400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дүниетану 4 сынып "Ауа және ауа райы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ пән мұғалімдерімен тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу ісінің меңгерушісі: М.Жайгалиева

Дүниетану

2 т 7 сабақ

Уақыты:20.12.2017 ж

Сыныбы: 4

Мұғалім:Утегалиева А

Сабақтың атауы

Ауа және ауа райы. Ауа райы болжамы ӨҚН


Мақсаты


Ауа - райы туралы мағлұмат алу, ауа - райы мен климатты айыра білуге үйрену, ауа райы , метеорологиялық қызмет орталығының жұмысы туралы білу, топсеруен кезінде бақылау жасауға машықтану.

Күтілетін нәтиже

-ауа райының не екенін, ауа райы болжамы кестесі туралы түсінеді

-сырттағы ауа райын анықтап, ауа райы қалпын бақылайды

-метеорологиялық орталық қызметімен таныса отырып, болжамдар жасайды

Тілдік мақсат

Ауа райы болжамы, ауа, ауа райы, метеорологиялық қызмет, бақылау, анықтау.

Алдыңғы оқу

«Серпілмелі сауалдар» әдісі арқылы өтілгенді қайталау

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық.
- жақсы оқу керек.
- бір - бірімізбен дос болайық
- ауырмау керек
- әрқашан жақсылық болсын
- жоғары дәрежеде білім алу
- ата - анам, ұстаздарым, бәріміз аман болайық.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

Оттегі, көмірқышқыл газы, азот болып топқа бөліну

% бойынша атауын табу арқылы топқа бөлінеді

Алдыңғы оқу

Сабақтың басы

«Серпілмелі сауалдар» әр топқа сұрақтар қою.

Жауап берсе топ 3 ұпай, жауап бере алмаса келесі топ жауап береді, оларға 2 ұпай.
1. Ауаның түсі қандай? түссіз, мөлдір.
2. Сені қоршап, бүкіл тіршілікке жағдай жасайтын не? ауа.
3. Ауаның қасиеті. Серпіледі, сығылады
4. Ауадай қажет дегенді қалай түсінесің?
5. Ауа мен тіршілік иелері арасында қандай байланыс
6. Метеориттер деген не?

Сергіту сәті

«Қаражорға» биі

Сабақтың ортасы

Ауа райы-ауаның белгілі бір жердегі, белгілі бір уақыттағы жай-күйі.

Метерорологиялық қызмет ауа райы болжамын жасады.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Дәптермен жұмыс

Кеспе қағаздары бойынша жаңа сабақтың тақырыбын ашып алу.
а) кіріспе сөз.
Ә) ауа - райына тоқталу.
Б) метеорологиялық станция
В) климат
Г) картамен жұмыс.
Ауа - райы дегеніміз - белгілі бір жердегі тәулік ішінде болатын атмосфераның төменгі қабатының жағдайы.
Климат дегеніміз белгілі бір аймақтағы ұзақ жылдар бойы қайталанатын атмосфераның төменгі қабатының тұрақты жағдайы немесе ауа - райының белгілі бір аумақтағы көп жылдық режимі.

Сабақтың соңы

  1. Ауа - райы деген не?
    1. Ауа - райын бақылау үшін не қажет?
    2. Неге бақылайды?
    3. Ауа - райының қандай құбылыстарын білеміз?


  1. Топсеруенге шығатын жерді анықтау


  1. Бақылау күнделігімен жұмыс


  1. БББ кестесі


Білемін

Білдім

Білгім келеді













Үйге тапсырма

Келесі сабаққа дейінгі ауа райына бақылау жасау. Мәтінді оқу, түсіну.


Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

«Білім қоржыны» өзі қалаған қоржынға смайликтерін жапсыру


Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
994
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі