400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дұрыс сөйлеу мәдениеті, сөз әдебі

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға әдептілік тақырыбында жүргізілетін тәрбие жұмыстарына көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Дұрыс сөйлеу мәдениеті, сөз әдебі.

Мақсаты:
 Оқушылардың білімдерін, сөйлеу мәдениеттілігін дамыту жұмыстары арқылы бекіту. Тіл мен сөйлеу мәдениетін дамыту. Мәдениетті,сыпайы сөйлеуге тәрбиелеу.
Әдісі: Аралас сабақ, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Көрнекілік: Тіл туралы халық даналығы , проэктор, ноутбук, плакат,маркер.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру.

2. Өткенді қайталау.  

Сөйлеу аппаратына , балалардың дикциясына , дұрыс тыныс алуға арналған жаттығулар жасату .

3. Жаңа сабаққа кіріспе .

-Ребус шешу арқылы сабақты ашу.

Мәдениет мәйегі. Адамның жан дүниесін тануға деген құлшыныс, ой-сезіміне деген құлықтылық, жүрек түкпіріндегі мұң-сырына ортақтасауға деген бейімділік, қарттықты құрметтейтін, жастықты үкілейтін, қайрымдылықты қастерлейтін игі дәстүр, балаға мейірім, атаға қамқорлық, ағаға ізет, ініге ілтипатты кие тұту – рухани өміршеңдік, әдептіліктің, мәдениеттің басты көрінісі. Жан баласын жатсынбайтын, өзгелерге түсініспен қарайтын, болмысынан турашыл, адал, жомарт, батыр, қайсар, өжет, өр қасиеті – қазақ мәдениетінің мәйегі. Тіл табыса білу – өнер. Ауызекі сөйлеу және тыңдау мәдениеті. Сөз мәдениеті ауызекі тіл мәдениеті және жазба тіл мәдениеті болып бөлінеді. 


Олай болса, дұрыс сөйлеу мәдениеті ,сөз әдебі тақырыбындағы ашық сабағымызға қош келдіңіздер!

Жүректің суретін салдыру:

Нұрәлі: Ш.Құдайбердиевтің өлеңімен бастау

Мұғалім:Күнделікті қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетінің  негізгі қағидалары – сөйлеу әдебі, тыңдай білу әдебі, мәдениет мәйегі болып табылады.

Слайдпен жұмыс.Талдау


4.Сөйлеу әдебі.

Батыр: Қолды сермеуге, қатты күлуге, мәнсіз майысуға, аса қатты сөйлеуге немесе міңгірлеуге болмайды.

Інжу: Өзің туралы айта беру, барлық сөзді өзіңнен бастау – әдепсіздік, білмейтін нәрсе туралы айтудың қажеті жоқ.                               

Алин: Қатты сөйлеп тұрған адамға қатты жауап берудің қажеті жоқ, байыппен сөйлеу керек.                                                                                                   

5.Тыңдай білу әдебі.

 Көрініс «Радио мен теледидар»

Нұрәлі, Айсұлу, Әмина, Тамила

Тыңдай білу әдебі туралы ойларын айтады.

     Ойдың және сөйлеудің дамуы. Әркім өзінің басындағы ойларын басқаға айтып, түсіндіру үшін оған лайықты сөз таба білуге тиісті. Егерде ондай сөз таба алмаса, ол ой иесіне де шала, түсініксіз болып қалады. Яғни, ойдың дамуы сөйлеудің дамуымен өте тығыз байланысты. Адам көп мәдениетті болу үшін үнемі сөйлеу мәдениетін жетілдіріп отыруы керек.

         Дұрыс сөйлей білген адам өз ойын, айтқанын тыңдаушыға толық түсіндіре біледі Әлеуметтік тұрмыстық қарым-қатынастағы сөз әдебінде әр түрлі  жағдаяттық тақырыптарға әнгімелескенде «сіз» және «сен»концептілерінде қаратпа, қыстырма сөздерде сөйлеу этикеті мен ерекшеліктерін айқын аңғаруға болады.

Ағылшын тілінде қазір «сен» деп сөйлесу іс жүзінде жоқ. Оларда мұндай есімдіктің өзі де ұмытылған. Ол ХVІ ғасырдың өзінде қолданыстан қала бастап, ХVІІІ ғасырдың басында оны сыпайы «сіз» деген есімдік алмастырған-ды.


Кейінгі кезде орыс тіліндегі «товарищ» деген қаратпа сөз де ерсі естіліп, қоғамдық орындарда «мужчина», «женщина» деген қаратпа сөздер күштеп орныға бастады. Алайда оны қазақ тіліне аударып: «Еркек!», «Әйел!» деп айқайлар болсақ, ол өте ұятты. Сол себепті сөз мәдениетін түсінетін біздің бауырларымыз қоғамдық орындарда: «Апай», «Ағай», «Қарындас», «Інім» деген қаратпа сөздерді қолданып, ол транспортта, сауда орындарында, театрда өзара қарым-қатынас тіліне сіңісіп кетті. сөйлеу мәдениетін сақтай білсе, біздің қазақ тілінің мазмұны өте бай, сөздері өте сұлу, мейірім, имандылыққа толы ғой.

4. Оқушылардың дұрыс сөйлеу мәдениетіне орай көріністері .

Екі топқа бөлініп, 1-топ мәдениетті сөйлеу Шұғыла мен Айзере,Димаш пен Жанель

2-топ жаргон,говор сөздерді пайдалану арқылы көріністер қояды .Нұрәлі мен Ельдар.

Нұрәлі: Әдеп туралы мәтінді айту.Сәлемдесу туралы айту.


«Әжелер кеңесі» Шұғыла апасы сөзі

Тақпақтар
8.Ән «Мен әдепті баламын»

9. Рефлексия: Жүректерінің ортасына шуақтың суретін салу



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 желтоқсан
1458
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі