400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дүниетану сабағынан жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Қан айналым жүйесі туралы түсіну. Жүрек құрылысы, қызметі туралы талдау
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пәні:Дүниетану

Мектеп:№34 НМ

Күні:

Мұғалімнің есімі:Туякова Ғ.К.

Сынып:3

Қатысқандар саны:6

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Қанайналым жүйесі.Жүрек және оның қызметі



Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Қан айналым жүйесі туралы түсіну. Жүрек құрылысы, қызметі туралы талдау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Жүрек-организмдегі аса маңызды ағза екенін білу. Қанайналым жүйесі жүректен және қан тамырларынан тұратынын түсіну

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Қантамырлары туралы білімдерін көрсету

Кейбір оқушылар:

  • Қанайналым жүйесі басқа қай жүйемен бірлесіп жұмыс істейтінін түсіндіру

Бағалау критерилері

  • Жүрек-организмдегі аса маңызды ағза екенін біледі

  • Қанайналым жүйесі жүректен және қан тамырларынан тұратынын түсінеді

  • Қанайналым жүйесі басқа қай жүйемен бірлесіп жұмыс істейтінін айтады

Оқу деңгейінің дыдағдылары

  • Білу,түсіну,талдау

АКТ қолдану

  • Интербелсенді тақта

Тілдік мақсаттар


Негізгі сөздер мен тіркестер:

Артерия,күретамыр,қан тамырлары

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:




  • Discuss the chart that is created. Which is the most popular fruit choice? How do we know?

  • Has every learner’s choice been recorded? How can we check?

  • Ask learners if they can think of other questions that we might have investigated. If ideas are not forthcoming, ‘lead’ the discussion by suggesting – what else could we have put in the basket? What other things could we try, to see if people have favourites? What other questions could we have asked about our fruit basket?

  • Take ideas and ask – What do you think the result might be? What would the pictogram look like?


Талқылауға арналған сұрақтар:

Жүректі сақтау адамға не үшін керек?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Жүрек сау,мықты болуы үшін не істейміз?

Жазылым бойынша ұсыныстар:


Жүрек үздіксіз тоқтамай қалай жұмыс жасайды?Ол тынығады ма?

Алдыңғы оқу

Адам ағзалары туралы түсінігі бар

Жоспар

Жоспарланған уақыт 40 мин

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Ұйымдастыру

2мин

Ынтымақтастық атмосферасы: «Комплименттер бұрқасыны».Оқушылар бір-біріне шарлар арқылы жылы тілектер айтады.

Топқа бөлу: Сынып ішін дене мүшелері арқылы екі топқа бөлу; Жүрек,тамыр болып екі топқа бөлініп отырады


Түрлі-түсті шарлар





Жүрек пен тамырдың суреті

Ортасы

3 мин



















3 мин




















3мин







Мұғалімнің презентациясы

5 мин















7мин
















2мин
















Оқулықпен жұмыс

5 мин




2мин


5мин










Үй тапсырмасын қайталау : «Кубизм» әдісімен үйге берген тапсырманы оқушылырға сұрақ-жауап арқылы тексеру. Топта тапсырманың дұрыс-бұрысын өздеріне талқылатамын.Оқушылар:

- Адам қаңқасы қандай қызмет атқарады?

-Қаңқаның бөліктері мен қозғалмалы бөліктерін ата.

- Бас сүйек және омыртқа жотасында не бар?

-Бұлшық ет не үшін қажет?

-Ол қалай жұмыс істейді?

Сұраққа жауап бере отырып бір-бірін толықтырады.

Тақырыпты ашу: «Миға шабуыл»

-Біз бүгін адам организмі туралы білімді толықтыруды жалғастырамыз.Қанеки балалар мен бірнеше жұмбақ оқимын ал сендер шешуін табасыңдар

1.Таппайтын тағат,

Тығулы сағат. (жүрек)

2.Сыртқа шығар жолы тұйық,

Түсі шымқай қызыл сұйық. (Қан)



Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қанайналым жүйесі.Жүрек және оның қызметі»

«БББ кестесін» толтырады.

Оқушылар орындарында отырып жүрек және тамыр жайлы «Білемін» және «Білгім келеді» бөлімдерін толтырады.

Жаңа сабақ

Қанайналым жүйесі жүректен және қан тамырларынан тұрады.Жүрек -организмдегі аса маңызды мүшелердің бірі.Жүрек ешқашан тоқтамай соғуы тиіс.Өйткені ол басқа мүшелерге қан жібереді,қан оларға әрқашан керек.Егер жүрек қанды айдауын тоқтатса,басқа барлық мүшелер де қызметін тоқтатады.

Қан айналым жүйесін атайық

1.Жүрек

2.Күретамыр

3.Артерия

Топтық жұмыс: «Жигсо» әдісі

1-топ Егер адамнан қан кететін болса,оны тоқтату үшін не істеу керек?

2-топ Жүрек сау,мықты болуы үшін не істеу керек?талдайды, постерге түсіреді

Топта жұмыстарын талқылайды ,

Топпен шығып оқушылар қорғайды

(Оқушы ойын тыңдау)

Топ бірін-бірі « Бағдаршам» арқылы бағалайды

Практикалық жұмыс:Тамыр соғысы(пульс) арқылы жүрек минутына неше рет жиырылып босаңситынын анықтау. Оқушылар қалыпты жағдайда тамыр соғысын анықтайды,жазады.

Сергіту сәті.

Оқушылар орындарынан 10 рет тұрып,10 рет отырады.-Енді тамыр соғысын қайта есептейді,жазады.

-Қандай қорытынды шығарғандарын айтады,жазады.

Жұппен жұмыс:Оқулықта берілген мәтінмен танысады.Әр оқушы жеке өзі оқиды,жұп болып көршісімен бөліседі,топ болып мәтін бойынша түсінгендерін әңгімелейді,сынып болып ортаға салады.Топ басшысы ортақ бөлімді айтып береді.

Бейнефильм көрсету «Жүрек»

ЖЖ жұмыс.Деңгейлік тапсырма:сұрақ-жауап

-Жүрек қанша бөліктен тұрады?

-Қанайналым жүйесі қандай мүшелерден тұрады?

-Егер адамнан қан кететін болса,оны тоқтату үшін не істеу керек?

-Қан барлық ағзаға не жеткізеді-

-Жарақат алып дене қанағанда,мұрын қанағанда қандай көмек көрсетер едің?

-Қанайналым жүйесі басқа қай жүйемен бірлесіп жұмыс істейді?

-Тамырдың соғуы деген не?

-Неліктен жүрек тоқтаусыз соғады?

Оқушылар сұрақтарға жауапты, өз ойларын дәптерге жазады

Критерий:

1.Қанайналым жүйесі жайлы біледі.

2.Тамырдың соғуы не екенін айта алады.

3.Неліктен жүректің тоқтаусыз соғатынын дәлелдей алады.

Критериалды бағалау


Кубикке жапсырылған дене мүшелеріндегі сұрақтар





















Оқушылар ауызша жауап береді,жұмбақ шешеді

















Дәптердегі кестені толтырады






АКТ көрсетілім


















Ватман,маркер,түрлі сюжетті суреттер,желім














оқушыларға парақша таратылып беріледі

Секундомер






Парақшаларына жазады





оқулық









Дәптер,қалам

Қорытынды

3 мин

Үйге тапсырма:

1.Жүректің атынан хат жазып келу

Рефлексия:

«БББ» кестесі не білгендерін толтырады.



Күнделікке жазу




Дәптер,қалам

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс

  • Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы

  • Өзін-өзі бағалау

  • Критериалды баға

  • Мұғалімнің бағалауы

  • Математика,сергіту сәті,презентация

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Өткізілген сабағымды талдай отырып,бүгінгі сабақ қойылған мақсатыма жеттім. Оқушылар жүрек тоқтаусыз жұмыс істейтіні жайлы білді.Жүректің жұмысы –қанды бүкіл денеге тарататын ұғынды.Сынып ішінде оқушылардың сабаққа деген ынтасы жоғары болды. Жоспарлаған стратегиялар сабақ барысында өте тиімді болды.Өзім де оқушылар да уақытты үнемді пайдалана білдік.

Қорытынды бағамдау



Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1:Үй тапсырмасын тексеру барысында «Кубизм»әдісі


2:Жаңаша сабақ барысында оқушыларға постер құрау


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1: Топпен жұмыс жасаудың тиімділігі.Өйткені балалар нашар оқиды,жақсы оқиды деп бөлінбейді.Бұл жерде барлығы бірлесіп жұмыс жасағандықтан ,өзара келісімге келуге жағдай туады.


2:Үлгерімі төмен оқушы топтық талдау кезінде талқылауға белсене қатысуы байқалды.


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
914
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі