400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дүниетану 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
3 сыныптар дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

1-тоқсан

Сынып: 3

Пән: Дүниетану


Мұғалімі

Meктeп: Maңғыстaу oблысы,Mұнайлы aудaны,

«№15 жалпы білім беру орта мектебі КММ»-сінің бастауыш сынып мұғалімі Кауиева Айганым Сыдихкызы

Сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Ортақ тақырыбы

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Сабақтың тақырыбы

Біздің Aтa Заңымыз - Конституция

Бөлім

1. Мен және қоғам

Бөлімше

1.5. «Құқық және жaуaпкeршiлiк»

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

3.1.5.1 ҚР Конституциясының маңызын түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

1.ҚР Конституциясының маңызын түсіндіреді;

2. Aзaмaттaр құқығы мен міндетін ажыратады;

3.ҚР Кoнституциясының мaңызын дәлелейді;

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

ҚР Конституциясының маңызын түсіндіре алады

Aзaмaттaр құқығы мен міндетін ажырата алады

ҚР Кoнституциясының мaңызын дәлелей алады.

Тілдік мақсат

- Қазақстан Республикасы Конституциясының маңыздылығын түсіндіре алады;

Сөз тіркестері, тірек сөздер немесе терминология

• Құқық және міндет

• ҚР Конституциясы

Конституция, құқықтар, міндеттер, еліміздің басты құндылықтары, азаматтық парыз.

Үштілділік

Конституция-Конституция-Constitution

Талқылауға арналған сұрақтар

Конституция дегеніміз не?

Азаматтың қандай басты құқықтарына Конституция кепіл береді?

Еліміздің әрбір азаматының қандай міндеттері бар?

Айтылым;

Тыңдалым;

Оқылым;

Жазылым;

Қазақстан Республикасы Конституциясы, құқық пен міндеттер туралы талқылайды.

Мәтінді оқыды. Қазақстан Республикасы Конституциясын оқиды.

Кестелерді толтырады.

Құндылықтарды дарыту

Адамдар арасындағы достықтың, жауапкершіліктің, бірлесе әрекеттегі сыйластықтың, патриотизмнің маңыздылығын түсінеді.

Пәнаралық байланыс

Құқық негіздері: заң,

Конституция ұғымдары; АКТ

Қазақ тілі:Кестелерді жазып толтыру;

АКТ қолдану дағдылары

Ресурстар

Интербелсенді тақта, Конститцция жинағы, Елбасы суреті, сергіту сәті. https://www.youtube.com/watch?v=xyS4WWbtttM

Оқулық, жұмыс дәптері, А4 форматы, маркерлер, стикерлер, кестелер, суреттер, ҚР Конституциясы кітабының суреттері


Алдыңғы оқу

Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік ресми рәміздерінің қолдану саласын оқып меңгерген.



Сaбaқтың

кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың

басы

5 минут

  1. 1.Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Ашық аспан болсын!

Әр күніміз біздің

Сәттілікке толсын!

Дүниетану пәнінен

Білмегенді білейік,

Үйренейік, күлейік.


2.Топқа бөлу: Оқушыларды 1;2;3-деп санатып, сол арқылы 3 топқа бөлінеді.

1-топ

2-топ

3-топ


3.«Миға шабуыл» стратегиясы

Мұғалім «ҚР Конституциясы» кітабының суретін интербелсенді тақтадан көрсетіп сұрақтар қояды:

- Бұл қандай кітап?

- Заң дегеніміз не?

- Бұл кітап бүгінгі сабаққа не үшін қажет?


Оқушылардың болжамы ұжымда талқыланады. «Конституция» ұғымы енгізіледі.


4.Оқу мақсатын хабарлау.

Бүгін сен білетін боласың:

- ҚР Конституциясы туралы ұғымды;

- Құқық және жaуaпкeршiлiкті сезінесің;























Сабақтың ортасы

30 минут


1-тапсырма.

Сабақ мақсаты: ҚР Конституциясының маңызын түсіндіреді.
Белсенді әдіс: «Постермен жұмыс» әдісі.

Топтық жұмыс. Мәтінді оқу. Мәтін бойынша түсініктерін тұжырымдап, Постерге түсіру.


Коммуникативтік дағды: Оқылым,

жазылым,айтылым.
Ойлау деңгейі: Білу, түсіну, қолдану


А тобы: Мәтінді оқиды. Мәтін бойынша түсініктерін тұжырымдайды. Постерге түсіреді.




Біздің мемлекетіміз қалай аталады?

Бейбіт азаматтық қоғамға тиісті сөздерді жазыңдар.

Егеменді құқық деген сөздерге мысалдар келтіріңдер.


Дескриптор.

Біздің мемлекетіміз қалай аталатынын жазады;

Бейбіт азаматтық қоғамға тиісті сөздерді жазады;

Егеменді құқық деген сөздерге мысалдар келтіреді;

В тобы. Конституцияның кіріспесіндегі мақсатты топта талқылайды. Постерге салады.



Дескриптор.

Халықтың мақсатын табады.

Түсінігін ортаға салады.


С тобы. Берілген сөздерді оқып, мағынасын түсіндіріңдер. Постерге салыңдар.



Дескриптор.

ҚР азаматтарының құқығын жазады.


Бекіту сұрақтары:

– Конституцияны кім қабылдады?

– Бұл ережелер кім үшін жазылған?

– Біздің халықты біріктірген не?

ҚБ: Топтық бағалау. «Бас бармақ» әдісі.

Саралау: «Тапсырма»


2-тапсырма.
Сабақ мақсаты: Aзaмaттaр құқығы мен міндетін ажыратады.
Белсенді әдіс: «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі.

Жұптық жұмыс.
Коммуникативтік дағды: Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым.
Ойлау деңгейі: талдау.

А жұбы. ҚР азаматтарының міндеттерін талқылаңдар.


Дескриптор.

ҚР азаматтарының міндеттерін талқылайды.


В жұбы. ҚР азаматтарының құқықтарын талқылаңдар.


Дескриптор.

ҚР азаматтарының құқықтарын талқылайды.


С жұбы. «Бала құқықтары» пирамидасын толтырыңдар.


Дескриптор.

«Бала құқықтары» пирамидасын толтырады.

ҚБ. Жұптық бағалау. «Бас бармақ» әдісі.

Саралау: «Тапсырма»


Сергіту сәті «Көңілді күн» әні

https://www.youtube.com/watch?v=xyS4WWbtttM


3-тапсырма.
Сабақ мақсаты: ҚР Кoнституциясының мaңызын дәлелейді.
Белсенді әдіс:«Кестемен жұмыс» әдісі.

Жеке жұмыс.

Коммуникативтік дағды: Оқылым, айтылым, жазылым.
Ойлау деңгейі: жинақтау.

А оқушы. Берілген сұрақтарға жауап бер. ҚР Кoнституциясының мaңызын дәлелде.

Елімізді кім басқарып отыр?


Еліміздің тұңғыш президентінің есімі кім?


Біздің елімізде Конституция күні қай айда, қай күні атап өтіледі?


ҚР Кoнституциясының мaңызын дәлелде.



Дескриптор.

  • Елімізді кім басқарып отырғанын айтады.

  • Еліміздің тұңғыш президентінің есімін жазады.

  • Біздің елімізде Конституция күні қай айда, қай күні атап өтілетінін жазады.

  • ҚР Кoнституциясының мaңызын дәлелейді.


В оқушы. Кестені толтыр. ҚР Кoнституциясының мaңызын дәлелде.

Халық нені құрайды?


Қазақстан халқы өзін қандай қоғам деп ұғынады?


«Қазақстан Республикасын қорғау –әрбір азаматтың қасиетті борышы» деген сөзді қалай түсіндіресің?


ҚР Кoнституциясының мaңызын дәлелде.



Дескриптор.

-Халық нені құрайтынын жазады.

- Қазақстан халқы өзін қандай қоғам деп ұғынатынын жазады.

-«Қазақстан Республикасын қорғау –әрбір азаматтың қасиетті борышы» деген сөзді түсіндіреді.

-ҚР Кoнституциясының мaңызын дәлелейді.


С оқушы. Кестені толтыр. ҚР Кoнституциясының мaңызын дәлелде.

Қазақстан азаматтары қандай құқықтарға ие?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
760
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі