Материалдар / "Дұрыс сөйлеуге ертегінің маңызы қандай?"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Дұрыс сөйлеуге ертегінің маңызы қандай?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Ертегі арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, өмірлік оң көзқарастарын қалыптастыру. Міндеттері: — театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту; — сөздік қорларын байыту; — ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету; — кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу; Мектепке дейінгі жастағы балаларды жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыруда педагогикалық мамандар алдында үлкен мақсатты жұмыс тұрғандығын көрсетеді. Алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дұрыс сөйлеуге ертегінің маңызы қандай?

Мақсаты: Ертегі арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, өмірлік оң көзқарастарын қалыптастыру.

Міндеттері:

театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту;

сөздік қорларын байыту;

ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету;

кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу;
Мектепке дейінгі жастағы балаларды жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыруда педагогикалық мамандар алдында үлкен мақсатты жұмыс тұрғандығын көрсетеді. Алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде.
«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» - деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата-анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс-тұрысынан, 
сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Бала бойына адамгершілік қасиеттерді ойын, салт-дәстүр, мақал-мәтелдер, ертегілер, жұмбақтар, айтыс өлеңдер арқылы сіңіру ата - ана мен тәрбиешілердің басты міндеті.
Демек, жас баланың ойлау, есту, сөйлеу, көру, есте сақтау қабілеттерін дамытуда халық ауыз әдебиетінің үлгілерінің алатын орын ерекше. Солардың ішінде көп тараған үлгілерінің бірі «ертегілер».
Ертегінің тәрбиелік мәні зор. Ол сәбидің қиялына қанат бітіріп, бойындағы игі қасиеттердің қалыптасуына жол бастайды.
Ертегілер- халқымыздың тұрмыс- салтын, арман- үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі. Ертегілердің білім мен тәрбие беру саласында маңызы өте зор. Мектеп жасына дейінгі балаларға ертегілерді оқып беру арқылы адамгершілікке тәрбиелеуге болады. Әрбір ертегіні оқып беріп, таныстыру арқылы танымдық қабілеттерін арттыруға болады. Балабақшадағы жоғарғы топтарда өткізілетін әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде ертегілерді негізгі динамикалық қозғаушы күш яғни дидактикалық көрнекіліктер ретінде пайдалануға болады.
Бүлдіршіндер өте әсершіл келеді. Естіген ертегі мазмұнын есте сақтап, әділдікке сену, біреуге жақсылық жасау, көмектесу сияқты қасиеттерге ие. Балаға күнделікті жылы дауыспен айтқан ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, күлдіргі әңгімелер сәбидің жан дүниесіне 
әсер етіп, ізгі қасиеттерін дамытып, ақыл - ойын жетілдіреді. Ертегі арқылы еңбекке, шыншыл болуға, туған жерін сүюге, батыр да батыл болуға тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз. Ертегі тыңдау арқылы бала оған еліктейді, өзі де ертегінің басқа түрін, ойлап шығарады. Түйсік қабілеттері дамиды. Кішкентайынан ертегі тыңдап өскен бала ақылды, зерек, терең ойлы, зейінді болып өседі. Ертегі жаңа өскін балауса буынның сана - сезімін оятып, ақыл - есін дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді

Сонымен қатар өмір талабына сай жаңа технологияларды оқу процесі мен тәрбие аясында шебер қолдана білу әрбір әдіскер мен тәрбиешінің міндеті болса, ертегілерді әртүрлі сабақтарда өз ретімен қолдана білсе тәрбиеленушілерді жан-жақты дамытуда ертегінің аса зор мәні бар екенін айқындайды. Ертегі кейіпкерлерінің жан-жақты мінез-құлықтарын айыра білуі бойынша жақсы деген немене?, жаман деген немене? екендігіне көзін жеткізеді. Ертегілердің балабақша тәрбиеленушілерімен өткізілетін ұоіә-де қолданылу аясы. Өз тәжірибемде мектеп жасына дейінгі балаларға ертегіні ең алдымен тыңдатамын, сонан соң тыңдаған ертегінің мазмұнын сұраймын, тіл байлықтарын арттыру мақсатында түрлі көңіл- күй көтеру ойындарын өткіземін. Ендеше, сол ертегілерді әр сала бойынша қалай қолдануға болатындығына тоқталып өтсем: Мысалы «Көркем әдебиет» саласында ертегіні оқып, 
мазмұнымен танысып, негізгі ойын анықтасақ, енді математика сабағында осы ертегі кейіпкерлерін пайдаланып денелердің көлемін салыстыруды, атап айтсақ түйе мен тышқанды, қой мен сиырды салыстыру арқылы «үлкен», «кіші», немесе «биік», «аласа» деген ұғымдарды қалыптастырып, таныстыруға болады.
Ал, шығармашылық саласына келетін болсақ, ертегі кейіпкерлерін музыка сабағында пайдалану тәрбиеленушілердің есте сақтау және дыбыстау қабілеттерін арттырады. Егер тәрбиеші ертегіні өзі оқығанда қызықсыз болады десе түрлі дыбыстық дискілерге жазып әкеліп оқуға болады. Ондай жазбалар музыка пәнінде балалардың есту қабілеттері мен дауыс ырғағын қайталауын (ритмдерді таңдауын) арттыруға көмектеседі.
Мысалы:
«Мақта қыз бен мысық» ертегісін тыңдату арқылы, ертегідегі мысықтың көңіл күйін,әрбір 
кейіпкердің дауысын салып, қимыл қозғалысын қайталатуға болады. Музыка сабағында дыбысталу ырғағын үйрету арқылы баланың дене мүшелерінің дұрыс шынығуына да әсер етуге болады. Мысалы: «Не қалай дыбыстайды» ойынын ойнату арқылы балаларға аңдар мен жануарлардың қалай дыбыстайтындығы бойынша балалардың жақ сүйектерінің дұрыс қалыптасуына, есту, тілдерінің дұрыс дамуына әсер етеді. Ол үшін музыкадан ноталық сауатты яғни жеті нотаны дұрыс айтып үйреткен дұрыс.
Ал, музыкалық орталықтан «Қарға мен бұлбұл» ертегісін тыңдату бойынша қай құстың әні мұндай ноталар арқылы дыбыстық қайталаулар, балалардың есту қабілеттерін дамытуға болады. Сонымен бірге аяқ, қол қозғалыстары арқылы жасалатын сергіту сәттерінде музыкалық ертегі кейіпкерлерін алуға болады. 
Буындары сыртылдап, тағы сол сияқты айтқанда дауысының әдемі естілетіндігін есту сезім мүшелері арқылы тез айырады.Сабақты қорытындылағанда жағымды дауысты құстың астына ақ белгімен , ал жағымсыз құстың суретінің астын қара белгі қойғызуға болады. Бұл түс суық түстер мен жылы түстерді ажырата білу дағдыларын қалыптастыруға да көмектеседі. Сонымен қатар ертедегі жағымды немесе жағымсыз кейіпкерлерді, жылы және суық түстермен дөңгелектер арқылы бейнелеп көрсетуге болады. Мүсіндеу арқылы ермексаздан 
ертегі кейіпкерлерін, жапсырмалау арқылы театрланған көрініс дайындауға болады. Көркем әдебиет және тіл дамыту сабақтарында ертегінің алатын рөлі ерекше, себебі тәрбиеші ертегі мәтінін осы кезде оқып, таныстырады. Ертегілердің мазмұнына қарай қандай топтарға бөлінетіндігін де таныстырып айта кеткен жөн. Сюжеттік суреттер арқылы ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беруге және ертегі мазмұнын құрастыру балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға көмектеседі. Ертегі халық ауыз әдебиетінің негізгі бөлімдерінің бірі екенін ескерсек, олардың бала тәрбиесіндегі яғни жас бүлдіршіндерді адамгершілікке, имандылыққа, еңбекке, тапқырлыққа, туған өлкеге сүйіспеншілік сезіміне баулуға тәрбиелейді. 
Балабақша тәрбиеленушілерінің даму сатысының іргетасы 
міне осы мезгілден қалыптасып, түзелу процестері жүргізіле бастайды. Бұл уақытта тәрбиешінің іс-әрекеті жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Олардың қызығушылығын ынтасын ояту арқылы, зерттеушілік іс-әрекеттерін туғызуға болады. Тәрбиешінің қиялдауына қанат бітіріп шығармашылық белсенділігін арттыру арқылы жан –жақты дамыту үрдісін ұйымдастыруда әрбір пәнде сюжетті, көркем, ертегі кейіпкерлерінің суреттерін көрсету арқылы ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі- «ертегілердің» бала тәрбиесіндегі маңызды орынын көрсетуге болады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!