400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дүниетану ашық сабақ 3 сынып Мен және қоғам

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз отбасының құндылықтарын анықтайды, тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дамуындағы еңбектің рөлін түсіндіреді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Дүниетану

Ортақ тақырып:Мен және қоғам

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Күні:

Сынып: 3 сынып

Мектеп: «ЖОББ № 32» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Нурпеисова Д.Ж

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Адамдар не үшін еңбек етеді?

Оқу мақсаты

3.1.1.3 өз отбасының құндылықтарын анықтау.

3.3.5.2 тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дамуындағы еңбектің рөлін түсіндіру.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Өз отбасының құндылықтарын анықтайды; тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дамуындағы еңбектің рөлін түсінеді.

Көптеген оқушылар:

Өз отбасының құндылықтарын ажыратады; тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дамуындағы еңбектің рөлін талдайды.

Кейбір оқушылар:

Өз отбасының құндылықтарын талдай отырып, тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дамуындағы еңбектің рөлін дәлелдейді.


Бағалау критерийлері

Өз отбасының құндылықтарын анықтайды, тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дамуындағы еңбектің рөлін түсіндіреді.


Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады: еңбек туралы өз не білетіндерін жазады.

Пәнге тән лексика мен терминология: отбасы құндылықтары, мамандықтар, табыс, еңбек, зияткерлік еңбек, қол еңбегі.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Құндылықтар дегеніміз не?

-Адамдар не үшін еңбек етеді?

-Өз қажеттілігіне жету үшін не жасау керек?

-Неше жастан бастап еңбек ету керек?

-Қандай еңбек түрлерін білесің?

-Күш жұмсамай еңбек етуге бола ма?

-Зияткерлік еңбек дегеніміз не?


Құндылықтарды дарыту

Отбасындағы құндылықтарды білу, үлкендерге құрмет ету, сыйлау, еріңбей еңбек ету, өз елін сүю, еліне пайда әкелу.


Пән аралық байланыс

Қазақ тілі, көркем еңбек, әдебиеттік оқу.


АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, презентация, таратпа материал,Metod-kopilka «Сергіту сәттері» жинағы, https://www.zharar.com/kz/takpak/5595-family.html психологиялық ахуал

Бастапқы білім

Оқушылар еңбек құралдары мен еңбек ету туралы біледі.


Сабақ барысы

Сабақтың

Жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(4 мин.)







Психологиялық ахуал:

Мұғалім сабақ басында оқушылардың назарын өзіне аудартып, психологиялық ахуал туғызады:

Атамнан басталар,

Әжемнен қосталар

Отбасым мынылар:

Ең жақын адамдар-

Әкем мен анам бар,

Бір туған ағам бар,

Бір туған апам бар...

Бәрін жақсы көремін,

Еркелеймін,еремін!
Топқа бөлу: «Мамандықтар» әдісі.

Мұғалім ортаға жәшіктергі қима қағаздарды (карточкаларды) ұсынады. Бұл карточкаларда белгілі бір еңбек құралы бейнеленген. Оқушы қалаған еңбек құралын алады, сол бойынша мұғалім 3 топты атайды.

«Құрылысшылар» тобы, «Шаштаразшылар» тобы, «Дәрігерлер» тобы. Әр оқушы белгілі топқа барып орналасады.


Интербелсенді тақта













Рисунок 2 Рисунок 3 Рисунок 5

Сабақтың ортасы

(2 мин)










(10 мин)












(2 мин)









(8 мин)















(10 мин)

1 тапсырма: (Д) «Кластер» құру, топтастыру:

Тақтада үйдің суреті ілінеді. Мұғалім білім алушыларға жүрекшелер таратады. Оқушылар жүрекшелерге өз отбасының құндылықтарын жазып, тақтадағы үйге жабыстырады.

Дескриптор:

1.Құндылықтардың не екенің түсінеді.

2.Құндылықтарды ажыратады.

3.Құндылықтарды жазады.

(ҚБ) «Үй құрастыру» әдісі бойынша жүргізіледі. Әр топ тапсырма орындаған сайын үйдің бөлшектерін ала отырып, үй құрастырады.

2 тапсырма: (Т) «Фишбоун» әдісі.

Әр топқа белгілі бір мамандық түрі беріледі. Білім алушылар отбасына тигізер пайдасын, қоғамға тигізер пайдасын, содан барып қорытынды шығарады.

Дескриптор:

1.Отбасына тигізер пайдасын жазады.

2.Қоғамға тигізер пайдасын жазады.

3.Қорытынды шығарады.

(ҚБ) «Үй құрастыру» әдісі бойынша жүргізіледі. Әр топ тапсырма орындаған сайын үйдің бөлшектерін ала отырып, үй құрастырады.

Сергіту сәті:

Апам үшін күнде мен, (әндете)
Отынға ағаш жарамын. (ағаш жарғандай)
Су құямын гүлге де,
(гүлге су құйғандай)
Дүкенге де барамын.
(қолдарына сөмке ұстап жүру)
Сыпырамын үй үшін,
(сыпырғандай)
Жуам ыдыс-табақты.
(ыдыс жуғандай)
Жылай қалса бөпемді,
(бөпені ұстағандай)
Жұбатамын ойнатып.
(қолдарын шапалақтайды)

3 тапсырма (Т) «Білім қоржыны»

А тобы: білім алушылар еңбек туралы мақал-мәтелдер жазады.

В тобы: «Синквейн» әдісі бойынша білім алушылар еңбек түріне 5 жолды өлең құрастырады.

С тобы: білім алушылар белгілі бір мамандықтын түрін таңдап, олардың Отанымызға, елімізге тигізетін пайдасы мен қоғамдағы рөлі туралы өз ойын дәлелдеп «Эссе» жазады.

Дескриптор:

1.А тобы еңбек туралы мақал-мәтелдер жазады.

2. В тобы «5 жолды өлең» құрастырады.

3. С тобы эссе жазады.

(ҚБ) «Үй құрастыру» әдісі бойынша жүргізіледі. Әр топ тапсырма орындаған сайын үйдің бөлшектерін ала отырып, үй құрастырады.

4 тапсырма: (Д) «Табыс көзі»

Білім алушыларға дереккөздер беріліп, оқушылар Қазақстан бойынша жалақысы жоғары, жалақысы төмен мамандықтарды іздеп жазады, дәлелдейді.

Дереккөздер:

Жалақысы жоғары мамандықтар

Елімізде мұнай-газ саласы мамандығы көш бастап тұр. Олардың орташа айлық жалақысы – 197 926 теңге, ал жоғарғысы – 3 281 643 теңгені құрайды. Алайда бұл салада жұмыс табу студенттер мен мамандар үшін оңай болмай тұр. Бір жұмыс орнына 6 мұнайшы таласады. Яғни, аталған салада мұнайшы мамандар толық.

Екінші орында бизнес-кеңесші мамандығы тұр. Қазақстандағы бизнес-кеңесшілерінің орташа жалақысы 143 331 теңге, жоғарғысы 1 085 441 теңге. Бұл мамандық жоғары жалақысымен ғана емес, сұранысқа иелігімен де ерекшеленеді. Осы мамандық бойынша 1 орынға 1-4 кеңесші өзін ұсынады.

Бұдан кейін елімізде заңгер мамандығын атауға болады. Қазақстандық құқыққорғаушының орташа жалақысы – 123 704 теңгені құрайды. Жоғарғы жалақысы – 519 557 теңге.

http://stan.kz/kazakstandagy-zhalakysy-en-zhogary-zhan/

Дескриптор:

1.Жалақысы жоғары ммандықтарды зерттейді.

2.Жалақысы төмен мамандықтарды зерттейді.

3.Дереккөздерден тауып дәлелдейді.

(ҚБ) «Үй құрастыру» әдісі бойынша жүргізіледі. Әр топ тапсырма орындаған сайын үйдің бөлшектерін ала отырып, үй құрастырады. Сабақ соңында барлық тапсырмаларды дұрыс орындаған топ үйлерін мықты қылып құрастырып, сол топқа үйдің кілті ұсынылады.





Рисунок 7


Рисунок 8


Плакаттар








Рисунок 9

Интербелсенді тақта

Карточка











Интербелсенді тақта,

плакат, дереккөздер, қима қағаздар, мамадықтар суреттері, маркер



















Рисунок 11


Сабақтың соңы

(4 мин)

Кері байланыс: «Білім қабаты»

  • Өте жақсы түсіндім(3 қабат)

  • Мен сабақты жақсы түсіндім(2 қабат)

  • Тақырып бойынша әлі де ізденуім керек(1 қабат)



Рисунок 12

Рисунок 13

Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырасыз?

Бағалау - оқушылардың материалдың меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?












Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

1 тапсырма:

Бірінші тапсырмада саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді.

Тапсырманы орындау барысында көмек қажет ететін, білім алушылардан жауап алу немесе ойланту мақсатында мұғалім алдын ала дайындаған сұрақтарын қояды.

2 тапсырма:

Бұл тапсырмада саралаудың «Тапсырма» тәсілі көрінеді.

Тапсырманың басында білім алушыларға топпен жасалатын жұмыс түрі беріледі. Білім деңгейлері әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар беріледі.

3 тапсырма:

Бұл тапсырмада саралаудың «Қарқын» тәсілі көрінеді.

Жылдам қабылдайтын оқушылар мамандықтардың белгілі бір түрін таңдай отырып, оның елімізге, Отанына, туған қаласы (ауылына) тигізер пайдасы туралы эссе жазады. Дәлел келтіреді.

4 тапсырма:

саралаудың «Дереккөздер» әдісі көрінеді. Білім алушыларға дереккөздер таратылып, оқушылар ҚР-сы бойынша мамандықтарды зерттеп, жалақыларын зерттейді.

Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау мақсатында қалыптастырушы бағалау «Үй құрастыру» әдісі өң бойында жүргізілді.

1 тапсырма: «Кластер» құру әдісі тапсырманы толық орындаған топқа үйдің фундаменті беріледі.

2 тапсырма: «Фишбоун» әдісі тапсырманы толық орындаған топқа үйдің қабырғасы беріледі.

3 тапсырма: «Білім қоржыны» әдісі тапсырманы толық орындаған топқа үйдің терезесі беріледі.

4 тапсырма: «Табыс көзі» әдісі тапсырманы толық орындаған топ үйді толық құрап, үйдің кілті табысталады.

Кері байланыс:«Білім қабаты»

Өте жақсы түсіндім (3 қабат)

Мен сабақты жақсы түсіндім (2 қабат)

Тақырып бойынша әлі де ізденуім керек (1 қабат)



Оқушыларға партада дұрыс отыру ережесі мен қауіпсіздік техникалық ережелерін естеріне түсіріп отырамын. Сергіту сәті арқылы денсаулықтарын нығайтылады.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезендері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі(оқыту турулу да оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
14 ақпан
3026
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі