Дүниетану 4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Физикалық карта. Масштаб.
Сабақтың мақсаты:Қазақстанның жер бедері жайлы мәлімет беру.Тіл
байлығын,ойлау,есте сақтау қабілеттерін жетілдіру,ойын толық жүйелі
жеткізуге дағдыландыру.Отанын сүюге,табиғатына жанашыр болуға
тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу
Түрі:аралас сабақ
Көрнекілігі:суреттер ,слайдтар,карта.
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу,түгендеу.Назарын сабаққа аудару
1-бөлім. «Қайталау-білім анасы»
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
«Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі» мазмұнын сұрау
ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту
«Кім тапқыр?» ойыны
Шарты:Берілген сұрақтарға дұрыс жауап беріп артында жасырынған
суретті табу
1.Жер беті адамның қандай әрекетінен өзгереді?
2.Террикондар деген не?
3.Оба деген не?
4.Ашық карьерлердің орнын қалай пайдалануға болады?
5.Қазақстанның жер көлемі қанша?
Суреттер: жазық,тау,өзен
2-бөлім.Білімге құштарлық
IV.Жаңа сабақ
Қазақстан туралы жалпы мәлімет беру (кесте бойынша)
Жер көлемі 2.7млн км
Көрші елдері Солтүстік және солтүстік-батысында Ресеймен,оңтүстікте
Қырғызстанмен,Өзбекстанмен.Түркменстанмен,шығыста Қытаймен
шектеседі
Ең биік нүктесі (м) Хантәңірі (6995)
Ең төмен нүктесі (м) Қарақия ойысы (-132)
Табиғат зонасы Орманды дала (3%), дала (26%),шөлейт (14%),шөп
(44%), биік белдеу(13%)
Қазақстанның жер бедері
Жер бедері дегеніміз не?
Жер бедері дегеніміз - пішіні мен көлемі ,жаратылысы мен
жасы,биіктігі жөнінен айырмашылық жасайтын жер бетінің
сипаты.
Сабақтың тақырыбы:
Географиялық карталар.
Мақсаты: Географиялық карта туралы білім беру. Карталарды оқи
білуге, ажырата және қолдана білуге үйрету.
Көрнекілігі: Глобус. Жарты шарлар физикалық картасы. Қазақстан
физикалық картасы.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру.
2. Өткен материалдарды еске түсіру.
1. Жердің дәл үлгісі не? Оны алғаш жасаған кім?
2. Меридиандар мен параллельдер деген не?
3. Ең ұзын параллельді картадан көрсетіңдер.
4. Географиялық ендік деп нені атайды?
5. Глобустан нүктелердің ара қашықтығын қалай анықтайды?
3. Жұмбақ шешкізу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табу.
Қаласы бар, елі жоқ,
Даласы бар, шөбі жоқ,
Орманы бар, нуы жоқ,
Шыңдары да теп - тегіс,
Кең жазығы әр түсті,
Шығыс пенен батысты -
Бар әлемді табасың,
Өзің таң боп қаласың!
Шешуі: географиялық карта
Карта дегеніміз - жердің жазықтықтағы кескіні.
Картаның глобустан айырмашылығы - карталарда бұрмаланушылық көп
болады. Ал глобус жердің дәл үлгісі.
Махмұд Қашқаридің дөңгелек картасы:
М. Қашқаридің жасаған картасын ғалымдар «XI ғасырда орталық және
ОртаАзияда жасалған түріктің географиялық ескерткіші» деп
атады.
Қазақстанның физикалық картасы:
Ел ордамыз - Астана ойып тұрып Сарыарқаның төрінен орын алды.
Астанаға қызықпайтын ел жоқ! Біз әсем Астанамен мақтанамыз!
Сабақты бекіту:
1) Карта дегеніміз не?
2) Мазмұнына қарай карта нешеге бөлінеді?
3) Қазақстан қай материкте орналасқан?
Сабақты қорыту: Бағалау.
Үйге тапсырма: Карталардың маңызы. Тест
Қазақстан аумағы 2724,9 мың
км-ге тең.Жерінің ауданы жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі
мемлекеттердің қатарына жатады.Ресей, Канада, АҚШ, Бразилия,
Аустралия, Үндістан және Аргентинадан кейін 9-орын алады.
Республиканың халқы 15 млн адам.Қала халқының үлесі 56%-ды
құрайды.Қазақстан халқының орналасу тығыздығы 1 шаршы километр
жерге 5,4 адамнан келеді.
Физикалық- географиялық жағдайы тұрғысынан, Қазақстан Тынық Мұхит
пен Атлант мұхитынан, сондай-ақ Үнді мұхиты мен Солтүстік Мұзды
мұхитынан бірдей дерлік қашықтықта орналасқан
Қазақстан шекарарсының жалпы ұзындығы 15000 км-ден астам, оның
12000 км-ге жуығы құрлық арқылы, ал 3000 км-ден астамы Каспий және
Арал теңізідері арқылы өтеді.
«Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары».
А) 2717,3 мың км2 (Жер көлемі)
Б) ІХ орын, ІV орын, ІІ орын.(Дүние жүзі, Евразия, ТМД бойынша)
В) 16 млн (Халық саны)
Г) Астана (Астанасы)
IV.Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі.
1.Қазақстанның географиялық орны ... анықтайды- Табиғат
жағдайын
2.Қазақстан Каспий теңізі арқылы шыға алады- Әзірбайджанға
3.Қазақстанмен оңтүстігінде шектесетін елдер- Қырғызстан,
Өзбекстан, Түркменстан
4.Қазақстанның көлемі -2724 мың км²
5.Қазақстан орналасқан материк- Еуразия
6.Қазақстан Республикасының аумағы - 2,7млн. км2.
7.Теңізге шығатын жолы бар Қазақстанмен шектесетін мемлекеттер-
Қытай, Ресей
8.Қазақстанмен шығысында шектесетін мемлекет - Қытай
9.Қазақстан көлемі жөнінен Еуразияда -4-ші
орында