400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Дүниетану 2-сынып Менің ауылым. Менің қалам

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдері үшін әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән: Дүниетану

Мектеп: «Қосағаш » жалпы орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Берданова Б

Сынып: 2 А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Менің ауылым. Менің қалам

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.3.1 өз зерттеулеріне сүйене отырып, тұрғылықты жерінің көрікті жерлерін сипаттау және бейнелеу

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Жетістік критерийлері

Білім алушылар:

Отанын ел ретінде және шағын Отан туралы түсініктерін ажыратады. «Біздің Отана-Қазақстан » және «Менің шағыен Отаным ұғымдарын түсіндре біледі.

Картадан Қазақстанды географиялық нысандарды (Каспий теңізі, Арал теңізі мен өзендерді) көрсете алады.

Тілдік мақсат.


Оқытудың тілдік мақсаты

өз ойын еркін білдіру;

Пәндік лексика және терминология

Отан , ауыл, қала ,жауапкершілік.




Құндылықтарды дарыту

Жұптасып, топтасып жұмыс жасай білуге, өзара көмек көрсете білуге тәрбиелеу.

Алдыңғы меңгерілген білім

1-сынып курсынан «Менің отбасым» бөлімі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру. Сәлемдесу, шаттық шеңберін құру.

Біз ақылдымыз!

Біз ынтымақтымыз!

Біз зейіндімізІ

Біз ынталымыз!

Біз өте жақсы оқимыз!

Біздің қолымыздан барлығы келеді.



Сабақтың ортасы

30 мин

(М.К; Ұ) «Граффити» миға шабуыл стратегиясы.

Мұнда сыныптың әр жеріне Отан тақырыбына қатысты бірнеше сөзді жазып қоямын. Оқушылар берілен атауға қатысты сурет салады. Бір топ жазылған ақпараттарлы қорғайды.

Менің сүйікті -Қазақстаным!

Сен – менің аспанымсың!

Сен -менің жерімсің !

Сен -менің күнімсің !

Сен- менің жұлдызымсың!

Сен менің –Отанымсың!

Балалар ! Бүгінгі сабағымыз қандай тақырыпқа арналады.? Шағын Отан дегеніміз не деген сұрақа қалай жауап берер едіңдер? Шағын Отан барлығымызда әр түрлі болуы мүмкін, ал біз өмі сүретін ел біреу ғана , ол біздің байтақ Отанымыз-Қазақстан. Біздің сабағымыздың тақырыбы –Қазақстан –менің Отаным! Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Кәне, менімен бірге қайталаңдар!

Біз бүгін еліміздің кең байтақ жерінің үстінен әуе шарымен ерекше саяхатқа аттанамыз. Қандай теңіз өзендер және қалаларымыздың бар екенін білеміз. Еліміздің бір шетінен екінші шетіне жеткізетін жолдарды таңдаймыз.

(М.К; ) Жаңа білімді меңгеру Қолдану

Топтық тапсырма:

1-топ:

Біздің қаламыздағы немесе ауылдағы мәдени орындар.

2-топ:

Менің туған жерімнің атын шығарған адамдар.

3-топ:

Менің ауылымның тарихы.

Дәптермен жұмыс.

Жұмыс дәптеріндегі 2-3 тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті.

(М.К; Т; Ө; Қ) Жаңа материалды бекіту. Оқулықпен жұмыс.

Біздің Отанымыз Қазақстанның жері ұлан –ғайыр. Сызбадан өздеріңнің облыс орталықтарыңды тауып, облыс орталығынан Астанаға және Аламатыға пойызбен жүрудің бағытын белгілеп көрсетіңдер.

«Қазақстанның физикалық картасы»,

Қазақстан жалауы


.



Оқулық, жұмыс дәптері.





Жұмыс дәптері. Дидактикалық материалдар

Кері байланыс.

Менің қолымда Қазақстанның жалауы. Мен сендердің қолдарыңа кезекпен жалауды алып сөйлемді аяқтауды ұсынамын. «Мен өз Отаныммен мақтанамын, себебі...»


Дескрипторлар

Білім алушы.

Мектептің ұжымдық, топтық және тұлға аралық, мінез –құлық ережелерін түсіндіре алады.


Сабақтың соңы

5 мин

Қалыптастырушы бағалау.

- Тапсырма

1-картамен жұмыс

Қазақстанның картасынан өзің тұратын облысты тауып, аумағын боя. Облыс орталығын білдіретін қаланың атауын жаз.

2-картамен жұмыс

Қазақстан картасынан Арал теңізін және Балқаш көлін тауып, қоршап сыз .

Дескриптор Білім алушы

− Қазақстан картасынан өз облысының аумағын анықтайды;

− өз облысының орталығын білдіретін қаланың атауын

жазады;

− Қазақстан картасынан ірі су көздерін анықтайды.

Қалыптастырушы бағалау парағы

(ҮТ)

Жұмыс дәптеріндегі 1 тапсырма


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өзіндік жұмыс орындау барысында көмекті қажет ететін оқушыларға қолдау көрсетемін. Өзіндік тапсырманы шапшаң орындаған оқушыларға қосымша тапсырманы ұсынамын.


Сабақ барысында мадақтау сөздер айту арқылы бағалау. Оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. Кері байланыс беру арқылы бағалау.

Партада отыру ережесін, сынып ішіндегі қауіпсіздік ережесін ескерту.

Сергіту сәтін өткізу

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
4464
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі