400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дүниетану пәнінен Менің отбасым

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Менің отбасым

Мұғалімнің аты-жөні:Бакытжанова Г.А

Күні:

СЫНЫП: 2


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Оқу мақсаты

2.1.1.3 Түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ

әдеп нормаларын анықтау


Сабақ мақсаты

1. Оқушылардың басым бөлігі оқулықта берілген табсырмаларды орындайды.

2.Әдеп нормаларын біледі

3.Оқулықтан тыс берілген қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіреді

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік


Үштілділік :


Отбасы мүшелері.


отбасы-семья-family,ата-дедушка-grandfather,әже-бабушка-grandmother,әке-отец-father,ана-мать –мама-mother,аға-брать-brother,апа-әпке-сестра-sister.

Ресурстар

Оқулық, суреттер,көрнекіліктер,қалам, топтық тапсырмалар, кері байланыс,

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын,Рөлдік ойын әдісі, Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, әдебиеттік оқу, орыс тілі, шет тілі

Алдынғы оқу

Кіріспе.Оқушыларға кітап туралы жалпы мәлімет беру.1-ші сыныпта меңгерген білімдерін жетілдіру..

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт 40 минут

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады.

Шаттық шеңбері:

Кел, балалар күлейік,

Күлкіменен жүрейік.

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.





Жаңа білім

10 минут







Кез-келген адамның өз отбасы бар. Отбасы-қоғамның бір бөлшегі. Оған бір үйде тұратын ең жақын адамдар жатады. Олар: атасы мен әжесі, әкесі мен анасы, ағасы мен әпкесі және іні-қарындастары

Ашық сұрақтар:

1.Отбасы уғымына қалай түсінесің?

2 .Отбасы мүшелері кімдер?

3.Өз отбасыңдағы қамқорлық жайлы әңгімелеп береміз... Оқушылар өз ойларын толық айтады


Отбасы құндылықтармен топқа бөлінеді.Яғны ауызбіршілік ,ынтымақтастық,жауапкершілік,әдептілік т.б......

Отбасы туралы шағын бейне үзінді көрсету.





Оқулық,

Мәтін.

Оқушылар бейне үзіндіні тамашалайды.

Ортасы

10 минут







Топтық жұмыс:

I-топ “Қамқор болу“,“көмектесу” деген ұғымдарды қалай түсінесің? деген сұраққа жауап бер.

II- топ «Отан отбасынан басталады” мақалдың мағынасын жаз.

III-топ Көп балалы отбасыларда кімдер тұрады? жауап бер .

Жұптық жұмыс:

Суреттерді салыстырып, отбасы түрлерін анықтау



Имишара мен оқушыларды мадақтау

Оқушылар салыстырады ,анықтайды,Отбасы түрлерін айтып береді.

Сергіту сәті

2 минут

«My mother and father»

би билеу


Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Топтық жұмыс« Рөлдік ойын»

Әр топ бір отбасы болып қөрініс қояды және отбасыға қатысты сұрақтар беріледі.Ойын ережесінде барлық оқушылар сабаққа қатысып,атсалысып отырады.


"Рөлдік ойын" әдісі

Сабақтың соңы


Кері байланыс.БББ парағы.

Үйге тапсырма: Өз Отбасы мүшелерің туралы фотоальбом жаса.

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Сұрақ қойып ойлануы арқылы қосымша көмек көрсетуді жоспарлаймын.


Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

  1. Мақтау- мадақтау арқылы

  2. Смайликтер аркылы

  3. Сұрақ жауап арқылы

  4. БББ кестесі арқылы тексеруді жоспарлаймын.


Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

Сабақ /оқу мақсаттары шынайы.Бүгін оқушылар отбасы ұғымын және әдеп нормаларын үйренді.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:Рөлдік ойын

2:Жұптық жұмыс

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:Ресустар

2:Әдіс тәсілдер

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

-Топпен жұмысты әрі қарай жалғастыруды,

-Әдіс тәсілдерді көп пайдалану керек екенін білдім .






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қазан
617
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі