Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Дүниетану .Ашық сабақ "Қандай кәсіби мерекелер бар?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне көмек 4 сынып дүниетану пәнінен қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы



Білім беру ұйымының атауы

32 жббом

Пәні:

Дүниетану

Бөлім:

Мамандықтар әлемі

Педагогтің аты-жөні:

Айлшиева Р

Күні:

08/12.2023ж

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

13 сабақ. Қандай кәсіби мерекелер бар?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

4.1.6.1 – зерттеулер негізінде кәсіби мерекелердің тарихын шығармашылық түрде таныстыру

Сабақтың мақсаты

-Кәсіби мерекелер туралы білу;

-Кәсіби мерекелер маңызын бағалауды үйрену.

Құндылықтар

ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ: Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру


Өткен білімді еске түсіру





Жаңа білім



























































































































































































Бекіту













Кері байланыс

Сабаққа дайындық

Өткен тақырыпты пысықтау сұрақтары:

-Қандай бөлімді аяқтадық?

-«Мәдени мұра»бөлімінде нені оқып білдік?

(қазақ халқының шығу тарихын,ХХ-ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ғылым мен

экономикасыдағы жетістіктерін,Қаныш Сатбаевтың елімізді дамытуға қосқан үлесі жайлы,тарихи мұражайлардың ел өміріндегі алатын орны туралы)


Жаңа тақырыпты ашу «Ми қозғау»(лападағы жұмбақтың жауабын табады,сипаттап береді

1-топ

1.Білімнің дəнін тереді,

Балаға тəлім береді. (Мұғалім)


2. Өрнектеп,сəндеп,

Тігістерін бүгетін.

Солпысын жөндеп,

Кім көйлек тігетін? (Тігінші)

2-топ

1. Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын (Шаштараз)



2. Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрігер емес, бірақ ол.
Дәм мәзірін қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол.(Аспаз)

3-топ

1.Дабылға тез жететін,
Жалынға сүңгіп кететін.
Қақалса да түтінге,
Тайсалмайтын батыл кім,
Жасқанбайтын батыр кім?(Өрт сөндіруші)

2. Компьютер тілін біледі,

Жәрдемге әрдайым келеді,

Тазартты файлды вирустан,

Бізге де керегі сол еді.

Сұраныс көп түсетін

Мамандықтын ол иесі.(Бағдарламашы)


3.Олар бізді барлық аурулардан емдейді

Олар ешқашан бас тартпайды!

Бұдан жақсы мамандық жоқ!

Бұл кім? (Дәрігер)

Жаңа тақырыпты ашу

-Жұмбақтың шешуіндегі сөздер мамандық атаулары яғни бір кәсіптің иесі.

Бүгінгі тақырып» Қандай кәсіби мерекелер бар?»

Тақырып пен ережені жазғызу

-Кәсіп деген не?

-Мереке деген не?

Мереке деп-мемлекеттік,ресми түрде бекітілген салтанатты оқиғаларды айтамыз.

Кәсіп деп-белгілі бір білім мен машықтарды талап ететін еңбек қызметінің түрі.

-Біздің елімізде қандай мерекелер бар?

(суреттерін көрсете отырып тақтаға ілінеді)

Мемлекеттік мереке:

Жаңа жыл

8 наурыз-халықаралық әйелдер күні

Наурыз мерекесі-Наурыз мерекесі

1 мамыр-Қазақстан халқы бірлігі күні

7 мамыр-Отанқорғашуылар күні

9мамыр-Жеңіс күні

6 шілде Астана күні

30 тамыз –Конституция күні

25 қазан-ҚР күні

16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні

Кәсіби мерекелерді анықтау барысында тапсырма орындау.

Топтық тапсырма(Оқулықтың 54 бет)

Кәсіби мереке атауына қарай күнтізбеден суреттегі кәсіби мереке датасын біліп сол мамандық туралы білгендерін айтқызу,тақтаға суретті ілгізу.

Оқулықпен жұмыс

55-бетті кезекпен оқи отырып,түсіндіру.

Мейлі мұғалім, экономист, аспаз, дәрігер немесе құрылысшы болсын, кез келген кәсіп өзінше маңызды әрі қызықты болады. Әр кәсіптің өз жетістігі бар. Кәсіптің абыройлы болуы адамның қалай жұмыс істейтініне байланысты. Егер ол шығармашылықпен еңбек етіп, сүйікті жұмысына бар күшжігерін жұмсаса, қоғамда сый-құрметке бөленеді.
  Бүгінгі таңда әр алуан кәсіп түрлерінің кәсіби мерекелері бар. Олар еліміздің тарихынан сыр шертеді. Сонымен қатар ол мерекелердің өздерінің де тарихы болады. Мәселен, құрылысшылар күні, геологтар күні, мұғалімдер күні, медицина қызметкерлерінің күні тәрізді кейбір кәсіби мерекелер Кеңес Одағының тұсында пайда болған. Кейбір мерекелер еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін белгіленген. Олар – полиция күні, экологтар күні, ұлттық валюта күні секілді мерекелер.
  Еліміздегі кәсіби мерекелер ресми түрде демалыс күндері деп саналмайды. Алайда кәсіби мерекелік құттықтау тілектерін есту және өзінің әріптестеріне жылы лебіз білдіру үшін адамдар айтулы күнді асыға күтеді

-Ұстаздар күнімен тарихымен таныстыру.

  КСРО күнтізбесінде мұғалімдердің кәсіби мерекесі 1965 жылы пайда болған. Қазан айының бірінші жексенбісі мереке күні ретінде белгіленген. Сенбі күні, мереке қарсаңында, кеңестік оқушылар қолдарына гүлшоқтарын ұстап сабаққа баратын болған. Сыныптарды түрлі түсті шарлармен және қабырға газеттерімен безендірген. Оқушылар ұстаздарына арнап құттықтау хаттарын жазған, ән айтып, өлең оқылатын және көңілді концерттік қойылымдар көрсетілетін. Бүгінгі оқушылакеңестік замандағы ізгі дәстүрлерді ұмытпайды. Өздерінің ата-аналары сияқты олар да мереке күні мектепке гүлшоқтарын әкеледі.

57 бет «Сен білесің бе?»өздік оқу,топта талқылау,айту.

  Техника, технология жаңарған сайын өмірге үлкен жаңалықтар енуде. Көптеген мамандардың жұмысын робот атқаратын замандар келе жатыр. Сен енді робот құрастыру техникасын жасауды үйірме сабақтарында үйренесің. Оны білу үшін «Ақпараттық технология», «Математика», «Физика» пәндерінен білімің терең болуы керек.


Қорыту

55 бет Кәсіби мерекелер не үшін қажет?

Өз беттерінше дәптерге пікірлерін жазу,4-5 балаға оқыту.

«Сен –маған,мен-саған»ауызша




Сұрақтарға жауап береді








Жаңа сабақты ашады









Жұмбақтарды шешеді, сипаттап береді

Топпен жұмыс жасайды




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.01.2024
383
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12