400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Дұрыс тамақтамыз, денсаулықты сақтаймы" атты іс -шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Іс шара: Дұрыс тамақтанамыз, денсаулықты сақтаймыз!!!

Біздің тобымызда дұрыс тамақтану апталығы болып өтті. Біз осы уақыт аралығында балалармен дұрыс тамақтану ережелері мен қағидалары туралы және салауатты өмір салтын ұстану туралы түрлі жұмыстар жасадық. Балалар үлкен қызығушылықпен жемістер мен көкөністердің, тағамдардың, азық-түліктердің илюстрациялы суреттерін қарады. Олар туралы түрлі сөйлемдер құрады, әңгіме өткізді, дәрумендер қайда өмір сүреді және пайдалы-зиянды азық-түліктер туралы әңгімеледі. Әртүрлі дидактикалық ойындар ойнады, суреттер салды, бояулармен жұмыс жасады. Жұмбақтар шешті, тақпақтар жаттады. Ал апта соңында атқарылған жұмыстарды бекіту мақсатында іс-шара ұйымдастырылды.

Мақсаты: Балалардың салауатты өмір салты және дұрыс тамақтану туралы алған білімдерін бекіту.

Міндеттері:

  • Жемістер мен көкөністерді пайдасы туралы, пайдалы, зиянды азық-түліктер туралы білімін арттыру.

  • Дұрыс тамақтанудың ережелері мен қағидаларын ұстануға баулу.

  • Әртүрлі сөздік және дидактикалық ойындар арқылы алған білімдерін арттыру, бекіту.

Қажетті құрал-жабдықтар: дәрігердің қалаты мен қалпағы, жүрек соғысын тыңдайтын құрал, жемістер мен көкөністердің муляждары, маскалары, қиынды суреттер, бау-бақша суреті, екі карзина, екі кастрюл және ойынға әуендер.

Іс-шара барысы:

Музыка сүйемелдеуімен балалар залға кіріп келеді. Дайындап қойылған орындарына отырады.

Тәрбиеші: Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты?

Бүгін бізге кім қонақ болып келеді, білгілерің келе ме? Ол үшін мына жұмбақты шешіңдер:

Ауырғанда кім емдейд,

Жануар мен құстарды.

Балалар мен достарды

Барлығына көмек береді,

Мейірімді дәрігер ...

Балалар: Айболит!

Есікті қағып Дәрігер Айболит кіріп келеді.

Айболит: Балалар міне мен сендерге қонақ болып келдім. Мен сендердің дұрыс тамақтану туралы білімдеріңді тексергім келеді.

Айболит: Балалар сендер денсаулық дегеніміз не екенін білесіңдер ме? Ауырмай денің сау болу үшін не істеу керек?

Балалар жауап береді.

Залға бір бала ауырып, көмек сұрап келеді.

Ой менің ішім аурып тұр,

Тамағым, тісім ауырды

Ой-ой өлдім.

Басым,барлық жерім ауырып тұр.

Айболит: кел мында, кел. Саған не болды? Қалай қатты ауырып қалдың? Ауырып келген баланы тексеріп, витамин ішуді ұсынады

Бала: Мен кеше кәмпит , торт, марожный жедім. Кола ішіп, кирешки жедім. Дәрігер: Ой балақай, бұның қалай? Осылай тамақтануға бола ма? Неге өз денсаулығыңды күтпейсің?

Жүргізуші: Балалар қалай ойлайсыңдар? Бұл бала дұрыс тамақтанып жүр ма? Сендер қандай пайдалы азық-түліктерді білесіңдер?

Балалар: жемістер, көкөністер, сүт, ет тағамдары.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар? Қане балалар біз оған көмектесейік, дұрыс тамақтану мен денсаулықты күту туралы үйретейік. Дәрігер Айболит көмектесесің бе? Кел балақай сен де бізбен бірге бол!

Айболит: Әрине, көмектесемін!

Балалар айтыңдаршы витаминдер қайда өмір сүреді?

Балалар. Көкөністер мен жемістерде. Қане көкөністерді атайықшы.

Қане қандай көкөніс ең пайдалы екеніні көкөністердің өздері айтып берсін.

Көкөністер айтысы.

Захар (Горошек)

Я такой хорошенький

Зелененький мальчишка!

Если только захочу,

Всех горошком угощу!

Рустем (капуста)

Из капусты варят щи,

А какие вкусные пироги капустные!

Лайла (қызлша)

Ақ түсім бар қант алар,

Қызыл түсім-қанға нәр.

Ал балақай біліп қой,

Қызылшамын пайдам бар.

Виниамин (Огурец)

Очень будете довольны,

Съев огуречик малосольный,

А уж свежий огуречик

Всем понравиться, конечно!

Айдана (қызанақ)

Піскен кезде қызанақ,

Көз тартар қызыл түсімен,

Бар ма адам сүйсінбей,

Тамат шырынын ішпеген?

Анна (Морковь)

Про меня рассказ недлинный

Кто не знает витамины?

Пей всегда морковный сок,

И ггрызи морковку-

Будешь ты тогда дружок,

Крепким, сильным, ловким

Айболит: иа ауырмай, ауруға қарсы тұру үшін көкөністерді үнемі қолдану керек!

Ойын: «Сорпа мен кампот қайнатамыз»

Ойын шарты. Балалар екі топқа бөлініп ойнайды. Бірінші топ сорпаға не қажет екенін, екінші топ кампот қайнату үшін не қажет таңдап жинайды.

Ойын: «Дәмінен таны»

Ойын шарты: Балалар кесілген жемістер мен көкөністерді көздерні жұмып отырып жеп көреді де, қандай жеміс немесе көкөніс екені айтады.

Айболит: Жарайсыңдар балалар! Сендер жемістер мен көкөністер туралы көп біледі екенсіңдер! Енді мен сендердің білімдеріңді тексеремін.

Викториналық сұрақтар сәті:

-сәбіз, қызанақ, қияр, қызылша, картоп-ол(көкөністер)

-Одан біз котлет жасаймыз?

-алма, банан, апелсин, лимон, жүзім-ол(жемістер)

-сүт, айран, құрт, қаймақ-олне(сүт тағамдары)

-біз одан ботқа қайнатамыз?(крупп немес дән)

-сорпа, ботқа, котлет, нан –ол не? (тағамдар)

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалр! Балақай көрдің бе, біздің балалар дұрыс тамақтанып жүр. Ал балалар сенде жемістер мен көкөністер қайда өседі білесіңдер ме?

Балалар: көкністер бақшада, ал жемістер бақта өседі.

Қимылды, танымдық ойын: «Бауда ма, бақшада ма?»

Ойын шарты: Балалар ойынды топқа бөлініп ойнайды. Тақтада Бау мен бақша суреттері. Бірінші топ бауда өсетін жемістерді жинаса, ал екінші топ бақшада өсетін жемістерді жинайды.

Жүргізуші: Балалар сендер пайдалы және зиянды тағамдар туралы айттыңдар, әңгімеледіңдер!

Ойын: «Пайдалы-зиянды»

Ойын шарты: Егер мен пайдалы тағамды айтсам сендер қол шапалақтаңдар, ал зиянды тағамды айтсам аяқтарыңмен еденді ұрамыз.

Алма, торт, қияр, балық,кәмпит, сәбіз, сағыз, творог, қызылша, мармелад, кефир, кирешки, кола, ірімшік, сыр, котлет,чипсы.

Айболит: Денің сау болсын десең, көкөніс пен джемістерді үнемі жеп тұру керек. Дене шынықтырумен де айналысып, тазалықты сақтауда өте маңызды.

Видиозарядка: Қояндар билейді.

Айболит: Жарайсыңдар балалр! Сендердің білімдеріңді көріп өте риза болдым! Мен енді басқа балаларды барып көрейін, олар аман-сау өсіп жатыр ма тексерейін. Қош келесі кездескенше сау болыңдар!!!!

Жүргізуші: Міне іс-шарамыз өз мәресіне жетті. Бүгінгі күннен естелік ретінде мына боямаларды сыйлыққа таратамыз. Сау болыңдар балалар!























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
378
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі