400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Дүниетану "Сен тұратын аймақта қандай катаклизмдер болуы мүмкін?" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Дүниетану Сен тұрған аймақта қандай катаклизмдер болуы мүкін? 4 сыныпқа арналған сабақ жоспарын ұстаздар кеңінен қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№3 мектеп-лицей Дүниетану

Сабақ тақырыбы: Сен тұратын аймақта қандай катаклизмдер болуы мүмкін?

Күні

Сынып 4

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

4.2.3.2 –зерттеулер негізінде өз өңірінде туындауы мүмкін табиғи апаттарға болжам жасау

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Климаттың адамзат дамуына әсері туралы, өз өңіріндегі және Қазақстан аймақтарындағы адамдардың табиғи жағдайларға байланысты шаруашылық іс-әрекеттерін анықтайды.

Көптеген оқушылар: өздерінің жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықта берілген ақпараттарды қолданады.

Кейбір оқушылар: Адамдардың табиғи жағдайларға (климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) байланысты мамандануын түсінеді. Зерттеу негізінде өз өңіріндегі табиғи апаттардың туындауы ықтималдығын болжайды. Өзінің жасанды ортадағы қауіпсіздігін жоспарлайды. Нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтайды.

Бағалау критерийлері:


• зерттеу негізінде өз өңірінде табиғи апаттар туындау ықтималдығын болжайды;

• климаттың адамзат дамуына әсерін талдайды;

• нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтайды;

• өзінің жасанды ортадағы қауіпсіздігін жоспарлайды.

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар:

Оқушылар:зерттеу негізінде өз өңірінде табиғи апаттар туындау ықтималдығын болжайды;

• климаттың адамзат дамуына әсерін талдайды;

• нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтайды;

• өзінің жасанды ортадағы қауіпсіздігін жоспарлайды.

Терминология:

•табиғи құбылыстар; климаттың әсері;табиғи апаттар;

•жасанды орта, нысандар, көкжиек.Қазақстанның табиғи аймақтары (зоналары): таулы аймақ, дала, шөл дала, шөлейт

•Атмосфера қысымы, температура, ылғалдылық, жауын-шашын және

Талқылауға арналған сұрақтар:

• Қандай табиғи құбылыстарды білесің?

• Олар адамның өмірі мен іс-әрекеттеріне қалай әсер етеді?

• Қандай табиғи қауіптер кездеседі?

Неліктен екенін айта аласыз ба?

• …ауа-райын адамдарға білу қажет?

• …нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтаймыз?

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

дүниетану, әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

. Оқушылар ауа-райының қолайсыз жағдайларында өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыруды, табиғи ортадағы өзінің қауіпсіздігін жоспарлауды біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

Психологиялық дайындық:
Аманбысың алтын күн,

Аманбысың жарқын күн.

Маған жылу жарық бер,

Қуаныш пен шаттық бер. - хормен айту


Топқа бөлу «Жаңбыр,найзағай,жел,қар» (суреттер арқылы)


Алдыңғы білімді еске түсіру

«Жедел жауап» әдісі

  1. Адам өміріне климаттың әсері қандай?

  2. Солтүстік Қазақстан өңіріндегі климат туралы кім айтады?

  3. Шығыс Қазақстан өңіріндегі климат туралы кім біледі?

  4. Орталық Қазақстан өңіріндегі климат туралы кім біледі?

  5. Батыс Қазақстан өңіріндегі климат туралы кім біледі?

  6. Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі климат туралы кім біледі?


Бейнебаян көрсету (Катаклизм - жойқын күш туралы)


Жаңа сабақ

Сен тұратын аймақта қандай катаклизмдер болуы мүмкін?

Тірек сөз: Катаклизм

1.Катаклизмнің түрлерін ата?

2.Олар бізге қалай әсер етеді?

3..Сен тұратын аймақта қандай катаклизмдер болуы мүмкін?

Сонымен біз бүгін сабақта не білеміз деп ойлайсыңдар?

- катаклизмнің түрлерін есіңе түсіресің

-өзің тұратын аймақта болуы мүмкін катаклизмдер туралы болжамдаймыз


Катаклизм дегеніміз – табиғат салдарынан болатын жойқын күш. (алапат төңкеріс,жер сілкінісі,сел,цунами,қар көшкіні,құрғақшылық,жанартаудың атқылауы)

Топтық жұмыс «Сұрақ- жауап» әдісі

  • Катаклизм деген не?

Суреттерге қара.Қандай катаклизмдер естігеніңді айтып бер

(Әр топқа сурет таратылады.Сол бойынша ауызша айтып шығады.)

  1. Сел (су тасқыны)

  2. Құйын (торнадо)

  3. Құрғақшылық

  4. Цунами (жойқын күш)

  5. Қар көшкіні (таулы аймақтар)

  6. Өрт (орманды алқаптар)

  7. Жанартау атқылауы (вулкан)

  8. Жер сілкінісі (жердің босап төмен түсуі)







Оқушылар

ды сурет арқылы топтарға бөлу



Алдыңғы оқуды пысықтау.



«Бас бармақ» әдісі

арқылы бағалау














«Смайлик» әдісі

арқылы бағалау







Ортасы

Оқылым:

Еліміздің кейбір облыстарында құрғақшылық,үскірік аяз

су тасқыны,шаңды дауыл,аптап ыстық және өрт секілді

табиғат апаттары оқтын-оқтын болып тұрады.Таулы аймақтарда

жер сілкінісімен сел тасқыны да жиі байқалады.Еліміздегі катаклизмдердің көпшілігі табиғи жағдайларға

байланысты қалыптасады.

Дескриптор

-климаттың адамзат дамуына әсерін талдайды;

-нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтайды;

-өзінің жасанды ортадағы қауіпсіздігін жоспарлайды


Дәптермен жұмыс Сөздік жұмыс

(құрғақшылық,үскірік аяз ,су тасқыны,шаңды дауыл,

аптап ыстық өрт,

жер сілкінісі, сел тасқыны)


Сергіту сәті

Тоңса егер қолымыз,

Қолғап киіп аламыз.

Шықсақ егер далаға ,

Етік киіп аламыз.

Тоңса егер денеміз,

Тонды киіп аламыз.


Картамен жұмыс

Қазақстан жерінің басым бөлігін жазық жерлер алып жатыр.Шығысында Алтай тауы,оңтүстік шығысында Тянь-Шань тау жүйесі созылып жатыр.Ал орталық бөлігінен Сарыарқа деп аталатыын аласа тауларды көреміз.Үлкен су айдындарынан Каспий мен Арал теңізін атауға болады. Сонымен қатар көлдерден –Балқаш,Алакөл,Жайсаң ірі өзендерден – Жайық,Ертіс пен Сырдария.


Жұптық жұмыс

«Қазақстан физикалық картасы» бойынша 41-бет саяхат

жаса.

Аталған жер-су аттарын (тау,өзен,көлдерді) картадан

тауып көрсет

• Картаға сүйеніп қорытынды жасау.

1-топ Қазақстан тауларын тауып,көрсету.

(Алтай,Тянь-Шань,Сарыарқа таулары)

2-топ Қазақстандағы ірі өзендерді тауып көрсету

(Жайық,Ертіс,Сырдария)

3-топ Қазақстан көлдерін бояп табу

(Балқаш,Алакөл,Жайсаң)

4-топ Қазақстандағы үлкен су айдындарын көрсету

(Каспий,Арал теңіздері)


Дескрипторы:

- Қазақстан физикалық картасына саяхат жасайды;

- тау,өзен,көлдердің орналасқан жерін анықтайды;

- картаға байланысты қорытынды жасайды.


Қазақстанда болуы ықтимал табиғат апаттарының

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
26 қараша
1626
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі