15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Дүниетану "Жануарлар"
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар
Сабақтың мақсаты:оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін тексеру, олар құстар мен жануарлар тақырыбын қаншалықты меңгергендігін және оларды бір-бірінен ажырата алатындығын бақылау.
Сабақтың міндеті:
Білімділігі: оқушыларға құстар мен жануарлардың адам өмірінде қаншалықты маңызы бар екендігін және олардың пайдасы, зияны туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылығы: оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілетін дамытып және оларды шапшаңдыққа үйретеді.
Тәрбиелілігі: оқушыларды құстар мен жануарларды аялай білуге, оларды бағып-қағуға және адамгершілікке, парасаттылыққа , кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Тәжірибелілігі: оқушыларды дұрыс және сауатты оқуға үйрету.
Сабақтың түрі:интелектуалды ойын, аралас
Көрнекілігі: жануарлардың суреті, сөзжұмбақ, ребус
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: практикалық, сөздік, сұрақ-жауап, ойын
Пәнаралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі, бейнелеу.
Сабақтың барысы.
I.Ұйымдастыру кезеңі:
А. Оқушылардың сабаққа әзірліген тексеру және оларды 2 топқа бөлу.
Ә. Топ ішінен әділ қазы сайлау.
Б. Ой ашар
Балалар бүгінгі біздің сабағымыз қайталау сабағы. Біз өткен сабақтарда жануарлар мен құстар тақырыбын өттік емес пе? Енді сол тақырыпты сендердің қаншалықты меңгергендіктеріңді білу мақсатында бүгін мен сабақты «Алғырлар мен тапқырлар» интелектуалдық ойыны түрінде өткізбекпін.
Ойынның шарты.
-
«Бәйге»
-
«Тіл өнері»
-
«Жұмбақ сандық»
-
«Кім жылдам»
-
«Тез ойла»
-
«Сөзжұмбақ» және «ребус» шешу
I. «Бәйге». Сұраққа тез жауап бер. Әр топқа 8 сұрақтан беріледі. Сол сұрақтарға тез жауап беру керек.
-
Көру мүшесі?(көз)
-
Есту мүшесі?(құлақ)
-
Адам денесінің тірегі? (қаңқа)
-
Жыл басы?(тышқан)
-
ҚР тәуелсіздігі қашан жарияланды?(1991)
-
Қазақ тарихындағы тұңғыш ғарышкер?(Т.Әубәкіров)
-
ҚР мемлекеттік тілі?(қазақ)
-
Басты байлық не?(денсаулық)
-
Қара алтын?(мұнай)
-
Ең үлкен құс?(түйеқұс)
-
Ең киелі құс?(аққу)
-
Жылдан құр қалған жануар?(түйе)
-
Жердің бетіндегі өсімдік өсетін борпылда жұмсақ қабаты?(топырақ)
-
Орман дәрігері?(тоқылдақ)
-
Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал қалай аталады?(компас,түсбағдар)
-
Жеті қазананаың бірі.. (ит)
Сонымен алғашқы сайысымызды аяқтадық. Қане, кім қанша ұпай жинапты соған назар аударып өтейік. «Өнер алды –қызыл тіл»демекші, келесі сайысымыз «Тіл өнері»сайысы. Ойын шарты: Жұмбақты шешіп оны орыс тіліне аудару. Әр дұрыс жауап екі тілде айтылса толық жауап, бір тілде айтылса жарты жауап болады.
II. «Тіл өнері»
-
Өзі айлакер, өзі қу,
Жүрген жері айқай да шу. (Түлкі-лиса)
-
Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады.(Аю-медведь)
-
Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян-заяц)
-
Қорықпайды, күшті аңнан,
Қорқады тек тышқаннан. (Піл-слон)
5.Кезекті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Ол не?(Түйе-верблють)
6. Шапқылауға тоймайды,
Ғажап жүйрік бұл неткен?
Тыным таппай ойнауды
Өзіне кім үйреткен?
Ол не? (Жылқы-лощадь)
7. Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар.
Төрт жылтырамасы бар,
Бір сыпырғысы бар.
Ол не?(Сиыр-корова)
8. Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
Ол не?(Қой-баран)
9.Судан шықса баладай,
Тәй-тәй басып қалады-ай. (Қаз-гус)
10. Садақша мойнын иілтіп,
Көрген жанды сүйсінтіп,
Жүзгенде көлдің сәні өзі,
Судағы құстың нәні өзі.
Жердегі құстың серкесі;
Көктегі құстың еркесі. (Аққу-)
11.Қос қанатын иіп ап,
Жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап,
Балшықтан үй соғады. (Қарлығаш-)
III.Сергіту сәті:
Тізені сәл бүгейік,
Қолды артқа ұстайық.
Алға созып мойынды,
Қане, қазға ұқсайық.
Маңғазданып көрейік,
Кербезденіп жүрейік.
Терең суға жүзейік,
Орнымызға келейік.
«Көп жасаған білмейді, көп оқыған біледі» демекші, келесі сайысымыз IV.«Жұмбақ сандық». Бұл жерде барлығы 14 жануар жасырынған. Соны тауып көрелік.
|
А |
Ж |
Ы |
Р |
Л |
М |
А |
Д |
Р |
Е |
А |
|
Ы |
О |
Л |
Б |
А |
Р |
Ы |
С |
З |
О |
Ж |
|
Т |
О |
Қ |
Ы |
Л |
А |
О |
Т |
Ү |
Й |
Е |
|
З |
В |
А |
Е |
Д |
Т |
П |
Д |
Л |
Б |
Қ |
|
Э |
Ц |
Р |
Ғ |
А |
А |
П |
О |
К |
Р |
Ұ |
|
Ю |
Ы |
Л |
А |
Қ |
А |
Е |
Е |
І |
Э |
С |
|
П |
Ғ |
Р |
В |
Л |
С |
Ш |
Г |
Р |
Ы |
И |
|
Ю |
А |
Қ |
Қ |
У |
Қ |
К |
О |
Р |
П |
А |
|
Ф |
Ш |
А |
О |
Р |
Ы |
І |
О |
Н |
Г |
Ш |
|
Ы |
Р |
М |
Й |
О |
Р |
Р |
Т |
Е |
А |
П |
|
Ц |
А |
Е |
В |
Н |
Г |
Д |
М |
Д |
Ж |
Х |
V. «Кім жылдам»ойыны. Үй және дала жануарларын мына кесте бойынша толтыр..

VI. «Тез ойла» «Қоян» және «Торғай» туралы тақпақтар айту.
Қоян Торғай
Ұзын құлақ сұр қоян Шыр-шыр еткен торғайды
Естіп қалып сыбдырды Қорғамасақ, болмайды
Ойлы-қырлы жерлермен Кіп-кішкентай торғайлар
Ытқып-ытқып жүгірді Ағаштарды қорғайды
Қарап еді артына Таспен атып торғайды
Қиығын салып көзінің Ұя бұзған оңбайды
Келе жатқан томпаңдап Құс өкпелеп кетеді
Көжегі екен өзінің Бақшамызға қонбайды.
VII.Сергіту сәт:
Көлден ұшты 7 қаз,
Қайтып келді 2 қаз,
Қонбады оның нешеуі,
Кәне, кім тез шешеді? (5)
VIII.«Cөз жұмбақ» және «Ребус» шешу.
IX.Сабақты қорытындылау:Құрметті оқушылар, сонымен «Алғырлер мен тапқырлар»атты интелектуалдық ойынымыз осымен аяқталды. Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
X. Марапаттау
XI. Үй тапсырма: Өзіңнің ұнатқан жанарларыңның суретін салып, сол туралы шаған эссе жазу.
Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

Тақырыбы: Жануарлар
Дайындаған: БОП-31 тобының студенті
Жиренбаева Нұржамал.
Тексерген:Қара Ә.Б
Арқалық, 2012
ЖОСПАР Кіріспе 1. Көрнекі оқыту әдістері Көрнекілік туралы түсінік Көрнекі оқыту әдістері 2. Көрнекі құралдарды бастауыш сыныптарда қолданылуы Сабақта көрнекі құралдарды пайдалану 2.2. Көрнекілік әдістерін пайдаланған сабақ жоспары Қорытынды Пайдаланан әдебиеттер Кіріспе Болашақ маманның ең негізгі міндеті таңдаған мамандығы бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын ұдайы меңгеру болса, кәсіби тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық іс- тәжірибе кезеңінің үлкен көмегі болады. Сондай іс- тәжірибе кезеңдерінде бағдарламаның тақырыптық құрылымына сай сан алуан шығармалар, көркеніліктерді пайдалана отырып, балаларды ән әлеміне қызықтыра білу керек. Жас мұғалім өзін мәдениетті ұстай білуі, үйірсектік, мақсатқа жетуде табандылық, орынды әзіл, баланы жасы көру, ұстаздық байқағыштық, ұйымдастыру қабілеті т.б. кәсіби пайдалы сипаттарды білгені жөн. Тәрбие мен білім алу қандай тығыз байланыста болса, алған білімді кәсіби жеткізе білу де шеберлік. Оқушының байқау, көру қабілеттерінің ерекшеліктерін ескеріп, дамытатын- көрнекілік. Көрнекілік- оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр- сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. Көрнекілік мұғалімнің шығармашылық ізденісі мен әдістеме жағалықтарына сергек қарап, сабақ барысында шебер пайдалана білуді талап етеді. Көрнекіліктерді пайдалануға қазақтың ұлы педагогы Ы.Алтынсарин де зор көңіл бөлген. «Қазақ жастары ғылым, өнерді кітап сөзі деп қарамай, заттай, көзімен көріп ажырата білулері керек»,- деген. Всего 21 страница.
Көрнекілік принципі. Бұл ертеден қолданылып келе жатқан принцип. Оның негізіне мынадай ғылыми заңдылық жатады: сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерді түрліше қабылдайды. Ең сезімталы - көру мүшелері; Олар арқылы миға енетін ақпараттар оқушылардың есінде жақсы сақталады. Кейбір заттарды есте сақтау көрнекіліксіз мүмкін емес.
Шарттары:
• балалардың ақыл-ой жұмысы үшін формалар, бояулар, дыбыстар керек екенін естен шығармау;
• оқытудық алтын ережесі: көрініп тұрғандарды көрсету, еститінді естірту, иіскететінді иіскету, дәмін татып көретінді дөмін таттыру;
• көрнекілік - оқыту және ақыл-ойды дамыту құралы;
• оқушы ұғымдар және абстрактілік ережелерді түсіну үшін нақты фактілер, мысалдар келтіру;
• көрнекілікті мәселелі жағдаяттар туындату үшін қолдану;
• көрнекі құралдық оқылатын зат және құбылыс туралы анық және дұрыс түсінік алуға көмектесуі;
• оқушылардың бақылауын жүйелеп, құбылыстардың себептерін, салдарын анықтату;
• көрнекілікті балалармен бірге алдымен түгел қарау, негізгісі мен негізгі емесін анықтау, содан кейін тағы бір рет толық қарап шығу;
• көрнекіліктің алуан түрін қолдану, біраң көп көрнекілік қолданбау, өйткені балалардың назары басқа жаққа ауып, негізгіні түсіне алмай қалады;
• көрнекілікті қолданып оқушының сезіміне қозғау салу, қалыптасқан түсініктерге сүйеніп, меңгерілетін ұғымды нақтылау;
• балалармен бірге көрнекілік жасау, оқушылардың өздері жасаған көрнекіліктердің де әсері мол;
• қазіргі көрнекі құралдарды, атап айтсақ: оқу теледидарларын, бейнежазбаларды, кодослайдтарды, жартылай әкранды проекцияларды т.б. қолданып, техникалық құралдармен жұмыс істей білу;
• көрнекі құралдарды қолданып оқушылардың зейінін, бай-қампаздығын, ақыл-ой мәдениетін, жобалай білуін, оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу;
• көрнекілік арқылы өмірмен байланыс орнату;
• балалардың жас ерекшеліктеріне қарай заттьщ көрнекілікті азайтып, символдық көрнекіліктерді қолдану;
• надты заттар мен құбылыстарды көрсету, мүмкіндік болмаған жағдайда символдың көрнекі құралдарды қолдану.
Көрнекілік түрлері:
Табиғи көрнекі лік оқушыларды нақты объектілермен (өсімдіктермен, жануарлармен, минералдармен) таныстыруды талап етеді.
Эксперименттік көрнекілік арқылы оқушылар химиядан, физикадан тәжірибелер жасайды.
Суретті көрнекіліктің мақсаты - нақты дүниенің бейнесін көрсету (бейнесурет, картина, диафильм, диапозитив, мылқау кинофильмдер).
Көлемді көрнекілік: макет, үлгі, муляж, геометриялық фигуралар, панорама.
Дыбыстық көрнекіліктер: күйтабақтар, ұнтаспаға жазылған материалдар, т.б.
Символдық және графикалық көрнекілік: абстракты ой дамуына көмектеседі, себебі болмысты шартты белгілермен белгілейді. Олар: карта, жоспар, сызба, диаграмма.
Жанама көрнекілік жаңа бейнені бұрынғымен салыстырып, ол туралы түсінік қалыптастыру.
В.Ф.Шаталовтың тірек сигналы бейне, таңба, шартты белгі, суреттерден тұрады. Олар қарапайым, сондықтан оқушы факті құбылыстың негізгі мәнін мұғалімге айтып бере алады.
Принциптер мен ережелер туралы ұғым. принцип - латын сөзі, қазақша негіз деген сөз. Оқыту принциптері - мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптеріне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған мұғалім өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді.
Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Каменский. Ол адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты екенін дәлелдейді. Сондықтан оның пікірінше, оқытудық ең басты принципі - табиғатқа сай болу принципі. И.Г.Песталоцци оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны логикалық ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санаған. К.Д.Ушинский оқытудық халықтық сипатына баса назар аударып, оқытудың принциптерін психологиялық тұрғыдан қараған. Ы.Алтынсарин оқыту ережелерін қазақ мектептеріндегі білім берудің ерекшеліктеріне байланысты қолдану керектігін айтқан.
1927 жылғы педагогикалық энциклопедияда педагогика ғылымы мен мектептің жетістіктері жинақталып, "принцип" сөзіне анықтама берілді: мақсаты, құралды таңдауға негіз болатын ой.
А.П.Пинкевич ұсынған принциптер: оқытудық өмірмен және қоғамдық еңбекпен байланысы; жас ерекшелігі принципін сақтау; оқытудық белгілі бір жас кезеңіндегі оқушылардың даму деңгейіне сәйкес болуы (оқушылардың күш жігерін дамуға жұмсау, жұмыстың жүйелілігі, шығармашылық - қызығушылықтың басты негізі); пән мазмұнының ерекшеліктерін, әдістерін аньщтау. Ол "Оқыту принципін дидактиканың түғырлы ережелері, оқыту процесіне қойылатын негізгі талаптар" - деп тұжырымдалады.
Н.Медынский ұсынған принциптер: ғылым негіздерін жүйелі меңгеру; білімді саналы меңгеру; теорияның тәжірибемен байланысы; тәрбие беретін оқыту; оқыту әдістерінің алуан түрі; жалпы және политехникалық білімі.
В.Е.Гмурман ұсынған принциптер: оқытудық саналылығы және белсенділігі; оқытудық көрнекілігі; оқытудық жүйелілігі; ғылым негіздерін берік меңгеру.
Талданған оқытудық принциптері оқушыларға берік, жүйелі білім беруге бағытталды.
Оқыту принциптерін аталған педагогтардан басқа М.А.Данилов, М.Н.Скаткин зерттеді.
Зерттеу қорытындылары бойынша И.П.Подласый, Т.Сабыров, т.б. оқыту принциптерінің шарттарын анықтады.
Қазіргі оқытуда саналылық, белсенділік, көрнекілік, жүйелілік, бірізділік, беріктік, түсініктілік, ғылымилық, теория мен тәжірибе бірлігі сияңты принциптер кең қолданылады. Принциптердің талаптары мұғалімнің түрлі ережелерді қолдануы арқылы орындалады.
Ережелерде мұғалімге нақты нұсқаулар беріледі. Оларды ғылым жетістіктеріне, өмір талабына сай толықтыруға және түзетуге болады. Принциптер педагогикалық процесті реттеп отырады. Олардың талаптары ережелер арқылы жүзеге асады.
1 Ш
2 Ң
3 Ұ
4 Е
5 Ү
6 Б
7 Ы
8 Қ
СӨЗЖҰМБАҚ
1 Ш
2 Ң
3 Ұ
4 Е
5 Ү
6 Б
7 Ы
8 Қ
№1. Сұрақтары:
1.Гүлдің бір түрі
2.Қыс айы
3. Адам мүшесі
4. Ағаш түрі
5.Адам мүшесі
6.Көкеніс атауы
7.Үй жануары
8.Ешкінің төлі
Динара Каримова,
4 «б» сынып оқушысы
Әрбір мемлекеттің болашағы мектептен шыңдалады. Мектепте білімді, сапалы, тәрбиелі бала тәрбиелеу мәселесі – біздің еліміздің ұлттық өрлеуіміздің нұрлы болашағының мәселесі. Ал, бұл мәселеге мемлекетіміз үлкен көңіл бөліп отыр. Оқушыларды танымдылыққа баулу, кездейсоқ жағдайларда әр түрлі тапсырмаларды орындауға, шапшаңдылыққа, дағды мен икемдерін дамытуға тәрбиелеу, білім алуға деген ынтасының өсуіне ықпал ететін осындай іс-шаралардың бірі – "География әлемі".
Өткізу тәртібі: "География әлемі" сайыс сабағына 7-сынып оқушылары қатысады. Сайыс сабағы мынадай шарттардан тұрады: "Таныстыру", "Өткел", "Ғажайып ондық", "Шешендік", "Ребустар", "Толысу", "Зымыран", "Қорытынды". Мұндағы ерекшелік 7"в" және 7"а" сыныбынан 8 оқушы алынып, екі топқа бөлу арқылы бір-бірімен жарыс түрінде жүзеге асады . Сонымен сайыс мүшелерімен таныс болыңыздар.
Еуразия тобының мүшелері: Азия тобының мүшелері:
Төлеген Алтынай 1) Бабақ Гүлнұр
Іздік Әлихан 2) Әбдінағи Гүлсайран
Жүсіпбек Нұрсұлтан 3) Сипанва Айгерім
Балтабай Айсұлтан 4) Қаратай Әділбек
Әділқазы алқалары: 1…
1 тур. "Таныстыру". Әрбір топ өздерінің топтарының атауын жеке-жеке таныстырып өтеді, бұған 5 ұпай.
1) Еуразия тобы. 2) Азия тобы.
2 тур. "Өткел". Екі топқа барлығы 10-10-нан 20 сұрақ, әр дұрыс жауап 5 ұпай.
Еуразия тобына:
Мұхит суының басты қасиеттері (температурасы мен тұздылығы)
Географиялық қабықтағы ең ірі табиғат кешендері (материктер мен мұхиттар)
Жер өз білігінен айналғандағы құбылыс (Күн мен түн ауысады)
Осыдан шамамен 180-200 миллион жыл бұрынғы материк атауы? (Пангея)
5) Гондвананың құрамындағы материктерді атаңдар (Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия, Антарктида)
6) Гималай тауы шыңының атауы (Джомолунгма 8848 м)
7) Еуразия материгіндегі ең ұзын өзен (Янцзы 5800 км)
8) Ең терең көл атауы (Байкал 1620 м)
9) Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері – Өлім аңғары (-86 м) деп аталады. Бұл қандай материк? (Солтүстік Америка)
10) Қазақстандағы облыс саны қанша? (14)
Азия тобына:
1) Су тұздылығының көрсеткіші немен есептеледі? (промилле ‰)
2) Жердің Күнді айналуынан қандай құбылыс байқалады? (жыл мезгілдері ауысады)
3) Лавразияның құрамына жататын материктерді атаңыз? (Еуразия мен Солтүстік Америка)
Кордильера тауының шыңы қалай аталады? (Мак-Кинли 6193 м)
Жер шарындағы ең үлкен көл (Каспий S – 390 мың км²)
Месопотамия ойпаты қай өзендер аралығында жатыр? (Тигр және Евфрат)
Жер шарындағы кіші материк (Аустралия 7,6 млн км²)
Дүние жүзінде ең суы мол өзен (Амазонка)
Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері – валдес (-40 м) түбегі деп аталады. Бұл қай материк? (Оңтүстік Америка)
Қазақстандағы бөлінген экономикалық аудандар саны (5)
Әділқазы алқаларынан 2 тур бойынша өтілген тапсырмалардың ұпай санын анықтап, келесі турды жалғастыру.
3 тур. "Ғажайып ондық". Бұл шартта 10 ұяшықта пәнге байланысты сұрақтар жазылған. Ұпайы жоғары топ бастайты. Дұрыс жауап 5 ұпай.
1-ұяшық.
Орталық Азия мемлекеттерін атаңыз?
Жауабы: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан.
2-ұяшық.
Бұл материктің шеткі нүктелері мынадай:
Солтүстік нүктесі – Мэрчисон
Оңтүсттік нүктесі – Марьято
Батыс нүктесі – Принц Уэльс
Шығыс нүктесі – Сент – Чарльз қай материк?
Жауабы: Солтүстік Америка
3-ұяшық.
Ең жас эра.
Жауабы: кайназой
4-ұяшық.
Құлау биіктігі 1054 метрден асатын сарқырама атауы
Жауабы: Анхель
5-ұяшық.
Оңтүстік Американың ең үлкен аралы
Жауабы: Отты жер аралы, көлемі 47000 км²
6-ұяшық.
Ауа қысымын өлшейтін құрал.
Жауабы: барометр
7-ұяшық.
Ыстық су мен бу атқылап тұратын бұлақ.
Жауабы: гейзер
8-ұяшық.
Үндістер мен негрлердің некелесуінен тараған ұрпақ атауы
Жауабы: самбо
9-ұяшық.
Орталық Азия шөлі.
Жауабы: Гоби
10-ұяшық.
Индонезияның ең үлкен аралы.
Жауабы: Калимантан
4тур. "Шешендік" Шарты бойынша ұпайы көп топ бастайды. Бұнда 2 ұяшық берілген, бір топ 1 ұяшықты таңдайды. Толық жауапқа 5 ұпай.
1-ұяшық. Арал-арым
2-ұяшық. Байқоңыр-қалам
5тур."Ребустар". Сайыстың шарты 12 ребус беріледі. Екі топ бірдей бастайды, әр шешілген ребус 5 ұпай. Уақытын тиімді пайдаланған топ келесі турды бірінші боп бастайды.2 топқа әр түрлі ребустар беріледі.
6тур."Толысу". Бұл турда әділқазы алқаларын екіге бөліп, топ жанкүйірлері ретінде сұрақ қойылады. Барлығы 2 сұрақ, дұрыс жауап 10 ұпай.
1 сұрақ.1991 жылы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасында қандай өзгерістер болды? (ТМД)
2 сұрақ.1992 жылы 2 наурызда қазақ елінде қандай өзгерістер болды?
(БҰҰ)
7 тур. "Зымыран". Әр топтың басшысына жеке қойылатын сұрақтар. 1мин ішінде 20 сұрақ қойылады. Әр-бір дұрыс жауап 5 ұпай
Зымыран сұрақтары:
Еуразия тобына:
1) Күн жүйесінде үшінші орналасқан ғаламшар (Жер)
2) Қазақстан туының авторы ( Ш. Ниязбеков)
3) Дүние жүзінде неше сағаттық белдеу бар? (24)
4) Ресей мемлекетінің астанасы (Мәскеу)
5) Жер бетіндегі ауа қабаты (атмосфера)
6) Таулар қандай түспен боялады? (қоңыр)
7) Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен (Ніл)
8) Өзбекстанның ақша бірлігі (сум)
9) Су қабаты (гидросфера)
10) Канаданың астанасы (Оттава)
11) Ливингстон кім? (саяхатшы)
12) Емен қанша жыл жасайды? (2000 жыл)
13) Ең көп таралған дін (христиан)
14) Ең үлкен арал (Гренландия)
15) Трактор зауыты қайда орналасқан? (Павлодар)
16) Ылғалды материк (Оңтүстік Америка)
17) Ең үлкен материк (Еуразия)
18) Эифель мұнарасы орналасқан қала (Франция)
19) Ең кішкентай құс (колибри)
20) АҚШ – тың қазіргі президенті (Барак Обамма)
Азия тобына:
1) Күн жүйесіндегі күнге жақын орналасқан ғаламшар (Меркурий)
2) Елтаңбаның авторы (Ш. Уалиханов)
3) Қазақстанда неше сағаттық белдеу өтеді? (3 сағат)
4) Қытай мемлекетінің астанасы (Пекин)
5) Жердің тас қабаты (литосфера)
6) Жазықтар қандай түспен боялады? (жасыл)
7) Ең биік тау (Гималай)
8) Германияның ақша бірлігі (еуро)
9) Тіршілік қабаты (биосфера)
10 Үндістан астанасы (Дели)
11) Васко–до–Гамма кім (саяхатшы)
12) Жер серігі (ай)
13) Қазақ елінің діні (Ислам)
14) Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында (9)
15) Қырғызстанның ақша бірлігі (сом)
16) Ең кіші материк (Аустралия)
17) Суық материк (Антарктида)
18) Жаздағы таңертеңгілік байқалатын су тамшысы (шық)
19) Мойны ұзын жануар (керік)
20) Ресейдің президенті (Дмитрий Медведев)
8 тур."Қорытынды". Сайыс өз мәресіне жеткен соң, әділқазы алқалары барлық ұпайларды есептеп, жеңімпаз топты анықтайды.
Осымен біздің бүгінгі "География әлемі" сайыс сабағымыз аяқталды. Бүгінгі жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! География пәніне қызығушылығын одан әрі арттыруға көмек болды деп есептеймін. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет!
Бітік көз, салпаң құлақ, қайқы мұрын,
Көріп пе ең мұндай хайуан бұдан бұрын.
Домалақ, алды-арты бірдей екен,
Және де көріп жүрсіз әрбір түрін.
/Шошқа/.
Өзі сұр, бөрі емес,
Ұзын құлақты, қоян емес,
Жұмыр тұяқты, жылқы емес.
/Есек/.
Ол надыр құм жануары,
Көзі өткір, көңілі тар,
Басқа ұрсаң, қылмайды намыс-ар.
Қара түгіл ханда бар,
Қытайда бар, Қырымда бар,
Түркістан, Үрімде бар,
Хоразым, Бұхарада бар.
/Ит/.
От басында орайған,
Құйымшағы сорайған.
/Тазы ит/.
Үй артында шоңқайма,
Буы шығып тұрмай ма?
Салпаң құлақ келед деп,
Қорқа-қорқа тұрмай ма?!
/Ит/.
Шықпайды үйден,
Тоны жібектен.
Күндіз ұйықтайды,
Түнде дамыл таппайды.
Аңға барады,
Сол аңды үйден табады.
/Мысық/.
От басында бүкір шал,
Құдайына шүкір шал.
/Мысық/.
Түссе күннің шуағы
Көзді еріксіз жұмады.
Жылы жерді сүйеді,
Беті-қолын жуады.
/Мысық/.
Жол бойында жортқан,
Сыбызғысын тартқан.
/Қасқыр/.
Тоң мойынды жуан көк,
Желіп, жортып бүкеңдеп,
Несібесі даладан,
Еңбек қылмай жүрер тек.
/Қасқыр/.
Бір нәрсе қайраты көп, болған күшті,
Басынан өткізеді әрбір істі.
/Арыстан/.
Жануар мақұлықтың біреуі өзі,
Іркілмей жұмсайтұғын ірі тісті.
/Арыстан/.
Бар екен бір айуан көпке таныс,
Мекені жүрер оның тау мен қамыс.
Бұл өзі ойласа көп, шапшаң, епті,
Жүректі бір айуанға қойса бетті.
Қайтпайды жара алмаса не өледі,
Өлмесе тынбайды ол алмай көкті.
/Жолбарыс/.
Мақұлық бар екен даусы зор,
Адамға ұқсап бойында аяқ пен қол,
Мекені тас бұлақтың төңірегінде,
Мынаны тапқан жанның ақылы мол.
/Аю/.
Ыржаяды, күледі,
Басқан ізді біледі.
Таусылмайтын шабысы,
Жұртқа мәлім жүрісі.
/Түлкі/.
Жақпар тастың астында
Қызыл тонды қыз жатыр.
/Түлкі/.
Белестегі бес бие,
Бақылдайды, құрылдайды;
Құйрықтары қара ала,
Қанаттары сары ала.
/Ұлар/.
Жылқыны қарнына қыстырып,
Түйені ерніне қыстырып,
Есекті құлағына қыстырып,
Қасқырды ат қып мініп,
Айт дегенде жүре берген.
/Қоян/.
Әңгелейді, дөңгелейді,
Ұшқан құстай,
Құс десем, төрт аяғы бар,
Елек-селек, екі құлағы бар.
/Қоян/.
Демсіз-үнсіз,
Жүрсе-үнсіз.
Басса ізі жоқ,
Жүрсе жолы жоқ.
/Балық/.
Жаны бар, қаны бар,
Бес сағат жерде тұрса,
Жаны да жоқ, қаны да жоқ.
/Балық/.
Тарпаң, тарпаң тарбиған,
Түрі жаман жарбиған.
/Бақа/.
Сасық көлде ит үрер.
/Құрбақа/.
Көл, өзен, дарияны жаны сүйген,
Жасынан қора салып, қамыс шиден.
Қаншама терең суды бойлағанда
Үстіне бір тамшы да су тимеген.
/Андатыр/.
Алуан дүркін аузында бір әккәр,
Неше жұтқан жануарды көрдім әней,
Сүйегі бақша-бақша тұр дәней.
/Балық/.
Бар екен үш қанаты ұшып кетпес,
Егін сап жұрт қатарлы кәсіп етпес.
Өзінің мекенінен шығып кетсе,
Тіршілік көремін деп үміт етпес.
/Балық/.
Өзі шұбар,
Тамағына таққаны -
Екі тұмар.
/Шортан/.
Текшелеп тебен арттым томашаға,
Домалағы жазылар оңашада.
/Кірпі/.
Төрт аяқты,
Мың таяқты.
/Кірпі/.
Ізі бар,
Адымы жоқ.
/Жылан/.
Төсек астында шылғи қайыс.
/Жылан/.
Жапырақ астында қара пышақ.
/Жылан/.
Жол үстінде майлы қайыс.
/Жылан/.
Жау келсе қатты сасады,
Құйрығын тастай қашады.
/Кесіртке/.
Сауыттан мықты шапаны,
Жиырылып кейде жатады.
/Тасбақа/.
Асты тас,
Үсті тас,
Ортасында шандыр бас.
/Тасбақа/.
Жер астында жездекем аты кісінейді.
/Суыр/.
Ары жүгір қара шарт,
Бері жүгір қара шарт.
Тал түбіне тасталған,
Жылқыны қарнына қыстырған.
Түйені ерніне жапсырған,
Мұрты бар, сақалы жоқ,
Айт дегенде аяуы жоқ.
/Құндыз/.
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырған тоны бар.
Қанар қапта не болса,
Бәрін жейтін ойы бар.
/Тышқан/.
Ат та емес, ит те емес,
Тістейтінін қайтерсің.
/Тышқан/.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген