Дүниетану
Сабақтың
тақырыбы: Жер асты сулары4
сынып
Сабақтың
мақсаты: 1. Жер асты сулары, құдық, бұлақ, тұма, өзен - көлдер және
олардың адамға тигізетін пайдасы туралы білім
беру.
2. Ой - өрісін,
елестету, есте сақтау, бақылағыштық қабілеттерін
дамыту.
3. Қоршаған
ортаны қорғай білуге, суды үнемдеуге, тиімді пайдалануға
баулу.
Сабақтың түрі:
аралас
Сабақтың әдісі:
әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Сабақтың
барысы;
1.
Ұйымдастыру
2.
Психологиялық дайындық
«Суқойма»сөзіне
ассоциация жасау Кім жүйрік, кел
ойланайық!
- Біздің
ауданымызда қандай суқоймалар
бар?
(Мұхиттар,
көлдер, теңіздер, тоғандар, өзендер,
жылғалар,
құдықтар, ыстық
сулар, бұлақтар)
- Әр жыл
мезгілінде олар суын қалай
толықтырады?
3. Үй
тапсырмасын тексеру.
Су. Табиғаттағы
су айналымы
1 - топ «Судың
өмірлік маңызы»
2 - топ «Судың
қасиеті»
3 - топ
«Ластанған суды тазартуға бола
ма?»
4 - топ «Судың
құрамы»
4. Үй
тапсырмасын қорытындылау.
Тест
1. Табиғатта су
қандай күйде кездеседі?
А. сұйық,
қатты, газ.
Ә. сұйық, газ,
ащы.
Б. сұйық, газ,
жұмсақ.
2. Су қабаты
жер бетінің қандай бөлігін алып
жатыр?
А. үштен
бір.
Ә. үштен
екі
Б. екіден
бір
3. 70 кг.
адамның денесінде қанша кг. су
бар?
А. 60
кг.
Ә. 70
кг.
Б. 50
кг
4. Адам су
ішпей қанша шыдайды?
А. 1
күн.
Ә. 1
апта
Б. 3
күн.
5. Судың күйі
неге байланысты болады?
А.
Суыққа
Ә. Ауа
райына
Б. Температура
мен ауаға
Күннің жадын,
сабақтың тақырыбын жазу.
Жаңа
материалмен жұмыс;; Жерасты
сулары.
Мәтін неге
бұлай аталған? Онда не туралы әңгімеленуі мүмкін? Жерасты сулары
туралы не білесіңдер? Ол сулар қалай пайда болады деп
ойлайсың?
Оны пайдалануға
бола ма?(оқушылар өз ойларын
білдіреді)
Оқулықпен
жұмыс.
1. Мәтінді өз
бетінше оқыту. Оқу барысында мәтіндегі негізгі ойды ашуға ынталану
және жоспар құра
әңгімелету.
Жерасты сулары
туралы электронды оқулықтан бейне баян
көрсету.
Жерасты сулары
қалай толығады? Жыл мезгілдеріндегі ауа - райының өзгерістері қалай
ықпал етеді?
Мәтіндегі
жерасты сулары, бұлақ, тұма туралы бөліктерді
белгілету.
Оқушылар
кестені көрсетілген белгілер бойынша толтырады. Кестеге мәтін
бойынша алған мәліметтерін қысқаша
жазады.
Жұптасып жұмыс
істеу.
Бір -
бірлерінің кестелерін ауыстырып, белгілерді салыстырады. Пікір
алмасады.
Сергіту; Меркі
жері емдік шипалы суларға бай өлке. Мерейлі Меркіміз қаншама
ақындар мен жазушылардың шығармашылығына негіз болып, қалам
тартуларына ықпал етті. Сұлулығына тәнті перзенттерінің дарынын
ашты. Талай тарландар мен дарабоздарды түлеткен туған өлкеміз
туралы ән тыңдайық «Аңсаған ауылым»А.
Қоразбаев.
Сұрақтар мен
тапсырмалармен жұмыс.
1. Судың
қасиеті - жақсы еріткіштігі. Тәжірибе жасау.(Ас тұзын стақандағы
суға салып еріту)
2. Жерге сіңген
су тау жыныстарындағы әр түрлі минералды заттарын ерітеді.
Физикалық қасиетін өзгертеді, дәм және иіс т.
б
3. Минералды су
жарамды, жарамсыз болады. Ішуге жарамды минералды судың 1 литрінде
2 - 20г. еріген тұздары болады. Адам ағзасына пайдалы әрі
сырқаттарынан айыруға көмектеседі. Сондықтан оларды «Шипалы су»деп
атайды
4 Меркі
шипажайы туралы әңгімелету. Суреттерін
көрсету.
5. Сарыағаш
курорты туралы оқыту. Суреттерін
көрсету.
6. Өз
ауданымыздан шығарылатын су туралы
әңгіме.
7. Шығармашылық
тапсырма:
1 - топ. Су
туралы мақал - мәтел жазу.
2 - топ. Су -
нәр, су тұнық нұр(эссе)
3 - топ. Тыйым
сөздер жазу.
7. Сабақты
қорытындылау.
Сұраққа жауап
алу.
А. Егер
тіршілік сусыз қалса не
болады?
Ә. Терек бір
жазда неше литр суды буға
айналдырады?
Б. Маңында өзен
- көлі жоқ елді мекен суды қайдан
алады?
В. Құдық суы
ішуге жарамды ма?
Г. Біздің
ауылымызда минералды су бар
ма?
Д. Жерасты
сулары деген не? Оны қалай алуға
болады?
8. Оқушыларды
бағалау.
9. Үйге
тапсырма беру. «Жерасты сулары» оқып, мазмұнын
әңгімелеу.
«Су тіршілік
көзі» эссе жазу.Ф