Тақырыбы: Мал
шаруашылығы
Мақсаты: Оқушыларға мал шаруашылығы,
оның маңызы туралы мағұлмат беру.
Өз ойларын, пікірлерін,
еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге
машықтандыру.
Бір ауыздан шешім қабылдай
білуге, ортақ келісімге келуге, адамгершілікке
тәрбиелеу.
Сабақтың
әдісі: топтастыру, сатылай-кшенді
талдау, өзін-өзі бағалау.
Жүрісі.
-
Ұйымдастыру
бөлімі.
Психологиялық дайындық
(танысу)
-
Негізгі
бөлім:
-
Білім
Оқушыларға 4 түлік малдың аты
жазылған қағаздар тарату. Оқушыларды топқа бөлу, отырғызу.
Халқымыздың мал шаруашылығына қатысты 5 құнды қағидасымен
таныстыру.
Олар:
-
Мал болу
керек.
-
Малға қолайлы жер-су болу
керек.
-
Малға қажетті
жем-шөп.
-
Мал ауруына қарсы емдік
шараларды дұрыс жүргізе білу.
-
Басқара білетін басшы
болукерек.
Қазір әр шаруа қожалығына
басшы сайлап аламыз. Ол үшін әр топқа үй тапсырмасы бойынша
сұрақтар беремін.
-
Қазақстанда тың қай жылы
көтерді?
-
Қай облыстарда тың
көтерілді?
-
Тың көтеру ел экономикасына
қандай әсерін тигізді?
-
Астық егу халқымызды неге
үйретті?
Топ басшыларын сайлап алдық.
Балалар, сендер өз қожалықтарыңның өнімін маған сатасыңдар. Өнім
дегеніміз- ол сендердің білімдерің. Ал басшыларың түскен табысты
сабақ соңында еңбектеріңе қарайбөліп
береді.
Сабақ барысында барлығымз мына
ережелерге бағынуымыз керек:
-
Тыныштық
сақтаймыз.
-
Бір-бірімізді
тыңдаймыз
-
Уақытты тиімді
пайдаланамыз.
-
Тақырыптан
ауытқымаймыз.
-
Сабаққа белсенділікпен
қатысамыз.
Әр топ өздеріне түскен мал
туралы білетіндерін қағаз бетіне маркермен жазады. Бір оқушы қорғап
шығады.
-
Түсіну.
-
Мән-мәтінмен
жұмыс.
Әр топқа оқулықтағы мәтінді
бөліктерге бөліп беру. Оқушылар алдымен топта талдайды. Сонан соң 1
оқушы қалған оқушыларға түсіндіреді. Соңынан оқушылар тұтас мәтінді
іштей оқып шығады.
Сергіту.
Оқушыларға мақал сөздерін
таратып беріп, құрату, мағынасын аштыру.
-
Семіздікті қой
көтереді.
-
Сиырдың сүті
тілінде.
-
Ер
қанаты-ат.
-
Мал баққанға
бітеді.
-
Қолдану.
Шығармашылық
жұмыс.
Оқушыларға өздері жақсы
көретін төлдері туралы өлең құрастырту.
-
Талдау.
Сатылай кешенді
талдау.
Оқушылар өз түліктері туралы
талдау жүргізеді.
Төрт түліктің қасиетін
айту.
-
Жылқы-сәндік,
мақтан.
-
Түйе-бойлық,
салатанат.
-
Сиыр- ақтық,
қанағат.
-
Қой- қазына,
мырзалық.
-
Жинақтау.
Мәтін соңындағы сұрақтар
бойынша оқушылар бір-біріне сұрақ қойып, жауап
алады.
-
Республикада мал шаруашылығына
қолайлы қандай жағдайлар бар?
-
Қазақстанда мал шаруашылығының
қандай түрлері жақсы дамыған?
-
Ірі қара малының пайдасын
айт.
-
Сүтпен жасалатын тағамдарды
ата. Ол тағамдарды сенің отбасың қайдан
алады?
-
Бағалау.
Қожалық басшысы тапқан табысын
санайды. Қасындағы оқушыларға бөліп
береді.
Халқымыз төрт түлікті ерекше
қастерлеген. Себебі: төрт түлік мал ішсең-сусын, жесең-тамақ,
кисең-киім, мінсең – көлік болған. Амандасқанда да алдымен мал-жан
аман ба деп сұрайды.