Дүниетану "Жануарлар әлемінде" 2 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дүниетану "Жануарлар әлемінде" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары : Дүниетану

Сабақтың тақырыбы : Жануарлар әлемінде

Сабақтың мақсаты :

БІЛІМДІЛІК : Оқушылардың жануарлар жөнінде алған түсініктерін кеңейту, жануарлардың табиғатқа және адамға келтіретін пайдасын ескере отырып жануарлар әлемін қорғау бүкіл адамзаттың парызы екенін түсіндіру.

ДАМЫТУШЫЛЫҚ : Жануарлар , олардың тіршілігі , мекен ортасы ,пайдасы туралы танымдық қабілеттерін , ой- өрістерін , дүниетанымдық көзқарастарын дамыту.

ТӘРБИЕЛІК : Табиғатты, қоршаған ортаны , жан- жануарларды қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Қортынды сабақ

Әдіс –тәсілдері : Интер белсенді

Стратегиялары : Ой қозғау,

Көрнекіліктері : Суреттер, сызбалар , семантикалық карта, кестелер

Пәнаралық байланыс : Ана тілі, музыка

Сабақтың барысы :

1. Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушыларды сабаққа психологиялық даярлау:

  1. Жылы лебіз білдіру.

Қайырлы күн балар! Күнде таңертең сендер ояна салысымен терезені

ашып Табиғат – анаға көз салып қарайсыңдар. Табиғат адамзаттың, сұлулықтың таусылмас көзі. Ендеше бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз. Барлығымыз орнымыздан тұрып, шеңберге құрып, жылы лебізбен бастайық.

(табиғатқа байланысты)

  • Өте керемет! Барлығымыз орындарымызға отырамыз.

  • Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше болғалы тұр, иа?

  • Өйткені, бізге қонақтар келіп отыр. Қонақтарға алған білімімізді ұялмай, сабаққа белсене қатысып отырайық, келістікке пе?

  • Біз қандай тарау өтіп жатырмыз? (жануарлардың тіршілігі)

  • Бүгінгі қорытынды сабағамыздың аты «Жануарлар әлемінде» деп аталады.

  • Балалар, енді сендерге жұмбақ жасырамын.

  1. «Ой қозғау» стратегиясы

Жұмбақтар


Әлемге нұрын таратқан. (Күн)

(Слайдта күннің суреті шығады, оқушылардан күн туралы сұрау)


Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді. (Ауа)

(Табиғаттың суреті, желдің дыбысы шығады, оқушылардан ауа туралы сұрау)

  • Ауасыз қанша шыдай аламыз?

Кескен болам, кесілмейді, кесілсе де, бөлінбейді. (Су)

(Ағын судың дыбысы,)

  • Сусыз тіршілік жоқ. Судың адам өміріне қажеттілігі туралы айтып өту.

  • Сусыз неше күн шыдай аламыз?

  • Иә, осының бәрін бір сөзбен не деп атаймыз? (Табиғат)

  • Табиғат туралы қай кітаптан оқып білеміз? (Дүниетану)

  • Жақсы! Келесі жұмбақ


Таңдайлары тақылдап

Шулайтын не шалшықта

Бірін-бірі мақұлдап (Бақа)


Мұртымен туады, мұртын күнде жуады. (Мысық)


Иір-иір ізі бар, құлағы жоқ көзі бар

Түсі суық ызғарлы,аузында айыр бізі бар. (Жылан)


Басында таяғы бар,төрт аяғы бар.

Екі құлағы бар,иегінде сақалы бар. (Ешкі)


  • Бұларды бір сөзбен не деп атаймыз? (Жануарлар)

  • Сендер қандай тағы жануарлар білесіңдер?

  • Жарайсыңдар! Ал, жануарлар қандай топқа бөлінеді?

Жануарлар тобын ажыратқан соң, тақтаға ілінеді.


балықтар

сShape3 Shape2 үтқоректілер құстар

Shape4

жануарлар


Shape6 Shape5 бауырмен

қосмекенділер жорғалаушылар

бунақденелілер

  • Сүтқоректілер неше топқа бөлінеді? (Екі топқа. Аңдар мен малдар немесе үй жануарлары мен жабайы жануарлары)

Қазақстанда жабайы аңдардың түрлері өте көп. Кез келген адамға таныс: аю, қоян, түлкі, кірпі, қасқыр, тиін,арқар, жолбарыс т.б.

(тіршіліктері туралы айту)

  • Құстар неше топқа бөлінеді?

(үй құстары мен жабайы құстар, құстар туралы айтып кету)


Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай білген.

  • Кім айтады, қандай болжамдар білесіңдер?

(балаларды тыңдау)

  1. Қызығушылықты ояту

Семантикалық карта толтыру


Жануарлар

Бунақдене-лілер

Құстар

Сүтқорек-тілер

Жорғалаушы-лар

Қосмекен-ділер

Балықтар

Сиыр



+




Ара

+






Қарлығаш


+





Бақа





+


Қолтырауын




+



Сазан






+


  • Өте жақсы, дұрыс толтырыпсындар!

  • Аңдар мен құстарды қорғайтын кітап?

  • Қызыл кітап.

  • Қызыл кітап деген не?

(оқушыларды тыңдау)

  1. « Тап – тап » ойыны

  1. Ертемнен айқалап,

Қайда екен деп ақылдым,

«Аухау-аухау- аухаулап»,

Қай төлді мен шақырдым?

(сиыр)

  1. «Пұшайт – Пұшайт –Пұшайт» деп,

Қай төлді мен шақырдым?

(қой)

  1. Шұнтыңдаған неме деп,

Қойса жақсы келелеп,

«Шөре-шөре –шөрелеп»,

Қай төлді мен шақырдым?

(ешкі)

  1. «Көс-Көс, жаным, көс-көс» деп,

Қай төлді мен шақырдым?

(түйе)

(Балалар атаған соң мұғалім жануарлардың суреттерін көрсетеді)


Сергіту сәті. «Кім шапшаң?»

Тақтаға жылқының суреті ілінеді, балалар көздерін байлап, құйрыған тағу қажет.


  1. Қосымша ғылыми мәлімет.

Дәптермен жұмыс..




  1. «Менің сүйіктім»

(тақтаға бір жағына жануарлар аттары, екінші жағына төлдерін жазу керек)

Аю қонжық

Қасқыр бөлтірік

Қоян көжек

Арқар қозықа

Киік құралай

Түлкі мыршай

Аққу көгілдір

Көбелек дернәсіл

Балық уылдырық

Тауық балапан


  1. «Серуенге барғанда»

Мәтін беріледі. Осының ішінен серуен кезінде оқушылар жасаған

қателіктерді тауып көрсетеді.

  • «Мың шыбық шаншып өсірсең халқыңа орман салғаның, халқына орман салғаның өзіне қорған салғаның» дейді халық.

  • Табиғаттың көркеюі, таза болуына біздің қосар үлесіміз – өсімдіктер

отырғызу, күтіп-баптау, өсіру, сонымен бірге үнемділікті естен шығармау керек.

Табиғат байлығы – өсімдіктер

Орман сәні – құстар

Табиғаттың сұлу туындылары – хайуанаттар.

  • Міне, балалар біз табиғаттың тамаша туындыларына осылайша тоқтап, қорытындылап, жануарлар тарауын аяқтадық.


  1. Бағалау.

  2. Қорытынды.

Бәріміз шеңберге тұрып бір-бірімізге жылы тілектер айтып, бүгінгі іс-әрекетімізді қорытындылайық.

(жануарлар бойындағы жақсы қасиеттерді айту)

Ән шашу. « Әрқашан күн сөнбесін!»









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.11.2018
832
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі