400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дұрыс бөлшек және бұрыс бөлшек. Аралас сан 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дұрыс және бұрыс бөлшекке, аралас санға берілген есептерді шығарады, ережені пйдаланып тапсырмаға қорытынды жасайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР



САБАҚ: Дұрыс бөлшек және бұрыс бөлшек. Аралас сан

Мектеп: №153 Ш.Есенов атындағы мектеп-лицей


КҮНІ:


Мұғалімнің есімі:

Смайлова Фарида Нысанқызы

СЫНЫП: 5 (жаратылыстану бағыты)

Қатысқандар саны: 20


Қатыспағандар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаты:

5.1.1.10 дұрыс және бұрыс бөлшектерді тани білу және ажырата білу.

5.1.1.11 аралас сан анықтамасын білу;

5.1.2.13 бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар:

Дұрыс және бұрыс бөлшектің, аралас санның ережелерін үйренеді.

Оқушылардың басым бөлігі:

бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыруға дағдыланады

Кейбір оқушылар Дұрыс және бұрыс бөлшекке, аралас санға берілген есептерді шығарады, ережені пйдаланып тапсырмаға қорытынды жасайды.

Қосымша тарихи дерек көздер:


Тілдік мақсат:

Оқушылар:

Бұрыс бөлшекті аралас санға, аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру алгоритмін тусіндіреді

Негізгі сөздер мен тіркестер:

- бөлшек, алым, бөлім, үлес, жай бөлшек, дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сан

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

- Алымы бөлімінен кіші.........деп аталады.

- Алымы бөлімінен үлкен.............тең..................деп аталады.

-Бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей.....................өзгермейді.

Талқылауға арналған тармақтар:

Натурал санды аралас сан түрінде жазуға бола ма? Оны қалай жазады?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Семантикалық картада, ВЕНН диаграммасында тақырып мәнін ашыңдар

Алдыңғы оқу

Жай бөлшектерді оқу, жазу, жай бөлшектердің қасиеті, жай бөлшекті қысқарту туралы түсініктері бар.


ЖОСПАР

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

/5 минут/

1. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру.

2. «Күту ағашы» әдісі арқылы жағымды ахуал орнату. Тақтадағы күту ағашына бүгінгі сабақтан не күтетіндіктерін стикерге жазып, іледі.

Сабақтың мақсаты айқындалады.

Сұрақтар:

  1. Үлес дегеніміз не?

2. Жай бөлшектің бөлімі нені көрсетеді, алымы нені көрсетеді? 3. Бөлінді бөлшек түрінде қалай жазылады? 4.Жай бөлшектің негізгі қасиетін айт.Жай бөлшекті қысқарту дегеніміз не?



Күту ағашы, стикер


Ортасы

/35 минут/

3.Оқушыларды  топқа  бөлу.   Оқушылар амалдарды орындау арқылы мәні бірдей сәйкес шыққан оқушылар бір топқа топтасады.

«Дұрыс бөлшек»,  «Бұрыс бөлшек» «Аралас сан»

Оқушылар  қолдарына алған топ аттары бойынша топқа бөлініп өз орындарына отырады. Топ басшысы, топ хатшысы, баяндаушы, топ  сарапшысы сайланады.

4.« Серіктесті оқыту» әдісі

- тіктөртбұрыштың барлығы қанша тең бөліктерге бөлінген, қандай бөлігі боялған?

-үшбұрыш барлығы қанша тең бөліктерге бөлінген, қандай бөлігі боялған?

-шеңбер барлығы қанша тең бөліктерге бөлінген,қандай бөлігі боялған?

-орындалған әрекетті санды өрнектің көмегімен қалай жазуға болады?

Әр оқушы жеке ойланады, жұбымен және топпен талқылайды.  Жариялайды.

5. Миға шабуыл.








1.Суретте тіктөртбұрыш қанша тең бөлікке бөлінген?

2. Тіктөртбұрыштың қанша бөлігі қызыл түспен,қанша бөлігі жасыл түспен боялған?

3. Тіктөртбұрыштың қанша бөлігі боялған?

4.Оны бөлшекпен қалай жазуға болады?

Бағдаршаммен бағаланады.


ІІ. Мағынаны ажырату кезеңі:

6. «Сен  маған мен саған»

  • І топ. №419

  • ІІ топ. №423

  • ІІІ топ. № 427есептер.Оқушылар флипчарт бетіне тапсырманы орындап, оны келесі топқа береді.Сарапшы қорғайды.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша, әр топ бір-бірлерін бағалайды.

7.«Ойды  аяқта».  a)1, 5 , 9 , 3 , 25 , 71 , 80 , 99

3 4 9 10 26 71 9 36

бөлшектерінің қайсысы дұрыс бөлшек, қайсысы бұрыс бөлшек?

Жауабы:

Дұрыс бөлшек; 1 , 3 , 25 , бұрыс бөлшектер; 9 , 5 , 71

3 10 26 9 4 71

80 , 99

9 36

б)Бұрыс бөлшектерді аралас сан түрінде жаз;

25 , 38 , 50 , 48 ,

6 9 20 7

Сұрақтарға жауап бер:

3 - дұрыс бөлшек неге?

4

Себебі: алымы бөлімінен кіші (3< 4)

5 , 6=6 - бұрыс бөлшек неге?

4

Себебі: алымы бөлімінен үлкен (5>4) немесе алымы мен бөлімі тең «Шапалақ» әдісі арқылы бағалау

Әр  топқа мазмұны яқталмаған

парақша  беремін. Сол  берілген  тапсырмалардың

ішіндегі  жоқ сөздерді  теріп жазады, анықтама береді.

9.Ой толғаныс кезеңі: Жеке жұмыс. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындайды


10. «Серпілген сауал» Әр топ сағат бағытымен бір біріне сұрақтар қояды, жауабына қарап бағалайды.

Үйге тапсырма: 1.п.3.4 Дұрыс, бұрыс және аралас сан ережелері

2. №425; №426; №430 есептерін шығару





Топ аттары






АКТда










АКТ да

флипчарт, маркерлер, стикерлер,







Үлестірмелер












Аяқталуы


/5 минут/

Кері байланыс. «Күту  ағашы» әдісі арқылы кері байланыс жасату.

«Сабақ саған ұнады ма?»,

«Сабақ қаншылықты  қиын болды»

«Сабақтың  соңында  қандай  сезімде  болдың?» деген саулдар төңірегінде ой бөлеседі.


Өзін -өзі бағалау парақшасы 
Бағалаудың
крийтерилері

Қосымша ақпарат


САРАЛАУ

Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

БАҒАЛАУ

Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері.

АКТ-мен байланыс. Құндылықтар-

дағы байланыс.

1.Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.

2.Барлық оқушылардың дұрыс, бұрыс бөлшектің және аралас санның ережелерін білетіндіктері тексеріледі . Сынып оқушыларының басым бөлігіне берілген бөлшекті қысқартып, шыққан бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазу есептерін шығару ұсынылса, қабілеті жоғары оқушыларға қорытынды жасау,өзге оқушылардың ойын жалғастыруды ұсыну арқылы олардың білімдері кеңейтіледі.

Оқушылардың сабақты меңгергенін кері байланыс арқылы тексеруді жоспарлаймын


1. Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында ашық сұрақтар беріледі. 2.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, өзара

2 жұлдыз 1ұсыныс беру, 3.2.1. бойынша жетістіктері айқындалады

3. Кері байланыс (ауызша)

4. Дайын үлгі жауап

5. Әр оқушының оқу мақсатына жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолдану




Сергіту жаттығуы

қимылмен көрсету:

Қауіпсіздік техникасы ережелері



РЕФЛЕКСИЯ







ҚОРЫТЫНДЫ БАҒАМДАУ

Қандай екі нәрсе табысты болды?

1.


2.


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?

1.


2.


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?






































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
2117
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі