400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Дүниетану пәні бойынша 1 сыныпқа арналған 3 тоқсан қмж

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 1 сынып мұғалімдеріне керек. Мұғалімдерге менің жұмысымның көп септігі тиеді деп ойлаймын, мұғалімдердің уақыттары үнемделеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін___________



Сабақ тақырыбы:

Ұлы қоныс аудару

Ұлы дала тарихы

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1 -сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  • Барлық оқушылар: ғұндар және олардың қозғалысы туралы мағлұмат алу;


  • Оқушылардың басым бөлігі: картадан ғұндардың қоныс аударған жерлерін көрсетуге үйренy;

  • Кейбір оқушылар: өзі жүретін бағыттарының сызбасын сызуды үйрену.

Тірек сөздер:

ғұндар – гунны – huns;

қоныс аудару – переселение – мigration.

Ресурстар:

Интерактивті тақта, диктофон, Ақ Бұғы туралы аңыз бойынша жекелеген бес сюжетті сурет, оқушылар санына қарай жаңа сөздер жазылған тірек сөздер, «Экскурсия жетекшісі» ойынын жүргізуге арналған ғұндар туралы суреттер.

  1. Гумилев Л.Н. Хунну. Степная трилогия. – Санкт-Петербург, 1993.

  2. Өтенияз С. Атилла. Алматы, 2000.

  3. Ежелгі Қазақстан тарихы. Очерк. Алма-Ата, 1993.

  4. Байпаков К.М. Ежелгі Қазақстан тарихы. Алматы: Рауан, 1994.

Сабақтың мақсаты:

1.3.1.1 көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Ғұндар – II-IV ғ. өмір сүрген ежелгі көшпенді халық. Тарихшылардың пікірі бойынша ғұн империясы батыстағы Альпі мен Балтық теңізінен бастап шығысында Каспий теңізіне дейінгі жерді алып жатқан. Оның тіршілік етуі Еуропа халқы үшін маңызы зор еді.

Алғашында ғұндар оңтүстік Байкал маңында тіршілік етіп, мал шаруашылығымен айналысты. Олар көбінесе жылқы өсірумен әуестенген.

Ғұндарда тұрақты баспана болмады, олар өз мал-жандарымен бірге қоныс аударып отырды және киіз үйлерде тұрды деп айтылады. Ғұндардың қоныс аударып отыруы жайылым өнімділігінің аздығына байланысты. Олар малдарына азық іздеу үшін үнемі қоныс аударып отырған. Алайда, ғұндардың бөренеден жасалған үйлері туралы дәлелдейтін еңбекті еске түсіріп кету қажет (V ғ. византиялық дипломат және тарихшы).

Климаттың ғаламдық өзгеруі нәтижесінде Еуропа халқы ғана емес, сонымен бірге Орталық Азия халқы да көшпелі тіршілікке көше бастады. Ертеде көптеген халық, сонымен қатар ғұндар да өз аумақтарынан тыс жерлерге соғысқа аттанатын. Көшпенді мал шаруашылығымен айналысқаннан кейін оларға мал бағу үшін көп жер қажет болды. Б.з.д. ІІІ ғасырдың соңында ғұндар Қытайдың солтүстік-батыс шекарасына жиі шабуыл жасап тұрды. Күш-жігері мол және дарынды қолбасшысы Модэ ғұндар тайпасын біріктірді. Көршілес халықтардың бір бөлігін бағындырып, Модэ Қытай империясын өзімен «бейбітшілік және туыстық» шартын жасауға мәжбүрледі. Бұл шартқа сай Қытай империясы ғұндарға алым-салық төлеуге міндетті болатын.


Ежелгі тайпа. Сабақ басында оқушыларға оқулықтағы 1-суретті мұқият қарап шығуға тапсырма беріледі. Суретті интерактивтік тақтада көрсеткеніңіз дұрыс. Оқушылар өз бетімен суретте кімдер бейнеленгені, олардың қай уақытта өмір сүргені туралы болжамын айтады, олардың сыртқы келбетін суреттейді. Киімдері және заттары бойынша олардың немен айналысқанын анықтайды. Тапсырманың бұл түрі бейнелі ойлауын және қиялын дамытады. Бұдан әрі оқушыларға мәтінді өз бетімен оқып шығуға және өз жорамалдарын мәтіндегі нұсқамен салыстыруға тапсырма беріледі. Жұмыстың мұндай түрі оқушыларға мәтінді тез және қызығып оқуына мүмкіндік береді. Содан кейін шағын әңгіме өткізуге және ғұндар, олардың тіршілігі туралы дұрыс түсінігін бекітуге болады. Оқушылардың назарын қазақтар ұлы ғұндар тайпасының ұрпақтары екеніне аудартыңыз. Оқушыларға бұл жерде ғұндар туралы үзінді көрсетуге болады.

Орындап көр. Оқушыларға қызықты іспен айналысатындарын айтыңыз. Оқушылар бұл жерде ғұндар кезінде өмір сүрген Ақ Бұғы туралы мультфильмді дыбыстайды. Оқушыларға Ақ Бұғы туралы аңызды тыңдатыңыз. Бұл үшін диктофонға қысқаша және түсінікті нұсқасын жазып алуға болады (ресурстарды қараңыз). Үлестіру материалы түрінде бес сурет (кадр) дайындаңыз. Оқушыларды бес киностудияға бөліңіз және оларға бір суреттен таратып беріңіз. Оқушылар Ақ Бұғы туралы аңыздың өзіне тиесілі бөлігін дыбыстауы тиіс. Әр топтың бір мүшесіне суреттерімен тақтаға шығып, аңызды әңгімелеуін сұраңыз. Оқушыларға өз нұсқаларын ойлап тауып, аңызды аяқтауды ұсынсаңыз болады. Оқушылар ғұндар (және басқа да халықтар) өмір сүру үшін қолайлы, жылы және мал азығы көп жақсы жерлерді іздегенін түсінуі қажет. Бұл көші-қон қоныс аудару деп аталатынын түсіндіріңіз. Оқушылардан халық қазіргі уақытта қандай жағдайда, неліктен қоныс аударатынын сұраңыз. Оқушылар өз тәжірибесінен мысалдар келтіре алады. Мысалы, адамдар жаңа пәтер сатып алғанда көшеді. Осылайша, «қоныс аудару» деген ұғым жеңіл және қолжетімді түрде жеткізіледі.

Ғұндардың қоныс аударуы. Оқушыларға картаны интерактивті тақтада көрсетіңіз немесе қабырғаға ілінетін «Ғұндардың қоныс аударуы» картасын қолданыңыз. Оқушылардан жұпта картаны қарап, «Көк меңзер нені білдіреді?», «Ол қандай бағытты меңзеп тұр?» деген екі сұраққа жауап беруін сұраңыз. Оқушылар қалауы бойынша тақтаға шығып, картадан ғұндардың қоныс аударған жерлерін көрсете алады. Қоныс аудару себептері туралы тағы да естеріне түсіріп кету қажет. Тұсбағдарды қолдануға болады. Топта оқушылар тұсбағдар бойынша шығыстан батысқа дейінгі жолды анықтап, бұл бағытты сыныпта көрсетсін.

Жауабы: Көк меңзер ғұндар қозғалысын көрсетеді. Ғұндар шығыстан батысқа қоныс аударып отырған және Италияға дейін жеткен.

Ақ бұғы туралы оқиға

Ақ бұғы туралы оқиғаны тыңда.

Оқулықтағы мультфильм кадрларын көр.

Мультфильмді кадрлар бойынша түсіндір.

Оқиғаны қалай аяқтауға болады?

Ғұндар керемет жерді көргенде не деп ойлады?

Shape1

Ғұндардың қоныс аударуы


Картадан ғұндардың қоныс аударған жерлерін көрсет.


Сабақтың қорытындысы


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Халық үнемі көшіп отырды, себебі өмір сүру үшін лайықты орын іздеді. Бұндай үдеріс қоныс аудару деп аталады.


Оқушылар санына қарай жаңа сөздер жазылған бір-бір үлестірме парақшалар дайындаңыз. Егер сіздің сыныпта 26 оқушы болса, сіз 4 «қоныс аудару», 4 «переселение», 4 «migration» үлестірме парақшаларын дайындаңыз. «Ғұндар» сөзіне үш тілде 12 үлестірме парақша дайындаңыз. Оқушылардан сыныптың ортасына шығып, бір үлестірме парақша алуын сұраңыз. Олар 3 минут ішінде осы сөз басқа тілде жазылған үлестірме парақшаларды табуы және олардан үштік құруы тиіс. Содан кейін әр үштік өздерінің сөздерін көздері жұмулы күйінде үш тілде қайталайды.

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Өнер. Жұмыс дәптерінде «Мектепте жүретін жолдарым» тапсырмасын орындаған кезде оқушылар сабақта болған бір күн ішінде жүрген бағытын салады.

АКТ. Оқушыларға ата-аналарымен бірге интернеттен ғұндардың керек-жарақтары, киімдері бейнеленген суреттерді тауып, оларды ермексаздан жасауды ұсыныңыз (мысалы, ғұн әскерінің бас киімі).

Математика. Жұмыс дәптеріндегі «Бұрын болған, қазір бар және келешекте болады» тапсырмасын орындаған кезде оқушылар сандарды және сандардың каллиграфиясын қайталайды.







Гуманитарлық қабілеті бар оқушылар үшін қосымша тапсырма ретінде кабинетті ғұндардың тарихи мұражайына айналдырып, «Эксурсия жетекшісі» ойынын өткізуге болады. «Саяхат» бөлімі бойынша білімдерін кеңейту үшін қабілеті жоғары оқушыларға «Не? Қайда? Қашан?» сұрақ-жауап сайысын ұйымдастыруға болады.


Бағалау


Оқушылар

–– ғұндар және олардың тіршілігі туралы; –– ертеде халықтың қоныс аударуы туралы;

–– олардың қоныс аудару себептері туралы білді.

Оқушылар

–– картадан ғұндардың қоныс аударған жерлерін көрсетуге;

–– өз жүрген бағыттарының картасын салуға үйренді.

Бағалаудың бір түрі ретінде оқушыларға жұпта талқылауға және жауап беруге үш сұрақ беріледі:

–– Сақтардан кейін біздің жерімізді кімдер мекендеді?

–– Олар қандай тіршілік етті? Олар немен айналысқан?

–– Ертеде халық не үшін қоныс аударған?

















Бекітемін:___________


Сабақ тақырыбы:

Уақытқа саяхат

Ертедегі саяхат

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  • Барлық оқушылар: уақытқа қатысты қарапайым терминдерді қолдануды үйрену;


  • Оқушылардың басым бөлігі: Қазақстандағы саяхаттың рөлі туралы ақпарат негізінде өз пікірін білдіруге үйренy;

  • Кейбір оқушылар: картадан Астананың орналасқан жерін анықтай алy;

  • Астананың негізгі көрікті жерлерін сипаттауды үйренy.

Тірек сөздер:

саяхат – путешествие – travel; астана – столица – capital city.

Ресурстар:

Қолбасшы Аттиланың дулығасы, «Уақыт машинасы» суреті, «Аттила» тақырыбына тест, тірек сөздер жазылған үлестірме парақшалар, Қазақстанның картасы, саяхаттауға арналған әдемі жерлердің суреттері (5-6), ұялы телефондар, тірек сөздердің дыбыстық жазбасы, «Астана – болашақ қаласы» бейнефильмінің үзіндісі.

Сабақтың мақсаты:

1.2.4.1 туризмнің мәнін түсіндіру

1.2.4.2 туристтердің негізгі мақсаттарын анықтау

1.3.5.3 Қазақстан астанасы туралы шығармашылық жұмыстарды таныстырады

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Саяхат дегеніміз – адамдардың айналаны тану, білім алу немесе спортпен айналысу мақсатында белгілі бір аумақ бойынша қозғалысы. Адамдар өте ертеден бастап саяхаттай бастады. Ертеде аңшылар аңдардың артынан, малшылар малға азық табу, ал жер өңдеушілер егін егуге құнарлы жер іздеу үшін орын ауыстырып жүріп, үлкен аумақтарды игерген. Ел билеушілер әскерлерімен аумақ бойынша жылжып отырып, жаңа жерлерді жаулап алу үшін соғыстар ашқан. Кейінірек адамдар айналадағы тірлікті тану, жаңа білімдерді меңгеру үшін саяхаттай бастады.


Ертеде керуен жолдарының жүйесі Ұлы жібек жолы Шығыс пен Батыстың арасын байланыстырып тұрған. Бұл жол Қазақстан аумағы арқылы өткен. «Саяхат» ұғымы Қазақстанның ежелгі тарихында


көшпенділік өркениетін қалыптастыру мен дамытуда, жаулап алу және қоныс аудару кезеңінде, Ұлы жібек жолы жұмысын атқарып тұрған кезеңде орталық рөл атқарды.


Қазіргі кезеңде саяхаттың рөлі өзгерді. Қазіргі заманғы саяхатшыларды алға итермелейтін білімге деген құштарлық қана емес, сонымен қатар саяхат барысында адамдар жаңа достар табады, жақсы әсер алады. Қазіргі кезде саяхат – бұл негізінен туризм немесе жұмыс бабымен көшу.


Салыстыруды үйрен


  • Астана қаласының суреттерін мұқият қара және салыстыр.


  • Қала қалай өзгерген?


  • Астананың қандай көрікті жерлерін білесің?


  • Қазақстан картасынан Астананы тап.


Рөлдік ойын. Сабақты өткен сабақтың материалын қайталаудан бастауға болады. «Сен Аттиласың!» рөлдік ойынын ұсыныңыз. Қолбасшы атрибуттарын – Аттиланың рөлінде ойнайтын оқушыға дулыға дайындап қойыңыз. Оқушылар қанша сұрақ қоя алатынын келісіп алыңыз. Егер «Аттила» жауап бере алмаса, «кеңесші» ретінде таңдап алған сыныптасынан көмек сұрауына болады.

Саяхатқа барамыз! Оқушыларға анимацияланған суреттерді көрсетіңіз және бұл сабақта қазақ ертегісі Алдар көсемен бірге қиял-ғажайып уақыт машинасымен саяхат жасайтындарын айтыңыз. Оларды қолға кигізілетін қуыршақпен таныстырыңыз. Алдар көсе қулығымен, көңілді мінезімен танымал. Оқушылардан оның жүрген жерлері туралы не білетінін сұраңыз. Ол жақсы істер жасай отырып, кең далада саяхат жасағанын әңгімелеңіз. Алдар Көсе қайда саяхатқа барсам екен деп қиялдайды. Оқушылардан сынып қабырғаларында ілінген әртүрлі жерлердің (теңіздің, орманның, таудың және т.б.) суреттерінің жанына баруын сұраңыз. Алдар көсені шақырғысы келетін жердің суретін таңдауға ұсыныс беріңіз. Оқушыларды топтарға біріктіріңіз (4 адамнан). Топ бұл саяхатты неліктен таңдағаны туралы қысқаша әңгіме дайындайды.

Талқылауды үйрен. Қуыршақтың оқушылармен уақыт машинасында саяхат туралы әңгімесін жалғастырыңыз. Олар саяхаттау үшін көліктің қандай түрін таңдайтынын анықтаңыз. Оқулықтан 52-беттегі «Талқылауды үйрен» тапсырмасын табуды сұраңыз. Олар негізгі мәтінді оқып шықсын. Көңілді айлакердің қай сурет бұрынғы, ал қай сурет қазіргі заманғы екенін түсіне алмай тұрғанын естеріне салыңыз. Оқулықтағы тапсырманы бекіту мақсатында «Үлестір және сипатта» тапсырмасын орындатуға болады. Оқушылар топта өз жұмыстарын талқыласын. Бір топ бұрынғы көлік түрін, ал екінші топ қазіргі заманғы көлік түрін көрсетеді. Әңгіме кезінде уақытқа «сол уақытта, енді, болашақта, бұрын және қазір» деген сияқты қарапайым терминдерді қолдануын сұраңыз.

Салыстыруды үйрен. Уақыт машинасы бұрынғы заманға бара жатқанын айтыңыз. Қазақстан картасында Астана қаласын көрсетіңіз. Оқулықтың 38-бетіндегі дерек көзімен жұмысты ұйымдастырыңыз. Астана қаласының суреттерін – 100 жыл бұрынғы ескі Ақмола қаласы мен қазіргі

Астана қаласының суреттерін салыстыруға тапсырма беріңіз. Олардың жауаптарын Ақмоланың шағын сауда қалашығы болғаны туралы ақпаратпен толықтырыңыз.100 жыл бұрынғы көліктер: ат, алғашқы автомобильдер. Бүгінгі Астана – бұл қайталанбас еуропалық келбеті бар, тұрақты дамып келе жатқан және салынып жатқан қазіргі заманғы мегаполис.

Саяхатты жалғастырыңдар.

Астанаға көрікті жерлерді қызықтау үшін әртүрлі елдерден көптеген саяхатшылар келе жатқанын хабарлаңыз. Жұмыс дәптерінің 38-бетіндегі Астананың суретін тауып, мұқият қарауын сұраңыз. Тапсырманың мәтінін оқыңыз. Астана қаласына саяхаттауға шақырыңыз және Астана туралы бейнефрагментті көрсетіңіз. Оқушылар бейнежазбаны қарап отырған кезде қала көшелеріндегі көлік түрлеріне назарын аударсын. Жауаптарын тыңдаңыз.


Астана – Қазақстанның астанасы. Бұл – еліміздегі әдемі қала. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астанада театрлар, мұражайлар, ескерткіштер көп. Астана жыл сайын жаңарып, көркеюде.


Сабақтың қорытындысы


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Сабақтың қорытындысын шығарғанда «Уақыт машинасымен» саяхат аяқталғанын айтыңыз. Астананы қандай екенін бір сөзбен жеткізсін.

Жауабы: Әдемі, жас, жаңа және т.б.

«Аудармашылар» жаттығуы. Диктофонға бір тілдегі тірек сөздерді жазып алыңыз және Ботаның атынан дыбыстық жазбаны тыңдатыңыз. Оқушылар қайталайды, қалған екі тілдегі нұсқаларын айтады. Сөздер жазылған үлестірме парақшаларды «сөйлейтін» қабырғаға іліп қойыңыз.


Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Математика. Бейнефильмді тамашалаған кезде Астана қаласының көшелеріндегі көліктерді санайды.

Өнер. Қосымша тапсырмаға суреттер салады. АКТ. Астана туралы бейнефильмді тамашалайды.


Бота қазіргі заманғы саяхат туралы көбірек білгісі келетінін айтыңыз. Оқушылардан қазір кім саяхат жасай алатынын сұраңыз. Бірнеше секунд жауабын күтіңіз. Оқушыларға телефондарын дайындап, өзіңіз жіберген «Астана» sms – хабарламасын оқытыңыз. Бұл қандай саяхатшы екенін ойлансын. Үйде қазіргі заманғы басқа да саяхатшылар туралы ойлануын сұраңыз. Жауаптарын сурет түрінде салуды және фотосуреттерін көрсетуді сұраңыз.


Жауабы: Xабарлама, ақпарат, жүктер, тауарлар

Бағалау


Оқушылар

–– саяхат туралы; –– бұрынғы және қазіргі көлік туралы;

–– Астананың көрікті жерлері туралы білді.

Оқушылар

–– дерек көздерімен, яғни суреттермен жұмыс істеуді;

–– уақытқа қатысты «сол уақытта, енді, болашақта, бұрын және қазір» деген сияқты қарапайым терминдерді қолдануға;

–– ақпарат негізінде өз пікірін білдіруге; –– қазіргі заманғы көлік қалай өзгергенін сипаттауға; –– картадан Астананы табуды үйренді.

Тақырыпты игергенін тексеру және бағалау үшін мынадай сұрақтар қойыңыз.

–– Астана деген не?

–– Астана қандай өзеннің жағалауында орналасқан? –– Астана нышаны саналатын монумент қалай

аталады?

–– Астанада қандай көрікті жерлер бар?



















Бекітемін ___________


Сабақ тақырыбы:

Дәстүр және фольклор

Мен қазақпын

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  • Барлық оқушылар: қазақ халқының тарихымен танысy;


  • Оқушылардың басым бөлігі: оның рухани құндылықтарын түсінуді үйренy;

  • Кейбір оқушылар: батырлардың қазақ халқының тарихындағы рөлін түсінy.

Тірек сөздер:

ауыз әдебиеті – фольклор – folklore; ерлік – мужество – bravery.

Ресурстар:

Мультимедиапроектор, «Толағай» мультфильмі, Қасымханның портреті, Е.Құдайбергеновтің орындауында «Мен қазақпын» әнінің бейнеклипі, стикерлер, флипчарт, түрлі-түсті маркерлер, таныстырылым, «Толағай» суреті, «батыр», «ерлік», «адамгершілік», «әлсіз», «күшті», «сараң», «мейірімді» сөздері жазылған үлестірме парақшалар, домбыра, жылқы, батыр, шаңырақ суреті салынған, суреттерге байланысты мақал-мәтелдер жазылған үлестірме парақшалар, қосымша тапсырмаға арналған сюжетті сурет.

Сабақтың мақсаты:

1.3.2.1 көрнекі материалдардың негізінде қазақтардың өмір салтын сипаттау

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


«Толағай» – халық аңызы. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы тау атауына байланысты. Ерте заманда, үлкен өзен бойында Саржан деген аңшының отбасында Толағай деген ұл дүниеге келеді. Толағай ай санап емес, күн санап өседі. Күндердің күнінде жауын жаумай, қуаңшылық болады. Шөлден мал қырылып, жұт келеді. Елін жұттан құтқару үшін алыстағы тауды өз еліне әкеледі. Шаршаған батыр ауылына жеткенде тау астынан шыға алмай мәңгіге сол таудың астында қалып қояды. Содан бері бұл тау «Толағай» деп аталады.Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің баласы Қасым ханның (1511–1523 жж.) тұсында нығайды. XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ жерін өз қол астына біріктірді. Тарихшы-ғалымдардың зерттеуіне сай Қасым ханның тұсында қазақ халқының саны 1 миллионға жетті. Қасым дана және көреген саясаткер, дарынды және ер жүрек қолбасшы болған.

Бұл сабақты «фольклор» ұғымын түсіндіруден бастаған дұрыс. Ол үшін Қожаберген жыраудың нағыз қазақ әніне айналған «Елім-ай» әнінің дыбыстық немесе бейнежазбасын тыңдатуға болады. Тыңдап болғаннан кейін оқушылардан бұл ән қандай сезім оятқанын, мағынасы қандай екенін сұраңыз. Оқушылардың болжамдарын тыңдаңыз. Бұл ән қазақ халқының ең ауыр жылдарында пайда болғаны туралы әңгімелеңіз. Қаптаған жоңғарлар қазақтың бейбіт ауылдарына қаһарлы күшін төкті. Мыңдаған адамдар туған жерлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Міне, сол кезде барлығы білетін және айтатын осындай зарлы ән пайда болды. Ауыздан ауызға беріліп отырған осындай әндер, мақал-мәтелдер, аңыздар фольклор немесе халық ауыз әдебиеті деп аталады.

Толағай. Бұл тапсырманы орындау үшін «Жеті жебе» әдісін қолданыңыз. Ол үшін сабақ басталар алдында тақтаға қазақ батыры бейнеленген суретті іліңіз. Суреттің айналасына бормен жеті жебенің суретін салыңыз. Балаларға «Жеті жебе» бізге қазақ батырлары туралы әңгіме қозғауға көмектесетінін айтыңыз. Оқушыларға оқулықтағы 1-суретті ұсыныңыз. Егер мүмкіндік

болса, оларға Толағай батырдың ерлігі көрсетілген мультфильмнен үзінді көрсетіңіз. Оқушылар жұпта қандай қасиеттері арқылы Толағайды батыр деп атауға мүмкіндік беретінін талқылайды. Талқылағаннан кейін оқушыларға қалауы бойынша жебелерге батырдың ерекше қасиеттерін жазуды ұсыныңыз.

Жауабы: Күшті, ержүрек, батыр, қайсар, елжанды, жанашыр, мейірімді.

Оқушыларға оқулықтағы 1-мәтінді өз бетімен оқуды ұсыныңыз. Бекіту ретінде жұмыс дәптерінде қосымша тапсырма орындауға болады.

Халық даналығы. Оқушылар мақал-мәтелді оқиды және мағынасын түсіндіреді. Тапсырманың екінші сұрағына жауап беру үшін оқушылар өз өмірлік тәжірибелерін қолдануы тиіс. Олардың назарын бейбіт өмірде адамдардың игілігі үшін жасалған кез-келген игі істер ерлік болып саналатынына аударыңыз. Мысалы, қарттарға, мүгедектерге көмек, өрт сөндіру.

Мен кіммін? Тақтаға Қасым ханның суретін іліңіз. Оқушыларға бір-бірден стикер таратыңыз және портретке қатысты бір сұрақтан жазуды ұсыныңыз. Содан кейін оқушылар айдардың мәтінін және 2-мәтінді өз бетімен оқысын. Оқушылардан оқыған материалдарда сұраққа жауап бар ма екенін сұраңыз. Егер жауап бар болса, онда оқушылар тақтаға барып, өз стикерін алсын. Егер тақтада тағы да стикерлер қалған болса, онда деректі материалды қолдана отырып, сұрақтарға жауапты өзіңіз бере аласыз. 2-3 қызықты сұрақты қалдырып, қабілеті жоғары оқушылардан үйден интернет ресурсынан жауаптар табуға тапсырма беріңіз.


Сен білесің бе? Бұл айдар мазмұнының тәрбиелік мағынасы зор, бірақ 1-сынып оқушыларының қабылдауы қиын. Сондықтан мұғалім оның мағынасын өзі ашып бергені дұрыс. Мәтінді оқудың алдында оқушыларға бейнелі түрде салыстыруды ұсыныңыз. Оларға әр халықтың ана тілі, мәдениеті – бұл оған қорек беретін және ұстап тұратын өсімдік тамыры тәрізді екенін түсіндіріңіз. Сыныптағы ең әдемі бөлме гүлін үстелге қойыңыз. Бұл гүлді суармаса, не болатынын сұраңыз.

Жауабы: Гүл қурайды. Ана тілі де тура сол сияқты. Егер ана тілінде сөйлемесе, ол біртіндеп жойылып кетеді. Тіл болмаса, халық та болмайды.

Орындап көр. Жұмысты топта өткізіңіз. Әр топқа қазақ халқының ұлттық құндылығы көрсетілген мақал-мәтелдер мен суреттер салынған үлестірме парақшалар таратып беріңіз. Оқушылардың міндеті – шағын жоба (аппликация, сурет, ермексаздан жасалған заттар) көрсету. Оқушылар өз материалдарын қолдана отырып, шетелдік қонаққа қазақ халқын таныстырады. Мынадай үлестірме парақшалар ұсынуға болады: қазақ батырының суреті салынған үлестірме парақшада «Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы», аттың суреті бар үлестірме парақшада «Ер қанаты – ат», мереке суреті бар үлестірме парақшада «Гүлсіз болса жер мұңды, Күлкісіз болса ел мұңды», ауыл суреті бар үлестірме парақшада «Туған жердің жуасы да тәтті» және т.б. мақал-мәтелдері. Әр топ өзіне таныстыру түрін таңдайды.

Сабақты Ерболат Құдайбергеновтің орындауындағы «Мен қазақпын» әнімен бастап, «Жау жүрек мың бала» көркем фильмінен үзінді көрсетумен аяқтаңыз. Оқушылар әуенмен би билеуіне немесе қарапайым қозғалыстар жасауына болады.

Сабақтың қорытындысы


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру



Бұл сабақтың тірек сөздері қолданып жүрген сөздік қорға жатпайды. Оқушылар тірек сөздерді хормен қайталасын. Содан кейін тірек сөзбен бір жай сөйлем ойлап табуын сұраңыз. Қабілеті жоғары оқушылар өз сөйлемдерін орыс және ағылшын тілдеріне аудара алады.


Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Жаратылыстану. «Сен білесің бе?» айдарының мазмұнын ашқан кезде өсімдікпен салыстыру қолданылады.

Өнер. Дәптердегі «Мен қазақпын» тапсырмасы өнермен пәнаралық байланысты қамтиды.

АКТ. Қабілеті жоғары оқушылар интернет ресурстарынан қазақ хандығы туралы материалдар жинайды.



Shape2

Толағай


  • Танысып қой, бұл – батыр Толағай.

  • Неліктен ол батыр атанды деп ойлайсың?


Оқушыларға жұмыс дәптеріндегі «Қазақ халқы» тапсырмасы орындауға беріледі.

Бағалау


Оқушылар


–– «батыр» ұғымын және батырлардың қазақ тарихындағы рөлін;


–– мақал-мәтелдер мен аңыздардың мағынасын түсінді;


–– қазақ халқының тарихымен танысты.


Оқушылар


–– қазақ халқының рухани құндылықтарын түсінуге; –– сұрақтар қоюға; –– алған ақпарат негізінде өз көзқарасын білдіруге


үйренді.


Бағалаудың бір түрі ретінде «Орындық» тәсілін қолдансаңыз болады. Оқушы орындыққа арқасын тақтаға қаратып отырады. Тақтада оқушылар сабақ барысында алған ұғымдар мен есімдер жазылған. Мұғалім әр ұғым мен есімді (батыр, Қасым, Толағай) көрсетеді, ал бір оқушы олардың мағынасын ашады немесе кейіпкердің мінезін сипаттайды. Орындықта отырған оқушы ұғымды немесе есімді атайды.





















Бекітемін: ___________


Сабақ тақырыбы:

Қазақстанның рәміздері

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  • Барлық оқушылар: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен танысy;


  • Оқушылардың басым бөлігі: тудағы бейнелердің мағынасын білy;

  • Кейбір оқушылар: мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді үйренy.

Тірек сөздер:

ту – флаг – flag;

елтаңба – герб – coat of arms; әнұран – гимн – anthem;

мемлекеттік рәміз – государственный символ – state symbol.

Ресурстар:

Мультимедиапроектор, Мемлекеттік рәміздер бейнеленген плакат, ҚР Мемлекеттік Әнұранның дыбыстық жазбасы, И.Ескендір «Көк Тудың желбірегені» әні, «Ту», «Әнұран», «Елтаңба», «Бәйтерек», «Алтын адам» сөздері жазылған үлестірме парақшалар, флип-шарт, түрлі-түсті маркерлер, «Мемлекеттік ту» тақырыбына таныстырылым, түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, мемлекеттік рәміздегі бейнелердің элементтері бар суреттер (қыран, жұлдыз, күн, шаңырақ, қанатты тұлпар), жапсырмалар, өрнек жапсырмалар, «Орындап көр» айдары тапсырмасына арналған ту үлгілері.

Сабақтың мақсаты:

1.3.5.2 тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері туралы әңгімелеу

1.3.5.1 Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажырату

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көгілдір түсті матадан жасалған. Оның ортасында 32 сәулесі бар күн орналасқан. Күннің астында көкте шарықтаған қыран құс бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста – ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек – алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Автордың түсіндіруі бойынша ту жобасымен жұмыс істеген алты ай уақыт ішінде қазақ халқының тарихын, әдебиетін оқып, көп ізденген. Ту идеясы тарихтан, ұлттық мәдениеттен алынған. Бiрыңғай көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде – көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн – қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн – уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс – бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. Сақтар, ғұндар, қыпшақтар туды жауынгерлік рухтың белгісі деп ерекше қастерлеген. Олар туда әскердің күші, киесі болады деп сенді. Сол себепті тудың құлауын әскердің жеңілуі деп түсінді, бүкіл әскер болып шайқастарда әскер туын қорғады. Ту алыстан айқын көрінуі үшін ашық, көк, қызыл, сары, жасыл, ақ түсті маталардан жасалынып, кейде бір туда екі-үш түс қатар қолданылды. Тудың әр түсі көшпелілердің төл мәдениеті ретінде белгілі бір ұғымды білдірді. Абылай ханның туы ақ түсті болған. Ақ түс тазалықтың, әділдіктің белгісі саналады. Абылай хан көрнекті мемлекет қайраткері, үш жүздің басын біріктірген атақты хан, қолбасшы және елші ретінде танылды.




Сабақты Ибрагим Ескендірдің орындауында «Көк Тудың желбірегені» әнін тыңдаудан бастауға болады. Бейнебаяннан әнді тыңдап болғаннан кейін:

«Ән тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар?» «Бүгінгі сабақ не туралы болады деп

ойлайсыңдар?» – деген сұрақтар қою арқылы сабақ мақсатын ашуға жетелеңіз.

Жауабы: Ту туралы.

Суреттерге қара. Оқушыларға оқулықта берілген суреттерге назар аударып, сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз. Оқушылардың жауабын сабаққа қатысты деректі материалдармен толықтырыңыз. Оқулықтағы 1-мәтінді өз бетінше оқуға беріңіз.

Кел, анықтайық! Бұл айдар бойынша жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқулықтағы суреттерге назар аударып, берілген сұраққа жауап берсін. Оқушылардың сұраққа жауап беру барысында тиісті лексиканы дұрыс қолдануына көңіл бөліңіз. Оқушылардың мақтаныш сезімін ояту үшін 2012 жылы Лондон Олимпиадасында қазақстандық спортшыларды марапаттау сәті бейнеленген қысқаша бейнебаянды тамашалатыңыз. «Еліміздің туын биікке көтеру үшін қандай үлес қоса аласыңдар? Сен өзің не істер едің?»,– деген сұрақтар қойыңыз. Өз елінің туына құрмет көрсету – азаматтықтың көрінісі екенін айтып қорытындылаңыз.

Кел, ойланайық! Бұл айдарды «Жаужүрек мың бала» фильмінен үзінді көрумен бастауға болады. Алдымен оқушыларды үш топқа бөліңіз. Әр топқа тапсырма беріңіз. Бірінші топ фильмде қолданылған музыканы зерттейді, екінші топ қолданылған декорацияны, үшінші топ кейіпкерлер іс-әрекетін бақылайды. Үзіндіні қарап болған соң, әр топтың бір -бір оқушысынан шағын топ ұйымдастырыңыз. Бір оқушы фильмнің музыкасын, екіншісі декорациясын, үшіншісі адамдардың әрекеттерін сипаттайды. Оқушылардың міндеті – бұл фильм мақалдың мағынасын қалай ашатынын түсіндіру. Бұл жұмыс түрі байқампаздықты дамытуға көмектеседі. Оқушыларға ерте заманда қазақ халқы үшін тудың мәні қандай болғаны, ал қазіргі кезде тудың маңыздылығы қалай өзгергені туралы қорытынды жасатыңыз. Отан қорғау әр жігіттің қасиетті борышы екені туралы тұжырым жасауға бағыттаңыз. Оқулықтағы 2-мәтінді өз бетінше оқуға беріңіз.

Сен білесің бе? Оқушыларға Абылай ханның портретін көрсетіңіз. Абылай қазақ халқының басынан кешкен қиын-қыстау заманда өмір сүргені, он бес жасынан бастап жоңғарларға қарсы жорықтарға қатысқаны туралы әңгімелеуден бастаңыз. Абылай ханның тарихтағы ең басты еңбегі үш жүздің басын қосып, бір ту астына жұмылдыруы екенін атап өтіңіз. Оқушылардың біріне мәтінді мәнерлеп оқуды тапсырыңыз. Ақпаратты «Жеті жебе» әдісі бойынша жүйелеңіз. Портреттің айналасында жеті жебенің суретін жасаңыз. Оқушылар әр жебеге тарихи тұлға Абылай ханды сипаттайтын сөздерді жазсын.

Жауабы: Батыр, ержүрек, ақылды, әділ…

Орындап көр. Тапсырманы топта орындатыңыз. Әр топ өз туы қандай болатынын ойластырып, алдын ала дайындалған түрлі-түсті қағаз, жапсырма, маркер, өрнек жапсырмалар қолданып жасайды. Оқушылардың жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін, тазалықты сақтауларын мұқият қадағалаңыз. Орындалған жұмыстарды «Сөйлейтін қабырғаларға» іліңіз. Әр топ өзі жасаған туларын таныстырып қорғайды. Жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз.

Shape3

Ойлан


«Тусыз бірлік болмайды, қарусыз жігіт болмайды» деген мақалды қалай түсінесің?

Әр елдің мемлекеттік рәміздері болады. Олар – елтаңба, ту және әнұран. Қазақстанның рәміздері мемлекетіміздің тарихы туралы әңгімелейді. Олар еліміздегі барлық адамдарды біріктіреді.


Сабақтың қорытындысы


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру



«Бағдаршам» ойынын ұйымдастырыңыз. Қазақ тіліндегі сөзді жасыл түспен, орыс тіліндегі сөзді сары түспен, ағылшын тіліндегі сөзді қызыл түспен белгілеңіз. Әр топқа тірек сөздер жазылған үлестірме парақшалар таратып беріңіз. Оқушыларға түсті дөңгелекті көрсетіңіз бір немесе белгілі бір түс (қызыл, жасыл, сары) атауын айтыңыз. Оқушылар түске сәйкес тірек сөздерді тиісті тілде атайды.


Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Өнер. «Орындап көр» айдарында берілген тапсырманы орындайды.


АКТ. Интернеттен әлемдегі түрлі мемлекеттердің туының үлгілерін жинақтайды.






Жұмыс дәптеріндегі «Менің елімнің рәміздері» тапсырмасын орындау ұсынылады.







Бағалау



Оқушылар:

–– ҚР мемлекеттік туымен танысты; –– тудағы бейнелердің мағынасын;

–– тудың мемлекеттік маңыздылығын білді.


Оқушылар:

–– бақылау жүргізуді; –– ақпарат негізінде өз көзқарасын білдіруді;


–– сұраққа жауап беруде тиісті лексиканы қолдануды;


–– халқымыздың өткені мен бүгінгісін салыстыруды; –– туды құрметтеуді үйренді.


Бағалау үшін жауаптардың дұрыстығын анықтауды ұсыныңыз.

–– Ту мемлекеттің тәуелсіздігін білдіреді.

–– Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы қызыл түсті.


–– Қазақстанның туында көгершін бейнеленген.


–– Мемлекеттік рәміздер елдің тарихы туралы сыр шертеді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
1865
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі