жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Дүниетану "Қандай көлік түрлері бар?"
2 «А» сыныбында дүниетану пәнінен «Қандай көлік түрлері бар?»
тақырыбында өткізілген Lesson Study сабағының рефлексивті есебі
Мен сабаққа жоспар құрмас бұрын мақсат қойдым:Ол-алған білімімді,үйренген әдіс-тәсілдерді оқу үдерісінде тиімді пайдалану және оқушылардың өздігінен білім алып, ізденушілік қабілеттерін дамытып, қызығушылықты арттыруға атсалысу және үлгерімі төмен оқушыларды үлгерімі жақсы оқушылардың санатына қосу, оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізеді.
14.12.2018 жылы 2 «А» сыныбында Дүниетану пәніне жоспар бойынша «Қандай көлік түрлері бар?» тақырыбында сабақ өттім. Көлік түрлерін, олардың қажеттілігін ажырату, қоғамдық көліктегі өзін-өзі ұстау ережелерін түсіндірдім.
Сабақты психологиялық ахуал туғызу арқылы бастадым. Оқушылар өлең шумақтарын жатқа айтты.
Үй тапсырмасын «Сақина салмақ» әдісін қолданып, оқушыларға сұрақтар қойып, өз деңгейінде жауаптар алдым.
Жаңа сабақтың тақырыпты ашу үшін оқушыларға жұмбақ жасырдым. Жұмбақтың шешуі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтаттым. Қима суреттер арқылы оқушыларды «әуе көліктері»,«су көліктері»,«жерүсті көліктері»,«жерасты көліктері»
деп 4 топқа бөлдім. Жаңа тақырып бойынша сұрақтарға әр топтан бір оқушы жауап береді. «Кім жылдам?» ойыны арқылы топтық жұмыс жүргізілді. 1-топ : Жерде жүретін көлік түрлері, 2 – топ: Әуеде ұшатын көлік түрлері, 3-топ: Суда жүзетін көлік түрлерін қима суреттерден тауып қағазға желімдеді. 4-топ:Жерасты көлігін атап, оның басқа көліктерден ерекшелігін айтты.
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысты. Жерасты көлігі–метро туралы видеоролик көрсетіп, видео желісі бойынша «Интерьвю әдісі» арқылы сұрақтарға жауап алдым. Жұптық жұмыс кезінде суретте бейнеленген ертедегі және бүгінгі күннің көлік түрлерін сәйкестендірді. Жолда жүру ережесі туралы видео көрсетілді. «Бағдаршам» әніне би билеу арқылы сергіту жаттығуы жасалды. Топтық жұмыс жасалды. Әр топ әртүрлі геометриялық фигуралармен көлік түрлерінің суретін салды.1-топ Жеңіл көліктің суретін, 2-топ Тікұшақтың суретін, 3-топ Кеменің суретін,4-топ Автобустың суретін салды және қорғады.Сабақтың соңғы бөлімінде «Интервью әдісі» арқылы оқушылардан сұрақтарға жауап алдым.
Әр топ өздеріне берілген топтық жұмысты жақсы орындап шықты. Ең ұтымды шыққан ол жұптық жұмыста ертедегі және бүгінгі күннің көлігін сәйкестендіру болды. Оқушылар өз ойларын анық және нақты дәлелдеп берді. Осы кезде оқушылар қызығушылықпен тапсырманы ойлану арқылы орындап шықты. Менің осы сабақта оқушыларға берген тапсырмам арқылы сын тұрғысынан ойлау қабілетері мүмкіндігінше жақсы іске асты. Сергіту сәті де ұтымды шықты.
Оқу мақсаты 2.1.4.3 көлік түрлерін, олардың қажеттілігін ажырату ;2.1.4.4 қоғамдық көліктегі өзін-өзі ұстау ережелерін түсіндіру.Оқушыларға тапсырманы орындау барысында ешқандай қиындық тудырмады.Оқушылар жаңа сабақты толығымен түсінгендерін байқадым.
Қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болуы керек. Ал мен жалпы критерий арқылы бағалап отырдым.Бағалау оқушыларға өте қызық болды.
Сабақ соңында кері байланыс жасалып, сабағымызды аяқтадық.
Жалпы сабағым жүйелі жақсы өтті. Сабақ соңында оқушылар көліктің түрлерін ажыратып білді. Көлік туралы көп мәліметтер алды.
Дүниетану Тексерілді:
Тақырыбы: Қандай көлік түрлері бар? |
Мектеп: № 62 гимназия Күні:14.12.18ж. |
|||
Сыныбы: 2 «А» |
Мұғалімнің есімі: Чорманова М.Д |
|||
|
Қатысқандар саны: 29 |
Қатыспағандар: 0 |
||
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) |
2.1.4.3 көлік түрлерін, олардың қажеттілігін ажырату 2.1.4.4 қоғамдық көліктегі өзін-өзі ұстау ережелерін түсіндіру. |
|||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: |
|||
Көлік түрлерінің қажеттілігін және өзін өзі ұстау ережелерін түсінеді |
||||
Оқушылардың басымбөлігі: |
||||
Көлік түрлерін адамдар қандай мақсатта қолданылатынын біледі |
||||
Кейбір оқушылар: |
||||
Ертеде және бүгінгі күннің көлік түрлерінің өзгеру себебін дәлелдеп айта алады. |
||||
Бағалау критерийі |
Көлік түрлерін анықтайды және қажеттілігін талқылайды Қоғамдық көліктегі өзін-өзі ұстау ережелерін түсіндіреді |
|||
Тілдік мақсат |
Пәнге тән лексика мен терминология: Әуе көлігі, жерасты көлігі, жерүсті көлігі, суасты көлігі, су көлігі Диалогпен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер - көліктің адамға қандай пайдасы бар? - көлік түрлерін қандай мақсатта қолданылады? |
|||
Құндылықты дарыту |
Мәңгілік ел: Біз - үлкен ел,үлкен отбасымыз. |
|||
Пәнаралық байланыс |
Математика ( геометриялық фигуралар), орыс тілі, ағылшын тілі |
|||
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта |
|||
Бастапқы білім |
Өз қаласының көрікті жерлерін сипаттай алады |
|||
|
Сабақ барысы |
Ресурстар |
||
Басталуы 2минут
Бастапқы білім 8 минут
Топқа бөлу |
Психологиялық ахуал қалыптастыру: Әрбір адам: Туысым, досым, жұртым. Әрбір сабақ: Үйрену, ұғу, ұлағат. Әрбір ісің: Тірлік, тірек, адамдық. Әрбір сөзің: Шындық, бірлік,адалдық. Өткен сабақты пысықтау.
Балалар
«Сақина салмақ» ойынын ойнаймыз. Бұл
ойынның бүгінгі ерекшелігі кімнің
қолында сақина қалса менің сұрағыма
жауап береді? Дескриптор:
Қала
туралы шағын әңгіме құрайды. ҚБ: ауызша қолдау көрсету -Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын,сол жұмбақты шешуін тауып, үш тілде айтайық.(қазақ,орыс,ағылшын) Жұмбақ Кеудесінде жаны жоқ Тамырында қаны жоқ Май жейді, Су ішеді. Ол не? (көлік) -Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болуы мүмкін? -Дұрыс айтасыңдар. Көлікке байланысты. -Қандай көлік түрлері бар? Көлік түрлерінің суреттері бойынша топқа бөлу 1 – топ «әуе көліктері» 2 – топ «су көліктері» 3 – топ «жерүсті көліктері» 4 - топ «жерасты көліктері»
Топтың ережесін көрсету. |
Хормен айтады
Сақина
суреттер
видео |
||
Ортасы
Топтық жұмыс
Жұптық жұмыс
Сергіту сәті
Топтық жұмыс
|
1-тапсырма «Кім жылдам?» ойыны Топтық жұмыс: әртүрлі көліктердің ішінен әр топқа тиісті көліктерді тауып атау.3 минут уақыт беріледі.
1-топ : Жерде жүретін көлік түрлерін ата. Жерде жүретін көліктерге не жатады? Жеңіл көлік,велосипед, пойыз, автобус,троллейбус, жүк көлігі.
2 – топ: Әуеде ұшатын көлік түрлерін ата. Әуеде ұшатын көлік түрлеріне не жатады? Ұшақ,тік ұшақ,зымыран.
3-топ: Суда жүзетін көлік түрлерін ата Суда жүзетін көлік түрлеріне не жатады? Кеме, қайық жатады.
4- топ:Жерасты көлігін ата Метро Жылдам жүреді,өте ыңғайлы ,кептелісте тұрмайды,поездға ұқсайды,әдемі .
Дескриптор: - Жеңіл көлік туралы жазады -Әуеде ұшатын көлік туралы жазады -Суда жүзетін көлік туралы жазады -Жерарасты көлігін айтады Қ.б: «От шашу». М.К Білу және түсіну 10 минут Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Ертеде адамдар бар ауыр жүкті өздері арқаларына салып баратын жерлеріне жаяу барған. Содан адамдар көлік ретінде ең алғаш үй жануарларын пайдаланған. Қазақ халқы ат,түйені көлік қылып мінсе,үндістер пілді,ал кейбір шығыс халқы есек,бұқаларды көлік қылған екен. Содан кейін адамдар ең алғаш көлікті ойлап тапқан оған күйме-онымен адамдар баратын жерлеріне барған,ат арба онымен адамдар шөп,ауыр жүк тасыған. Қазіргі таңда бұл көліктердің маңызы төмендеді. Қазір көліктердің түрлері өте көп оларды бірнеше топқа бөлуге болады мысалы:суда жүзетін,жерде жүретін,әуеде ұшатын және жер асты көліктері. Жер асты көлігі: метро Көлік адамдар мен жүкті бір жерден екінші жерге тасымалдайды.
Метро туралы видео Видео желісі бойынша «Интерьвю әдісі»бойынша сұрақтар қою. ҚБ. ауызша қолдау көрсету 2-тапсырма. Жұптық жұмыс. Суретте бейнеленген ертедегі және бүгінгі күннің көлік түрлерін сәйкестендіру.
Дескриптор: - ертедегі және бүгінгі көлікті салыстырады -көліктердің қолдануына мысал келтіреді ҚБ: жұптарды смайликтар арқылы баға Жол ережесі туралы айту *Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер. *Балаларға арналған белгілер туралы айту. Сергіту сәті « Бағдаршам» өлеңіне билейді 4-тапсырма Топтық жұмыс.Әртүрлі геометриялық фигуралармен көлік түрлерінің суретін салу. 1-топ Жеңіл көліктің суретін салу . 2-топ Тікұшақтың суретін салу 3-топ Кеменің суретін салу. 4-топ Автобустың суретін салу. Дескриптор: -түрлі-түсті фломатерлермен көлік түрлерінің суретін салады. -тәртіп ережелерін әңгімелейді ҚБ: «Басбармак әдісі» арқылы бағалау |
Таймер Слайд
Оқулық 41-бет 3 слайд
4 слайд көлік түрлері кітап (кесте)
видео
Қима суреттер
видео
Видео Т |
||
Сабақтың соңы
Рефлексия |
«Интервью әдісі» Оқушылардан сұрақтарға жауап алу. - Адамдар көлік түрлерін қандай мақсатта қолданады? -Әуе көлігі не үшін қажет? -Су көлігі не үшін қажет? -Метро біздің қалада бар ма? Үй тапсырмасы: 40-42 бет оқу Кері байланыс БББ кестесі Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып жабысыру. Жасыл түс Білдім Сары түс Білгім келеді Қызыл түс Білмедім |
Микрафон
Бағдаршам
|
||
Саралау – қандай жолмен көбірек көмек көрсетуді жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың материалды түсіну деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
|
ҚТ және денсаулық
|
||
Саралау жұппен жұмысты ұйымдастырғанда пайдаланылады. Жақсы оқитын оқушылар басқаларына көмектеседі. Түсінбей қалған оқушылар сұрақ қоюға және түсіндірме алуға мүмкіндіктері бар. |
Сабақта формативті бағалау
критерийлері бойынша, сонымен қатар мұғалімнің бақылауы бойынша жүргізіледі. |
Сабақта интерактивті тақтаны қолдану 15 минуттай уақыт алады.Сабақ барысында физминут жүргізіледі. Оқытудың белсенді тәсілдері қолданылады |
||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
||
Жалпы баға 1.Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Жоспарланған жұмыстар нақты және қолжетімді болды. Оқушылар топтық жұмысқа белсене жақсы қатысты. А – деңгейлі оқушылардың көшбасшылық қабілеттері шыңдалды. 2.Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыды, яғни берілген сыни тапсырмаларға жауап беру кезінде өз ойларын толық және нақты жеткізе алды. Оқушылар тақырып мазмұнын жақсы түсініп көлік түрлерін ажыратты. 3.Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? С – деңгейлі оқушыларымның арасынан кейбір оқушыларымның сабаққа араласуы төмен болды. Топтық жұмыс жасатуда балалардың тіл байлықтарының аздығынан , біршама балалар өз ойын жеткізуде қиналды.( орыс тілді оқушылар ) |
||||
№ |
Оқушының аты - жөні |
Тапсырма |
1 |
А деңгейлі оқушы Бұхарбай Алиби Берілген тапсырманы тиянақты орындап,салған суреті бойынша дәлелдеп айта алды. Сабаққа белсенді қатысып өзін сабақта еркін ұстады.
|
Тапсырма. Бос орынға болашақтың көлігінің суретін салып,сипаттау сөздерімен дәлелдеу.
Дескриптор Білім алушы - болашақтың көлігінің суретін салады; - салған суреті бойынша сипаттап айтады; |
2 |
В деңгейлі оқушы Ашаева Айару Тапсырманы дұрыс орындап, өз деңгейінде сабақта белсенді жұмыс жасауға тырысты. |
Тапсырма. Екінші бағанды бірінші бағанмен сәйкестендіріп бояйды.
Дескриптор Білім алушы - екінші бағанды бірінші бағанмен сәйкестендіріп бояйды ; - берілген тапсырмаға байланысты шыққан ережені оқиды; |
3 |
С деңгейлі оқушы Рүстенбеков Айбар берілген тапсырманы дұрыс орындады, қате болмады. Сабаққа орташа қатысып , топта өзін қанағаттанарлық деңгейде көрсетті. |
Тапсырма. Әуе көлігін - көгілдір,су көлігін – қою көк,жерүсті көлігін – жасыл,жерасты көлігін-қоңыр түспен белгілеу.
Дескриптор Білім алушы − Әуе көлігін - көгілдір,су көлігін – қою көк,жерүсті көлігін – жасыл,жерасты көлігін-қоңыр түспен белгілейді; -көлік түрлерін атайды; |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген