Дүниежүзілік шарушылық
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Курс |
I |
Топ |
С-12 |
Сабақтың № |
7 |
Мамандығы-біліктілігі: |
Мамандық: 1114000 «Дәнекерлеу ісі» (түрлері бойынша) Біліктілігі: жоғары деңгей 1114042- «Электргазымен дәнекерлеуші Орта буын маманы: 1114063- Техник-механик
|
||||
Модульдің атауы |
География
|
||||
Сабақтың тақырыбы |
|||||
Күні |
|
Ұзақтығы |
2 сағ. /90мин/ |
||
Сабақтың мақсаты: |
Оқушыларды дүниежүзілік шаруашылықтың орналасуындағы ерекшеліктерімен таныстыру барысында, құрылымы мен еңбек бөлінісінің ерекшеліктерін түсіндіру |
||||
Білімділік: |
Жаңа тақырыптың барысында жаңа мәлімет беру. Жаңа тақырыпты меңгеру, территориялық құрылымдарының ерекшеліктерін түсіне отырып құрылымын, топтарын ажырата білу, даму кезеңдерін білу. |
||||
Дамытушылық: |
Дамытушылық: Оқылған мәліметке қорытынды жасай білу икемділіктерін дамыту. Оқып білгенін әр жағынан үздік және тәжірибеде қолдана білуді және өзгелерге құрмет пен қарауға тәрбиелеу. |
||||
Тәрбиелік: |
Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық, танымдылық қабілеттерін шыңдау, яғни қабылдау, ойлану, нақты ойды қорытындылау, өз ойларын ашық айта білуге баулу. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, адамгершілік тәрбие беру. |
||||
Күтілетін нәтижелер: |
• Дүние жүзінің шаруашылығымен танысады және орналасу ерекшеліктерін біледі; Дүниежүзілік шаруашылықтың даму кезеңдеріне сипаттама бере алады Бір
–бірінің пікірлерін тыңдайды |
||||
Сабақтың түрі: |
аралас |
||||
Қажетті жабдықтар мен құрылғылар: |
Проектор
, саяси карта, суреттер, сызба, кесте,
үлестірме қағаздар және т.б. |
||||
Қосымша әдебиетттер: |
Бейсенова Ә., Каймулдинова К., Әбілмажінова С., Баймырзаев Қ., Достай Ж., География. Дүниежүзіне жалпы шоу. ТМД елдері, Алматы,2014 жыл. |
||||
Сабақтың конспект-жоспары |
|||
Сабақтың барысы |
Уақыты (мин.) |
Іс-әрекет түрлері |
Оқу ресурстары мен материалдары |
1. Ұйымдастыру кезеңі:
|
2 мин. |
Амандасу. Тізім бойынша студенттерді түгендеу. |
|
2.Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақ-жауап: 1. ҒТР дәуірінде өндіріс дамуының революциялық жолы басты жол болып табылатыны неліктен? 2. ҒТР дәуірінде өндірістік және өндірістік емес салалардың арақатынасы неліктен өзгерді? 3. ҒТР дәуірінде электр энергетикасының, машина жасау мен химия өнеркәсібінің «авангардтық үштіктің» салалары болуы неліктен? 4. Қазіргі заманғы шаруашылық қандай салалардан тұрады? 5. Аймақтар мен жеке елдердегі шаруашылықтың салалаық құрылымы неге әртүрлі болады? |
20 мин. |
1) сұрақ-жауап арқылы, 2) баяндама қорғау арқылы, 3) карточка арқылы, 4) тақырыпты ауызша мазмұндауы арқылы. |
|
Жаңа сабақ: Жоспар: 1. Отын-энергетика өнеркәсібі 2. Мұнай өнеркәсібі 3. Көмір өнеркәсібі 4. Машина жасау өнеркәсібі 5. Жеңіл өнеркәсіп 6. Ауыл шаруашылығы Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі — дүние жүзі елдері ұлттық шаруашылықтарының жиынтығы.
Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі сыртқы сауда, капиталды сыртқа шығару, жұмыс күшінің көші-қоны, экономикалық келісімшарттар жасау, халықаралық экономикалық ұйымдарды құру, ғылыми-техникалық ақпарат алмасу сияқты өзара экономикалық байланыстар мен өзара қарым-қатынастардан тұрады. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі, негізінен, 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында ірі машиналық индустрияның, көліктің және әлемдік рыноктың дамуы нәтижесінде қалыптасты. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің негізгі саласы — өнеркәсіптердің Дүниежүзілік өнеркәсіпте 20 ғасырдың аяғында шамамен 350 миллионға жуық адам жұмыс істеді. Соңғы жүз жыл ішінде өнеркәсіп өндірісі 50 есе өсті, бұл өсімнің 3/4-і 20 ғасырдың 2-жартысына келеді. Пайда болу уақытына қарай өнеркәсіптің барлық салалары, әдетте, 3 топқа бөлінеді. Бірінші топқа “дәстүрлі” салалар: көмір, тау-кен өндірісі, металлургия, темір жол көлігі, кеме жасау, тоқыма өнеркәсібі; екінші топқа жаңа салалар: автомобиль жасау, алюминий қорыту, пластмасса, химиялық талшықтар өндірісі; үшінші топқа ғылыми-зерттеу жұмыстарын қажет ететін “жоғары технология” салалары: микроэлектроника, есептеуіш техника, робот жасау, информатика индустриясы, атом және аэроғарыш өндірісі, органикалық синтез химиясы, микробиология өнеркәсібі жатады. АҚШ-та, ГФР-де, Ұлыбританияда, Францияда өңдеуші өнеркәсіптің жалпы өнімінің 35 — 40%-і осы 3 топтағы салаларға келеді. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің негізгі салаларының бірі — отын-энергетика кешені. Бастапқы энергетика байлықтарын дүние жүзі бойынша өндіру және тұтыну ұдайы өсіп келеді. Отын-энергетика өнеркәсібі Соңғы 200 жыл ішінде дүниежүзілік отын-энергетика өнеркәсібі өзінің дамуында басты екі кезеңнен өтті. 19 ғасырдың өн бойында және 20 ғасырдың 1-жартысында көмір кезеңі болды, яғни дүниежүзілік отын-энергетика балансының құрылымында көмір отыны басым болды. Одан кейін мұнай-газ кезеңі келді. Бұл — қатты отынмен салыстырғанда неғұрлым тиімді энергия көзі. 20 ғасырдың 80-жылдары дүниежүзілік энергетика өз дамуының 3-кезеңіне өтті, ол бірнеше ондаған жылдарға созылмақ. Бұл уақыт ішінде, негізінен, сарқылатын минералдық отын байлықтарын пайдаланудан гөрі қалпына келетін және сарқылмайтын байлықтарға (Күн, жел, атом энергиясы, т.б.) негізделген энергетикаға біртіндеп көшу жүзеге асуға тиіс. |
50 мин. Жаңа сабақты түсіндіру Дәптермен жұмыс Саяси картамен Тақырып бойынша талдау жасау Сызба, кестелермен, үлестірме тапсырмалармен жұмыс жүргізу |
||
4. Алған білімдерін бекіту: Сұрақ-жауап: Дүниежүзілік шаруашылықтың анықтамасы? Дүниежүзілік шаруашылықтың даму кезеңдері? Дүниежүзілік шаруашылықтың секторларын ажырат? Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуына әсер ететін факторлары?
|
10 мин. |
1) сұрақ-жауап арқылы,; 2) студенттер жауап беру барысында өзінің және өзге де білім алушылардың берген жауаптарындағы қателіктерді анықтайды; 3) тақырып бойынша кесте толтырады; |
|
7. Үйге берілген тапсырма: Дүниежүзілік шаруашылық
|
3 мин. |
Жаңа тақырып бойынша реферат, баяндама немесе шағын конспект әзірлеу. |
|
8.Сабақты қорытындылау. |
5 мин. |
Студенттердің білімідерін бағалау
|
|
Пән оқытушысы қолы_________

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген