жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Дүниежүзінің табиғат ресурстары
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Курс |
I |
Топ |
С-12 |
Сабақтың № |
5 |
Мамандығы-біліктілігі: |
Мамандық: 1114000 «Дәнекерлеу ісі» (түрлері бойынша) Біліктілігі: жоғары деңгей 1114042- «Электргазымен дәнекерлеуші Орта буын маманы: 1114063- Техник-механик
|
||||
Модульдің атауы |
География
|
||||
Сабақтың тақырыбы |
Дүниежүзінің табиғат ресурстары |
||||
Күні |
|
Ұзақтығы |
2 сағ. /90мин/ |
||
Сабақтың мақсаты: |
Дүние жүзінің табиғат ресурстары және олардың жіктелуі туралы мол мағлұмат беру. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру |
||||
Білімділік: |
Табиғат ресурстары мен олардың жіктелуі, табиғат ресурстары түрлерінің дүние жүзі бойынша таралуы мен әркелкі орналасу туралы білімдерін беріп, жетілдіру |
||||
Дамытушылық: |
Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру. |
||||
Тәрбиелік: |
Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру. |
||||
Күтілетін нәтижелер: |
• Дүние жүзінің табиғат ресурстарымен танысады және орналасу ерекшеліктерін біледі; Бірі –бірін бағалайды Бір
–бірінің пікірлерін тыңдайды |
||||
Сабақтың түрі: |
аралас |
||||
Қажетті жабдықтар мен құрылғылар: |
Проектор
, саяси карта, суреттер, сызба, кесте,
үлестірме қағаздар және т.б. |
||||
Қосымша әдебиетттер: |
Бейсенова Ә., Каймулдинова К., Әбілмажінова С., Баймырзаев Қ., Достай Ж., География. Дүниежүзіне жалпы шоу. ТМД елдері, Алматы,2014 жыл. |
||||
Сабақтың конспект-жоспары |
|||
Сабақтың барысы |
Уақыты (мин.) |
Іс-әрекет түрлері |
Оқу ресурстары мен материалдары |
1. Ұйымдастыру кезеңі:
|
2 мин. |
Амандасу. Тізім бойынша студенттерді түгендеу. |
|
2.Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақ-жауап: 1. Павлодарлық тұрақты тұру үшін АҚШ-қа қоныс аударды. Американдықтар оны қалай атайды? Қазақстандықтар ше? 2. Колледж түлегі Чехияда оқиды. Ол қандай көші қон түрін жүзеге асырады? 3. Қазақстанда жыл сайын егін жинау жұмыстарында 80 мыңдай Қырғызстан азаматы еңбек етеді. Бұл көші қонның қай түрі? 4. Отандасымыз тұрақты тұруға Германияға көшіп кетті? Бір жылдан кейін Қазақстанға қайта оралды. Қөші қон тұрғысынан алғанда ол кім? 5. Семейлік Павлодарға көшіп келді. Көші қон бағыты? 6. Екібастұз кен орнында Майқайыннан келген кеншілер жұмыс істейді. Олардың ауысымы 15 күнге созылады. Көші қонның қай түрі? 7. Өзбекстаннан келген қазақ отбасы Қазақстанға қоныстанды. Елімізде бұндай иммигрантты қалай атайды? 8. Лицей оқушысы Кенжекөл ауылынан күнделікті барып келіп оқиды. Көші қон сипаты? |
20 мин. |
1) сұрақ-жауап арқылы, 2) баяндама қорғау арқылы, 3) карточка арқылы, |
|
Жаңа сабақ: Жоспар: 1.Жануарлар дүниесі қорлары 2.Топырақ-өсімдік қорлары 3. Су қорлар 4. Климаттық қорлар 5. Минерады қорлар 6.Отын-энергетикалық қорлар 7. Табиғи ресурстар Дүниежүзінің табиғат ресурстары Ресурстарға шаруашылық баға беру. Дүниежүзіндегі елдердің табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу дәрежесі әркелкі. Табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші алуан түрлі ресурстардың қор мөлшерінің арақатынасымен және оның пайдаланылу ауқымымен байланысты. Дүниежүзілік шаруашылықтың күрделі жүйесінде және еңбектің халықаралық үлестірілуінде экономикасы дамыған елдер, негізінен, тұтынушы болса, ал дамушы елдер — шикізат ресурстарын өндіруші әрі экспорттаушы болып табылады. Дегенмен көптеген жоғары дәрежеде дамыған елдер де ресурстардың ірі қорына ие, олар кейбір ресурс түрлерін өндіруден әлемдік жетекші болуы да мүмкін. Жалпы алғанда, осы айтылғандай дүниежүзілік экономикада мамандану бір жағынан, дүниежүзіндегі елдердің тарихи және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен, екінші жағынан, жекелеген ресурс түрлерінің Жер шарындағы таралу ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Ресурстардың көпшілігі дамушы елдердін, аумақтарында орналасқан. Дүниежүзіндегі табиғат ресурстарының тендестігі, олардың корлары, жағдайы және пайдалану болашағы қосымшадағы 4-кестеде көрсетілген. Осы кестеде теңдестіктің маңызды құрамына жеке-жеке тоқталамыз. Энергетикалық ресурстар. XIX ғасырдың басына дейін негізгі энергетикалык ресурс түрі — ағаш болып келді. Содан соң оның маңызы біртіндеп темендей бастады да, көмірді кеңінен пайдалану байқалды. Дегенмен көмірдің басымдылығы ұзаққа созылмады, себебі оның орнына мұнай мен табиғи газ игеріліп пайдаланылды. Қазіргі замандағы жалпы дүниежүзілік отын қорлары бірінші кезекте көмір қорынан (жылу өндіру мүмкіндігінің 60%-ына дейін), мұнай мен газдан (шамамен 27%) тұрады (2-қосарбеттегі картаны қараңдар). Жалпы әлемдік өндірісте сұраныс басқандай: көмірге шамамен 30%, ал мұнай мен газға 67%-дан артық. 2000 жылы дүниежүзіндегі шынайы мұнай қоры 140 млрд т (жалпы барланғаны 250—300 млрд т) деп анықталған. Оның ішінде ОПЕК (мүнай экспорттаушы елдер ұйымы) елдерінің үлесіне өндірілген мүнай корының 77%-ы тиесілі болды. Дүниежүзілік табиғи газ қоры 146 млрд м3 деңгейінде анықталған. Оның ішінде ОПЕК елдерінің үлесіне табиғи газ корының 41%-ы тиесілі. |
50 мин. Жаңа сабақты түсіндіру Дәптермен жұмыс Саяси картамен Тақырып бойынша талдау жасау Сызба, кестелермен, үлестірме тапсырмалармен жұмыс жүргізу |
||
4. Алған білімдерін бекіту: Сұрақ-жауап: Рекреациялық ресурс дегеніміз не? Су ресурстарының әлемде алатын орны? Жер ресурсының адам үшін маңызы қандай? Тұщы су ресурстарына тапшы аймақтар туралы не білесіңдер? Орман ресурстары қандай белдеулерге бөлінеді? Рекрациялық ресурстардың маңызы неде? |
10 мин. |
1) сұрақ-жауап арқылы,; 2) студенттер жауап беру барысында өзінің және өзге де білім алушылардың берген жауаптарындағы қателіктерді анықтайды; 3) тақырып бойынша кесте толтырады; |
|
7. Үйге берілген тапсырма:
|
3 мин. |
Жаңа тақырып бойынша реферат, баяндама немесе шағын конспект әзірлеу. |
|
8.Сабақты қорытындылау. |
5 мин. |
Студенттердің білімідерін бағалау |
|
Пән оқытушысы қолы_________

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген