15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Дүниетану "Құстар"
Күні: 10.0.2018ж «Табиғатым – тағдырым» 3 сынып
Тақырыбы:
Құстар.
Мақсаты:
1. Білімділік: Құстардың көптүрлілігі
туралы түсінік беру, топтарын ажырата
білуге машықтандыру.
2.
Дамытушылық:
Оқушылардың әңгімелеу, сипаттау, талдау
арқылы ойлау, танымдық қабілеттерін
дамыту;
3.
Тәрбиелік:
Табиғатты,құстарды қорғауға және
еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа баули
отырып, оқушылардың эстетикалық талғамын
арттыру.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың көңіл-күйін байқап,сабаққа әзірліктерін қалыпқа келтіру.
Психологиялық
дайындық
Көк
туымда «Қыран бүркіт» бейнесі,
«Аққу» құсы, сұлулықтың келбеті.
«Қара торғай» бау-бақшамды қорғайды,
«Бұлбұл» әнмен, тербетеді жер бетін.
Ой қозғау. «Миға шабуыл»
-Балалар, табиғат дегеніміз не?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Құстар туралы не білеміз?
Қызықты
мәліметтер.
Ата
- бабамыз құсты аса қадірлеген. Олар
батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын
аққуға теңеген.
Ертеде
жоңғар шапқыншылығы кезінде ауыл
адамдары елін - жерін тастап қаша жөнелген
екен. Сол ауылда Төле би атамыз ғана
қозғалмай, киіз үйін жықпапты. Қалмақтың
әскер басы себебін сұраса, Төле би үйінің
төбесін көрсетіпті. «Қарлығаш шаңырағыма
ұя салды, балапандары әлі жас, ұша
алмайды» депті. Жас әскер басы Төле
бидің адамгершілігіне риза болыпты.
Содан Төле би атамызды «Қарлығаш би»
атапты, ал қарлығашты «Әулие құс» деп
атаған екен.
Қазақстанда құстардың 435 түрі бар екен. Қазақстанның Қызыл кітабына құстардың 56 түрі енгізіліп, қорғауға алынды. Олардың қатарында ақ және қара дегелек, қызғылт бірқазан, жорғаторғай, реликті шағала, бүркіт те бар.
Тапсырмалар
Тапсырма:Топтастыру стратегиясы
Құстар туралы топтастыру
2 тапсырма:
Әр құстың дұрыс атауын белгілеңіз.
|
|
|
|
торғай |
тырна |
Бүркіт |
Пингвин |
воробей |
журавль |
беркут |
Пингвин |
Drunk (дранк) |
Hook (хук) |
Eagle (игл) |
Penguin (Пэнг уин) |
|
|
|
|
3- тапсырма(Сурет бойынша үй құстары мен дала құстарын ажыратып
жабыстыру)
Үй құстары: Тауық, әтеш, күркетауық,балапан, үйрек, қаз. т\б
Дала құстары: Торғай, қарлығаш, үкі, тоқылдақ, сауысқан. т\б
4- тапсырма: Синквейн стратегиясы ( бес жолды өлең):
-
Бірінші жолда - тақырып бір сөзбен
беріледі (зат есім)
- Екінші жолда -
тақырып екі сөзбен сипаттау (сын есім)
-
Үшінші жолда - тақырыпқа қатысты қимыл
атауынан үш сөз жазу. (етістік)
-
Төртінші жолда - 4 сөзден тұратын бір
сөйлем.
- Бесінші жолда - тақырып мәнін
ашатын бір синоним сөз.
Сергіту сәті:
Қазақтар
құстарға қарап ауа райын да болжай
білген.
•
Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа
райы өзгереді.
•
Сары шымшық ысқырса - шынымен күз
болғаны.
•
Қарға қарқылдаса - қар жауады.
•
Жыл құсы қаптап кетсе - көктем ерте
келеді.
•
Көкек қатты әрі жиі шақырса – күн
жылиды.
•
Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді.
•
Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн
жылиды.
Айтсақ
әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың
көркі құстарды қорғау әрқайсымыздың
парызымыз.
Кері
байланыс
Не білдім? Не үйрендім? Не білгім келеді?
Қарлығаш
Әдемі,
қара
Ұшады, асырайды, жасайды
Қарлығаштар,
лайдан ұя жасайды
Құс

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген