Материалдар / «Дүниетану» пәні бойынша 2 - сыныптың күнтізбелік – тақырыптық жоспар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Дүниетану» пәні бойынша 2 - сыныптың күнтізбелік – тақырыптық жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
«Дүниетану» пәні бойынша 2 - сыныптың күнтізбелік – тақырыптық жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қырқүйек 2023
393
7 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Дүниетану» пәні бойынша 2 - сыныптың күнтізбелік – тақырыптық жоспарға арналған түсінік хат

2023-2024 оқу жылы

«Күнтізбелік-тақырыптық жоспар «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығы; Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді;

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығының (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №614 бұйрығымен енгізілген); ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығы (өзгерістер ҚР БҒМ 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 бұйрығымен енгізілген); ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндірінің үлгілік оқу бағдарламалары (10.05.2018 ж. № 199) бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары;

Қосымша: «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектің №399 бұйрығына; 2023-2024 оқу жылында «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатына сәйкес әзірленген.

«Дүниетану» оқу пәнін оқытудың мақсаты: ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан білім алушылардың бойында

адам, табиғат және қоғамның өзара байланысуы және өзара тәуелділігі туралы білім жүйесін қалыптастыру.

Оқыту міндеттері:

1) білім алушыларда қоғам және табиғат құбылыстары мен нысандарының өзара байланысы мен өзара тәуелділігі туралы түсініктер қалыптастыру;

2) білім алушыларда табиғи, әлеуметтік және технологиялық ортадағы мінез-құлық нормаларын және қауіпсіздік ережелерін қалыптастыру;

3) білім алушыларда табиғи және әлеуметтік шынайылықты тану әдістерін: бақылау, эксперимент, сауалнама тәжірибелерінің қалыптасуын қамтамасыз ету;

4) білім алушылардың танымдық әрекетін дамытуды қамтамасыз ету;

5) білім алушыларды қазіргі қазақстандық қоғамға тән ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесіне дағдыландыру;

6) білім алушылардың өзін қоршаған ортаға, қоғамның табиғи және мәдени құндылықтарына дұрыс қатынастарын қалыптастыру.

«Дүниетану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.

Оқу жылының ұзартылуына байланысты қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылды.






«Дүниетану» оқу пәнінің 2-сыныпқа арналған базалық мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:

1) «Мен және қоғам» бөлімі: отбасы; отбасы мүшелерінің ауызша портретін жасау; отбасындағы әдеп нормаларын түсіндіру; отбасы қажеттіліктерінің құрылымы; мектеп және мектеп қауымдастығы; мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлері; мектеп қауымдастығының құрылымы; ұжымдық, топтық және тұлғааралық мінез-құлық нормалары; сынып ұжымын сипаттау; менің атамекенім; көрікті жерлерін сипаттау; Қазақстан картасындағы ірі өзен-көлдер, қалалар, жолдар, өз облысы; денсаулық пен қауіпсіздік; пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықтары; күнделікті жағдаяттардағы (үйде және қоғамдық орындарда) қауіпсіздік ережелері; көлік түрлері, олардың қажеттілігі; қоғамдық көліктегі өзін-өзі ұстау ережелері; құқық және міндет; құқық, міндет және жауапкершілік; қоғамға қызмет етудің әлеуметтік маңызы; Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелері;

2) «Елімнің табиғаты» бөлімі: жергілікті жерде бағдарлану; тұсбағдардың көмегімен көкжиек бағыттарын анықтау; ауа райының адам өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіне оң және кері әсері; ірі табиғи нысандардың (тау, жазық, көлдер мен өзендер) шаруашылық маңызы; өз өңіріндегі табиғи жағдайлардың (жер бедері, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) оң және кері тұстары; табиғаттың қолайсыз және қауіпті құбылыстарын жіктеу; туризм; туризмнің негізгі түрлері; туризмнің түрлерін дамытуға қолайлы нысандар; туристік нысандардың ерекшеліктері;

3) «Тарих беттерінен» бөлімі: «мал шаруашылығы» және «егін шаруашылығы» туралы алғашқы түсінік алу; көне қалалар мен ескерткіштер; ғұндардың өмір салты туралы алғашқы түсінік; Ботай мәдениетінің ерекшеліктері; қазақ халқының жылқыны қолға үйретуі; көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері; Әл-Фарабидің ғылымның дамуына қосқан үлесі; Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің мәні; Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қолданылу саласын анықтау; Қазақстан халықтары достығының маңыздылығы.



«Дүниетану» пәні бойынша жинытық бағалаудың саны


Сынып

Бөлімдер бойынша жиынтық бағалау саны

ТЖБ


1- тоқсан

2- тоқсан

3-тоқсан

4- тоқсан

Әр

жартыжылда

2-сынып

1

1

1

1

1










Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Дүниетану пәні, 2 сыныбы

Аптасына: 1 сағат, барлығы: 36 сағат


р/с

Бөлім

Бөлімше/

Сабақтыңтақырыптары

Оқыту мақсаттары

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту



1-тоқсан


1

Өзім туралы

Менің отбасым

2.1.1.2 мысалдар келтіре отырып, өз

отбасындағы әдеп нормаларын түсіндіру

1

06.09


2

Менің ататегім

2.1.1.1 отбасылық мұрағат негізінде отбасы мүшелерінің ауызша портретін жасау

1

13.09


3

Мен және қоғам

2.1.1.3 түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы

жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтау

1

20.09


4

Менің достарым

2.1.1.3 түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы

жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтау

1

27.09


5

Адам еңбегі

Өзіңді тексер

2.1.1.4. бақылаулар менсауалнама жүргізу арқылы тұтыну заттарының отбасылық қажеттіліктерін құрылымына және олардың кірісіне қарай талдай білу.

1

04.10


6

Менің отбасым және достарым

Менің құқығым және міндетім. Отан үшін аянба

2.1.5.1. өз өмірінің мысалдары негізінде құқық, міндеттер және жауапкершілікті ажырата білу

2.1.5.2 қоғамға қызмет етудің әлеуметтік маңыздылығын түсіндіру

1

11.10


7

Пікір алмасайық

БЖБ№1.

2.1.5.2 қоғамға қызмет етудің әлеуметтік маңыздылығын түсіндіру

2.1.5.1. өз өмірінің мысалдары негізінде құқық, міндеттер және жауапкершілікті ажырата білу;

2.1.1.2 Мысалдар келтіре отырып, өз отбасындағы әдеп нормаларын түсіндіру

2.1.1.3 Түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтау

1

18.10


8

Қазақстан халқы

2.3.5.3 Қазақстан халықтары достастығының маңызын түсіндіру

1

25.10

18.10

2-тоқсан

9

1

Менің мектебім

Біздің мектеп

2.1.2.1 мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлерін түсіндіру

2.1.2.2 мектеп қауымдастығы мүшелерінің құрылымын және міндеттерін зерттеу

1

08.11


10

2

Мектеп ережелері

2.1.2.3.мектептің ұжымдық, топтық және тұлға аралық мінез құлық ережелерін түсіндіру.

1

15.11


11

3

Біздің сынып.

Өзіңді тексер!

2.1.2.4 өз сыныбының ұжымын сипаттау

1

22.11


12

4

Қазақстан-менің Отаным

2.1.3.2 Қазақстан картасынан ірі өзенкөлдерді, қалаларды, жолдарды, өз облысын көрсету

2.1.3.1 өз зерттеулеріне сүйене отырып, өлкесінің көрікті жерлерін сипаттау және бейнелеу

1

29.11


13

5

Менің туған өлкем

Қандай көлік түрлері бар?

2.1.4.3. көлік түрлерін, олардың қажеттілігін ажырату

2.1.4.4 қоғамдық көліктегі өзін өзі ұстау ережелерін түсіндіру

1

06.12


14

6

Қазақстан Республикасының Туы,Елтаңбасы,Гимні

БЖБ№2

2.3.5.1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің маңызын түсіндіру;

2.3.5.2 бақылау негізінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерінің қолдану саласын анықтау

2.1.2.1 мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлерін түсіндіру

2.1.3.1 өз зерттеулеріне сүйене отырып, өлкесінің көрікті жерлерін сипаттау және бейнелеу

1

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!