жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Дүниежүзінің көлік географиясы
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледж
Реферат
Тақырыбы: Дүние жүзінің көлік географиясы
1 курс 11 «б» тобы
Орындаған: Давлет Аружан
Тексерген: Абуев Абзал Нұрқасымұлы
Жоспары
І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Дүниежүзіндегі көліктің даму сипаты
2.2.Қазіргі көлік жүйесі
2.3Теңіз және өзен көлігі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Тапсырма
1.Кіріспе
Көлік дегеніміз-қандай да болмасын елдің экономикасындағы ең маңызды саласы.Ол географиялық еңбек бөлінісінің негізі болып саналады.Көлік саласына 100млн-ға жуық адам тартылған.
Жеке елдердегі көлік дамуының деңгейі мен сипаты көптеген факторларға тәуелді.Ол экономиканың даму деңгейіне,дүниежүзілік шаруашылыққа және халықаралық еңбек бөлінісіне т.б. жағдайларға қатысты.Елдің аумағы үлкен болған сайын көліктің маңызы күшейе түседі.Көліктің екі түрі бар олар теңіз көлігі яғни кеме ол адамдарды саяхаттауда немесе басқа жерге баруға септігін тигізеді.Ол арқылы теңіз деңгейін,көлемін,теңіз астындағы балдырларды көре аламыз.Және де ол Қазақстанда,Азия ,АҚШ,Жапония,Ұлыбритания елдерінде қоладанылады.Теңіз көлігі барлық жағдайда қамтылған яғни әр түрлі құрал-жабдықтар,кеме қатынасы,билеттер,қызықты көріністер қамтылған.Ол көбінесе Африкаға,Азия ға шикізат көздерін тасымалдау яғни экспорттау арқылы қатынасады.Дүниежүзілік жүк тасымалының 62% пайызы осы су көлігіне тиеді және ол бүкіл халықаралық елдер арасындағы тасымалдың 80%-ын қамтиды.
Негізігі бөлім-Дүниежүзі елдері мен аймақтарында көлік жүйесінің арақатынасы әртүрлі.Өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің көлік жүйесі құрылымы өте күрделі және онда көліктің барлық түрлері кездеседі.Көлік жүйесінің жоғары деңгейде дамуы,әсіресе АҚШ,АЗИЯ,АФРИКА,ЕУРОПА елдерінде байқалады.Дүниежүзілік жүк айналымының 85%-ы,теңіз көлігі мен құбыр көлігі тасымалының 35%-ы тиесілі.Дамушы елдердің көлік жүйесі шаруашылықтың аумақтық құрылымын көрсетеді.Мұндай жолдар көбіне елдердің минералды шикізат өндіретін аймақтарымен тығыз байланысты.Сонымен бірге плантациялық шаруашылықтармен және портты қалалармен байланыстыру рөлінде атқарады.Өнеркәсібі дамыған елдерге қарағанда мұнда көлік жүйесінің техникалық деңгейі өте төмен.
Дүниежүзілік көлік түрлері дамуының жарқын көрінісі ретінде контейнерлік көлік жүйесінің қалыптасуын айтуға болады.Қазірдің өзінде маңызды жүктердің 40%-дан астамы контейнерлік әдіспен тасымалданады.Дүниежүзілік теңіз сауда флотындағы кемелердің жалпы құрамының 1/3 бөлігі өнеркәсібі дамыған елдердің туы астында тіркелген.Оның 1/3-і Батыстың кеме жүзу компанияларына жатады,1/5-і дамушы елдерге,ал қалғандары постсоциалистік елдер үлесінде.Дүниежүзілік теңіз сауда флотының жетекші елдері:Либерия,Панама,Грекия,Кипр,Қытай,елдерінде 3-есеге жуық арзан тасиды.Негізгі теңіз жолдары:Атлант,Тынық және Үнді мұхиттары.Теңіз жүк тасымалында бірінші орында мұнай және мұнай өнімдері алады.Олардың үлесіне 1млрд т жүк тасымалы тиеді.Ірі жүк ағыны Парсы шығанағында қалыптасады да,ол Батыс Еуропаға,Жапонияға,АҚШ-ға бағытталады.
Сонымен қатар көмір тасу құрғақ жүктер арасында бірінші орынды алады.Темір кенін теңіз көлігімен тасымалдау жылынаа 340 млн т-ға жетеді.Оны негізгі экспорттаушы елдер-Бразилия және Аустралия құрлығы болып табылады.
Дүниежүзі бойынша астық тасымалдауды теңіз көлігінің маңызы зор.Тасымалдаған астық көлемінің жартысына жуығы дамушы елдерге жөнелтіледі.Дүниежүзілік ірі порттар(жүк айналымы бойыншы):Сингапур,Роттердам,Шанхай,Нагоя,Йокохама,Тиба,Кобе(Жапония),т.б.
Батыс Еуропаның ірі порттары халықаралық маңызы бар Теңіз қақпасы болып саналады.Мысалы,дүниежүзіндегі ең ірі порттардың бірі-Роттердам дүниежүзілік жүк айналымының 2/4-ін құраса,одан әрі ішкі өзендер каналдар арқылы құрлықтың басқа да елдеріне тасымалданады.Көлік түрінің тағы бір түрі:
Теміржол көлігі-құрлықтың көліктердің ішіндегі маңыздысы.Ұзындығы-1,2млн км.Ең ұзын теміржол АҚШ-тың үлесіне тиесілі(240 мың км).Одан кейініг орындарында-Канада(90 мың км)және Ресей(86 мың км).
Батыс Еуропада теміржол желілерінің тығыздығы өте жоғары(Бельгияда 100 км).Дамушы елдерде теміржол желісінің жиілігі экономикасы дамыған елдерге қарағанда әлдеқайда төмен.Көптеген теміржолдар бір-бірімен байланыспаған.Нәтижесінде елдер мен аудандар арасында тұрақты қатынас жоқ.
20-ғасырдың соңында жоғары жылдамдықтағы теміржол желілері көбейіп келеді.
Мұндай теміржолдарға Париж-Лион,Рим-Флоренция,Токайдо мегаполисінен бастап,бүкіл Жпапония аралдары арқылы өтетін теміржол желелері жатады.
Қорытынды:
Көлік ол әр елге қатынасу үшін құрылыған көлік жүйесі.Оның пайдасы яғни әр түрлі жерлерге еркін бара аламыз.Және де шикізат көдерін өндірііп басқа елдерге экспорттай аламыз.Мысалы теңіз көлігі арқылы жүк тасымалдай аламыз.
Және де Автомобиль көлігі арқылы әр жерге еркін қатынаса аламыз,саяхаттай алаамыз.Ал теміржол көлігі арқылы жолаушы тасымалдай аламыз.
Тапсырма(Тест сұрақтары:)
1)Көлік саласына қанша млн-ға жуық адам тартылған?
А)100
Ә)8900
Б)200
2)Қай елдерде теңіз көлігі дамыған?
А)Африка
Ә)Америка
Б)Қытай
3)Теңіз жүйесін қай елдер экспорттайды?
А)Бразилия және Аустралия
Ә)Қытай және Россия
Б)Африка және Азия
4)Қазақстанның су көлгінің жалпы ұзындығы қанша?
А)65мың км
Ә)5,5мың км
Б)6,7мың км
5)Автомобиль көлгінің жалпы ұзындығы қанша?
А)45 мың км
Ә)55 мың км
Б)82 мың км
Дұрыс жауаптары:
1)Б
2)А
3)А
4)Ә
5)Б

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген