400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Дұрыс әрекет

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздар мен оқушылар үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сагимбекова Динара Рахатовна

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №9 орта мектебі» КММ

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы







РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Дұрыс әрекет


































тақырыбы: «Дұрыс әрекет»

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Дұрыс әрекет - жалпыадамзаттық құндылық.

2. Дұрыс әрекетке үйретудегі  мақсаттар.

3. Дұрыс әрекетке тән қасиеттер.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер


















Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті – Н.Ә.Назарбаевтың

2012 жылдың 27 қаңтарындағы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты қазақстан халқына жолдауына «Адами капиталды сапалы өсіру керек» деген міндетті алға қойды. «Оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет. Олар – патриотизм, мораль мен және парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәні де жанның да дамуы, заңға мойын ұсынушылық. Бұл құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан ,барлық оқу орындарында сіңірілуі тиіс» - деп айқын көрсеткен[1].

Рухани – адамгершілік білімнің казіргі кездегі әлемдегі басымдылығы туралы сөз қозғауда қазіргі замандағы жаһандық мәселелер, адамзаттық жалпы дүниежүзілік тұтастығы мен рухани - адамгершілік құндылықтарының сипатын жан – жақты қарастырылып, жалпы адамзаттық құндылықтардың мәнін ашуға нақты бағыт беріледі[1].

Күнделікті өмірде мәңгі жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлана отырып, рухани тұрғыдан кемелдену қажет. Руханилық – бұл үлкен адамгершіліктік! Руханилық – бұл адамдардың шынайы және достық өзара қатынастарында көрінетін шыншылдық, данышпандық, риясыз махаббат. Заманауи қоғам жүрегі ашық, қоғамға қызмет ететін білімді адамдарды қажет етеді.

Рухани - адамгершілік білім берудегі дұрыс әрекетке үйретудің мақсаты – рухани - адамгершілік құндылықтарға бағытталған, ойы, сөзі мен ісі бір жерден шығатын, жетілген мінезі бар адамды қалыптастыру.

Дұрыс әрекет – бұл борышпен жауапкершілікке, ішкі ар – ұждан даусына сәйкес мінез қылық. Ақиқаттан туындағанның бәрі – дұрыс әрекет[2].

 Жаның мен тәніңді барынша сергітіп,сұлуландырып  жіберетін тек жақсы тәрбие ғана.

Сондықтан да,  жас ұрпақты үлкен өмір жолында дұрыс әрекетке бағыттасақ, тәуелсіздігіміздің тұғырын берік ұстайтын  адами асыл қасиеттерге бай тұлғалар тәрбиелейміз.


1.Дұрыс әрекет - жалпыадамзаттық құндылық.


Қазіргі қоғамда кез келген реформаның шынайы нәтижесін адам табиғаттан, ішкі әлемін және оның құндылықтық әлеуетін тілге тиек еткен де ғана түсіне бастады[2].

Барлық жалпыадамзаттық құндылықтар – бір адамдықтың қыры.Дұрыс әрекет – бұл іскі әрекеттегі сүйіспеншілік.

Жалпыадамзаттық құндылықтар – бұл барлық кезеңдегі адамдар үшін шынымен маңызды, сөзсіз қажетті, қалаулы , өткінші емес, жынысына, ұлтына, нәсіліне, азаматтылығына, әлеуметтік жағдайына, діни сеніміне және байланыссыз әр адам үшін іс жүзінде мағынасы бар құндылықтар[2].


Қазіргі заманда ғылым мен білім, ақпараттық технология, техника қаншалықты қарыштап дамыған сайын, адамның бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерінің соншалықты төмендеп бара жатқанын күнделікті өмірде көріп отырмыз. Атап айтар болсақ: тастанды бала, қарттар үйі, қатыгездік, табиғатты ластау, ағашты кесу, алдап соғу, жемқорлық, өлтіріп кету, өз- өзіне қол салу, т. б. толып жатыр. Адамзаттың ең асылы –«адам» деп қарайтын болсақ, онда адамның азғындауына не себеп? Әлде заман кінәлі ме?-деген сұрақтар туындайды. Көпшілігі «заманына қарай адамы » деген принциппен өмір суруде. Ал, заманды құрайтын адам емес пе? Міне, сонда барлығы қайтадан адамға келіп тіреледі. Сондықтан күллі әлемді сақтап қалатын бірден- бір жол  рухани адамгершілік білім екені даусыз. Ал, адамның жүрегіне нұр құятын, риясыз сүйіспеншілікпен рухани бастауға жетелейтін, ол – ұстаз.  Рухани- адамгершілік білімнің негізі болып табылатын «Өзін- өзі тану»  жобасының  авторы С. А. Назарбаева: «Рухани кәусар бұлаққа барар жол іздеу әр адамның міндеттерінің міндеті екендігіне сенімдімін» дей келе, оған тек  жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту арқылы ғана жетуге болатынын атап көрсетті. Сонымен қатар: «Алланың алдында бәріміз бірдейміз. Әрқайсысымыздың жолымыз, өмірлік міндетіміз бар, бірақ бәрімізге ортақ міндет – жан дүниеміздегі  махаббаттың сөнбейтін шырағын жаға отырып, Адам боп қалу!» деп адамшылықты бірінші орынға қояды[2].

Жалпыадамзаттық құндылықтарды - бұл «Өзін – өзі тану» пәні мазмұнының көпұлтты және көп конфессионалды мемлекет жағдайындағы бірден бір мүкін негізі.

Ертеңгі күнді болжау қиын, бірақ бүгінгі күнді пайдалануға болады.

—  Өткен күн – Кеше –тарих

—  Келер күн – Ертең – сыр

—  Ал бүгінгі күн - үлкен сый,- деп Төле би атамыз айтып кеткен болатын.

Ал әрі қарай  Әл  - Фарабидің «Дұрыс әрекет - мақсатқа жеткізер жолды  дұрыс таңдаудан басталады» - деп айтып кеткен болатын.

Адамдар осы өмірден қуаныш пен қанағат аламыз деп ойлайды, алайда бұл қуаныш олардың өздерінде жасырынып жатқан  өлшеусіз қуаныштың кішкентай ғана сәулесі[3].

Ал дұрыс әрекет ету дегеніміз - қайрат пен табандылық, адалдық,

әдептілік, шешім қабылдауда батылдық, ынталылық көрсету болып табылады.

«Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала»

Әдепті бала ата - анасын мақтатар, әдепсіз бала, ата –анасын қақсатар - деп мақалмен ойымды түйіндеймін.

“Парасат қайда болсада ұлылық сонда, білім қайда болса биіктік сонда”- деген нақыл сөздер арқылы әдептілік, ибалылық, ізеттілік сияқты жақсы қасиеттерді, тәлім – тәрбиені біздің ата – бабаларымыз өз баласының, немересінің құлағына сіңіре отырып тәрбиелеген[4].

Тұла бойын өртеп бара жатқан от жалынының жөнсіз лапылдап кетпеуі үшін, өзін – өзі тежейді, сезімін төгіп шашып алмау үшін ғажайып қуатты күшке қарсыласып, шыңдалады, сөйтіп, адамдық қасиеті еселеп арта түседі.Дұрыс мінез - құлық — бұл өз борышын және адамның қоғамдағы мәртебесіне қатысты міндеттемелерді орындауға байланысты мінез - құлық түрі әрі ар - ұяттың ішкі дауысына сәйкес қылықтар.

Адам дұрыс жолды таңдай білуі қажет: Ол үшін мынандай қасиеттерді бойынан табылуы керек.

1. Дұрыс жол -  ақиқатты дұрыс түсіну.

2.Дұрыс шешім- ақиқатқа сәйкес өз өмірін өзгертуге бағытталған ерік-жігер.

3. Дұрыс сөз — өтірік айтпау, біреуді босқа жамандамау, балағат сөз айтпау,

4. Дұрыс іс-әрекет— ешқаңдай тіршілік иесіне жамандық жасамау, ұрлық-қарлықтан қашық болу.

5. Дұрыс тұрмыс қалпы — адал еңбек етуді әдетке айналдыру.

6. Дұрыс күш жұмсау — құмарлықпен, жаман оймен күресу

7. Дұрыс ой бағыты— дүниенің жалған, уақытша екенін түсіну.

8.Дұрыс жинақтала білу — өз денеңді сезінуден, ойлаудан, түйсінуден арылу, керек деген ойлармен толықтыру керек[3].


 2. Ал енді дұрыс әрекеттің мақсаттарына тоқталамыз:

Әр адамның бойында бар Ар-ұждан дауысын ажырату және ести білу қабілеттерін ояту; күнделікті өмірде дұрыс әрекет ету сапасын дамытатын және жүзеге асыратын ойларын, сөздерін және іс амалдарын бекіту.

Дұрыс әрекет - бұл борыш пен жауапкершілікке, ішкі ар - ұждан дауысына сәйкес мінез – құлық.

Рухани-адамгершілік сана - сезімі оянған адам ғана мәңгі құндылықтарды уақытша құндылықтардан, шынайылылықты жалғандықтан ажыратып, бақытты болып, өзгелерді бақытты етеді. Осындай білім беру адамның жетілуін қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан, данышпан Абайдың нақыл сөздерін естен шығармау керек, ол өз заманында былай жазған еді: «Адамның мінезі – ақыл мен білімді сақтайтын ыдыс. Білімдер сақтайтын ыдыс мықты болмаса, оқудан пайда болмайды»

Күнделікті өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлана отырып, рухани тұрғыдан кемелдену қажет. Ойды өзгерту. Білімді жетілдіру, өмір сүруді жеңілдету  және барлық істерді  сәтті тыңдыру үшін  тек қана адамның  өз ойларын  дұрыс басқару қабілетінен  басқа ештеңе қолайлы жағдай  туғызбайды. Ақыл- парасаты  меңгеру ісінде  осы ойларды билеу  мен бағындырудан асқан қиын  нәрсе жоқ та шығар.  Адамның ақылы әрқашан  еркін және алуан кездесетін алуан  түрлі нысандармен  байланысқа  түсуге дайын болып,  оған сол сәтінде  қажетті саналатын  мөлшерде ғана  зейінін  бөлуге тиіс.

Әлемде кеңінен тараған келеңсіз жағдайды ескере отырып, қазіргі таңда қоғамға жетіспейтін риясыз махаббатты ояту керек. Біз қазір жеке эгоистік қызығушылық қасиеттер үстемдік ететін ғасырда өмір сүреміз.

Адамдағы жоғарғы рухани менін және ішкі адамгершілік борышын ұғыну мүмкіндігі оның сана- сезімін тар эгоистік шеңберден ғаламдық деңгейге дейін, жоғары сана дәрежесіне дейін кеңейтеді. Осындайда, ол өзіне мынадай сұрақтарды қояды: Мен кіммін? Менің өмірімнің мәні неде?

Адамның санасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым риясыздық дәрежесі жоғары болады. 

Сократтың айтуы бойынша ұстаздың негізгі міндеті –оқушының мықты  рухани күштерін ояту. Сократ тәрбиелеудің жолдарын-өзін-өзі сараптаудан, өзін-өзі жетілдіруден көреді. Тәрбиелеудің  мақсаты-өзін-өзі тану.

- әр адамның бойында бар Ар – ұждан дауысын ажырата  және ести білу қабілеттерін ояту.

  - күнделікті өмірде дұрыс әрекет ету дағдысын және жүзеге асыратын ойларын, сөздерін және іс-амалдарын бекіту.

         Ақиқат жолымен жүргенде дұрыс әрекет   туындайды, оның қағидаты-өзіңе де, өзгеге де, табиғатқа да еш зиян келтірмеу. Ол үшін табиғаттың, моральдың және мемлекеттің заңдылықтарын білу, құрметтеу және орындау қажет.Осы құндылықтарды бойына сіңірген бақытты адам ол:

-өзге адамдардың  өзі туралы  не ойлайтынын  уайымдамайды.

-барлығына  жақсылық көруге тырысады.

-бүгінгі күн керемет, бірақ мен оны көре алмаймын деп есептейді.

 Ежелгі қытай ойшылы Конфусидің айтуы бойынша  жан-жақты толысқан, адамгершілік қасиеттері мол «жетілген адамның бойында» негізінен екі қасиет болуы қажет, олар: адамгершілік пен парыз сезімі. Басты қасиет – парыз сезімі керек.

Осы жерде Б.Момышұлының парыз туралы ойын қосып кеткенді жөн санадым.

Тізе бүгіп тірі жүргенше, тік тұрып өлген артық,- деп айтып өткен.

        Мен өмір бойы парыз сезіміне бой алдырып, жалғыз соған ғана бағынып келдім.

        Парыздан күшті күш жоқ.

        Парыздан қатал сот жоқ.

        Парыздан қорқынышты жаза жоқ.

        Парыздан жарқын жарық жоқ.

        Парыздан кіршіксіз тазалық жоқ.

        Парыз – жан рухы, жүректің жүрегі.

        Парыз – арман мен данқ  асқары.

        Парыз  - адал берілгендік тамыры.

        Парыз – ержүректің рухы.

        Парыз – қаһармандық жүрегі.

        Парыз – ұлттың іргетасы.

        Парыз – намыс күзетшісі яғни [3].

От парызы-жану.  Онсыз жай ғана көмір. Қант парызы-оның тәттілігі. Тәттілігі болмаса жай ғана сусымалы зат. Егер біз ар ұятымызға  сүйсінбесек онда дұрыс әрекет болмайды  Мұғалімнің дұрыс әрекеті: Біз үшін жүрек тазалығы маңызды. Ең бастысы басқаларды қалай оқытсақ, соған өзіміз лайықты болуымыз керек. Парыз  – бұл моральдық міндет болып саналады. Парызды сезіне білудің өзі білім мен жоғарғы принципке, желты алғанда, адам бойындағы ізгі қасиеттерге тікелей байланысты болып келеді.

Менің басымнан талай қызықтар өтті.Бірде жақын құрбыммен қатты сөзбен келсіп қалдым, менің жасаған әрекетім дұрыс болмасада қателігімді мойындамай кеттім.Алайда менің Ар- ұжданым қателігімді есіме салып, мазам болмай ішкі тыныштығым бұзылды, құрбымнан барып кешірім сұрап, өзімнің әрекетімнің дұрыс емес екенін түсіндім.Бұл кезде мен өзімді төмен санамадым, керсінше беделімнің асқандығын байқадым, осындай жағдайларды болдырмауымыз керек, ол үшін біз әр кезде ақиқатты тануымыз керек.

3. Енді дұрыс әрекете тән қасиеттерге тоқталайық: әдет, қанағат, ынтымақтастық, тәртіп, парыз бен ризашылық, дұрыс ой, дұрыс сөз.

Бірінші әдет - өзінің шынайы болмысын түсінуге негізделген. Дұрыс әрекет адам өмірінің негізі болуы керек. Тіпті күн сайын, апта сайын бірнеше рет жасалатын шағын істердің өзі әдетпен орнығады.

Екіншісі қанағат - тілек-қалау адамды әрекет етуге итермелейді және оның өмірдегі амал-әрекетіне себепші болады. Тек тілек-қалауын тыйғанда ғана адам еркіндікке қол жеткізеді.

Үшіншісі ынтымақтастық - жастары, әлеуметтік және экономикалық жағдайлары әр түрлі адамдармен бірге өмір сүруге үйрену үшін оқушылар мектепте тәртіпке, өзара сыйластыққа, ынтымақтастыққа үйренеді.

Төртіншісі тәртіп – адам іс-әрекетіндегі жетістігінің негізі. Бұл қасиет баланың бойына сәби кезінен бастап даруы керек.

Бесіншісі парыз бен ризашылық - әр адамның өз отбасы, өзі өмір сүретін қоғамы мен елі алдындағы парыздары мен міндеттері бар.

Алтыншы дұрыс ой - адамның Дұрыс әрекетке бастайтын таза және асқақ ойы болу керек.
Жетіншісі дұрыс ой - бұл шынайы тәрбеліліктің көрсеткіші. Айқайлап, сауатсыз сөйлеу, ашу мен ызаға толы сөз – адам денсаулығына кері әсер етеді.
Ойлары, сөздері және істері бір жерден шығу керек.   Осындай адамның ойлары таза болады. Олардың қайнар көзі ашумен, арамдықпен, көре алмаушылықпен, өзімшілдікпен ластанбаған. Ол ойлаған ойын ашық айтып, ойлағандай әрекет етеді. Оның мінез- құлқында жалғандық болмайды.Біздің өмірімізде осындай шыншыл, жүрегі таза, қадірлі адам кездессе біз оған сенім артуымыз керек.

Дұрыс әрекеттің басты қағидаты:

 Бол ( әуелі өзің ақниет бол)   

Істе   ( ақниет болып қоймай,оны іс-жүзінде көрсете білу)

Сөйле (дұрыс сөзбен айту)[3].

Ойлары, сөздері және істері бір жерден шығу керек.   Осындай адамның ойлары таза болады. Олардың қайнар көзі ашумен, арамдықпен, көре алмаушылықпен, өзімшілдікпен ластанбаған. Ол ойлаған ойын ашық айтып, ойлағандай әрекет етеді. Оның мінез- құлқында жалғандық болмайды.

Сөздің үш дұшпаны:

Үрей таратудан айызы қану (рахаттану);

Жалған сөйлеу; Өсек айту[3].

Осы дұрыс әрекеттерге тән қасиеттерге «Екі қасқыр» аңызындағы көністермен ойымды толықтырып түйіндеп өтем.

Әр адамның көкірегінде екі қасқырдың өзара тайталасына ұқсас тартыс жүріп жатады. Оның бірі күншілдік, қызғаныш, өзімшілдік, өтірік сияқты жаман қасиеттерді бейнелесе, екіншісі – сенім, шындық, мейірім, адалдық секілді жақсы қасиеттерді бейнелейді. Бұл екі қасқыр сәт сайын, қадам сайын айқасып, өмір бойы күресумен болады .Сен қайсысын көбірек қоректендірсең, сонысы жеңеді

Қорытынды.

«Құндылықтар практикасы» кезінде, дұрыс әрекет жасауға кедергі болатын уақыттың жауларын таптым.

- Тыңдай білмеу, асығыс жолай тыңдау,  басқа нәрсе ойлап, сөзін тыңдамау.

  • Бәрін бірден орындауға ұмтылып, берілген тапсырманы, ізденбей нем құрайлы орындау.

-Толық ақпараттың болмауы. Анадан бір жұлып, мынадан бір жұлып, үстірт қарау, шала жасау.

Теледидар, кино, телефондар, интернет, әр түрлі (мақсатсыз қыдырулар, бос әңгімелер, тым асыра пайдалану. Мысалы: индия фильмдерді  көрген кезде ойымыз бұзылады, ертеңгі бөлімінде не болады екен деп ішкі тыныштығымыз бұзылады. Жиналыстарда көңіліміз жай таппайды. Бір жұмысымыз алда шығып тұрса, тұра тұршы киномды көріп алайын деп бүкіл жұмысты сырып қойып дұрыс әрекет жасамаймыз. 

«Құндылықтар практикасы» кезінде, өзімді өзім бақылап, мінезімнің өзгергенін, эмоцияға, сезімге, ақылға, берілмей өзімді сабырға шақырып, кез келген іске үлкен жүрекепен қарайтынымды сезіндім.

Ұстаздармен пікірлескенде, рухани- терең жауап беретінімді, оқушыларға үнемі мейріммен, сүйспеншілік, риясыз қамқорлық, ешкімге қиянат жасамайық дұрыс әрекет жасап үйренейік деп, әр сабағымда, сабақтан тыс уақытта, айтатынымды байқадым.

Қорыта айтар болсақ, құндылықтар практикасында әр сабағымның барысында  ұлы адамдардың сөздерін, өлеңдерін, шығармаларын, көптеп қолдану арқылы, оқушыларға үлгі көрсетіп және олардың рухани адамгершілік дамуына жағдай жасай отырып шабыттандыруға, ынталандыруға тырыстым.

Сабақ барысында  дұрыс әрекет құндылығына құрылған «Жақсылық жан жадыратады ,«Әдептен озбайық» сабақтары және  «Құстар біздің досымыз» атты қамқорлық акциясы өткізілді.Сабақ беру барысында оқушылардың , мінездерінің өзгергенін топтық жұмыста, нұрға бөленіу сәтінде сауатты жауап бергендерінен байқадым. Оқушылардың пікірлерін тыңдай отырып бойларындағы әдептілік, шынайылық ұстанымының жақсы қалыптасқанын сүйіспеншілік, пен мейрімділік арқылы дұрыс әрекет жасай алатындықтарын түсіндім. Бұнда балалардың бойынан дұрыс әрекетке, риясыз жақсылық жасауға, дұрыс ойлауға, дұрыс сөзйлеуге, парызды орындауға  ризашылық алуға, дұрыс шешім жасауға,  қанағат етуге, әдеп сақтауға, қарсыласпай, іштей икемделуге шығармашылық жұмыс кезінде жақсылық жасауға ,бір – бірімізге қамқор болуға жетелеп үйретіп қана қоймай ізгілікті бойынан шығара білуімізге тәрбиелейміз.

Мұғалімнің күнделікті өмірде өзінің үйреткенін іс – жүзінде өзінің қолдануы сенімділіктің қажетті шарты болып табылады. Мұғалімнің ойы мен сөзі және іс – әрекеті арасында бірауыздылық болған жағдайда ғана оқушының сенімі артып, одан үлгі алады.

Барлық, ұстаздар қауымына айтарым әрбір басқан қадамымыз риясыз болып, ішкі тыныштықты сақтай отырып, дұрыс әрекет жасағанда ешкімге оймен де, сөзбен де, іспен де қиянат жасамай еңбек етсек ақиқатқа жетіп, сүйіспеншілік арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіре аламыз деп ойлаймын.




Пайдаланған әдебиеттер:

1.Өзін – өзі тану. KZ Республикалық ғылыми – әдістемелік журналы

№6 (66 )маусым Июнь 2015

2. «Бөбек» Ұлттық Ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру

орталығы Мұғалімге арналған нұсқаулық Алматы 2015ж.

3. http://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/2540/

4. Әдептілік әлемі. Бейсенбаев Ж. Алматы. 982.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
2302
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі