«Дүниетану» пәні бойынша 3- сыныптың күнтізбелік – тақырыптық жоспарға арналған түсінік хат
2023-2024 оқу жылы
«Күнтізбелік-тақырыптық жоспар «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығы; Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді;
ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығының (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №614 бұйрығымен енгізілген); ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығы (өзгерістер ҚР БҒМ 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 бұйрығымен енгізілген); ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндірінің үлгілік оқу бағдарламалары (10.05.2018 ж. № 199) бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары;
Қосымша: «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектің №399 бұйрығына; 2022-2023 оқу жылында «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатына сәйкес әзірленген.
«Дүниетану» оқу пәнін оқытудың мақсаты: ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан білім алушылардың бойында
адам, табиғат және қоғамның өзара байланысуы және өзара тәуелділігі туралы білім жүйесін қалыптастыру.
Оқыту міндеттері:
1) білім алушыларда қоғам және табиғат құбылыстары мен нысандарының өзара байланысы мен өзара тәуелділігі туралы түсініктер қалыптастыру;
2) білім алушыларда табиғи, әлеуметтік және технологиялық ортадағы мінез-құлық нормаларын және қауіпсіздік ережелерін қалыптастыру;
3) білім алушыларда табиғи және әлеуметтік шынайылықты тану әдістерін: бақылау, эксперимент, сауалнама тәжірибелерінің қалыптасуын қамтамасыз ету;
4) білім алушылардың танымдық әрекетін дамытуды қамтамасыз ету;
5) білім алушыларды қазіргі қазақстандық қоғамға тән ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесіне дағдыландыру;
6) білім алушылардың өзін қоршаған ортаға, қоғамның табиғи және мәдени құндылықтарына дұрыс қатынастарын қалыптастыру.
«Дүниетану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
3-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
Оқу жылының ұзартылуына байланысты қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылды.
«Дүниетану» оқу пәнінің 2-сыныпқа арналған базалық мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:
1) "Мен және қоғам" бөлімі: отбасы; отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастар; әулет шежіресін құрастыру; өз әулетінің құндылықтарын анықтау; өз шығындарын жоспарлау; өз шығындарын оңтайландыру жолдарын ұсыну; мектеп және мектеп қауымдастығы; сыныптың өзін-өзі басқару ережелері; түрлі көзқарастар жағдайында сыныпта ұжымдық шешімді қабылдау жолдары; қоғамда өзін өзі ұстау әдеп нормалары; адамдар арасындағы достықтың маңыздылығы; менің атамекенім; елді мекендердің түрлі белгілері; қала мен ауылдың байланысы; денсаулық пен қауіпсіздік; тұрмыстық құралдарды пайдалану ережелері; спорт түрлерін топтастыру, спорттың қандай да бір түрімен айналысу үшін қажетті негізгі және өзінің қабілеттерін анықтау; табиғи ортадағы қауіп-қатерлер; өзінің табиғи ортадағы қауіпсіздігін жоспарлау; құқық және міндет; Қазақстан Республикасы Конституциясының маңызы; мерекелер; Қазақстан халықтарының ұлттық мерекелерінің маңызы;
2) "Елімнің табиғаты" бөлімі: жергілікті жерде бағдарлану; астрономиялық белгілер бойынша көкжиек бағыттарын анықтау; масштаб пен шартты белгілерді пайдалана отырып, жергілікті жердің жоспарын құру; климат және ауа райы; жер климатының негізгі түрлері; ауа райы мен климаттың қолайсыз жағдайларында өзін-өзі ұстау ережелері; табиғи жағдайлардың адам өміріне және оның іс-әрекетіне әсері; адамдардың табиғи жағдайларға байланысты орналасуын талдау (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары); геологиялық және табиғи-климаттық апаттар туындаған жағдайдағы өзін-өзі ұстау ережелері; туризм; Қазақстанның барынша тартымды туристік нысандарының рейтингісі;
3) "Тарих беттерінен" бөлімі: көшпелі және отырықшы өмір салтының ерекшеліктері; тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау маңыздылығын түсіндіру; Қазақстанның тарихи тамыры; Түркілердің өмір салтымен танысу; Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар; Қазақ хандығының құрылу себептері; көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері; хандар, батырлар мен билердің рөлі; Абылай хан; Керей хан; Жәнібек хан; Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм; Қазақстанның бейресми рәміздерінің мәнін түсіндіру ("Алтын адам", "Бәйтерек" монументі, "Мәңгілік Ел" қақпасы); тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дамуындағы еңбектің рөлі.
«Дүниетану» пәні бойынша жинытық бағалаудың саны
|
Сынып |
Бөлімдер бойынша жиынтық бағалау саны |
|||
|
|
1- тоқсан |
2- тоқсан |
3-тоқсан |
4- тоқсан |
|
3-сынып |
1 |
1 |
1 |
1 |
Күнтізбелік -тақырыптық жоспар
Дүниетану пәні, сыныбы:3А
Барлығы:34 сағат, аптасына:1сағат


