400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дүниетану Ашық сабақ "Тaзaлық-денсaулық кепілі" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып мұғаліміне дүниетану пәнінен көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пәні: дүниетану


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:


Бөлімше:


Ортақ тақырып:


Күні:


Cынып: 1


Мектеп: Зеленов ауданы Новенький ЖОББМ


Мен және қоғaм


Денсaлық пен қауіпсіздік


Дені сaудың жаны сау


Мұғалімнің аты-жөні:


Қатысқандар саны:

Қaтыспaғандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Тaзaлық-денсaулық кепілі

Осы сaбaқтa қол жеткізілетін оқу мaқсaттaры (оқу бaғдaрлaмaсынa сілтеме)

1.1.4.1 Жеке бас гигиенaсын сақтау маңыздылығын дәлелді түрде түсіндіру

Сaбaқтың мaқсaттaры

  1. Жеке бaс гигиена ұғымын түсіндіреді, гигиенa сақтау ережелерін aйтaды.

  2. Жеке бaс гигиенaсын сaқтaу мaңыздылығын дәлелдейді

  3. Жеке бaс гигиенасын сақтаудың ережелерін құрастырады.

Тілдік мақсат

Пәнге тән лексика мен терминология:

Гигиена,тазалық,щетка, сабын, орамал, тарақ,.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

1. Жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығы неде? 2. Не үшін тазалық сақтау қажет? 3. Дені сау әрі әдемі болғың келеме? 4. Қандай жеке бас гигиенасын сақтауға арналған қажетті заттарды білесін?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық-топтасып Кэррол диаграммасын құрған кезде.

Құрмет- бірін бірі өзара бағалауда.

Өмір бойы білім алу құндылығы бойынша жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын дәлелді түрде көз жеткізу арқылы дамып отырады.

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек сабағына бағытталған тапсырманы жұмыс дәптеріндегі жеке бас гигиенасына қажетті заттарды тауып, бояйды.

Дене шынықтыру пәніне байланысты сергіту сәтінде.

Бастапқы білім

Жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


2 мин


























2 мин


Ширату. «Ғажайып қобдиша» әдісі


Қобдишаға сабын, тарақ, тіс пастасы, тіс щеткасы, орамал, губка салынады.

  • Оқушылар, менің қолымдағы ғажайып қобдишада сіздерге қажетті зат бар.Ол заттарды бір-бірлеп келіп, қолыңызбен ұстап, тауып алу керек.

  • Бұл қандай заттар? Жеке бас гигиенасына қажетті заттар. Қане, бәріміз жеке бас гигиенасы деген сөзді қайталап айтып көрелік.

Сабақтың мақсатын оқушылардан сұрау.

  • Балалар, бүгін сабақта біз не туралы оқып үйренеміз екен? Қалай ойлайсыңдар?

Ойларын тиянақтау үшін: біз бүгінгі сабақта жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын дәлелді түрде түсінуге арналған тапсырмалар орындаймыз.

  • Ал, сіздердің жеке бас гигиенасын сақтауға арналаған заттарыңыз бар ма? Ендеше, осы заттардың ішінен дене мүше және киім тазалығын сақтауға арналған заттардың суреттерің ала қойыңыз.

  • Б алалар, өздерің алған суреттер бойынша топқа қалай бөлінуге болады? Ойланып көрелік. (Суреттер арқылы топқа бөлу.)



Ғажайып қобдиша, сабын, тарақ, тіс пастасы, тіс щеткасы, орамал, губка







Сурет арқылы топқа бөлу






Сабақтың ортасы



4 мин












4 мин














Топтық жұмыс: Кэррол диаграммасы арқылы жұмыстану.

Дереккөз арқылы саралау.

Оқушылар, тақтада жеке бас гигиенасына қажетті бірнеше суреттер берілген. Сіздер алдарыңыздағы Кэррол диаграммасы деп аталатын кестеге тақтадағы суреттерді орналастырып көріңіз.

Күнделікті

Күнделікті емес

Тарақ, сүлгі, сабын, тіс щеткасы, тіс пастасы, сусабын

Иісмай, әтір, монша жөкесі, киім - аяқкиім щеткасы.



Өте жақсы! Балалар, енді әр топқа жеке сұрақ қоямын.

І-топқа: Жеке бас гигиенасы деген ұғымды қалай түсінесіздер және неліктен бұл заттарды күнделікті атты бағанға жапсырдыңыздар? Сол туралы түсіндіреді.

ІІ-топқа: Жеке бас гигиенасы сақтау адамға не үшін керек және неліктен бұл заттарды күнделікті емес атты бағанға жапсырдыңыздар? Жеке бас гигиенасын сақтаудағы маңыздылығын әнгімелейді


ҚБ Мұғалімнің бағалау

Оқушылар жауаптарын «Мадақтау» әдісі арқылы қолпаштап отырамын.


Топтық жұмыс: Оқулықпен жұмыс

Суретпен жұмыс.

Суреттерге қарап, тәжірибе арқылы дәлелдер келтіріп ереже айтып береді. (қол жуу, тіс тазалау секілді т.б әрекеттерді көрсету арқылы ереже)


ҚБ: «Театрдағы әрекет» әдісі арқылы қол шапалақтайды

«Браво, Бис, Жарайсыңдар!»- өте жақсы жауап берген жағдайда

«Жарайсыңдар!» -жауаптарына толықтырулар болған кезде

«Қол шапалақтау»-жауаптары дұрыс болмаған жағдайда



Тарақ, сүлгі, сабын, тіс щеткасы, тіс пастасы, сусабын, иісмай, әтір, монша жөкесі, киім ж/е аяқкиім щеткасы. суреттері

















Оқулықпен жұмыс 83 бет















Дәптермен жұмыс


7 мин



































3 мин


2 мин

Сергіту сәті













7 мин

























Жұптық жұмыс. Тапсырма бойынша саралау

А деңгейіндегі оқушыларға.

Қажетті заттарды тауып, суреттерді бояйды.

Жеке бас гигиенасы туралы айтады, ережесін түсіндіреді.

Picture 4

В деңгейіндегі оқушыларға. Бос орынға қажетті сөздерді жазады.

Жеке бас гигиенасын сақтау маңыздылығын дәлелдеп, айтады

Picture 1

С Сурет бойынша жеке бас гигиенасы ережелерін құрастырып айт.






ҚБ: «Ду қол шапалақ» бағалау әдісі. Үш тапсырманыда орындаса үш рет шапалақ соғады, екі тапсырма орындалса екі рет шапалақ соғады, бір тапсырманы орындаса бір рет шапалақ соғу арқылы өзара бағалайды.


Дәрігер сұрақ қояды «Сұрақ-жауап» әдісі

Слайдтан оқушыларға арналаған сұрақ көрсетіледі.

  1. Сабынның адам ағзасына қандай пайдасы бар ?

  2. Жеке бас гигиенасын сақтауда судың маңыздылығы неде?

  3. Қандай жеке бас гигиенасына арналған заттармен таныстындар?

ҚБ: оқушылар жауаптарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау



Олай болса, біз сіздермен сергіту сәті барысында, сабағымызды жалғастырайық.

Оқушылар орындарынан тұрып, айтылған әркеттерге байланысты іс қимыл жасайды. Осыған дейінгі білімдерін еске түсіреді.

Ұйқымыздан тұрамыз- керіліп ұйқыларынан оянады

Оңға, солға бұрылып

Сүлгімізді аламыз-иықтарына сүлгілерін қояды

Жуынуды жөн санап,

Беті-қолды жуамыз.

Тіс пастасын аламыз

Щеткаға құйып мөлшермен

Тісімізді жуамыз.


Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма.

Бағалау критерийі: Жеке бас гигиенасына қатысты ережелерді айтады.

1.1.4.

1-тапсырма Суретке мұқият қара. Балаға тазалық сақтауға қажетті заттарды анықтауға көмектес. Суреттерді сәйкестендір.



Адамдарға тазалық сақтау не үшін керек? Жұпта ой бөліс.


Дескриптор:

-Тазалық сақтауға қажетті заттарды анықтайды.

– Гигиена сақтаудың маңыздылығын әнгімелейді.








Дәптермен жұмыс 59 бет












































Дәрігер сұрақ қояды слайд арқылы




















































Сабақтың соңы

2 мин

Рефлексия

«Мінбе » әдісі. Сабақ соңында оқушыларға үш түсті «медаль» беріледі.

  • -толық түсіндім, тазалықтың адам өміріндегі маңызын дәлелдей аламын.

  • - әлі де көмек керек, жеке бас гигиенасының ережесін білемін.

  • -түсінбедім гигиена сақтау маңыздылығын түсінем.




«Мінбе» плакаты









Қосымша ақпарат



Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дереккөз. Кэрролл диаграммасына суреттерді жапсыру және сұрақ-жауап қайтару нәтижесінде мақсаттарды ашады. Тапсырма Дәптермен жұмыста оқушыларды «Қол орамал» түстеріне қарай А,В,С деңгейге бөліп тапсырмалар орындатамын

Бағалау. Мақсатқа жетуге бағытталған тапсырмалар барысында оқушыларды әр жұмыс бойынша жеке, топта, жұпта, ұжымда өздік білімдерін тексеруге, бақылауға бағытталған қалыптастырушы бағалау мен рефлекциядан көруге болады.


ҚБ Мұғалімнің бағалау

Оқушылар жауаптарын «Мадақтау» әдісі арқылы қолпаштап отырамын.


ҚБ: «Театрдағы әрекет» әдісі арқылы қол шапалақтайды

«Браво, Бис, Жарайсыңдар!»- өте жақсы жауап берген жағдайда

«Жарайсыңдар!» -жауаптарына толықтырулар болған кезде

«Қол шапалақтау»-жауаптары дұрыс болмаған жағдайда


ҚБ: «Ду қол шапалақ» бағалау әдісі. Үш тапсырманыда орындаса үш рет шапалақ соғады, екі тапсырма орындалса екі рет шапалақ соғады, бір тапсырманы орындаса бір рет шапалақ соғу арқылы өзара бағалайды.


ҚБ: оқушылар жауаптарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау


Рефлексия

«Мінбе » әдісі. Сабақ соңында оқушыларға үш түсті «медаль» беріледі.


Дене қауіпсіздігін сақтауда, және қауіпсіздікте проекторды ұйқы режиміне қою, жаттығу кезінде алшақтықты сақтау, жеке бас гигиенасына қажетті заттарды қолдану ережелерін біледі.


Денсаулықты сақтау, жеке бас тазалығы Салауатты өмір салтын қолдану







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 қазан
578
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі