Күні:
11.01.2018ж Пәні: «Табиғатым
– тағдырым» 3сынып
Сабақтың
тақырыбы:«Жыл
мезгілдері»
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері мен
сұлулығы жайлы әңгімелеу.
Дамытушылық:Оқушыларды
сауатты,мәнерлі,әсерлі оқуға баулу.
Шығармашылықпен
жұмыс істеуге ықпал ету ,ойлау шеберлігімен
сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік:
Оқушылардың өнерге, білімге деген
сүйіспеншілігін арттыру,
тәрбиелеу.Адамгершілік, ізгілік
қасиеттерінбала бойына ұялату.Ұлттық
салт-дәстүрлерді сіңіру,
қадірлеуге
тәрбиелеу.
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық
дайындық.
Үлкенге
де сіз,
Кішіге
де сіз
Әдеппенен
бас иіп
Сәлем
бердік біз
Жаңа
сабақ:«Жыл
мезгілдері»
Қар
кетіп,қыр көгереді,
Қыс
қиқуы көбейеді
Жерге
дән сеуіп
Қорадан
жас төл өреді (көктем)
Күн
ысып,су жылынып
Егін
басын тұр иіп
Жеміс
тердік бақшадан,
Жеңімізді
түрініп (жаз)
Дала
тегіс сарғайды,
Шаруа
қысқа қамданды
Күн
қысқара бастады
Тауға
тұңғыш қар жауды. (күз)
Сұңық
жатыр ақ дала
Сирек
жортқан аң ғана
Көтеріп
бір аяғын
Қаздарын
тұр аулада. (қыс)
Сұрақ-
жауап әдісі:
-Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
-Қазір
жылдың қай мезгілі?
Қыстың қай
айы?
Әр
топ өзіне қатысты жыл мезгілдеріне
топтастыру жасайды. Әр топтан екі оқушы
шығып жасаған жұмыстар ын қорғайды.
Дәптермен
жұмыс:Үлгі
кесте бойынша жұмыс жасау.Кестедегі
тапсырмаларды
дәптерге орындау.
Жыл
мезгілдері
|
Қайтеді?
|
Неліктен?
|
Көктем
|
туады
|
Құлын,бұзау,қозы,лақ
туады.Көктемде барлық жан-жануар
туылып,жер-көк көктейді,өсіп өнеді.
|
Жаз
|
шығады
|
Егін
шығып,қауыздар толып, орақ кезі
басталып, диқан бидай орады.
|
Күз
|
түседі
|
Ағаштың
жапырағы сарғайып түседі.Шопан таудан
түседі.
|
Қыс
|
келеді
|
Жотаны,
даланы, қырау тегіс жабады, су қатып
,қыстың хабары келіп,ел қамданады.Сондықтан
“келеді” деп күтеді.
|
Бекіту:
1-топ:Жыл мезгілдеріне байланысты
мақал-мәтелдер жазу.
2-топ:Жыл
мезгілдеріне байланысты жұмбақтар
жазу.
3-топ:Жыл
мезгілдеріне байланысты өлең,шығармалар
жазу.