400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дүниетану пәнінен

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Дүниетану» пәні бойынша 1-сынып оқушысының 4-тоқсанға арналған

өзіндік жұмысының жоспары

Сабақ

№2

Бөлім

Тағам және сусын

Сабақтың тақырыбы

Ертеде қалай тамақтанған?

Сабақ мақсаты

Ертедегі адамдардың қалай тамақтанғанын білу.Ұлы Жібек жолы туралы картамен жұмыс жүргізе отырып, мағлұмат алу.

Ресурстар

Оқулықтың 72,73- беттерін басшылыққа алу

https://www.youtube.com/watch?v=Ae7QAZ5pdEo

https://www.youtube.com/watch?v=zmQwGW4J_jU

https://www.youtube.com/watch?v=9q-TjUpj1ak

Электронды оқулық, оқулық.

Түсіндірме

Ертеде адамдардың негізгі тағамдарының бірі нан болған.Нанды әр үйде пісірген. Тамаққа жемістерді және көгөністерді пайдаланған.Жармалардан түрлі тағамдарды дайындаған.

Картаны мұқият қарасаңдар сұраққа дұрыс жауап бере аласыңдар. Ұлы Жібек жолы Қытай мен басқа елдерді байланыстырған. Сол жолмен жібек мата, жеміс-жидек және басқа тауар түрлерін тасыған.

72,73-беттегі мәтінді түсініп оқы

Тірек сөз: жібек жолы

Оқушыларға арналған тапсырмалар

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы.

Ертеде адамдардың негізгі тағамдарының бірі нан болған. Нанды әр үйде пісірген. Тамаққа жемістерді және көгөністерді пайдаланған. Жармалардан түрлі тағамдар даярлаған.

Керекті сөздерді қолданып, сөйлемді толықтыр.

Біздің алдымыздағы дәнді дақылдар ............................... деп аталады. Жарманы ................... дайындау үшін қолданған.

Бұл жармалардан ..................... ботқа жасалады. Себебі, ботқаның құрамында ................. бар. Ботқа ............................. өте пайдалы.

Керекті сөздер: жарма, ботқа,дәмді, дәрумендер , денсаулыққа.

Дескриптор

1.Мәтінді түсініп оқиды;

2.Керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырады.

ҚБ


2-тапсырма( видеоүзіндіні қара) Ұлы Жібек жолы. Көкжиек тұстарын анықтап, картадан белгіле. Ашық сұраққа жауап жаз.


Картамен жұмыс.

  1. Ұлы Жібек жолының неліктен батыс пен шығысты байланыстырып тұрған көпір деп аталған?

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Дескриптор

1.Картаға мұқият қарап, көкжиек тұстарын анықтайды;

2.Мұқият зерделей отырып, ашық сұраққа жауап береді.

ҚБ


3-тапсырма. Тест тапсырмаларын орында

1.Ертеде құрманы шөл даланың несі деп атаған?

А. Наны

Ә. Жемісі

Б. Тағамы

2.Қытай мен басқа елдерді байланыстырған не?

А. Алматы

Ә. Қазақстан

Б. Ұлы Жібек жолы

3. Ертедегі адамдардың негізгі тағамдары не болған?

А. Нан

Ә. Жеміс-жидектер

Б. Дәнді дақылдар

4. Ертеде нені шөл даланың наны деп атаған?

А.Қызанақты

Ә. Құрманы

Б. Картопты


Дескриптор

  1. 1-сұрақтың дұрыс жауабын табады;

  2. 2-сұрақтың дұрыс жауабын табады;

  3. 3-сұрақтың дұрыс жауабын табады;

  4. 4-сұрақтың дұрыс жауабын табады;

ҚБ

Кері байланыс

«Боя және жаз»
Тапсырмаларды сәтті орындаған болсаң, жібек матаны жасыл түске боя.

Белгілі бір қиындыққа кездескен болсаң, жібек матаны сары түске боя.Жаз.

Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, жібекті қызыл түске боя.Жаз.

Сәтті қиындық көмек қажет

Shape3 Shape2 Shape1

___________________________

______________________

______________________




Әзірлеуші: Нургожина Ляйля Каскановна, №148 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі. Алматы қаласы Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
441
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі