15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Дүниетану қмж
|
Сынып: 1 «Д» сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
«Мен қазақпын» |
|||||
|
Оқу мақсаты: |
1.3.5.2 Тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері туралы әңгімелеу |
|||||
|
Сабақтың мақсаттары:
|
Барлық оқушылар орындай алады Көрнекі материалды қарап қазақ халқының батыр кейіпкерлері туралы айта алады. Өз елінің мемлекеттік белгілерін атай алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады Көрнекі материалдарға сүйеніп неліктен батыр атанғаны жөнінде өз ойымен бөліседі. Тәуелсіз мемлекетіміздің негізгі белгілерінің мағынасын біледі. Кейбір оқушылар орындай алады Көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы айтады және қазіргі заман батырларынан мысалдар келтіреді. |
|||||
|
Тілдік мақсат: |
ауыз әдебиеті - фольклор – folklore, ерлік – мужество – bravery, батыр – герой – hero, шекара – граница - border, ел – страна – country, жаңбыр – дождь – rain, жер – земля – earth, хан – хан – king, жылқы – лошадь – horse, тау – гора – mountain, тіл – язык – language |
|||||
|
Бағалау критерийі: |
|
|||||
|
Құндылықтарды дарыту: |
Бір-бірлерінің пікірін тыңдау, өз ойын ашық білдіру, топта белсенді болу, топпен бірге ортақ шешім қабылдау. |
|||||
|
Пәнаралық байланыстар: |
Сабақ барысында жаңа сөздерді орыс тілі және ағылшын тілінде айтқызу. |
|||||
|
АКТ-ны қолдану дағдылары: |
ноутбук, видео проектр, дыбыс күшейткіш. |
|||||
|
Алдыңғы білім: |
Адамдар не үшін саяхатттаған? Бұрынғы кезде адамдар қалай саяхаттаған? Халқымыздың аңыздарында не туралы айтылған? Неліктен Қазақстанның мемлекеттік туы көгілдір түсті? Қандай мерекелер мен ұлттық дәстүрлерді білесің? |
|||||
|
Сабақтың барысы: |
||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс – әрекет |
Ресурстар |
||||
|
Сабақтың басы: 2 минут 2 минут 8 минут |
Психологиялық дайындық. Оқушылармен амандасып, хал сұрасу. Дөңгелене тұрамыз, Керегені құрамыз, Уық болып иіліп, Шаңыраққа киіліп, Достық үйін құрамыз. Мазайкалық әдіс арқылы топқа бөлу .
Миға шабуыл Зымыран сұрақтар: -Адамдар не үшін саяхатттаған? -Бұрынғы кезде адамдар қалай саяхаттаған? -Біздің мемлекетіміз қалай аталады? -Балалар біздің ұлтымыз қалай аталады? -Біз қай тілде сөйлейміз? - Біздің елбасымыз кім? -Біздің бас қаламыз қай қала? -Біздің туымызда не бейнеленген? -Біздің туымыздың түсі қандай? -Тағы қандай ұлт өкілдерін білесіңдер? -Біздің елімізде өте көп кездесетін ұлт өкілдері кімдер? -Батыр деп қандай адамдарды айтады? -Сендер батыр деп санайтын адамдар бар ма? -Адам батыр атану үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар? -Батыр болу үшін қандай заттарды қолдануға болады? -Қазіргі таңда бізге батырлар қажет пе?
Мағынаны тану -Олай болса балалар барлығымыз тақтаға қарап мына бір бейнеүзікті көріп алайық. Топта отырған балалар көрсетілген кейіпкерлер туралы және олардың қандай ерліктерін халық жоғары бағалағаны жөнінде ойларын ортаға салады.Неліктен бұларды халық батыр деп таныды? Осы жөнінде топтық талқылау жүргізіп ортақ шешім қабылдайды. Дескриптор:
«Толағай» – халық аңызы. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы тау атауына байланысты. Ерте заманда, үлкен өзен бойында Саржан деген аңшының отбасында Толағай деген ұл дүниеге келеді. Толағай ай санап емес, күн санап өседі. Күндердің күнінде жауын жаумай, қуаңшылық болады. Шөлден мал қырылып, жұт келеді. Елін жұттан құтқару үшін алыстағы тауды өз еліне әкеледі. Шаршаған батыр ауылына жеткенде тау астынан шыға алмай мәңгіге сол таудың астындақалып қояды. Содан бері бұл тау «Толағай» деп аталады. |
Мазайкалық әдіс Сурет қиындылары
Зымыран сұрақтар әдісі Көрсетілім Толағай туралы бейне баян
Топтық жұмыс |
||||
|
Сабақтың ортасы/ сабақтың негізігі бөлімі: 20 минут |
І – топ «Толағай» Дәптермен жұмыс Жұмыс дәптерінің 37 жұмыс парағындағы берілген тапсырманы орындайды. Кейіпкерге қажетті заттарды бояп көрсетеді. Артық заттарды сызып тастайды. Дескриптор: 1.Қажетті заттарды бояйды. 2.Артық заттарды табады. ІІ топ. Қасымхан тобы Оқулықпен жұмыс Халық даналығы «Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса жер ырысы» деген мақалды қалай түсінесің? Қазіргі заманда батыр атануға болама? Дескриптор: 1.Мақал – мәтелдер айтады. 2. Түсіндіреді ІІІ топ. Жылқы тобы. Топтық жұмыс Толағай Қасым хан Қажетті сөздер: жаңбыр жаудырды, елін қорғады, тауды көтерді, ел биледі, жаудан қорғады, шекараны нығайтты, елге су әкелді, құрғақшылықтан құтқарды. Дескриптор: 1. Тиісті кейіпкерге тән қасиетті анықтайды. 2.Сәйкестендіреді. ІҮ топ. Киіз үй тобы 38 жаттығу. Қазақ халқы туралы тірек сызбаны толықтырады. Дескриптор:
Біле жүр... Қасымхан туралы бейне шолу Бұл – Қасым хан. Ол елін сүйген. Қолына қару алып, елін жаудан қорғаған. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің баласы Қасым ханның (1511–1523 жж.) тұсында нығайды. XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ жерін өз қол астына біріктірді. Тарихшы-ғалымдардың зерттеуіне сай Қасым ханның тұсында қазақ халқының саны 1 миллионға жетті. Қасым дана және көреген саясаткер, дарынды және ер жүрек қолбасшы болған. |
Жұмыс дәптер, түрлі-түсті қарындаштар Жеке парақшалар Қоянды қамыс өлтіреді, Батырды намыс өлтіреді. Бай болсаң еліңе пайдаң тисін, Батыр болсаң жауыңа найзаң тисін. ВЕНН диаграммасы Жеке парақшалар Сәйкестендіру
Қонақжай
Қазақ халқы
Шешен
Көшпелі
|
||||
|
Сергіту сәті: 3 минут |
«Сен білесің бе?» айдары. Әр халықтың өз ана тілі бар. Тілі жоғалған халықтың өзі де жоғалады. |
Аудео- видео плеер Жаңа сөздерді үш тілде айту |
< ||||




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген