400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дүниетану, ашық сабақ 3-сынып. Тақырыбы: "Қазақ хандығы қалай құрылды?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары жас мамандар үшін іс-тәжірибе алмасуға пайдасы мол. сабақ мақсаты: - Қазақ хандығының негізін қалаушылар Жәнібек пен Керей хандарымен танысады; -Қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіреді.
Материалдың қысқаша нұсқасы




Мулдабекова Саним Джарылгаповна

Маңғыстау облысы,

Жаңаөзен қаласы

12 жалпы білім беретін бастауыш мектеп

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім «Атақты тұлғалар»

Пән: Дүниетану

Мерзімі: 3-тоқсан

Сынып: 3 «Б»


Сабақ тақырыбы

Қазақ хандығы қалай құрылды?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.3.1 Қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • Қазақ хандығының негізін қалаушылар Жәнібек пен Керей хандарымен танысады;

  • Қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіреді.

Бағалау критерийлері

(Блум таксономиясы бойынша)

- Қазақ хандығы қалай құрылғанын әңгімелейді;

-Қазақ хандығының негізін қалаушыларды біледі;

- Қазақ хандығының құрылуының 3 себебін түсіндіреді;

-Қазақ хандығы мен қазіргі Қазақстан аумағын салыстырады;

- Қазақ хандығы құрылуындағы маңызды оқиғаларды атап шығады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- Қазақ хандығы қалай құрылғанын түсіндіреді.

Терминология:

  • Жәнібек пен Керей хандардың ескерткіштері

  • Қазақ хандығы

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Қазақтардың алғашқы мемлекеті қалай аталды?

- Жәнібек хан мен Керей ханға ескерткіш неге салынды?

Құндылықтарды дарыту

Патриотизмді дамыту қазақ халқының көрнекті тұлғаларымен: Жәнібек пен Керей хандарымен танысу және олардың Қазақстан тарихындағы рөлін түсіну арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Математика: Қазақ хандығы құрылғаннан бері неше жыл өткенін санайды.

Қазақ тілі: диалог құрады.

Көркем еңбек: суретпен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

1 сыныпта «Саяхат» тарауында оқушылар Ботай мәдениетінің ерекшелігін суреттеп,түрлі дереккөздер негізінде Тұмар патшайым туралы түсінік алған . Оқушылар 3 сыныптың «Уақыт» тарауында ежелгі түркілердің өмір сүру салты туралы мағлұматтар алған.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


3мин

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Топқа бөлу.

Балалар қима қағаздар арқылы топқа бөлінеді:

1-топ: «Керей хан» (А деңгейдегі оқушылар)

2-топ: «Жәнібек хан» (В деңгейі)

3-топ: «Есенбұға хан» (С деңгейі)

Топ басшылары сайланады, әр топқа бағалау парақшасы беріледі, топ мүшесі өз тобын бағалап отырады.

Ресурстар


Қима қағаздар

Сабақтың басы


А деңгейі


Білу


3мин













Түсіну


6мин


  1. Тақырыпқа кіріспе

Қазақ хандығының құрылуы туралы бейнежазбаны көру: «Қазақ хандығы қалай құрылды?».

Талқылауға арналған сұрақтар:

- "Мың өліп, мың тірілдік"сөзі нені білдіреді?

- Жәнібек пен Керей сұлтандар несімен танымал?

- Қазақ хандығының 550 жылдығы қашан атап өтілді?

- Бұл оқиға біздің еліміз үшін неге маңызды?

Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)

  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.

  • Сабақ мақсаты ұсынылады:

  1. «Елші» ойыны

Шарты:

Әр топ басшысы көрші топтарға барып сабақ түсіндіреді.

Бағалау критерийі:

  • Қазақ хандығының негізін қалаушылар Жәнібек пен Керей хандарымен танысады;

  • Қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіреді.




Видеоролик



















карточкалар

Сабақ ортасы



В деңгейі


Қолдану



8мин
















Талдау



5мин







С деңгейі


Жинақтау


5мин



Бағалау 2мин

3. «Диалог құрамыз» тапсырмасы (жұпта)

- Оқушылар Жәнібек пен Керейдің суреттері және мәтін негізінде жұпта рөлдерді бөліп, бір-бірімен әңімелеседі.

  1. «Картамен жұмыс» (топта)

Оқушылар топтарға бөлінеді. Әр топқа 2 карта таратылады: қазіргі Қазақстанның кескін картасы және Қазақ хандығының картасы. Оқушылар топта қазақ хандығының аумағын салыстыра отырып, кескін картада белгілеулер жасап, қорытындылайды.

Бағалау критерийі:

  • Қазақ хандығы мен қазіргі Қазақстан аумағын салыстырады.


  1. «Бейнебаян жаса» стратегиясы (топта)

Топта оқушылар Қазақ хандығының құрылуы туралы бейне клиптің сценарийін құрастырады.

Талаптар:

  • Бейнебаян кем дегенде 4 кадрдан тұру керек;

  • Қазақстанның мемлекет болып құрылу жолындағы негізгі кезеңдер қамтылуы тиіс.

Бағалау «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы бағаланады.

Бағалау критерийі:

  • Қазақ хандығы құрылуындағы барлық маңызды оқиғаларды атап шығады.

Бір минутқа тапсырма «Кел, санайық» (жеке)

Оқушылар Қазақ хандығының құрылған уақытынан бастап қанша жыл өткенін санайды.

  • Қазақ елі Тәуелсіздік алғанға дейін қандай қиындықтарды бастан кешірді?

  • Қазақ хандығының құрылғанына қанша жыл болды?


Қоныс аударудағы Керей мен Жәнібектің суреті







Қазіргі Қазақстан кескін және

Қазақ хандығының картасы


Постер, маркерлер, бос кадрлар шаблоны

Қарындаштар

Сабақтың соңы


8мин

Кері байланыс.

Оқушы алдымен мұғалімнің сабағын бағалайды:

Енді топпен жұмыстағы іс-әркеті бағаланады.

Топта бағалау парағы

Рефлексия (жеке):

Әр оқушыға өзін-өзі бағалау парағы беріледі.

Сабақта не ұнады?

Сабақта не ұнамады?

Сабақта нені өзгерткің келеді?



























Таратпа парақ



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
18 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
4940
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі