400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дүниетану "Менің отбасым және достарым"

Материал туралы қысқаша түсінік
дүниетану сабағынан "Менің отбасым және достарым" тақырыбында өзімнің өткізген сабағым.Әріптестеріммен бөлісейін деп салып отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Пәні:Дүниетану

Күні:

Сыныбы: 1

Атырау облысы Махамбет ауданы

Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі

Мұғалімі:Жумашева Маржан Жумабаевна

Қатысқандар саны: 28

Қатыспағандар саны: 0


Ұзақ мерзімді жоспары бойынша: Сабақтың тақырыбы:

Менің отбасым және достарым.


Менің отбасым

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

1.1.1.1 Түрлі дереккөздерді зерттеу негізінде отбасы ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру.

1.1.1.2 Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау.

Сабақтың мақсаттары:

Барлық білім алушылар білуге тиісті: Отбасыңың адам өміріндегі маңызын түсінеді, біледі.

Білім алушылардың көпшілігі білуге тиісті: Отбасы мүшелерін анықтай алады.

Кейбір білім алушылар білуге тиісті: Отбасы туралы деректерді біледі, тусінеді, сипаттайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі


Білу, түсіну

Бағалау критерийлері

Отбасы мүшелерін біледі және ажырата алады.Туыстық байланысты біледі. Оқушылар орындай алады:  Шежіре ұғымын түсінеді.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық,жауапкершілік,өмір бойы білім алу, шығармашылық

Пәнаралық байланыс


Математика,бейнелеу

АКТ қолдану дағдылары

Видеожазба, таныстырылым,қалыптастырушы бағалау жұмыстары.

Тілдік мақсат :

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: 

Отбасы- семья-family

Шежіре-родословная-pedigree

Отбасылық дәстүр-семейная традиция-family tradithon

Алдыңғы оқу:

«Доп лақтыру» әдісі арқылы алдыңғы білімді еске түсіреді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


Жоспарланған жаттығу түрлері

Талқылауға арналған сұрақтар:

Суретте кімдер бейнеленген?

Отбасыңда кімдер тұрады?

Отбасындағы адамдарды не біріктіреді?


Басы 2 мин

Ширату. «Кір жаятын жіп »

Кір жаятын жіпке отбасының суреттерін іліп,оны балалар атайды. Таңдатып оны бәйтерекке орналастырады.

Ұжымдық жұмыс. Сұрақ қою (3мин)

Сенің отбасыңда үлкендері кімдер? 

Ата, әже, әке, ана.

Жіп,қыстырғыш

Отбасына арналған суреттер

Сұрақтар

Ортасы



10 минут
















Жазылым













































Айтылым

«Төрт қабырға» әдісі арқылы төрт топқа бөлеміз. (12мин)Топқа бөлу

1 топ – ата 2 топ - әже

3 топ – әке 4 топ – ана

Топтық тапсырма : Әр топ өз атаулары бойынше не білетіндері туралы постер қорғайды.

Дескриптор:Отбасы туралы айта алады.Отбасы мүшелерін атайды, сипаттайды.

Жұптық жұмыс: “Домино” (5мин)

Оқушылар туыстық атауларды ретімен орналастырады.

Сенің анаңның анасы саған кім болады?(Нағашы әже).

Менің анамның қызы, бірақ мен емес?(Әпке, сіңлі).

Сенің әкеңнің әкесі? (Aта).

Сенің әкеңнің ағасы саған кім болады? (Көке).

Сенің әкеңнің әпкесі саған кім болады? (Әпке).

Дескриптор: Отбасы мүшелерінің орнын біледі, түсінеді.

 ЖЖ. Сәйкестендіру. «Орнын тап» ойыны (5мин)

Дескриптор: Сәйкестендіре алады түсінеді.қолдана алады

Жұмыс дәптері.Жеке жұмыс «Бәйтерек»

-Ендеше, отбасымыз жайында өз ойымызбен бөлісеміз.

Мақсаты: Мына ағаштың бұтақтарына өз отбасыларыңның мүшелерін туралы жазады, немесе суреттерді желімдеп әңгімелеп береді.. Неге өзіңді мына жерге жаздың? Ал ата мен әжені неге жоғары бұтаққа жаздың?

Көмекші сұрақтар.

• Сенің отбасың қандай?
• Неше адам бар?
• Атаң, әжең бар ма?
• Әкең қайда жұмыс істейді?
• Анаң қайда жұмыс істейді?
• Ағаң, әпкең, інің, сіңлің, қарындасың бар ма?

– Өзің жақсы айттың ба? Қалай жауап бердің?

– Өзіңе қандай баға қояр едің?

– Кімде сұрақ бар?

– Енді жұптарыңның жауаптарын бағалаңыздар.



Ширату

-Балалар, қазір мен сөйлемдер айтамын, егер ол сөйлем дұрыс болса, сендер шапалақтайсыңдар, ал қате болса, аяқтарыңды топылдатасыңдар.

Немерсінің жасы атасынан үлкен.

Інісі апасынан кіші.

Әжесі немересінен кіші.

Папасының жасы ұлынан кіші.

Мамасы қызынан үлкен.

Отбасының ең жасы ол-атасы.

Отбасының ең үлкені- әжесі.

Кері байланыс

«Екі жұлдыз бір тілек»

Сабақта өздеріне ұнаған оқушыларды бағалайды.

Қосымша мәліметтер

Рефлексия

Маған ұнады, ұнамады

(Қ) Бағалау – смайликтер және түстер арқылы.

Менің отбасым анкетасы: Жеке жұмыс.

Айтылым дағдысын дамытуға 
Менің атым --------
Менің әкемнің аты ----------
Менің анамның аты ---------
Менің әжемнің аты ---------
Менің атамның аты ----------
Менің ағамның аты ----------
Менің әпкемнің аты ---------
Менің қарындасымның аты --------
Менің інімнің аты --------------------
Біздің үйде кішкентай нәресте, бөпеміз бар оның аты ----------------


Ата, әже, әке, ана

суреттері



Қабырғада ілінген көп суреттердің арасынан өз суретін табу



Қалыптастырушы бағалау





АКТ

















Ширату «Иә, жоқ»



парақшалар










Стикерлер,бояу қарындаштар, А4 жабыстырылған суреттер



Саралау тапсырмалары 3 минут

  • Жеті атаңды ата

Дескриптор: Шежіре ұғымын түсінеді.






«Алма ағашы »

5 минут

Жасыл алма. Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім

Сары алма .Тақырыпты түсіндім, бірақ туыстық атауларды шатастырдым.

Қызыл алма. Бүгінгі сабақты түсінбедім.


Алма ағашының суреті

Жалпы қорытынды

Оқушылардың бойында белсенділік,қызығушылық, таным деңгейі жоғарылайды.

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? 

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Рефлексия

Бүгінгі сабақта не істедік?

Соның қайсысы сендерге ұнады?

Қайсысы сендерге қиындық тудырды?

Неге қиын болды?

Келесіде не үйренгілерің келеді?

Үй тапсырмасы: жеті атаны жаттау.

 







 























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 қараша
554
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі