400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дүниетану "Дала өсімдіктері мен жануарлары" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дала өсімдіктері мен жануарлары туралы мағлұмат беру, "Қызыл кітапқа" енгенжануарлар мен өсімдіктермен таныстыру. Табиғатты аялау мен қорғап сақтауға баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дүниетану

Уақыты:4 сабақ

Кабинет:мультимедия

Мұғалім:Ембергенова Б.А.

Сабақтың атауы

Дала өсімдіктері мен жануарлары

Сілтеме

Дүниетану оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Кесте, суреттер, оқулық, карта, Венн диаграммасы

Орман және тоғай өсімдіктері мен жануарлары жайлы түсіндіру.

Орман мен тоғайдың айырмашылығын білу, орман және тоғай өсімдіктері мен жануарларын атау,қоршаған ортаға қамқор болу.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жердің атауларымен алынады: Шалғынды жер, Дала, Шөл.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Қайырлы күн, күнім, далам, орманым, 
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім. 
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер 
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі! 

Қоршаған өмір әлемі,

Не деген көркем әдемі!

Сол сұлулықты сақтайық,

Мадақтайық, мақтайық

Қайырлы күн балалар!

Қайырлы күн қонақтар!.


Үй тапсырмасын сұрау

Бағалау парақшаларын тарату, топбасшыларын сайлау.

Әр топ өз атауындағы мекендейтін жануарлар мен өсімдіктер туралы әңгімелеп береді.

Шалғын тобы

1.Шалғын дегеніміз не?

а) шөп жайқалып өсетін ылғалы жеткілікті үлескі

ә) суға тапшы аймақ

б) ормансыз жазық алқап

в) көптеген ағаштар өсетін аймақтар

2.Адам шалғынды қалай пайдаланады?

а) мал жаяды, шөп шабады

ә) суғарады, орады
3.Шалғында қандай жануарлар тіршілік етеді?

а) тасбақа, сұркелес

ә) ұлу, көбелек, саршұнақ

б) ақбөкен, қасқыр, бүркіт
4.Шалғын өсімдіктерін ата.

а) ақсексеуіл, жауқазын, қызғалдақ

ә) боз, бетеге, жусан

б) жұпаргүл, жоңышқа, сарғалдақ
Дала тобы

1. Дала дегеніміз не екенін көрсетіңіз.
а)Ормансыз алқап б)Шөлді аймақ в)Тау бөктері с)Құрлық жер
2. Тез құрғап кететін даланың түрін көрсетіңіз.
а) шалғынды б)қуаң в) егістік с)жазық
3. Дала жануарын көрсетіңіз.
а)арқар б)бақа в)ор қоян с)қоңыр аю
4. «Қызыл кітапқа» енген, даланы мекендейтін бағалы жануарды көрсетіңіз.
а) Қасқыр б)ақбөкен в)түлкі с)қоян
Шөл тобы

-Шөл дала деп қандай жерді айтамыз?

а) шөп жайқалып өсетін ылғалы жеткілікті үлескі

ә) суға тапшы аймақ

б) ормансыз жазық алқап

-Шөл даланың өсімдіктерін ата

а) ақсексеуіл, жауқазын, қызғалдақ

ә) боз, бетеге, жусан

б) жұпаргүл, жоңышқа, сарғалдақ

-Шөл жануарларын ата?

а) тасбақа, сұркелес

ә) ұлу, көбелек, саршұнақ

б) ақбөкен, қасқыр, бүркіт

-Қазақстанның шөл далаларын ата.

а) құмды, сортаң, тақыр

ә) қуаң, егістік, шалғын дала

б) орман, тоғай


Қызығушылықты ояту

Өзекті сұрақ «Орманды мекендеушілердің бір түрі жойылып кетсе, не болады?»

Орман мен тоғай дегенде көз алдарына не елестейді? Орман дегеніміз не? Тоғай дегеніміз не?

Үйде дайындап келген тапсырмаларын айту.
Оқушылар орман дыбыстарын тыңдайды және естігендерін жазады.

Мысалы: орман ішіндегі құстар мен жануарлардың дыбысы.

  • Орманда тағы қандай дыбыстарды естуге болады?

1 минут музыка естіп алайық.

Орман деген не? Тоғай дегенімз не? Айырмашылығын айт.

Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір - біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен.

Тоғай – шөл және шөлейт аймақтардың жайылма сулы өзен алаптарында өсетін орман. Орталық Азияның Сырдария мен Әмудария, Мургаб, Зерафшан, Вахш, Шу - Іле т. б. өзендер бойында, аралдарда кездеседі.

Еліміздің солтүстігіндегі Оңтүстік Орал мен Алтайға дейінгі кең алқаптың жазық бөлігінде шағын ормандар өседі. Далалы және шөлді жерлердегі кішірек өзендер мен көлдердің жағасында шоқ тоғайлар көп. Орман мен тоғайлардың өсімдіктеріне қолайлы жағдайлар жеткілікті, топырағы құнарлы, ылғалы мол, топырағы қыста тоң болып қатып қалмайды. Жануарларына мол азық, ыңғайлы баспана да бар.

Қызылжар қаласының төңірегінде қайыңды ормандар жиі кездеседі. Қарағайлы орман мен шыршалы орманның қандай ерекшелігі бар екенін айту. Жарық түсетін қарағайлы орман сияқты жерлерде, топырағы құнарлы, ылғалы мол жерлерде қойбүлдірген, таңқурай, тошала, қарақат, долана, мүкжидек, сиырбүлдірген, мойыл, балшытыр, айдаршөп, қоғажай көктерек. қарағай, шырша, қайың сияқты өсімдіктер көп. Кауфман көкгүлі «Қызыл кітапқа»енген. Орман өсімдіктері адамға пайдалы, дәрілік қасиеті бар. Оларды емдік шөптер дейді.

Картамен жұмыс, Суретпен жұмыс

Оқулықпен жұмыс

Оқушылар топтасып жұмыс жасайды.

1топ орман өсімдіктері жайлы ақпарат іздейді және жазып алады.

2 топ орман жануарлары туралы ақпарат іздейді және жазып алады.

3 топ орманды мекендеушілердің қоректік тізбегін құру.

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Сергіту сәті

1,2,3,4,5 сандарын қолмен ауада жазу, мұрнымен ауада жазу, белімен, тіземен жазу.

Ой толғаныс

























































Қорыту

Орман – адамзаттың баға жетпес байлығы, қамқоршысы.

Өйткені, бір ағаш тәулігіне бір адамға жететін оттегін бөледі.

Шырша тәулігіне 970 кг оттегін бөліп шығарып, 500 жыл өмір сүреді.

Балқарағай тәулігіне 940 кг оттегін бөліп шығарып, 850 жыл өмір сүреді.

Қайың тәулігіне 540 кг оттегін бөліп шығарып, 150 жыл өмір сүреді.

Көк терек тәулігіне 680 кг оттегін бөліп шығарып, 100 жыл өмір сүреді.

Сызбамен жұмыс

Орман түрлері

Орман-тоғай өсімдіктері

Орман- тоғайды қалай қорғау керек?

Орман-тоғай жануарлары

Шыршалы, қарағайлы, аралас

аққұлақ, қою көк түсті құртқашаш, түсі жалындай қызғылт сары, бұтағы қалың, биік убалдырған мен лалагүл, көкгүл, алқызыл ірі гүлді таушымылдық

Қорықтар ашу, таза ұстау, бір тал кессең он ағаш отырғызу, аңдарды аулауға тыйым салу.

- тиіннің, аю мен қасқырдың, елік пен маралдың, борсық пен сілеусіннің, құр мен қарақұтанның, көкек пен бұлбұл

Сурет бойынша жұмыс.

1. Мынау шыршалы орман.

Іші қаракөлеңке. Айнала кілемдей төгілген қылқан жапырақтар. Шөп - шалғандар да, бұталар да аз. Оқта - текте шымшықтардың шықылықтағаны, тоқылдақтардың ағашты соққылағаны естіледі. Кейде жаңғақ іздеп ағаштан - ағашқа секірген тиіннің көлеңкесі көлбең ете қалады. Тиіндер мен тоқылдақтар қатты жаңғақтарды оп - оңай шағып жейді. Олар үшін шырша дәнінен дәмді тағам жоқ.

2. Қарағайлы орман.

Еліміздегі көп алқапты алып жатқан – қарағайлы орман. Іші жарық та құрғақ. Табан асты қалың мүк. Мұндай орманда жеміс - жидектер де көп - қарамық, итбүлдірген сыңсып тұрады. Мұндай жеміс өскен жерде құр, меңіреуқұр болады.

3. Аралас орман.

Бұл – аралас орман. Қайың мен қарағай, шырша мен қарағай, шырша мен бозтерек қатар, аралас өсіп тұра береді. Мұнда жөке ағашы да, емен де үйеңкі де кездеседі. Алуан түрлі бұталар, шөптер мен гүлдер де мол. Сан алуан құстардың қосылып салған әніне құлақ құршың қанады.

Ағаш алуан түрлі ғой, сол себепті орман да алуан түрлі.

Венн диаграммасын құру: Орман досы мен жауы

Мақал – мәтел айту

Ағаш айғайға кұламайды.

Ағаш жапырағымен, жер топырағымен ....

 Ағаш тамырымен, адам досымен мықгы.

 Орман ел дәулеті, жер сәулеті.

 Орманшы ағаш кесе алмас, ақ балтаны қайрамай.

 Жорыққа батыр аттанбас, жау жарағын сайламай.

 Орманшы отынға жарымас.

-Орман неліктен жойылып жатыр? Ол неге байланысты? Орманның жойылуына адамның катысы бар ма?

Суретпен жұмыс

Көрікті даламыздың ормандары,

Орман деген-аң, құстың қорғандары.

Осындай байлықтарды қорғаймыз деп,

Адамдардың дұрыс қой толғанғаны

 Ендеше, табиғат байлығымызды үнемі қорғауда болайық!

Рефлексия

  • Бүгінгі сабақта қандай жаңа мағлұмат алдың?

  • Алған білім өмірде қалай пайдаға асады?

  • Қандай сұрақтар туындады?

Стратегия жасау

Үй тапсырмасы

Сөзжұмбақ құрастыру, Орманды мекендеушілер туралы мағлұмат жинап келу. Сурет салу . «Егер де табиғатта тіл болса ...» эссе жазып келу.

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Бағалау парақшаларын толтыру.



«Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ашық сабақ

Дүниетану

Тақырыбы:

«Орман – тоғай өсімдіктері мен жануарлары»

Shape1





Сыныбы:

Орындаған: Ембергенова Б.А.



Игілік – 2017

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
667
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі