жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Дұрыс және бұрыс жай бөлшектер 5 сынып
Сабақ жоспарлау үлгісі
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.1C Жай бөлшектер |
Мектеп: Бірік ОЖББ мектебі |
||
|
Күні: 17 . 10 .17 |
Мұғалімнің аты-жөні: Утешева Н.Х. |
||
|
Сынып: 5 |
Қатысқандар:20 |
Қатыспағандар: 0 |
|
|
Сабақтың тақырыбы |
Дұрыс және бұрыс жай бөлшектер 2 сағат (1 сабағы) |
|
|
|
Оқу мақсаттары |
5.1.1.10 дұрыс және бұрыс жай бөлшектерді ажырату |
||
|
Сабақтың мақсаты |
1.Дұрыс және бұрыс жай бөлшектердің анықтамасын біледі, түсінеді. Дұрыс және бұрыс жай бөлшектерді бір санымен салыстырады 2Жай бөлшек дұрыс және бұрыс болатындай айнымалының мәнін дұрыс жазады 3.Өлшем бірліктер арасындағы қатыстарға, мәтінді есептерге бөлшек құрады |
||
|
Бағалау критерийі |
|
||
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар: -Дұрыс және бұрыс жай бөлшектердің анықтамасын түсіндіреді; Пәнге қатысты лексика мен терминология : «Дұрыс бөлшек» , «бұрыс бөлшек», «алым», «бөлім», «1-ден артық» , «1-ден кем», «үлкен», «кіші» Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер -Бөлшектердің алымы мен бөлімін салыстырғанда не байқадыңдар? -Егер жай бөлшектің алымы бөлімінен кіші болса, онда жай бөлшек ... -Алымы бөліміне тең жай бөлшектің мәні 1-ге тең -Егер жай бөлшектің алымы бөлімінен үлкен немесе оған тең болса, онда жай бөлшек... -Егер жай бөлшек 1-ден кем болса, онда... -Егер жай бөлшек 1-ден артық болса, онда... -Егер жай бөлшек 1-ден тең болса, онда... -Натурал санды бұрыс бөлшек түрінде ... Бөлшектерді кесіндіде қалай орналастырар едіңдер? Бір саны мен дұрыс және бұрыс бөлшекті салыстыра отырып не айта аласындар ? |
||
|
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясының құндылықтарына сай «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы. Жауапкершілікке, ашықтыққа және ынтымақтаса жұмыс істеуге ,өмір бойы үздіксіз білім алуға тәрбиелеу. |
||
|
Пәнаралық байланыс |
Қазақ тілі: дұрыс жазылуы және гуманитарлық тілде айтылуы. Жаратылыстану: сызбамен жұмыс, өлшем бірліктерді анықтауы |
||
|
Алдыңғы білім |
Жай бөлшектерді оқып,жазуды біледі.Бөліндіні жай бөлшек түрінде , жай бөлшекті бөлінді түрінде жазуды біледі .Жай бөлшектің негізгі қасиетін қолдана отырып , бөлшектерді қысқартуды біледі. |
||
|
Сабақбарысы |
|||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 2минут
3 минут |
Оқушыларды шаттық шеңберіне шақырып, өткен материал бойынша «Допты лақтыру » әдісі , «Жай бөлшектер туралы не білесіз? , «Жай бөлшекті амалмен қалай жазуға болады?» , «Жай бөлшектің негізгі қасиеті қалай қолданамыз?» сұрақтар төңірегінде ой қозғаймын.Олар өз ойларын ортаға салып бөліседі. Мадақтау(Жарайсыңдар) Оқушыларға карточкаларды таңдап алу ұсынылады. Саралау тәсілі: «Жіктеу» Аралас гендірлік топ. Бөлшектердің бөлімі бойынша топқа бөлінеді. І топ:
ІІ топ:
ІІІ топ:
ІV топ:
Қызығушылықты ояту: Ширату жаттығулары: І. Бөлшектерді натурал сандармен алмастырыңдар:
«Айырмашылығы неде ?» ІІ. Мына жай бөлшектердің қайсысы басқалардан өзгешеленеді ? А)
ә)
Қ.Б. «Қол шапалақтау» ( тапсырманы бірлесіп орынданған үшін өзімізді мадақтап үш рет қол соғамыз) Миға шабуыл: Әр топқа екі дөңгелек етіп қиылған қағаз беріледі.
Бұрыс Дұрыс
Топтын атынан бір оқушы қалай топтастырғанын айтады.
|
«Логикалық тест тапсырмалар» жинағы
|
|||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 10 минут 3 минут 7 минут 1 минут 8 минут 4 минут |
Жаңа материалды меңгерту: «Айналмалы бекеттер» әдісі І -топқа қызыл , ІІ -топқа қара , ІІІ -топқа жасыл , ІV -топқа көк маркерлер беріледі. Әр топқа меңгерту сұрақтары беріледі:
Әр топ постерде анықтамасын (тірек сызба ,сөзбен және т.б) бере отырып,мысалдарын жазады. Келесі топтар сағат тілі бағытыменолардың жұмысымен танысады. Постерде жазылған өзге топтардың түсініктемелерін қарастырады, бұған дейін болған топтардың идеяларын негізге ала отырып, талқылауды жалғастырады,өз маркер түсімен толықтыру еңгізе алады.Мен қолымды шапалақтағанда келесі топтың жұмысына ауыса отырып, өз тобынын жұмысына келгенше жалғасады.Өз жұмыстарындағы басқа топпын ұсынған ойларымен танысады. Қ.Б. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісімен қарама –қарсы отырған топтар бір-бірін бағалайды.
Саралау тәсілі «Диалог және қолдау» әдісі Әр топқа алдын –ала таратылып, бөліктерге бөлінген кесінді суреті (өздеріндегі жай бөлшектердің бөліміне сәйкес бөлікке бөлінген) беріледі Бағалау критерийі: дұрыс және бұрыс жай бөлшектерді анықтап, бөлшектерді бір санымен салыстырады Ойлау дағдыларының деңгейі: білу,түсіну, қолдану Топқа тапсырма:.Оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоямын.
Бұрыс Дұрыс
1
1
1
1 Дескриптор: Білім алушы - бөліктеріне сәйкес келетін бөлшектерді орналастырады. -дұрыс бөлшектері 1-ден кем болатынын біледі; -бұрыс бөлшектері 1-ден артық болатынын біледі Мадақтау (Жарайсындар, керемет, өте жақсы) Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары: Бағалау критерийі:Дұрыс және бұрыс бөлшектерді анықтайды Ойлау дағдыларының деңгейі: білу,түсіну №1 . Мына бөлшектердің ішінен дұрыс және бұрыс бөлшектерді екі қатарға теріп жазыңыз:
Дескриптор: Білім алушы -дұрыс бөлшектерді жазады; -бұрыс бөлшектерді жазады. Бағалау критерийі:Дұрыс және бұрыс бөлшектерді жазады Ойлау дағдыларының деңгейі: білу,түсіну № 2. Төмендегі шарттарды қанағаттандыратын х айнымалысының мәнін табыңыз: а)
Дескриптор: Білім алушы -бөлшек дұрыс болатындай айнымалының мәнін жазады; -бөлшек бұрыс болатындай айнымалының мәнін жазады. Бағалау критерийі: мәтінді есептерді талдап, бөлшек құрайды Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану № 3. А С Д В
Дескриптор: Білім алушы -АВ кесіндісінің ұзындығын табады; -АС кесіндісінің ұзындығын тауып, жай бөлшекті жазады; -ДВ кесіндісінің ұзындығын тауып, жай бөлшекті жазады. Қ.Б. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісін қолдана отырып, (интербелсенді тақтадан жауабын сәйкестендіру арқылы) қарама –қарсы отырған топтар бір-бірінің дәптерлерін алып, өзара бағалау арқылы тексереді. Мадақтау (Жарайсындар, өте жақсы) Оқушыларға қиылған таза карточкалар үйлестіріледі .Карточкаға маркемен үлкен етіп дұрыс немесе бұрыс бөлшекке мысал жазады , жазылған карточкаларын ортаға алып шығады Сергіту сәті: . Мен қол соққанда сол жаққа «дұрыс бөлшектер» , оң жаққа «бұрыс бөлшектер» бар оқушылар тұрады. Қол соққанда қайтадан араласып жүреді, қайтадан қол соққанда бірден кем жай бөлшектер оң жаққа «дұрыс бөлшектер» , сол жаққа бірден артық «бұрыс бөлшектер» бар оқушылар тұрады. Саралау тәсілі «Қарқын» әдісі бойынша оқущылармен жұмыс. Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі. Бағалау критерийі:Дұрыс және бұрыс бөлшектерді жазады Ойлау дағдыларының деңгейі: білу,түсіну Жеке жұмыс: № 332 -А 1)бөлімі 9 болатын екі дұрыс бөлшекті ; 2) бөлімі 9 болатын екі бұрыс бөлшекті ; 3) бөлімі 9 болатын , мәні бірге тең бөлшекті жазыңдар. Дескриптор: Білім алушы -бөлімі 9 болатын екі дұрыс бөлшекті жазады; -бөлімі 9 болатын екі бұрыс бөлшекті жазады; -бөлімі 9 болатын , мәні бірге тең бөлшекті жазады.
№ 338-В . х-тің қандай мәндерінде
2 )
Дескриптор: Білім алушы -бөлшек дұрыс болатындай айнымалының мәндерін жазады; -бөлшек бұрыс болатындай айнымалының мәндерін жазады. № 341 -С Алымы ЕҮОБ (34;85) , ал бөлімдері 3 санына еселіктер болатын барлық бұрыс бөлшектерді жазыңдар. Дескриптор: Білім алушы -Сандардың ЕҮОБ анықтайды; - бұрыс бөлшектерді жазады. Қ.Б. «Бағдаршам» әдісі бойынша тапсырманы тез орындаған оқушылар бір-бірін жұптық өзара тексеру жүргізеді , бір-бірін толықтырады..Өзараға тексеруге қатысқан оқушылар өзара жұптасып, қосымша тапсырманы орындайды Жұптық жұмыс: «Көршінмен кеңес» әдісін қолданмын. Қосымша тапсырма: Бағалау критерийі: өлшем бірліктер арасындағы қатыстарды бөлшек түрінде жазады,мәтінді есептерді талдап, бөлшек құрып түсіндіреді. Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану № 1тапсырма : х-тің міндерін тауып,,оны сәйкесінше дұрыс бөлшек түрінде немесе бұрыс бөлшек түрінде жазыңдар:
3)2 мин=х сағ; 4) 90 секунд=х мин. Дескриптор: Білім алушы -өлшем бірліктер арасындағы қатыстарды біледі; - дұрыс және бұрыс бөлшек түрінде жазады № 2 тапсырма : 8 м сымөзара тең: а) 3 бөлікке; ә) 24 бөлікке бөлінді.Бір бөлік сымның ұзындығын бөлшек түрінде жазып көрсетіңдер. Дескриптор: Білім алушы - ұзындықты бөлшек түрінде жазады Мадақтау ( Өте жақсы, жарайсындар) Ауызша бекіту: І. «Кубизм» әдісі . Кубты лақтырғанда түскен санды бөліміне қойып ,бір топ дұрыс бөлшекке, бір топ бұрыс бөлшекке мысал келтіреді. ІІ.Тізбектің соңғы цифры қандай болады?
ІІІ. «Сіз қаншалықты сенесіз?» тәсіл
ІV. Венн диаграммасы: Д
|
АлдамұратоваТ.А., БайшолақоваҚ.С., Байшолақов Е.С. «Математика» оқулығы
А.Е.Әбілқасымова . Т.П.Кучер. З.Ә.Жұмағұлова «Математика» оқулығы
«Логикалық тест тапсырмалар» жинағы
|
|||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 2 минут |
Кері байланыс: «Күншуақ»
Стикерге нені түсінгендерін,нені түсінбегендерін жазып жапсырады.
Үйге : № 326 |
|
|||||||||||||||||||||||||
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасын сақтау |
|||||||||||||||||||||||||
|
Диалогтық қолдау көрсету, қабілетті оқушыларға арнап күрделі деңгейдегі тапсырма беріледі. Оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қойылады. Тез орындаған оқушылар бір-бірін жұптық өзара тексеру жүргізеді,бір-бірін толықтырады, қосымша тапсырмаларды орындайды.Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға уақыт беріледі.Сабақтың ортасында қалыптастырушы бағалау тапсырмалары беріледі, тапсырмалардан Кейін қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. Ширату жаттығулары, «Сіз қаншалықты сенесіз?» тәсілі, Венн диаграммасы. Белсенді оқу-әрекеті Миға шабуыл, «Айнамалы бекеттер» әдісі, «Көршінмен кеңес» «Кубизм», «Айырмашылығы неде ?», « Допты лақтыру» Саралау тәсілі дері: «тапсырма»,«жіктеу», «қарқын», «диалог және қолдау көрсету»
|
Әрбір тапсырмадан кейін өзара жұптық бағалау, «Бағдаршам», «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдістерін қолданамын. Сабақ соңында «Күншуақ» әдісін қолданып, оқушының қандай деңгейде екенін анықтап,келесі сабақта кімге толық көмек керек екенін анықтаймын.
|
Психологиялық жағымды ахуал туғызу . Сергіту сәтінде , топтық жұмыста оқушылардың жүріп тұруын қадағалау АКТ –ны қолдану 20 минуттан асырмау
|
|||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттарын емесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қолжеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
|
||||||||||||||||||||||||||
|
|
|||||||||||||||||||||||||||
|
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
|||||||||||||||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз





→
→
→
→ 
ұрыс Бұрыс






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген