жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Дүниежүзінің саяси картасы, 1 курс, 10 сынып
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Курс |
I |
Топ |
С-12 |
Сабақтың № |
1 |
Мамандығы-біліктілігі: |
Мамандық: 1114000 «Дәнекерлеу ісі» (түрлері бойынша) Біліктілігі: жоғары деңгей 1114042- «Электргазымен дәнекерлеуші Орта буын маманы: 1114063- Техник-механик
|
||||
Модульдің атауы |
География
|
||||
Сабақтың тақырыбы |
Кіріспе. Дүниежүзінің саяси картасы |
||||
Күні |
|
Ұзақтығы |
2 сағ. /90мин/ |
||
Сабақтың мақсаты: |
Оқушыларға дүниежүзінің саяси картасының құрылымын анықтауды үйрету және білімдерін дамытуға оқытудың әртүрлі элементтерін қолдану |
||||
Білімділік: |
Дүниежүзінің саяси картасы жөнінде түсініктер бере отырып, толық тақырыпты ашу, баяндау. |
||||
Дамытушылық: |
Дүниежүзінің саяси картасының қалыптасуы мен өзгеруі туралы мысалдар келтіру |
||||
Тәрбиелік: |
Өзіміздің және басқа ұлтты және оның тарихын, тілін, дәстүрін құрметтеуді тәрбиелеу; |
||||
Күтілетін нәтижелер: |
• Дүниежүзінің
саяси картасының құрылымын анықтай
алады; |
||||
Сабақтың түрі: |
аралас |
||||
Қажетті жабдықтар мен құрылғылар: |
Проектор
, саяси карта, суреттер, сызба, кесте,
үлестірме қағаздар және т.б. |
||||
Қосымша әдебиетттер: |
Бейсенова Ә., Каймулдинова К., Әбілмажінова С., Баймырзаев Қ., Достай Ж., География. Дүниежүзіне жалпы шоу. ТМД елдері, Алматы,2014 жыл.
|
||||
Сабақтың конспект-жоспары |
|||
Сабақтың барысы |
Уақыты (мин.) |
Іс-әрекет түрлері |
Оқу ресурстары мен материалдары |
1. Ұйымдастыру кезеңі:
|
2 мин. |
Амандасу. Тізім бойынша студенттерді түгендеу. |
|
2.Алғашқы білімдерін тексеру: -Географиялық картаның қандай түрлері бар? -Тақырыптық картаның қандай түрлері бар? -Бөлімдерін атап, сипаттама беріңдер - Саяси картада не белгінеді? -ҚР унитарлы, егеменді тәуелсіз мемлекет дегенді қалай түсінесіңдер. -Картадағы шартты белгілердің анықтамасы жайлы не білеміз?
|
20 мин. |
1) сұрақ-жауап арқылы, 2) баяндама қорғау арқылы, 3) карточка арқылы, 4) тақырыпты ауызша мазмұндауы арқылы. |
|
3. Жаңа сабақты меңгерту: Жоспар: 1. Саяси картаның қалыптасу кезеңдері 2. Саяси картаның мазмұны 3. Саяси картаның өзгеруі 1. Дүние жүзінің қазіргі заманғы саяси картасының қалыптасуына қатысты оқиғаларды шартты түрде Жаңа (XVII ғасырдан Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін) және Ең жаңа кезең (Бірінші дүниежүзілік соғыстан бүгінгі күнге дейін) деп аталатын екі дәуірге топтастырады. Еуропалық отарлау кезеңі Жаңа Дүние мен Ескі Дүниенің көптеген аумақтарын қамтыды. Еупадағы жетекші мемлекеттердің жаңа жерлерді бөлісуі және ықпал ету аумақтарын экономикалық, саяси жағынан басқару сипаты дүние жүзінің саяси картасының едәуір өзгеріске түсінуі алып келді. Осы өзгерістерге сәйкес, мемлекет құрылымы мен оны басқарудың жаңа формалары пайда болды. Біраз уақыт аса ірі отар иеленуші мемлекетттер - метрополиялар (грекше metropolis – қала) болып есептеліп келген Испания мен Португалияның қатарына кейіннен Ұлыбритания, Франция, Нидерланд, Германия келіп қосылды. Осылайша Америкада, Африка мен Азияда отарлық аумақтар пайда болды. Мысалы, XX ғасырдың басына қарай отарлық иеліктер Африка жерінің 90% - ын, Азия аумағының 56% - ынан астамын, Америка жерінің 27% - ын алып жатты. XIX ғасырдың басында Латын Америкасында бсталған ұлт – азаттық қозғалыс нәтижесінде Эквадор (1809 ж.), Колумбия (1810 ж.), Венесуэла, Парагвай (1811 ж.), Аргентина (1816 ж.), және т.б. жаңа тәуелсіз мемлекеттер қалыптасты. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында дүние жүзіндегі жетекші метрополиялар арасында ықпал ету аймақтары үшін күрес шиеленісе түсті. Соның салдарынан әлемді Бірінші дүниежүзілік соғыстың өрті шарпыды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң болған ірі оқиғалар қатарына 1917 жылғы Қазан революциясы нәтижесінде Ресейде мемлекеттік құрылым мен басқару жүйесінің түбегейлі өзгеруі, Аустрия – Венгрия монархиясы мен Осман империясының ыдырауы, Германияда монархияның құлатылуы және үкімет басына фашистердің келуі, Еуропада мемлекеттік шекаралардың өзгеруі жатады. Дүние жүзінің саяси картасында КСРО, Чехословакия, Ирландия, Исландия, Ватикан сияқты жаңа мемлекеттер пайда болып, Финляндия, Польша, Балтық бойы елдері тәуелсіздігін жариялады. Бұл кезеңде Африкада тәуелсіз мемлекттер қатары (Египет, Эфиопия, Либерия, ОАР) санаулы ғана болды. Дүние жүзінің қазіргі заманғы саяси картасының қалыптасуында Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңы мен одан соң болған маңызды өзгерістер, XX ғасырдың 50 – 60 - жылдарындағы отарлық жүйенің күйреуі, 80 – 90 жылдарындағы социалистік жүйенің ыдырауына байланысты оқиғалар айрықша рөл атқарды. 1939 – 1940 жылдары Балтық бойы елдері мен көршілес аумақтарды қосып алу есебінен КСРО аумағы кеңейе түсті. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында Польша, Югославия, Грекия аумақтары бөліске түсіп, Германия Еуропаның көптеген елдерін басып алды. Соғыста жеңіліске ұшыраған Германияның, сондай – ақ Италияның, Югослаияның Польша мен КСРО – ның мемлекеттік шекаралары өзгеріп, саяси картада Югославия Федеративтік Республикалар Одағы (ЮФРО), ГФР мен ГДР мемлекеттері пайда болды. Румыния, Болгария, Венгрия, Финляндияның соғысқа дейінгі шекаралары қалпына келтірілді. Шығыс Еуропада пайда болған социалистік мемлекеттер біртұтас блокқа бірікті. Еуропада осы жылдары басталған шекараларды қалпына келтіру жұмысы қазірге дейін жалғасын табуда. Дүние жүзінің саяси картасының обьектілері. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасының обьектілері қатарына мемлекеттік мәртебесі жарияланған және жарияланбаған 267 ел мен аумақ жатады. Оларды басты екі топқа : 1) мемлекет мәртебесі жарияланған, халықаралық деңгейде танылған тәуелсіз мемлекеттер ; 2) дербес басқару мәртебесіне ие болмаған тәуелді аумақтар деп екіге бөледі. Олар бір – бірінен жерінің ауданы, халық саны, әлеуметтік – экономикалық даму деңгейіне қарай айырмашылық жасайды. 2. Дүние жүзінің саяси картасы - Жер шарының мемлекет шекаралары, астаналары, ірі қалалары мен жол қатынастары көрсетілген географиялық картасы. Дүние жүзінің саяси картасында елдің әлемдегі орны, саяси – әкімшілік құрылымы бейнеледі. Сонымен қатар саяси картада басты саяси – географиялық өзгерістер : жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, елдердің саяси мәртебесінің ауысуы, шекаралары мен аумағының, ел атауы мен астанасының өзгеруі және т.б. көрініс табады. Дүние жүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістерді географияның саяси география деп аталатын саласы зерттейді. Мұның негізінде дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылымы мен басқару үлгілерінің таралу заңдылықтарына, мемлекеттер арасындағы өзара қарым – қатынастарға, сондай – ақ мемлекеттік шекараларды анықтау мен халықтың қоныстануына байланысты болатын аумақтық қақтығыстарға қатысты күрделі мәселелер жатыр. Дүние жүзінің саяси картасы тарихи кезеңдерде ұдайы өзгеріске түсуде. Оған әрі түрлі факторлар ықпал етеді. Жер шарының бетінің жер ауданы 510,2 млн км кв. 3. Саяси картаның өзгеруі: әр түрлі деңгейдегі соғыстар; елдің тәуелсіздігінен айырылуы, шекаралары мен аймағының өзгеруі; жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасуы; ел аты мен астана атауының өзгертілуі; мемлекеттердің ыдырауы мен бірігуі; елдердің мемлекеттік құрылымы мен басқару жүйесінің өзгеруі; елдер арасындағы және халықаралық келісімдер; ел астанасының басқа қалаға көшіруі. Соңғы онжылдықтың ішінде саяси картада төмендегідей өзгерістер болды: 1.1993жылы Эфиопияның Қызыл теңіз жағалауында орналасқан аралдық Палау Республикасы пайда болды. 2.Камбоджа мемлекеттік құрылымын өзгертіп,конституциялық монархияға айналды. 3.1997жылы Зайр Республикасы атын өзгертіп, Конго Демократиялық Респуликасы деп аталды. 4.1997 жылы 99жыл бойы Ұлыбритания отары болып келген Сянган (Гонконг) әкімшілік аудан ретінде Қытай қарамағына енді. 5.1999жылы Португал отары Аомын (Макао) Қытай құрамына енді
|
50 мин. Жаңа сабақты түсіндіру Дәптермен жұмыс Саяси картамен жұмыс
Сызба, кестелермен, үлестірме тапсырмалармен жұмыс жүргізу |
||
4. Алған білімдерін бекіту: 1. Саяси картада не бейнеленеді? Оның өзгерістеріне қандай факторлар себепші болады? 2. Дүние жүзінің саяси картаның қалыптасуына негіз болған оқиғалар қай кезеңдерде болды? 3. Еуропаның саяси картасында I-ші д.ж.соғыс әсерінен қандай өзгерістер болды? 4. II-ші д.ж.соғыс әсерінен д.ж.саяси картасында қандай өзгерістер болды? Оған соғыстан басқа қандай факторлар әсер етті? |
10 мин. |
1) сұрақ-жауап арқылы,; 2) студенттер жауап беру барысында өзінің және өзге де білім алушылардың берген жауаптарындағы қателіктерді анықтайды; 3) тақырып бойынша кесте толтырады;
|
|
7. Үйге берілген тапсырма: |
3 мин. |
Жаңа тақырып бойынша реферат, баяндама немесе шағын конспект әзірлеу. |
|
8.Сабақты қорытындылау. |
5 мин. |
Студенттердің білімідерін бағалау |
|
Пән оқытушысы қолы_________

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген