400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Дүниетану "Мен және қоғам " 1сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар:Отбасы мерекелерін біледі Көптеген оқушылар:Туған күн мереке түрін ажыратады. Кейбір оқушылар:Отбасылық мерекелердің маңызын, ерекшелігін атап, ол туралы өз ойын дәлелдейді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен және қоғам

Күні:

Сынып: 1

Мектеп: «Б.Тұрсынов орта мектебі»КММ

Мұғалімнің аты-жөні:Бакиева Анаргуль

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

1.6 Отбасылық мерекелер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.6.1 Отбасылық мерекелердің бірін сипаттау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Отбасы мерекелерін біледі

Көптеген оқушылар: Туған күн мереке түрін ажыратады.

Кейбір оқушылар: Отбасылық мерекелердің маңызын, ерекшелігін атап, ол туралы өз ойын дәлелдейді.


Тілдік мақсат

Мереке, оқиға.

Құндылықтарды дарыту




Отбасы мүшелерін татулық, сыйластық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Музыка, өзін өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Марат өзінің отбасындағы бір адамның туған күн кешін бейнежазбаға түсіріп әкеледі.

Бастапқы білім


Отбасылық мерекелерді (туған күн, жаңа жыл, наурыз т.б) біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Бейнежазба

Сабақтың басы


Психологиялық ахуал туғызу.

Сәлемдесу.

  • Балалар менің қолымда не бар?

  • Гүлді көргенде қандай сезімде боласыңдар?

  • Гүл не үшін қажет? (Гүлді мерекелерде сыйлайды)

  • Мереке дегеніміз не? (Оқушылардың жауабын тыңдау, толықтыру).

Тыңдау толықтыру.

Мұғалім: Балалар, қандай мерекелерді білесіңдер?

(Ж) Шарларға білетін мерекелерінің атын жазғызу.

Оқушы: туған күн, наурыз, жаңа жыл

Балалар шарларға мереке атын жазып, тақтаға іледі.

Балалар, сеңдер көп мерекелерді біледі екенсіңдер?Жарайсыңдар.












Сабақтың ортасы


М: Балалар осы айтқан мерекелерді біз бір сөзбен айтқанда «Отбасылық мереке» деп атай аламыз ба?

О: Иә

М: Жақсы.

Мереке біреудің немесе бір нәрсенің құрметіне арналған салтанат. Бұл күні адамдар бір біріне жақсы көңіл күй сыйлап, қонаққа барады, көңіл көтереді.

1 тапсырма.

  • (Ж) Ендеше балалар естеріңде қандай мереке қалды? Сол мереке туралы бір біріне әңгімелеп айтасыңдар. (1 бала бір минут өз ойын айтады. )

  • Балалар сендер естерінде қалған мереке түрлерін жақсы әңгімелеп бердіңдер.

2 тапсырма.

(Т) Оқулықпен жұмыс. «Пазл» әдісі арқылы топқа бөлу.

(гүлдер, торт, шар)

1-топ. Сурет бойынша қандай мереке көрсетілген?

2-топ. Сурет туралы не айтар едің? Адамның бейнесінен қандай көңіл-күй көріп тұрсың?

Қ.Б. Смайлик арқылы бағалау

3-топ.

  • Туған күн мерекесі қай кезде тойланады?

  • Отбасылық мерекенің ерекшелігі неде?

Қосымша сұрақ:

Мерекенің бір түріне ашық хат жаса.

М: - Сендерге отбасындағы қандай мереке ерекше ұнайды? Неге?

Бағалау критерийі

-Туған күн мерекесін сипаттады.

-Мереке түрлерін ажыратады, біледі.

-Мерекенің маңызын, ерекшелігін көрсетеді.

Балалар сендер кітапта берілген суреттер бойынша жақсы жауап бердіңдер.

Жарайсыңдар!

3 тапсырма.

Дәптермен жұмыс

  • Балалар барлығымыз дәптеріміздің 19 бетін ашайық.

(Ж). Отбасы мүшелерін дастарқанға қалай отырғызар едің?

Төрге кімді отырғызасың? Сызбамен көрсет.

Сергіту сәті. «Туған күніңмен» өлеңін буындармен айту. (гав-гав-гав)

Сен білесің бе?

М: Сүйінші! Сүйінші!

Балалар қай кезде біз сүйінші сұраймыз?

О: Қуанышты мерекелерде

М: Дұрыс айтасыңдар. Қазақта «Сүйінші сұрау» салты бар. Жақсы жаңалық айтып келген кісі үйдегілерден сүйінші сұрайды. Салт бойынша сүйінші сұраған адамға сыйлық беріледі.

4 тапсырма. Оқулықпен жұмыс 33-бет.

М: (Т )Балалар мына сурет бойынша балаға қандай ат қояр едіңдер?

О: Алма, Айнұр

М: Жарайсыңдар!

Әр халықтың салт дәстүрлері бар. Ең маңызды салттың бірі – балаға ат қою. Қазақта бала есімінің мағынасына көп мән береді. Әдетте балаға белгілі және беделді адамдардың есімі беріледі. Баланың атын атасы немесе жасы үлкен кісі қояды.

















«Дүниетану» оқулығы





























































Дәптер

Сабақтың соңы

Марат өзінің бейнажазбасын көрсетеді.

М:

  • Балалар бүгін не туралы айттық?

  • Соның ішінде қай мереке туралы талқыладық?

О: (туған күн)

Рефлексия:

«Бағдаршам » тәсілі арқылы бағалау.








Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Кейбір оқушыларға өз отбасы туралы шағын таныстырылым жасап, онда өз отбасы мүшелерінің суреттерін орналастыруды ұсынамын.

Балалар естерінде қалған мереке түрлерін әңгімелегенде «Басбармақ» тәсілі арқылы бағаланады.

Балалар оқулықтағы сурет бойынша жұмыс жасағанда смайликтер арқылы бағаланады.

Балалар дәптермен жұмыс істегенде ауызша бағаланады.

АКТ-қолдануда қәуіпсіздік ережесі сақталады.

Партада дұрыс отыру.


Сабақ бойынша рефлексия



Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақаты мен оқу мақсаты дұрыс қойылған.

Барлығы ОМ жеткізе алды.




Жалпы баға





Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:



2:



Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2:



Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
795
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі