жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Дүниетану пәнінен "Отбасының қоғам өміріндегі маңызы" ашық сабақ
|
Пән: Дүниетану |
Мектеп: №67ЖББОМ |
||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Канатбаева Д.Б. |
||||||||||
|
Сынып: 4-сынып |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сынып: 4-сынып |
|||||||||
|
Сабақ тақырыбы |
Отбасының қоғам өміріндегі маңызы |
||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
4.1.1.1 отбасының қоғам өміріндегі маңызын дәлелдеу 4.1.1.2 отбасы мүшелерінің функционалдық рөлін талдау |
||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар:Отбасының күн тәртібін құрастыру ,отбасының қоғам өміріндегі маңызын түсіну, отбасы мүшелерінің функционалдық рөлін талдау Көптеген оқушылар: Оқушылар отбасының қоғам өміріндегі маңыздылығын дәлелдеу, мақалдың мағынасын ашу Кейбір оқушылар: Оқушылар отбасының қоғам өміріндегі маңызы туралы қорытынды жасау. Мақалдың мағынасын өмірмен байланыстыру |
||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
1.отбасының қоғам өміріндегі маңызын дәлелдейді. 2.отбасы мүшелерінің функционалдық рөлін талдайды. |
||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Пәнге қатысты лексика мен терминология Отбасы-семья-сыйластық,жарастық орнаған орта,баланың ең алғашқы ұжымы. Қоғам-общество- белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы. Диалогқа/жазылымғақажеттітіркестер Талқылауға арналғансұрақтар: Отбасы нені білдіреді? Сенің өміріңде туыстарыңыздың рөлі қандай? Отбасында сенің рөлің қандай? •Отбасының қоғам өмірінде қандай маңызы бар? Жазу үшін мысалдар: Отбасының күн тәртібін құрастырып жазу. |
||||||||||
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Қолдану, талдау, жинақтау |
||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды отбасындағы ата-анаға,үлкенге деген құрмет, кішілерге ізет көрсетуіне тәрбиелеу. Оқушылар бір-бірінің сөзін тыңдауға,құрмет көрсетуге үйренеді. |
||||||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Әдебиеттік оқу-өз отбасы туралы әңгімелейді. Адам,қоғам,құқық-отбасының қоғамдағы орнын,рөлін,құқығы мен міндеттерін айтады. |
||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Зерттеу,бақылау,дәлелдеу |
||||||||||
|
Бастапқы білім |
«Менің отбасым және достарым» тарауынан отбасы мен достық туралы түсініктері бар. |
||||||||||
|
Сабақтың барысы |
|||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||
|
Сабақтың басы |
Ширату: Шеңбер-бұл әлемдегі мейірімділік,жақсылық.Шеңбер арқылы-бір-бірімізге күлімдеп қарап,бақыт,қуаныш,жылылық тілейміз. Шеңбер-сонымен қатар,қай әріпке ұқсайды? -«О»-әрпіне ұқсайды.Ендеше «О» әрпінен басталатын сөздер айтайық (Отан, от, отбасы,т.б.) -Бүгінгі сабақтың тақырыбы да дәл осы әріптен басталатын сөзбен байланысты. Топтарға бөліну: Алфавиттегі бастапқы үш әріпті кезегімен атап, а- «Аналар» ә-«Әкелер», б-«Балалар» топтарына бөлінеді.Отбасы мүшелері арқылы тақырып пен оқу мақсатын анықтау. Тақырыбымыз: «Отбасының қоғам өміріндегі маңызы» ТаТалқылауға арналған сұрақтар: − Отбасы деген не? − Отбасын не біріктіреді? − «Отбасылық құндылық» дегенді қалай түсінесің?
Ұ.ж. «Сөзден сөз құра» әдісі Нұсқау: Оқушыларға «отбасы» сөзінің әр әрпіне отбасы ұғымын ашатын құндылықтармен жазу ұсынылады. Мысалы: О - ошақ қасы, ортақ Т – тәуелсіз, тәрбие Б -бақытты, бауырмалдық,берекелі А -арманшыл, ардақты С -сүйікті, сыйластық Ы -ынтымағы жарасқан. ҚБ : Мадақтау пікірлерін білдіру!тамаша! Жарайсыздар!Керемет!!!Өте жақсы! |
|
|||||||||
|
Сабақтың ортасы |
БК Отбасының қоғам өміріндегі маңызын дәлелдейді. ҰЖ. «Зерттеушілік жоба» тәсілі (жаңа тұжырым қалыптастыру, сыни ойлау дағдысын қалыптастыру, ұжымда жұмыс жасауда ынтымақтастықты дамыту) Нұсқау беру: Бақылау:бейне роликті көріп, отбасының қоғамдағы маңызын бақылайды. Зерттеу: Отбасы мүшелерінің қоғамда және үй ішінде қандай маңызы барын зерттейді Дерек жинау: Отбасы мүшелерінің үйде қандай маңызы бар? Қоғам үшін бұл отбасы қандай пайда келтіреді?
Түсіндіру. Отбасы мүшелері үй шаруашылығына,бала тәрбиесіне, пайдаланылатын қаражатты бірлесіп,ақылдаса шешім қабылдайтынын түсіндіреді.Отбасының өз алдына өмір сүре алмайтынын оның қоғамның бір бөлшегі екендегі маңызын тұжырымдайды.
Ынталандыру пікірлерін білдіру:Әр адамның отбасындағы шарушылық міндеттерін дұрыс айттыңдар және қоғамның ажырамас бөлшегі екенін жақсы түсіңдіңдер. Қоғамдағы маңызын нақты пікірлермен келтірдіңдер!
ЖЖ. «Сұхбат» әдісі (сұрақ құрастыру және сұрақ қою дағдысын дамыту) Нұсқау: Жұпта жетелегіш сұрақтар арқылы оқушының отбасы мүшелерінің үйдегі және қоғамдағы атқаратын қызметтері мен рөлі туралы бір-бірімен сұхбаттасады. Сұрақтар: Сенің отбасыңды неше адам бар? Анаң немен айналысады? Әкенің қызметі не? Бауырларыңның іс-әрекетіне тоқталып өт.
ДЕСКРИПТОР : -Ананың фукционалдық қызметін айтады. -Әкенің фукционалдық қызметін айтады. -Балалардың іс-әрекеттерін айтады. Жұп аралық бағалау «Көршіме хат»
БК отбасы мүшелерінің функционалдық рөлін талдайды.
ТЖ. «Кластер» құрастыру Нұсқау: Топ атауына сәйкес кластер құрастырып, отбасы мүшелері берілген рөлдерді (қадағалаушы, ықпал етуші, шешім қабылдаушы, сатып алушы, тұтынушы) қандай жағдайда атқаратынын талқылайды.
1 топ: ана мен әже 2 топ :әке мен ата 3 топ :ұл мен қыз
ҚБ: «Сен маған, мен саған» топаралық бағалау. Хабарлама жасап болған соң, топтар бір-бірін бағалайды.Жасаған жұмыстарына ұсыныстар береді.
ӨЖ. «Хабарлама» әдісі Тапсырма: өз отбасыңның күн тәртібін құрастыру.Сол күн тәртібінің қоғамдағы маңызын дәлелдеу.
Өзара бағалау: «Екі жұлдыз ,бір тілек»
ҰЖ. «Дәлелді сөйлеу » (ашықтық,шынайылық құндылығы мен сыни ойлау дағдысын қалыптастыру)
1.Топ атына сәйкес мақал-мәтел айт. 2.«Әке көрген оқ жонар,шеше көрген тон пішер» мақалдың мағынасын түсіндір. 3.Отбасыңда ұстанатын тәртіпке байланысты мақал айтып,өз отбасыңмен байланыстыр.
Дескриптор: 1.Мазмұнына сәйкес мақалдан мысал келтіреді. 2. Мақалдың мағынасын түсіндіреді 3.Өмірмен байланыстырады.
ҚБ: «Бір ой тұжырым» әдісі
(ҰЖ) Таңдау бойынша саралау тапсырмасы «Ақпарат айнасы» (коммуникативтік дағдысын қалыптастыру мақсатында) Нұсқау: Танымал отбасылар арқылы олардың қоғамдағы орны мен рөлін талқылау. 1. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың отбасын олардың қоғамдағы орны мен ролі 2. Димаш Құдайбергеновтың отбасын олардың қоғамдағы орны мен ролі 3.Тоқтар Әубакіровтың отбасын олардың қоғамдағы орны мен ролі ҚБ:«Пікір алмасу»
ҚБ тапсырмасы: «Көрнекілік» әдісі Тапсырма: Суреттегі сол сәтке байланысты «Бақытты отбасы» тақырыбына эссе жазу.
|
|
|||||||||
|
Сабақтың соңы |
ҰЖ:«Серпілген сауал» әдісі -Адамға отбасы не үшін қажет? -Отбасы мүшелері бірін-бірі қалай атайды? Отбасындағы бір адам бірнеше істі қатар атқара алама? -Отбасындағы әр адам өз шаруашылық міндеттерін қалай жүргізеді? -Отбасының қоғамда қандай маңызы бар?
Рефлексия: «Плюс,минус» Плюс-сабақта қызықты,пайдалы әрекеттер. Минус-сәтсіз тұстары |
|
|||||||||
|
Қосымша ақпарат |
|||||||||||
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы: docx 17.02.2021 873
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз, шағым қалдыра аласыз Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз! ![]() Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз! ![]() Министірлікпен келісілген курс саны 12 | |||||||||



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген