жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Дүниетану
Сабақ тақырыбы: |
Дәмді және пайдалы |
Мектеп: 173 мектеп-лицей |
|||
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: Қуатбекова Ш |
|||
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны: |
|||
Оқу мақсаты: |
Барлық оқушылар: дұрыс тамақтану туралы біледі; |
||||
|
Оқушылардың басым бөлігі: дұрыс тамақтану ережелерін құрастыруды үйренеді; |
||||
Кейбір оқушылар: Қазақстандағы әртүрлі ұлт өкілдерін біріктіретін қонақжайлылық ұғымының мәнін түсінеді. |
|||||
Тірек сөздер: |
жаңғақ – орех – nut; ұлттық тағам – национальные блюда – national dish; дұрыс тамақтану – правильное питание – healthy diet. |
||||
Ресурстар: |
«Қонақжайлылық» тапсырмасына арналған бейдждер, суретті үлестірме парақшалар, «Тамақтану ережесі» тапсырмасына арналған А3 көлеміндегі қағаз, мөлшерлі стақандар, тағам өнімдері бейнеленген суреттер, доп. |
||||
Сабақтың мақсаты: |
1.1.4.2 тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру |
||||
Сабақ кезеңдері Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер
|
||||
І Ашық хат Үй тапсырмасын ашық хатта берілген сұрақтар арқылы тексеру |
1.Ертеде адамдардың негізгі тағамы қандай болған? (нан) 2. Ботқаның пайдасы туралы айт. 3. саяхатшылар сапраға шыққанда өздерімен бірге не алып жүрді? (құрма) 4. Ұлы Жібек жолы қандай елдерді байланыстырған? (Қытай және басқа елдер) 5. Халық неліктен жол мен өзен маңына қоныстанған? |
||||
ІІ. Қызығушылықты ояту
Адам денсаулығы үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зоp. Дұрыс тамақтану ұғымы мынадай үш негізгі қағидатты қамтиды:
|
Виллиге көмектес. Сабақты Виллидің балаларға жазған хатынан бастау. Хат «Менің атым Руслан. Менің ішім үнемі ауырады. Анам мұның себебі дұрыс тамақтанбаудан дейді. Маған сендердің көмектерің қажет.» Оқушылардың міндеті – Виллиге көмектесу, қалай дұрыс тамақтану қажет екенін түсіндіру. Бұл жерде:«Вилли неліктен ауырып қалды деп ойлайсың?» «Сауығып кетуі үшін қандай көмек бере аласыңдар?», – деген сұрақтар қою. Жауабы: Дұрыс тамақтану туралы айтамыз, пайдалы тағамдарды таңдауға үйретеміз және т.б.
|
||||
ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе Топтық жұмыс орындау. Тамақтану аpқылы адам ағзаға қажетті заттаpды алады. Жүйелі тамақтанбау адам денсаулығына үлкен зиян тигізетінін осы сала мамандаpы жиі айтуда. Тағамның шипалы түрлерін пайдалану аpқылы түрлі ауpулаpды емдеуге болатыны ерте кезден белгілі болған.1980-1990жж. жүгіріп жүріп қоректену деп аталатын немесе Фаст-фуд мәдениеті бүкіл әлемге тараған болатын. Мамандардың айтуы бойынша, көбінесе балалар мен жасөспірімдер арасында фаст-фудпен қоректену әдетке айналған. Ол адам денсаулығы үшін өте зиянды болып табылады. Соның нәтижесінде адамдарда жүрек, бауыр, асқазан аурулары пайда болады. |
Оқушыларға оқулықтағы 1-мәтінді оқуға беріледі. Қонақжайлылық. Оқушыларға 2-суретті қарауға берілдеі . Олар оқулықтағы сұрақтарға жауап береді. Жауаптарын тыңдау. Бұл тапсырманың тәрбиелік тиімділігін күшейту үшін оқушылармен топтасу тренингін өткізіледі. Алдын ала Қазақстан дағы әртүрлі ұлт өкілдерінің аты жазылған бейдждерді таратыңыз. Олар бүгін қонақ екенін түсіндіріңіз. Бұдан кейін оқушылардың біреуі оқулықтағы 2-мәтінді дауыстап оқиды. Орындап көр. Бұл тапсырманы топта орындаған дұрыс. Бірінші топ ұсынылған суреттердің ішінен пайдалы тағамдарды таңдап алады. Екінші топқа бір рет пайдаланылатын ыдыс таратып беріңіз. Онда оқушылар өздері қабылдайтын тағамдардың қажетті көлемін маркермен белгілеп отырады. Үшінші топ сағаттың циферблатында «таңғы ас», «түскі ас», «түстен кейінгі ас», «кешкі ас» сөздерін орналастырады. |
||||
ІҮ. Жаңа сабақ Топтық жұмыс |
Жұмыс аяқталғанда оқушыларға сабақта алған білімдерін қолдана отырып, өздерінің тамақтану ережелерін ойлап табуға тапсырма беріңіз. Олар тапсырмаларды постер немесе плакат түріндегі қағазға безендіруі тиіс. Содан кейін плакаттарды магнитті тақтаға орналастырыңыз. Дұрыс тамақтану туралы жалпы тұжырым жасатыңыз. Бұл тапсырма сабақтың негізгісі болып табылады, сондықтан оны өткізуге көп уақыт бөліңіз. Жауабы: Оқушылар өз жұмыстарында тамақтану тәртібін, құрамы мен көлемін көрсетуі тиіс. |
||||
Ү. Сергіту сәті |
|
||||
ҮІ. Бекіту Жаңғақтың пайдасы туралы. Жаңғақ – табиғаттың керемет сыйы. Оның түрлері өте көп. Олардың ішінде ең пайдалысы – грек жаңғағы. Онда көптеген дәрумендер мен микроэлементтер бар. Грек жаңғағында жүрек жұмысына қажетті магний мен калий көп. Оның пішіні бас миының жарты шарларын еске түсіретіні бекер емес. Ол мидың уақытынан бұрын қартаюының алдын алады.Қонақжайлылық. |
Сен білесің бе? Бұл айдарға көшу үшін оқушыларға Қазақстанда тұратын көптеген елдердің ұлттық тағамдарының құрамында жаңғақтар бар екенін айтыңыз. Оқушыларға айдар мәтінін өз бетімен оқуға тапсырма беріңіз және қандай жаңғақ түрлерін білетінін сұраңыз. Жауабы: Грек, самырсын, орман, бадам, пісте жаңғағы. Оқушылардың жауаптарын деректі материалдардан алынған мәліметпен толықтыру.
|
||||
ҮІІ. Қонақжайлылық Қонақжайлылық – бұл қазақ халқы мәдениетінің ең басты құрауышы. Ертеден қазақтар үшін қонақтарды қарсы алу негізгі борыш болып саналған. Тіпті бейтаныс адамды да қарсы алып, тамақ және сусын бергеннен кейін ғана жөн сұрасқан. Қонақтарға құрметпен қарауға бала кезінен тәрбиелеген.Қазақстан – бейбітшілік, өзара түсіністік, татулық-достық орнаған көп ұлтты ел. Біздің елімізде барлық ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді. |
Қазақстанда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады. Біз барлығымыз татумыз. Бір-бірімізге қонаққа барамыз. Қонақтарға дәмді және пайдалы ұлттық тағамдар ұсынамыз. Қандай тағамдар ұсынамыз?
|
||||
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау. Мультфильм көру.
|
Оқушыларға дұрыс тамақтану туралы мультфильм көрсету. Олардан қандай мультфильм кейіпкерлерін білетінін сұрау. Оқушылардың жауаптарын тыңдау. |
||||
ІХ. Бағалау
|
Оқушылар: –– «дұрыс тамақтану» ұғымымен танысты. –– пайдалы және зиянды тағам түрлерін ажыратуды үйренді; –– дұрыс тамақтану ережелерін құрастыруға үйренді; –– Қазақстандағы ұлт өкілдерінің басын біріктіретін қонақжайлылық ұғымын түсінді. |
||||
Х. Рефлексия Бас бармақ әдісі |
|
||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. |
|||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген