400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дүниетану, 1-сынып, Мен және менің мектебім

Материал туралы қысқаша түсінік
1.2. Мен және менің мектебім 1.1.2.1. Мектептің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. 1.1.2.2. Мектептегі функционалдық аймақтардың арналымын және орналасқан жерін білу. 1.1.2.6. Өзін мектеп оқушысы жəне сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: Дүниетану,

1-сынып

Мектеп: «Бейнеу гимназиясы» КММ

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Күні: 2018

Мұғалімнің аты-жөні: Бисенгалиева Сара Бактыбаевна

Сынып: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.2. Мен және менің мектебім

1.1.2.1. Мектептің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

1.1.2.2. Мектептегі функционалдық аймақтардың арналымын және орналасқан жерін білу.

1.1.2.6. Өзін мектеп оқушысы жəне сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушы орындай алады: сұрақ қою, оған жауап таба білу; географиялық жəне əлеуметтік сұрақтарға жауап бере білуді.


Оқушылардың көпшілігі орындай алады: пікірсайысқа қатысу, мəлімдеу, əңгіме құру арқылы сөйлеу дағдыларын дамыту.


Кейбір оқушылар орындай алады: алған білімдерін ой-пікірлер, болжаулар, теорияларды тексеруде қолдана отырып, қорытындылар мен алынған мəліметтерді дəлелдеу.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

сөйлемдерді құрастырып айта алады.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

мектеп – школа – school; мұғалім – учитель – teacher.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:

Талқылауға арналған сұрақтар:

-неліктен жаяу жүргінші жолын «зебра» деп атайды?

-достарыңмен қалай тіл табысасың?

-мектепте кімдер жұмыс істейді?

Не себепті .... деп ойлайсыз?

-мектепке не үшін келесің? «Неліктен кітапханада барлығы сыбырлап сөйлеседі?», «Қатты дауыстап сөйлеу кітапханада отырған оқырманға қалай әсер етуі мүмкін?»

Ишара:

«Саусақ» әдісі

Алдыңғы оқу

Достары туралы сұрау, достық туралы мақалдар айту.

Жоспар


Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері

(төмендегі жазбаларды сіз

жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз)


Ресурстар



Басы

Білу және түсіну

Оқушы: -түрлі деректерге сүйене отыра жалпыға бірдей этикалық нормаларды анықтайды.

Білімді қолдану:

-үйінен мектепке дейінгі жолды біледі және әңгімелейді.

«Топқа бөлу»

Түрлі түсті конфеттер арқылы үш топқа бөлемін.

Топтар: 1-«Мұғалім», 2-«Аспаз», 3-«Кітапханашы»

«Алтын балыққа арналған аквариум» стратегиясы бойынша алдыңғы білімді пысықтаймын.

«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы жаңа сабаққа бағыт беремін.

Сұрақтар: - сен мектепке қалай келесің?

-сені мектепке кім әкеледі?

-сен немен келесің?

-мектепке не үшін келесің?

Мақсаты: мəлімдеу, əңгіме құру жүргізу арқылы сөйлеу дағдыларын дамыту;

Конфеттер,

Топтар аты жазылған қағаздар.

Ортасы

«Ойлас, жұптас, бөліс» стратегиясы

Оқушылар өздері суретті қарап, байқап, бақылап ойланады. Екінші кезеңде жұптасып суреттерді әңгімелейді. Үшінші кезеңде танысқан ақпараттармен топта бөліседі.

-неліктен жаяу жүргінші жолын «зебра» деп атайды?

-достарыңмен қалай тіл табысасың?

-мектепте кімдер жұмыс істейді?

-суретте кімдер бейнеленген?

Олар туралы әңгімеле. Мектепте мұғалімдер, кітапханашылар, дәрігерлер мен аспаздар жұмыс істейді. Олардың барлығы біз білім алу үшін жағдай жасайды.


«Блум түймедағы» таксономиясымен жұмыс.

Қарапайым сұрақ

Нақты фактілерді атау керек. Кітапханаға барып бақылау жаса. Кітапханашы не істейді? Кітапханаға келушілер не істейді?

Дәлелдеуші сұрақтар

«егер мен дұрыс түсінсем, онда ...?», «Мен қателесуім мүмкін, бірақ меніңше сіздің айтып тұрғаныңыз...?»


Интерпретациялық (түсіндіруші) сұрақтар

«неге?...» Өзіңе ұнайтын кітапты ал. Кітапханада уақытыңды қалай өткіздің? Әңгімелеп бер.


Практикалық сұрақтар

«Әңгіме кейіпкерінің орнында болсаңыз, сіз не істер едіңіз?»


Шығармашылық сұрақтар

«Қалай ойлайсыздар, ... кейін (егер) ... қалай болады?»


Бағалау сұрақтары

«Неге ... жақсы, ол неге .... жаман?», «айырмашылығы неде?»

Жаңа ақпарат

Сен білесің бе?

Ы.Алтынсарин ең алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашты.

Суреттер,

мамандықтардың топтамасы.










Шаблон

























Ы.Алтынсариннің портреті

Соңы

«Стоп-кадр» стратегиясы

Жаңа ақпарат алу кезінде жадында сақталып қалған суретті салады.

Флипчартпен жұмыс

1-топ: Үйден мектепке дейінгі жолды салады.

2-топ: «Зебра» мен «бағдаршамды» салады.

3-топ: Сөзжұмбақ шешеді.

«Саусақ» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

Стикерлер



Флипчарттар, фломастерлер, дайын сөзжұмбақ.

Смайликтер.

Қосымша мәліметтер

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс – Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Оқушылардан кітапханаға барған баланы әңгімелетемін. Ол жерде не көргенін айтып түсіндіреді.

(кітаптар, журналдар, газеттер, көп сөрелер, карточкалар, т.б.)


Бағалау критерийлері

Үйден мектепке дейінгі жолды біледі; Кері қайту жолын әңгімелей алады.

Тапсырма

1.Жолдың суретін салыңыз. Егер әрқайсысы алға қарай 35 қадам жасайтын болса, тоқтаған уақытта екеуінің арасы қанша қадам болады?


Дескрипторлар

Қадамдап есептеу дағдыларын қолданады;

тапсырманың шартын құрастырады;

тапсырманың шартына сәйкес өрнек құрастырады;



Математика пәнімен байланыс. Жолдан өту ережесін қайталаймын.

1-солға қараймыз, 2-оңға қараймыз, содан соң жолдан өтеміз.

Үлкен адамның жолын кеспеу, оған жол беру.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?


Жоғарғы деңгейге сәйкес нәтиже көрсеткен оқушылар:

пәндік терминдер мен ұғымдарды тереңірек біледі және түсінеді;

түрлі дереккөздерден алынған ақпараттарды жүйелеп, толық негіздеме беріп қорытындылайды, көрсеткен нәтижелерін нақты дәлелдемелер келтіре отырып, ретімен нақтылап орналастыра біледі;

Орта деңгейге сәйкес нәтижелер көрсете білген оқушылар:

қарапайым тапсырмаларды орындап, оларды таныс және кейбір бейтаныс жағдайларда ұтымды қолдана біледі;

ақпаратты жүйелеп, кейбіреуіне негіздеме бере отыра, алынған нәтижелерге дәлелдемелер келтіріп, қорытындылар жасайды;

Төмен деңгейге сәйкес нәтижелер көрсете білген оқушылар:

тиісті нұсқаулар төңірегінде күрделі емес тапсырма түрлерін орындайды;

түрлі ақпараттарды (кестелер, сызбалар және диаграммалар) беруде қарапайым қорытындылар жасайды.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
1054
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі